Тапсырмалар:
Мәтінмен танысып, іштен оқыңыз.
Мәтіннен 10 жаңа сөз жазып, сөзтіркестер жасап, аударыңыз және оқып, есте сақтаңыз.
Мәтінді оқи отырып, сұрақтар құрастырыңыз және маңызды ойға назар аударыңыз.
Спорт түрлеріне қатысты 5-6 сөйлем құраңыз.
Мәтінді оқып, өз ойыңызбен толықтырып айтыңыз.
Жақша ішіндегі етістіктерді көсемшеге айналдырыңыз.
1.Мен жолдасыма (бару) жатырмын. 2. Еділ жолдасымен (сөйлесу) отыр. 3. Айдар шығарма (жаз) отыр. 4. Оны (көрмеу) көп болды. 5. Бала кереуетте (ұйықтау) жатыр. 6. Біз бұл кітапты (оқу) отырмын. 7. Студенттер жаттығуды (орындау) отыр. 8. Гүлнәр анасына сыйлық (алу) жатыр. 9. Бала (ояну) қалды. 10. Оқытушы бізбен (сөйлесу) келді.
Суретпен жұмыс. Суретке ат қойып, сурет бойынша көсемше жұрнақтарын пайдаланып, шағын әңгіме құрастырыңыз.
Әлемде және еліміздегі соңғы спорт жаңалықтары туралы әңгіме жазу.
15-апта. Қоғамдық саяси жаңалықтар.
Қимылдың өту сипаты: Іс-әрекеттің толық аяқталу мағынасының берілуі
(-п шық, -п бітір, -п қой).
Қоғамдық саяси жаңалықтар
Жалпы, адам қоғамды құрушы. Ал қоғам мемелекеттің маңызды элементі. Мемлекет болған жерде міндетті түрде саяси билік жүзеге асатыны белгілі. Ол түрлі күрделі саяси процестерді басынан кешіреді. Сол саяси процестер адам өміріне тікелей байланысты. Себебі, саяси процестер тұрмыс-тіршілікті жақсартуы немесе керісінше әсер етуі мүмкін. Саяси жүйе қоғамның объективтік даму процесінде қалыптасып, өмірге келеді. Саяси жүйенің негізгі міндеті — экономикалық, рухани, мәдени базиска сәйкес қоғамдық биліктің мазмұнын анықтап, сол билікті орнату, дамыту, нығайту. Қоғам өзгерсе, саяси жүйе де өзгереді. Адам қоғамы өзінің диалектикалық даму процесінде бес формацияны басынан өткізіп отыр. Соған сәйкес саясаттың бес түрі бар. Себебі әр түрлі тарихи дәуерді әр қилы оқиғалардың болуы жа заңды. Өйткені осы оқиғалардың бәрі де қажеттіліктен, қоғамның материалдық өмірі жағдайларынан туады. Қоғамдық заңдылық қоғамдық дамудың негізгі бағытын анықтайды, кездейсоқтықтың біразын қамти отырып, заңдылық өзіне қажеттілікпен жол табады. Қоғамдық заңдылық абсолюттік идея түрінде қоғамға сырттан тағылмайды, адам қызметі және оның әлеуметтік жағдайлары: өндіргіш күштер, өндірістік қатынастар, өндіріс өнімдері т.б. рухани мәдениет қосындысынан туады. Қоғамның саяси жүйесіндегі мемлекеттің алатын орны өте зор, өте жауапты. Мемлекет саяси партиялармен бірігіп қоғамның барлық саласының дұрыс, жағымды дамуына жауапты және сол жауапты жұмыстың басым ауыртпалығын мемлекет өз мойынына алады. Әрине, бұл тоталитарлық мемлекеттің түсінігі емес, демократиялық мемлекеттің сипаттамасы, мазмұны. (https://www.myunivercity.ru/ Статистика/ қоғамның_саяси_жүйесі/184808_2325620_страница1.html)
Қоғамдық дағдарыстар да болып тұрады. Мысалы: Экономикалық дағдарыс (мамандар көп немесе аз, бірақ мәселе де жетерлік). Саяси дағдарыс (әлемде болып жатқан саяси қақтығыстар, көтерілістер т.б.). Мәдени дағдарыс (мәдени ошақтарға бармау, кітап оқу төмендігі және т.б.). Отбасылық дағдарыс ( неке, отбасын бағаламау, ажырасу, отбасындағы зорлық-зомбылық т.б.). Білім беру дағдарысы ( ғылыми атақ көп, бірақ дұрыс ойдың болмауы, ашқан жаңалықтардың жоқтың қасы және т.б.). Қоғамдағы саяси жаңалықтарға 1992 жылы елімізде Алматыда өткен дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын және 2002 жылы Түркістанда дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайының өткенін айтуға болады. Бұл құрылтайлар өткен соң, елімізге басқа мемлекеттен қандастарымыздың елге оралуына мүмкіндік жасалды.
Достарыңызбен бөлісу: |