Семинар-тәжірибелік сағаттар (спз) 15 сағат Өзбетінше жұмыстар (срс): 45 сағат Оқытушымен бірлестікте орындайтын


I Адамның  қалыптасуында  еңбектің  ролі



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата12.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#8910
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

Адамның  қалыптасуында  еңбектің  ролі. К.  Маркс  пен      Ф.  Энгельс  адам  мен 

жануарлардың  арасындағы  физикалық  та,  пси-хикалық  та  тұрғыдағы  түбегейлі 

айырмашылық  еңбекпен  тү-сіндіріледі  деп  атап  көрсетеді.  Еңбек  адамның  дене  бітімін 

жетілдіріп  қана  қойған  жоқ,  сонымен  бірге  оның  психикалық  жетілуінің,  сананың 

қалыптасуы  мен  дамуының  негізгі  факторы  болып  табылды.  Сонымен  қатар  еңбек  адамды 

қоғамдық  тіршілік  иесіне  айналдырды,  биологиялық  жан  иесі  еңбектің  арқасында  адам 

дәрежесіне көтерілді. . 

Марксизм-ленинизм  классиктерінің  үйреткеніндей,  еңбек  әуел  бастан-ақ  қоғамдық 

сипат  алған,  яғни  бірлесіп  әрекет  жасауды  талап  етеді,  әр  түрлі  істі  келісе  отырып  шешуді 

және  басқаруды  қажет  қылды.  Жануарлар  табыны  еңбектің  арқасында  ғана  адам  қоғамына 

айналды.  Табында  көрсетілетін  болмашы  өзара  комек    ынтымақтастық   дәрежесіне   дейін 

өсті. Адам еңбек процесінде тек қана табиғатпен қатынасқа түсіп қоймайды, сондай-ақ бір-

бірімен де қатынас жасайтын болады. Олардың табиғатпен арадағы қатынасы енді өндірістік 

мақсаттарға  орай  ғана  жасалады.  Сөйтіп,  өндіріс  процесінде  әр  түрлі  ассоциацияларды 

(бірлестіктерді) қалыптастыратын өзара тәуелді қатынастар пайда болады. Адам өз өмірінің 

жалғасып,  келе  жатқаны  үшін  де  бүкіл  Жер  бетіне  мекендеп  отырғаны  үшін  де  еңбекке 

борышты.  Қоғамдық  өндірістің  арқасында  ол  алдымен  жасқана,  кейінірек  батыл  түрде 

айналасындағы табиғатты өз қажетіне жарата бастады және осыдан соң әр түрлі климаттық 

жағдайларда өмір сүруге бейімделді. 

Ең  бастысы,  өндіріс,  ең  қарапайым  еңбек  құралдарын  жа-саудан  бастап  табиғат 

ерекшеліктерін  материалдардың  қарсыласуын,  механика  заңдарын  адамның  алдына  жайып 

салды. Сонымен, еңбекте сыртқы дүниені тану құралы ретіндегі сана қалыптасады. Еңбекте 



 

адам өзін-өзі таниды, өзінің табиғи күшін алдына қойған міндеті мен еңбек материалдарына 



қарай реттей білуге үйренеді. Демек, еңбекте өзіндік сана-сезім де қалыптасады. 

Адамның  сыртқы  табиғатты  және  өзін-өзі  тануы  ендігі  жерде  адам  өзі  жасап  жатқан 

және  саналы  түрде  жетілдіріп  жатқан  қоғамдық  өндіріске  енді  өз  тарапынан  үлкен  ықпал 

жасай  бастады.  Еңбек  жұмыс  атқаратын  органдар  —  бас  пен  қолды  жетілдірді.  Адамның 

қолы  сан  салалы  әрі  өте  нәзік  еңбек  операцияларының  арқасында  өз  дамуының  шыңына 

жетті.  Және  теқ  қана  еңбек  органы  болып  қалмады,  сонымен  бірге  таным  құралына, 

ақырында,  творчестволық  құралға  айналды.  Іс  үстіндегі  шебердің  қолы  қолына 

жұқпайтынын  көріп  таң-тамаша  қаламыз,  мүсінші  мен  суретшінің  қолы  өнердің  ғажап 

туындыларын  дүниеге  келтіреді,  ал  музыканттың  қолы  шектерден  сиқырлы  үн  төгеді. 

Адамның  миы  анатомиялық  тұрғысынан  гөрі  ойлау  жағынан  әбден  жетілді,  өйткені  еңбек 

адамның алдына нақ осы еңбекте шешілуге тиісті проблемаларды үнемі қойып келді (қойып 

та  отыр).  Ойлау  қабілеті  қалыптасты,  ал  ол  өз  тарапынан  еңбектің  одан  әрі  жетілдіріле 

түсуіне жағдай туғызды. 

Сөйтіп, адам еңбектің көмегімен өзін айнала қоршаған табиғатты ғана өзгертіп қойған 

жоқ,  сонымен  бірге  өзі  де  өзгеріп,  дами  берді.  Бұл  жөнінде  К.  Маркс  былай  деп  жазған 

болатын:  «Еңбек  дегеніміз  алдымен  адам  мен  табиғат  арасындағы  процесс,  мұнда  адам  өз 

қызметі  арқылы  өзі  мен  табиғат  арасында  заттардың  алмасуына  себепкер  болады,  оны 

реттеп,  бақылап  отырады.  Табиғат  затына  адамның  өзі  табиғат күші  ретінде қарсы  тұрады. 

Табиғат затын өз басының тіршілік етуіне жарамды формада иемдену үшін адам өз тәнінің 

табиғи  күштерін  қолдары  мен  аяқтарын,  ақыл-ойы  мен  саусақтарын  қимылға  келтіреді. 

Осындай  қимыл  арқылы  сыртқы  табиғатқа  әсер  ете  отырып,  оны  өзгерте  отырып,  адам  

сонымен   бірге  өз  басының  жаратылысын  да  өзгертеді.  Ол  осында  мүлгіп  жатқан  күш-

қабілеттерді өршітеді де, бұл күштердің құбылысын өз өктемдігіне бағындырады» . 

Қоғамдық  өндіріс  қажеттілікті  қанағаттандыру  заттарын  жасай  отырып,  жаңа 

қажеттіліктерді  де  туғызды  және  оларды  жетілдіріп  те  отырды.  Тіпті  ең  қарапайым  деген 

табиғи  қажеттіліктің  өзі  адамға  тән  сипат  алады  және  әсіресе  олардың  эстетикалық 

бейнелену бағытында барған сайын әдетке айнала береді. Адам өзі өлтірген аңның терісіне 

қанағаттана алмайтын болды, ендігі жерде әр түрлі безендірулермен киім тігіп кие бастады. 

Ол, сондай-ақ тұратын мекен-жайын, еңбек құралдарын тағы басқаларды да жетілдіре түсті. 

Адамның  психикалық  дамуында  алғашқы  адамдардың  қоғамдық  санасында 

бейнеленген  өндірістік  қатынастардың  маңызы  зор  болды.  Қалыптасып  келе  жатқан 

қоғамдық сана өз тарапынан, жеке адамдар санасында өзінің таңбасын қалдырып отырды. 



4 Сананың қалыптасуындағы сөз бен қарым-қатынастың ролі. Ф. Энгельс сананың 

қалыптасуында сездің қаншалықты үлкен маңызды роль атқарғанын атап керсеткен болатын. 

Сірә,  адамның  еқ  бергідегі  ата-бабалары  психофизикалық  жағынан  өте  жоғары  дәрежеде 

дамығандықтан,  басқа  жануарларға  қарағанда  дыбыстық  белгілерге  көбірек  жүгінсе  керек. 

Адам  мен  питекантроп,  неандертальдық  және  кроманьондық  миларының  гипстен  жасалған 

үлгілерін  салыстырғанда,  сейлеу  және  іс-әрекетпен  байланысты,  маңдайдың  төменгі 

бороздасының  алдыңғы  тармағы  қазіргі  адамдарда  бұрынғы  тектестерінікінен  әлдеқайда 

артық  жетілгендігі  анықталған.  Олай  болуы  түсінікті  де:  қоғамдық  сипат  алған  еңбек 

адамдардың  бір-бірімен  қарым-қатынас  жасауын  және  өзара  көмегін  талап  етті,  дыбыстық 

белгілер  ендігі  жерде  еңбекке  бастап  қана  қоймай,  еңбекті  жүзеге  асырушы  дәрежесіне 

көтерілді.  Сөйтіп,  ол  белгі  беру  құралынан  біртіндеп  еңбекті  ұйымдастыру  құралына 

айналды.  Дыбыс  комплекстері  ендігі  жерде  заттарды,  әрекеттерді  және  еңбектің  тұтас 

ситуацияларын белгілей бастайды. Сейлеудің қалыптасуы адамның психикалық дамуындағы 

революция болды. 

Сейлеу  белгілері  жоғары  нерв  қызметін  жетілдіреді,  соның  нәтижесінде  жануарларда 

болмайтын екінші сигналдық жүйе қалыптасады. 

Сөйлеу таным деңгейін жаңа сатыға көтереді. Себебі, сөз нақтылы  бір атаудың алуан 

қырын танымның жалпы шеңберінде қорытып, жинақтап береді. Демек, ойлаудың жаңа түрі 

дамиды. Ол жоғары сатыдағы жануарлардың пәрменді және нақтылы-бейнелі ойлауынан — 

өзгеше дерексіз ойлау жетіледі, ал дерексіз ойлау дегеніміз — сананың өзегі. 



 

Марксизм-ленинизм  классиктері  сөйлеу  мен  сананы  бір-бірінен  бөліп  қарауға 



болмайтындығын  атап  көрсеткен  болатын.  Сөйлеу,  сөз  —  біздің  саналық  болмысымыздың 

формасы  —  қарым-қатынас  шеңберін  кеңейте  түседі.  Қарым-қатынас  процесінде  адамдар 

сыртқы ортаны да, өзін де терең әрі жан-жақты тани түседі. Демек, еңбекпен қатар сөйлесу 

де  сана  мен  адамдардың  өзіндік  сана-сезімінің  дамуының  маңызды  факторы  болып 

табылады.  Қарым-қатынас  жасау  —  қоғамдық  өмір  факторы.  Қарым-қатынас  процесінде 

психологиялық  қауымдастықтар  қалыптасады,  яғни  өз  заңдары  бар  қоғамдық  психология 

пайда болады. 

К. Маркс пен Ф. Энгельс: «Индивидтің дамуы ол тікелей немесе жанама түрде қарым-

қатынаста  болатын  барлық  басқа  индивидтердің  дамуымен  шарттас  айқындалады»   —  деп 

жазған болатын. 

Совет  философы  Ю.  Қ.  Мельвиль:  «Адамның  бүкіл  рухани  дүниесі  оның  өзге 

адамдармен  қарым-қатынасында  ғана  пайда  болады  және  дамиды.  Ал  қарым-қатынас 

процесінде  адамдардың  тек  өз  жеке  басының  ғана  емес,  сондай-ақ  адамдардың  қоғамдық 

санасы да. қалыптасады»,— деп атап көрсетті. 

Сөйлеудің  арқасында  адамдар  өткен  ұрпақ  тәжірибесін  жи-нақтап,  сақтап  және  келер 

буынға  тапсыра  алатын  болашаққа  көз  жіберіп,  өз  ісінің  нәтижесін  шамалайтын  еңбекті, 

өмірді, әлеуметтік күресті жоспарлай алатын болды. 

САНАНЫҢ   НЕГІЗГІ   ҚАСИЕТТЕРІ 

Сана  психика  дамуының  жоғарғы  сатысы  ретінде,  ең  алдымен,  жалпыны  және 

болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді. Жалпыны білу адамның 

болмыста мейлінше дұрыс бағдар ұстауын қамтамасыз етеді, істі біліп әрекет жасауына, өзін 

дұрыс  алып  жүруге  мүмкіндік  береді.  Жалпыны  біле  отырып  адам  әрбір  жеке  міндетті 

практикалық  тұрғыдан  шеше  алады.  Заңдылықтарды  біле  отырып,  белгілі  бір  оқиғаның 

болатынын алдын ала болжай да аласыз. Жалпы мен елеулі жайындағы білімдерді жинақтау 

ғылымды  И.  П.  Павловтың  сөзімен  айтқанда,  «болмысты  және  өз  басымызды  дұрыс  алып 

жүруде  жоғары  бағдарлылықты»  қалыптастырады.  Ғылым,  өнер,  мәдениет  (сөздің  кең 

мағынасында) қоғамдық сананы құрайды. 

Жеке адам санасы мен қоғамдық сана диалектикалық, бір-лікте — болады. Жеке адам 

санасы оның болмысын ғана бейнелеп қоймайды, сонымен қатар адамзат жинақтаған білімді 

меңгеру  нәтижесі  де  болып  табылады.  Екінші  жағынан,  қоғамдық  сана  жеке  адамдар  мен 

бұқара көпшіліктің творчестволық іс-әрекетінің нәтижесінде қалыптасады. 

Сана  объективтік  болмыс  жайында  қорытылған  білімнен  ғана  емес,  сондай-ақ  сол 

болмысқа белгілі түрдегі қатынастардан да көрініп отырады. «Бір жерде орын алып отырған 

қандай  да  болсын  катынас,—деп  жазды.  К.  Маркс  пен  Ф.  Энгельс  —  мен  үшін  болып 

жатады;  хайуандар  ешнәрсеге  де  «қатыспайды»  және  жалпы  «қатынас»  емес;  оның  басқа 

хайуандарға қатынасы дейтін қатынас болмайды». 

Демек, адам өзін табиғаттан бөліп алады, белгілі автономия танытады, белгілі дәрежеде 

бағалай  отырып,  оқиғаларға  байқастап  жанасады.  Адам  қатынастарды  интеллектуалды 

(бағалау  арқылы)  және  эмоционалды  (сүю,  ұнату,  өшпенділік,  жек  көру,  жирену  түрінде 

керінеді)  сипатта  болуы  мүмкін.  көп  жағдайларда  саналы  қатынастар  интеллектуалды-

эмоционалды сипатта, екеуі аралас келеді. 

Сана  адамның  творчестволық  қабілеттілігінен  көрінеді.  «Адамның  санасы  объективті 

дүниені бейнелеп қана қоймайды, сонымен қатар оны жасайды»Хайуан еш нәрсені де орната 

алмайды.  Егер  ол  езі  мекендеген  жердің  жағдайын  өзгертсе  оны  саналы  түрде  түсініп 

істемейді,  оның  тіршілік  етуі  соған  жеткізеді.  Мәселен,  ешкілер  грек  тауларындағы 

бұталарды жеп қойып, соның нәтижесінде елдің климатын өзгертті дейді Ф. Энгельс. 

Адам дүниені саналы түрде өзгертуге талаптанады, оны өз қажетіне бейімдегісі келеді, 

тіпті  ол  табиғаттың  жеке  элементтерінен  табиғатта  кездеспейтін  жаңа  заттар  жасайды. 

Творчество  адамның  бүкіл  Жерді  мекендеуіне  және  космосқа  да  жол  табуына  мүмкіндік 

береді. 


Сананың аса маңызды қасиеті оның есеп беруі болып табылады. Адам өзінің ниеті мен 

күйзелісі, ойы мен түйсігі туралы өзіне-өзі есеп береді, демек, сана тек қана сыртқы білімді 



 

10 


емес, өзің білуді де қамтамасыз етеді, яғни сана өзіндік сана-сезім түрінде де көрініс табады. 

Адам есеп беруінің арқасында өз күшін реттей алады, өзін түзетіп және дамытып отырады. 

Білім  негізінде  жеке  адамның  іс-әрекетіндегі  және  мінез-құлқындағы  саналылық 

мөлшерін  анықтауға  болады.  Жеке  адам  мінезі  мен  іс-әрекетінде  білімге  сүйенеді,  ол 

өткендегіні ескеру және болашақты болжай отырып, неғұрлым тиімді тәсілді таңдап алады. 

Бұл ретте адам өзін-өзі бақылайды және өз күшін жоспарына қарай реттеп отырады. 



ӨЗІНДІК   САНА-СЕЗІМ 

Адамның жануарлардан айырмашылығы — ол өзін танитын және білетін, өзін түзетіп 

және жетілдіріп отыруға қабілетті тіршілік иесі. 

Өзіндік  сана-сезім  —  сананың  өзіңді  білу  мен  өзіңе  қатынастың  бірлігі  ретінде 

көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны және өзіңді өзің танудың бейнеленуінен 

біртіндеп қалыптасады. 



Басқаларды  тану  арқылы  өзіңді  тану. Жас  бала  бастапқыда  өзін  қоршаған  ортадан 

бөліп  қарамайды.  Ол  ойыншықты  қозғап  та,  аяғының  башайларын  қимылдатып  та  — 

бірінен-бірін айырмай ойнай береді. Бірте-бірте ол өзін, өзінің органдары мен тұтас денесін 

қоршаған заттардан бөле қарап, ажырата бастайды. Бұл физикалық саралау процесі сыртқы 

дүние мен өзін танудың нәтижесінде және алғашқы кезде проприоцептивтік деңгейінде (өз 

органдарының  қалыпты  жайы  мен  қимыл-қозғалысын  сезіну)  өтеді.  «Баланың  өзін  өзі 

аңғаруынан  кейін,—  деп  жазды  И.  М.  Сеченев,—  есейгенде  адамның  өз  санасының 

актілеріне  сын  көзбен  қарауға,  яғни  өзінің  бүкіл  ішкі  дүниесін  сырттан  келіп  қосылатын 

барша  құбылыстардан  бөліп  қарауға,  оны  талдауға  және  сыртқымен  қатар  қоя  қарауға 

(салыстыруға)  —  бір  сөзбен  айтқанда,  өз  санасының  актін  зерттеуге  мүмкіндік  беретін 

өзіндік  сана-сезім  туады».  Күрделі  психикалық  кұбылыстарды,  әсіресе  өз  басының 

қасиеттерін танып-білу іс-әрекет және қарым-қатынас процестерінде өтеді. К. Маркс былай 

деп  көрсетті:  «адам  алдымен  айнаға  қараған  сияқты,  басқа  адамға  қарайды.  Павел  дейтін 

адамға өзі сияқты адам деп қарау арқылы Петр дейтін адам өзіне адам деп қарай бастайды». 

Қарым-қатынас  процесінде  адамдар  бірін-бірі  біліп,  біріне-,  бірі  баға  береді.  Өзгенің 

осындай бағалауы әр адамның өзін-өзі бағалауынан көрініс танытатын болады. 

Адамның өзін-өзі тануында, оны басқаның бағалауы мен коллективтік бағаның маңызы 

ерекше. Егер бір адамның іс-әрекеті мен мінез-құлқын сыңар жақты бағалау тұрақты сипат 

алса,  онда  сол  адам  өзінің  қабілеті  немесе  мінезі  жайындағы  осы  сыңар  жақ  бағаны 

малданып алады да соған мойын ұсынады. 

Өзін-өзі  тану  өзіндік  сана-сезімнің  қалыптасуында  маңызды  роль  атқарады.  Өзін-өзі 

тану — адамның өз психологиялық және физикалық ерекшеліктерін зерттеп-білуі. Адам өзін 

тікелей де, жанама  түрде  де  танып  біледі.  Жанама  таным  неғұрлым  күрделірек  тікелей 

танымның алғашқы сатысы іспетті. 

И.М.Сеченев.  Таңдамалы  философиялық  және  психологиялық  шығармалары.  М., 

Мемлекеттік саяси баспа. 



Өз іс-әрекеті  мен мінез-құлқын талдау арқылы адамның өзін-өзі тани алуы. Өзін 

жанама  тану  өз  іс-әрекетінің  нәтижелерін  талдау  жолымен  жүзеге  асырылады.  Белгілі  бір 

саладағы  жетістіктерін  талдай  және  бағалай  отырып,  жұмысқа  жұмсалған  уақыт  пен  күшті 

есептей  отырып,  өз  қабілеттерінің  деңгейін  анықтауға  болады.  Қоғамдағы  өз  мінез-кұлқын 

бағалау арқылы адам өз басының адамгершілік және психологиялық ерекшеліктерін танып, 

біледі.  Жанама  танымда  өзін-өзі  зерттеп  жүрген  жеке  адамға  айналасындағылардың  өзі 

жайындағы  көзқарасын  талдаудың  да  маңызы  зор.  Жақын  адамдардың,  қызметтес 

жолдастардың объективті бағасы өзіңді тереңірек танып білуіңе көмектеседі. 

Өз  басыңның  қасиеттеріне  берген  өз  бағаң  мен  басқа  жұрттың  бағасын  салыстыру  да 

маңызды.  Ол  өз  танымының  өзгелердің  ойымен  бірдей  шығу-шықпауын,  өзін-өзі  не  артық, 

не кем бағалап жүргенін айқындауға мүмкіндік береді. 

Бұдан шығатын қорытынды, басқа адамдармен неғұрлым кең қарым-қатынаста болу өз 

басыңның  жағымды  және  жағымсыз  жақтарын  жан-жақты  салыстыруға,  танып  білуге 

кемектеседі екен 

 

 


 

11 


3 тақырып: Адамның анатомиялық, физиологиялық және психологиялық тұрғыда дамуы 

  

Адам  анатомиясы (латынша  anatome  –  кесу,  бөлшектеу  деген  ұғымды  білдіреді)  –

адам денесінің  құрылысын,  пішінін,  қимылдарын,  мүшелердің  өзара  қарым-қатынасын 

зерттейтін  жаратылыстану  ғылымының  бір  саласы.  Адам  анатомиясының  негізін  салушы  – 

ежелгі рим дәрігері  Гален,  одан  кейін  шығыс  ғалымдары:  ар-Рази,  ибн-Рушд,  Әбу  Әли  ибн 

Сина  адам  анатомиясына  елеулі  жаңалықтар  қосты. Қазақ  даласында  адам  анатомиясы 

мәселелері Өтейбойдақ  Тілеуқабылұлының (15  ғасыр),  Халел  Досмұхамбетұлы  (20  ғасыр) 

еңбектерінде  баяндалды.  Бүкіл  тірі  организмдер  сияқты  адам  денесі  торшадан  (клеткадан) 

тұрады.  Торшалар  торшааралық  затпен  қосылып  тін  (ұлпа)  құрайды.  Тін:  эпителиалдық, 

дәнекерлік, бұлшық еттік, жүйкелік болып 4 топқа бөлінеді. Тін қосылып ағзаларды (орган) 

құрайды.  Жалпы  құрылысы  мен  дамуы  біртектес  және  ортақ қызмет атқаратын  ағзалар  – 

ағзалар жүйесіне біріктіріледі. Шығу тегі мен құрылыстары ұқсамайтын, бірақ ортақ қызмет 

атқаратын  ағзалар  –  ағзалар  аппараттары  деген  топқа  бөлінеді.  Ағзалар  жүйесі  мен 

аппараттары  адам  организмін  құрайды.  Ағзалар  бірнеше  жүйеге  бөлінеді:  1)  тірек-қимыл 

аппараты;  2)  ас  қорыту  жүйесі;  3)  тыныс  алу  жүйесі,  4)  несеп-жыныс  аппараты;  5)  жүрек-

тамыр  жүйесі  (бұл  жүйе  өз  ішінде  қан  жасап  шығаратын  және  иммундық  жүйе  ағзалары 

болып бөлінеді); 6) сезім ағзалары; 7) эндокриндік бездер; 8) жүйке жүйесі. Осылардың бәрі 

бірігіп, адамның қоршаған ортамен арақатынасын жүзеге асырады. Адам денесі бас, мойын, 

тұлға, қол және аяқ бөліктерінен тұрады. Адам қаңқасына тұлға қаңқасы (омыртқа бағанасы 

және  кеуде  клеткасын  құрайтын  сүйектер),  бас  сүйек  және  қол-аяқ  қаңқалары  жатады.  Бас 

сүйек: ми сауыт  пен  бет  сүйектеріне  бөлінеді.  Ми  сауытының  ішінде  ми,  есту  және  тепе-

теңдікті  сақтау,  көру  ағзалары  орналасқан.  Омыртқа  бағанасы:  мойын  (7  омыртқа),  кеуде 

(12), бел (5), сегізкөз (5) және құймышақ (3 – 5) бөліктерінен тұрады. Омыртқа бағанасының 

кеуделік бөлігіне 12 жұп қабырғалар бекиді. Олар алдыңғы жағында төс сүйекпен қосылып 

кеудені  құрайды.  Кеуде  қуысында  өкпе,  жүрек,  кеңірдек,  өңеш,  тамырлар  мен  жүйке 

талшықтары  орналасқан.  Омыртқа  бағанасының  бел  бөлігі  іш  бұлшықеттерімен  бірге  іш 

қуысын  түзеді.  Yстіңгі  жағында  іш  қуысы  кеуде  қуысынан  көк  ет  арқылы  бөлінеді.  Іш 

қуысында  бауыр,  асқазан,  талақ,  ішек,  ұйқы  безі,  бүйректер,  тамырлар,  жүйке  талшықтары 

орналасқан.  Іш  қуысы  төменгі  жағында  жамбас  астауы  қуысына  жалғасады.  Бұл  қуыста 

несеп  қуығы,  тік  ішек  және  жыныс  ағзалары  жатады.  Қол  қаңқаларын  жауырын,  бұғана, 

тоқпан жілік, шынтақ жілік, кәрі жілік, қол басы сүйектері құрайды. Аяқ қаңқасына жамбас 

сүйектері, ортан жілік, асықты жілік (кіші жілік) және аяқ басы сүйектері жатады. Сүйектер 

өзара буындар, шеміршектер арқылы жалғасады. Оларды бұлшықеттер жауып жатады. Адам 

анатомиясы  зерттеу  ерекшеліктеріне  байланысты  бірнеше  салаларға  бөлінеді:  жүйелік 

немесе  қалыпты  анатомия  –  адам  денесінің  құрылысын  ағзалар  жүйелері  бойынша 

баяндайды;  патологиялық  анатомия  –  ауруға  шалдыққан  ағзаларды  зерттейді; 

топографиялық анатомия – денедегі ағзалардың, тамырлардың, жүйке талшықтарының өзара 

орналасуын, арақатынасын талдайды; пластикалық анатомия – адам денесінің сыртқы пішіні 

мен  құрылысы  туралы ілім;  салыстырмалы  анатомия  –  дамудың  әр  түрлі  сатысында 

орналасқан тіршілік иелерінің дене құрылысын салыстыра зерттейді.  



Адам 

физиологиясы – биологияның тірі организм мен 

оның 


жеке 

жүйелері, 

органдары, тіндері мен клеткалары қызметтерін (функцияларын) зерттейтін саласы. 

Ол  ғылыми  бағытына  қарай  жалпы Адам физиологиясы,  жеке  Адам  физиологиясы 

және қолданбалы Адам физиологиясы болып үш бөлімге, ал мақсатына, зерттейтін объектісі 

мен  әдістеріне  байланысты  қалыпты  Адам  физиологиясы  және  патологиялық  Адам 

физиологиясы. болып екіге бөлінеді. 

Физиология туралы  түсінік  адамдарда  өте  ертеден  тірі  организмде  болатын 

өзгерістерді бақылау арқылы 

қалыптасқан. 

Алғашқыда 

бірнеше 


ғасырлар 

бойы Гиппократтың (біздің  заманымыздан  бұрын  5  ғасырда)  және Аристотельдің (біздің 

заманымыздан  бұрын  4  ғасырда)  көзқарастары  үстем  болды.  1628  жылы  ағылшын  ғалымы 

У.Гарвей  адам  және  жануарлардағы  үлкен  және  кіші  қан  айналымдарын  ашқаннан  кейін 

физиологиялық ғылымы өз алдына дами бастады. 


 

12 


Орыс 

ғалымдары И.М.Сеченов және И.П.Павловтың физиологиялық 

процестерді 

жоғарғы жүйке жүйесі басқаратындығын дәлелдеуі физиолдағы жаңалық болып саналды. 

Қазақстанда  Адам  физиологиясы  мәселелері  Х.Досмұхамедовтың,  Х.Қ.  Сәтбаеваның, 

Ж.Б.Нілдібаеваның,  Ә.А.Өтепбергеновтің  еңбектерінде  баяндалған.  Қазақстанда  Адам 

физиологиясын  зерттеу  Қазақ  медицина  институтында  (1931,  қазіргі  Қазақ  мемлекеттік 

медицина университеті), ҚазМУ-да (1934, қазіргі ҚазҰУ) физиологиялық кафедралары және 

Қазақстан  Ғылымдар  Академиясының  Физиологиялық  институты  (1944  жылға 

дейін КСРО ҒА  Қазақ  бөлімшесінің  физиологиялық  секторы)  ашылғаннан  кейін  ғылыми 

жолға  қойылды.  Дегенмен,  Адам  физиологиясының  Қазақстанда  іргетасын  қалаған 

А.П.Полосухин  болды.  Ол  Физиологиялық  ғылыми-зерт.  институтын  ашып,  алғашқы 

физиолог-ғалымдарды  дайындады. Қазақстан физиолог-дәрігерлері  қан  айналысы  мен 

лимфа-айналысының реттелу тәртібін зерттеді (І.А.Бірімжанова, Х.Қ. Сәтбаева, Е.Г.Скипина, 

т.б.). Кейіннен Т.Ш.Шарманов тамақтану физиологиясын дамытты. 

Адам  психологиясы.  Адам  -  әлеуметтік  қатынастармен  саналы  іс-әрекетті  жүзеге 

асырылып,  табиғаттары  кемелденіп  жетілген  ақыл  ой  иесі  және  қоғамдық  тұлға.  Осы 

ерекшеліктеріне 

орай 


адамды 

ғылымның 

көптеген 

салалары 

зерттейді. 

(философия,анотомия,  физиалогия,  антропология,  тарих,  педагогика,  психология)  және  әр 

ғылым адам проблемасын әр қырынан зерттейді. 

Философия - дүние танымдық, көзқарасын анатомия мен физиалогия денесі мен жүйке 

жүйесінің  құрлысын,  оның  қызметін  антропология  –  адамның  қоғамда  алатын  орны, 

табиғаттағы  өзге  құбылымтары  мен  байланысын,  тарих-  қоғам  өміріндегі  қарм  қатынасын 

саралау, ал педагогика- адам тәрбиесі, оның білім беру жүйесін қарастырып оның қоғамның 

белсенді  азаматы  етіп  қарастырып  көздейді.  Психология  -  адамның  жан  дүинесінің  сырын, 

психикасының  даму  заңдылықтарын,  оның  жеке  қасиетерінің  желінуі  мен  қалыптастыру 

жолдарын зертейді. 

Қарап  отырсақ  әр  ғылым  өз  бетінше  белігілі  бір  мақсатты  көздейді. 

Адам қоғамда өмір сүреді, ал адам тыс өмір сүруі ешбір мүмкін емес. Оның тәні де, жаны да 

айналасындағылармен қарым- қатынас жасау  үстінде, тек әлеуметтік әсер жағдайында ғана 

кісілік мәнге не болады. 

Адамның  санасының  дамып,  өсуі,  тікелей  өзінің  өмір  сүріп  отырған  ортасына 

байланысты. Сондықтан адам психологиясын дұрыс ұғыну үшін: 

- әлеуметтік жағдайын білу керек; 

- оның қандай орталық өкілі екенін айыру; 

- оның көзқарасы мен наным-сенімін

- бағыт-бағдарын, білімі мен тәжірибесін

- икем бейімділігін анықтау керек. 

Міне,  тек  осы  айтылғандардан  кейін  ғана,  нақты  мәліметтерден  соң  сол  адам  туралы 

пікрі білдіруге мүмкіндік туады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет