Семинар Семинар сабағының тақырыбы: Психология ғылымының тарихи даму кезеңі Сабақ жоспары



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата15.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#139688
түріСеминар
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23
Байланысты:
downloadPdfUmkd-9

Байқағыштық дегеніміз
– кез келген уақытта кӛзге ілінбейтін, ерекшеліктерді елей білу. 
Мысалы: бүркіт пен тазының арасындағы шайқастың ұсақ түйектерін тек жақсы аңшы ғана 
байқай алады. 
 
7-семинар 
Семинар сабағының тақырыбы: Зейін туралы жалпы ұғым 
Сабақ жоспары:
1.
Зейіннің пайда болу табиғаты. 
2.
Зейін психикалық күй ретінде. 
3.
Зейін танымдық процесс ретінде. 
4.
Оқушының зейінін дамыту әдістері. 
 
Зейіннің түрлері және оларға сипаттама. 
Негізінен зейін екіге бӛлінеді: еріксіз және 
ерікті. Кейбір психологтар еріксізді бейжай зейін, ал еріктіні-белсенді зейін деп атайды.
 
Еріксіз зейін деп алдымызға мақсат қоймай, біздің санамыздан тыс қалыптасқан зейінді 
айтамыз. Еріксіз зейіннің пайда болу себептері ең алдымен бізге әсер ететін 
тітіркендіргіштердің ерекшеліктері болып табылады, атап айтқанда, анықтығы, айқындығы, 
күші, кӛлемі, қозғалғыштығы, ұзақтығы, кенеттен болуы, қарама-қарсылығы. Мәселен, әдемі 
ашық түсті және жарқыраған ойыншық мектепке дейінгі жастағы бүлдіршіндердің зейінін 
ӛзіне ерекше аударады.
 
Күшті тітіркендіргіштер: күшті дыбыстар, ашық түс, ӛткір иіс — еріксіз зейінімізді 
аударады. Еріксіз зейінімізді аударуда ерекше рӛл атқаратын тітіркендіргіштердің арасында 
контраст (қарама-қарсы) болуы мүмкін. Мәселен, келе жатқан бір топ адамдардың ішінде 
біреуі басқаларына қарағанда ӛте бойшаң болатын болса, соған еріксіз назарымызды 
аударамыз. Сонымен қатар күнделікті ӛмірлік бақылаулар, арнаулы тәжірибелер 
кӛрсеткендей, кей жағдайда ӛте әлсіз тітіркендіргіштер зейінді шақырады. Меселен, кенеттен 
тыныш ортада болған қатты дыбыс немесе керісінше, кенеттен пайда болған тыныштық ол 
да еріксіз біздің зейінімізді аударады. Сонымен қатар тітіркендіргіштердің жаңа болуы 
еріксіз зейінді шақыруға себепші болады.
 
Еріксіз зейіннің ең негізгі себептерінің бірі жеке тұлғаның жалпы бағыттылығының 
әрекеті, оның ішіңде қызығулардың мәні орасан зор. Не нәрсе қызықты болса, ол еріксіз 
зейінді аударады.
 
Психологтардың еңбектерінде еріксіз зейіннің пайда болу себептерінің бірі — зейіннің 
бағыттылығы іс-әрекеттің құрылымына тәуелді болуы.
 
Еріксіз зейіннің алғашқы физиологиялық негізі бағдарлы немесе зерттеу рефлекстері 
болып табылады. Бұл рефлекстерді академик И.П.Павлов басқаша "бұл не?" рефлексі деп 
атайды.
 
Ерікті зейін деп саналы алдын ала мақсатты түрде зейін нысанын тандай отырып, адам 
санасының белгілі бір затқа, не құбылысқа бағытталуын айтады. Ерікті зейін физиологиялық 
тұрғыдан кӛп жағдайда екінші сигнал жүйесінің іс-әрекетімен анықталады. Студент 
профессордың лекциясын зейін қойып тыңдайды. Студент алдына күні бұрын лекцияны 
түсініп, жазып алу жӛнінде мақсат қояды, ӛзінің зейінін профессордың лекциясына 
аударады.
 
Жұмыстың кӛптеген түрлерінде кӛп жағдайда ерікті зейінді қажет етеді. Мәселен, 
корректордың жұмысы, тас қалауда құрылысшының жұмысы, жүргізушінің жұмысы, 
мұғалімнің жұмысы т.б. ерікті зейін арқылы іске асады. Еріксіз және ерікті зейіннің негізгі 
белгілері бірдей. Осындай негізі белгілеріне белгілі бір нысанаға сананың шоғырлануы мен 
бағытталуы жатады. Белгілі бір жұмыс үстінде, оның ішінде тиімді оқу үрдісінде ерікті зейін 
еріксіз зейінге ауысуы мүмкін, керісінше, еріксіз зейін еріктіге.
Мәселен, 
қандай 
болмасын оқу материалын меңгеру барысында әруақытта да шәкірттерден ерікті зейіннің 


болуын қажет етеді. Бірақ меңгеру үрдісінде зейін жиі еріксіз зейінге айналады. Зейіннің 
осындай ӛзгеруі оқу материалы мазмұнының кейбір ерекшеліктеріне байланысты (мәселен, 
оның ашықтығы, қызықтылығы) баяндау ерекшеліктеріне тәуелділігі, кӛрнекілігі, 
түсініктілігі, сонымен қатар шәкірттердің оқу материалы мазмұнына қызығуына 
байланысты. Зейінді еріктіден еріксіз үрдіске қайта құру білімді меңгеруді біршама 
жеңілдетеді. Кейде кері құбылыста болады. Егер іс-әрекет үрдісінде (мәселен, білімді 
меңгеру үрдісінде) қандай да болмасын қиындық кездессе, онда еріксіз зейін ерікті зейінге 
ауысады. 
 
Іс-әрекет үрдісінде кейде зейіннің негізгі жұмыстан шет нысанаға еріксіз ауысуы орын 
алады. Осындай құбылысты зейіннің бӛлінуі деп атайды. Зейіннің бӛлінуі жұмысқа 
жағымсыз әсер етеді.
 
Қазіргі кездегі мектеп ғылым негіздері бойынша білім беріп қана қоймай, оқушыларды 
креативті ойлауға, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, әр оқушыға 
ӛзін кӛрсетуге және ӛз ойын дәлелдеуге мүмкіндік беруі керек. Білімнің басты мақсаты 
баланың ақылдылығы мен интеллектуалды тапсырмаларды орындауға дағдыландыруы 
болып табылады. Бұл тұрғыда оқушылардың зейінін дамыту маңызды орынға шығады. 
Себебі, баланың зейіні жеткілікті деңгейде дамитын болса оқушылардың сабақ үлгерім 
деңгейі жоғарылап, жетістіктерге жетуге мүмкіндік береді. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз 
айналадағы объектілердің ішінен керектісін бӛліп алып, соған психикалық әрекетімізді 
тұрақтата алу.
 
Сабақ үрдісінде зейінді тәрбиелеу жолдары - ӛзара әңгіме, сұрақ қою, орындалған 
тапсырманы ұжымдық түрде қорытындылау, берілген тапсырма бастауыш сынып 
оқушысының бала күшіне сәйкес келуін қадағалап, ал, сабақ кезіндегі сергіту жаттығулары, 
ойын сәттері зейінді қалпына келтіретін әдістер болып табылады.Кӛрнекі құралдардағы 
сӛздер тым ұзақ болмай, ондағы сӛздердің ең бастыларын бірден оқып түсіну үшін әріптерді 
түрлі бояумен безендіру қажет. Бастауыш сынып оқушыларының зейінін аударуы үшін 
обьектілерді үнемі ӛзгертіп, не соларды бірінен соң бірін алмастырып отырған жӛн. Тек 
сонда ғана бала зейінінің тұрақтылығы дамиды. Тӛмендегідей жаттығулар бала зейінін 
дамытуға қажетті деп ойлаймын. Мысалы:
 
«Ұқсастық пен айырмашылық».
Оқушыларға әртүрлі заттар мен ұғымдарды салыстыру 
ұсынылады. Бастауыш сынып оқушыларына ӛздеріне таныс заттар: сүт пен су, сиыр мен 
жылқы, ұшақ пен поезд (сурет түрінде ұсынуға болады). Ересек балаларға тапсырманы 
күрделі түрде: таң мен кеш, табандылық пен қыңырлық т.б. Дұрыс жауаптар, қателіктер, 
ұқсастық пен айырмашылық ара қатынасы, басым белгілер т.б айқындалады.
 
«Басқа қырынан таны». Белгілі бір заттың басқа қырын ашу. Мысалы, сіріңке тек жанып
жарқырап қана қоймай, пішіні мен салмағы жағынан кішірейеді. Оқушыларға қарапайым 
заттардың: полиэтилен қақпақ, пенопласт т.б ерекше қасиеттерін ашу, анықтау ұсынылады. 
Ерекше жауаптар ескеріледі және ұсынымдарды талдауға да, пікірталас ұйымдастыруға да 
болады. 
«Ұқсастықтар іздеу».
Белгілі бір зат немесе құбылыс айтылады, мысалы, «тікұшақ». 
Әртүрлі нақты белгілер бойынша тікұшаққа ұқсас заттарды жазу.Ұқсас заттарды қасиетіне 
қарай топтап жазуға да болады. Мысалы, «құс», «кӛбелек» (ұшады, қонады), «автобус», 
«поезд» (кӛлік) т.б. Бұл тапсырма заттардың қасиеттерін анықтау, оларды белгілер бойынша 
жіктеуге арналған. 
«Кім жылдам?»
Берілген мәтіндегі жиі кездесетін әріпті тез және нақты сызу қажет, 
мысалы, А немесе Е. Бағалаған кезде жіберілген уақыт пен жіберілген қателер саны 
есептеледі. Сызылмаған әріп кӛлемі аз болса, соғұрлым бағалау жоғары болады. Жіберілген 
қателер саны кӛрсетілген әріптерге бӛлініп, 100-ге кӛбейтіледі. Уақытына қарай тапсырманы 
күрделендіруге болады. Мысалы, бір әріпті сызып, екіншісінің астын сызып, үшіншісін 
шеңбермен сызыуға болады. 
«Қателерді түзету»
жаттығуы. Жүргізуші қағаз парағына сӛздердегі әріптер тасталып 
кеткен және орындары ауыстырылып жазылған бірнеше сӛйлем жазады. Оқушыға мәтінді 


оқып, 1 рет қана қатесін тез арада қызыл сиямен жӛндеу бұйырылады. Содан соң ол парақты 
басқа оқушыға береді, ол қалған қателерді басқа түстегі сиямен түзейді. Жарысты қос 
адаммен де ӛткізуге болады. 
«Ең зейінді» жаттығуы.
Оқушылар жарты шеңбер болып тұрады. Арасынан бір 
оқушы жүргізуші болып таңдалынып алынады. Жүргізуші тұрған оқушылардың тұрысын 
есіне сақтап алады. Содан соң теріс айналып тұрып, қатысушылардың тұру ретімен айтып 
шығуы тиіс. Жүргізуші болып келесі оқушы болады. Ойын осылай жалғаса береді. 
Осы сияқты әртүрлі жаттығуларды мұғалім ретін тауып оқу үрдісінде қолдана білсе, оқыту 
түрленеді, оның тиімділігі артады, оқушылардың ақыл-ойы жетіле түседі. 
Оқушыларға тапсырманы біртіндеп күрделендіре түссе, сонда логикалық ойлау қабілеттері 
қалыптаса бастайды. Алаштың ардақты ұлы А. Байтұрсынов «Бала білімді, тәрбиені ӛз 
бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін 
шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт - бағдар беріп отыру»- деп жазды. 
Осындай психологиялық тәсілдерді қолдана отырып, тренингтік жаттығулар орындату 
барысында оқушылардың пәнге қызығушылығы артады, ой-ӛрісі дамиды, шығармашылық 
пен дарындылық пайда болады. Қорыта айтсам, оқу-тәрбие үрдісінде оқушылардың ойлау 
процестерін дамыту үшін жоғарыда ұсынылған тренингтік жаттығуларды ұйымдастыру 
қажет. Сондай-ақ, тренингтік жаттығулар оқушы білімінің деңгейін кӛтеріп қана қоймай, бір-
бірімен жақындастырып, достыққа, адамгершілікке, еңбекке тәрбиелейді; жүйелі ойлап 
сӛйлеуге, сӛздік қорын молайтуға, қиялын ұштауға жетелейді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет