Семинар сабақ өткізуге арналған Әдістемелік нұСҚау қазақ тілі Орташа деңгей (B1)



бет19/44
Дата30.09.2024
өлшемі0,82 Mb.
#146246
түріСеминар
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44
Байланысты:
(В1) Әдістемелік нұсқау семинар

Тапсырмалар:

  1. Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.

  2. Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.

  3. Мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.

  4. Мәтіннен сан есімдер мен жалқы зат есімді сөздерді көшіріп жазып, түсінік беріңіз.

  5. Мәтінді оқып, өз ойыңызбен толықтырып, айтыңыз.

  6. Салыстырмалы шырай жұрнақтарын қолданып, бірнеше мысал жазыңыз.

  7. Сөйлемдерді сөйлем мүшесіне талдаңыз.

Дүниежүзін жалмаған пандемия әлемдік туризм саласына ауыр соққы болып тиді. Мысырға туристік жолдама алу 30 пайызға өскен. бір жылдың ішінде 460 мыңнан аса қазақстандыққа туркод берілген. Біріккен Араб Әмірліктеріне 13 турист аттаныпты.

  1. «Менің ең қызықты саяхатым» Эссе жазу.



13-апта. Жаңалықтарды қайдан білесіз? Болжам мәнді құрылымдар.
(- уы мүмкін; -уы ықтимал; - атын/-етін шығар).
Жаңалықтарды қайдан білесіз?

Жаңалық – оқиға, құбылыс, мәселе, қандай да бір әрекет туралы түсінікті жазылған хабарлама. Оның айтылу-жазылу себебі мен мәтін ретінде арнайы құрылымы бар. Журналист ақпарат алған оқиға немесе шара оған материал жазуға ықпал ете алады, бірақ ондай фактінің өзі жаңалық болмауы мүмкін. Журналист материалының жаңалығы тосын, тың, жұртқа маңызды басқа да нәрседе болуы мүмкін. Сол себепті қандай да бір отырыс, шара өткені жаңалық емес, онда айтылған нәрсе – жаңалық.


Жаңалық (бұқаралық ақпарат құралдарында) – салыстырмалы түрде жақында пайда болған өнім. Оны жасайды, көшіреді және бұрыннан келе жатқан дәстүр бойынша жеткізеді. Барлық тілшілер дерлік жаңалықтың түр-сипатын уақыт өте келе сезе бастайды, бірақ бұл генетикалық деңгейде болмайды. Жаңалық – жалпы ғылыми өлшем; ол зерттеулер нәтижесінде алынған жаңа білімді бейнелейді, зерттеулердің түріне қарай елеулі түрде өзгеріп отырады.
Жаңалық дегеніміз не және ол қандай болу керек? Бұл сауалға Мартбек Тоқмырза «ең жақсы жаңалық – бұл жаман жаңалық» деп анықтама берген, бірақ оны жоққа да шығара алмаймыз. Әрине, жаңалықтың жаманы не жақсысы болмайды. Жаңалық өз алдына жаңалық бола тұра, шынымен де ақпараттық маңыздылығы бар хабарлама болуы қажет. Әрине, кейбір оқиғалар барлығымызды дерлік қызықтырады. Шектен шығу жағдайлары арамызда шиеленіс туғызады, жан түршігетін немесе ерекшеленіп тұратын жаңалықтар болады. Журналистер өз уақытын тек қана төтенше оқиғаларға бөле алмайды, себебі жаңалықтар жаңа, жүйелі түрде, сағат сайын, күн сайын шығып тұруы керек. Алайда, кей-кезде бір күннің ішінде көптеген оқиғалар болып та қалады. Жаңалықтардың түрлері көп. (әлемдік, қоғамдық, саяси, ғылыми, мәдени, спорттық, экономикалық және т.б.) (https://yvision.kz/kk/post/zha-aly-degenimiz-ne-140688).
Жаңалықтарды көбінесе KazInformburo.kz.,Tengrinews.kz., NUR.KZ., SN.kz., Stan.kz. т.б. және теледидар арналары, интернет желілері арқылы білуге болады.


Тапсырмалар:

  1. Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.

  2. Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.

  3. Мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.

  4. Мәтіннен грамматикаға қатысты сөйлемдерді көшіріп жазып. Түсінік беріңіз.

  5. Мәтінді оқып, өз ойыңызбен айтыңыз.

  6. «Жаңалық» сөзімен бірнеше сөзтіркестер жазып, 2-3 сөзтіркесімен сөйлем құраңыз.

  7. «Жаңалық» сөзін септеңіз, тәуелдеңіз, «Журналист» сөзін жіктеңіз..

  8. «Мені таңқалдырған жаңалық» Эссе жазу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   44




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет