Семинар-тәжірибелік сағаттар (спз) 15 сағат Өзбетінше жұмыстар (срс): 45 сағат Оқытушымен бірлестікте орындайтын


тақырып: Төменгі класс оқушылары еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет4/6
Дата12.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#8910
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

8 тақырып: Төменгі класс оқушылары еңбек қызметінің психологиялық ерекшеліктері 

 

18 


 

  Оқу  балалардың  басқа  істермен  айналысуына  шек  қоймайды.  Осы  жасқа  тән  екі 

формада - өзіне -өзі қызмет ету мен ұсақ түйектер жасау формасында еңбекке ерекше роль 

беріледі. 

  Өзіне-өзі  қызмет  етуге  балалар  мектеп  жасына  дейін-ақ  үйретіледі.  Бастауыш 

сыныптарда  өзіне-өзі  қызмет  етудің  әдеттері  мен  дағдыларын  дамыту  мен  бекіту  – 

балалардың  үлкендердің  еңбегін  құрметтеу,  адамдардың  өміріндегі  еңбектің  ролін  түсіну 

сезімдерін тәрбиелеу, ұзақ дене еңбегіне даяр болу үшін жақсы психологиялық негіз. 

  Мектептегі  өзіне-өзі  қызмет  ету  жұмыстарын    орындау  барысында  балалардың 

біріккен  коллективтік  жұмысқа  тартылатын  түрлерінің    де  тәрбиелік  мәні  аз  емес.  Олар 

жолдастық  қолдауға және өзара көмекке үйренеді, коллективтің жалпы міндеттеріне саналы 

түрде қарап, жұмыстың дер кезінде және адал орындалуы үшін өзінің  жеке жауапкершілігін 

сезіне бастайды. 

  Бастауыш  класс  оқушылары  психологиясының  дамуы  басты  жағдайда  олар  үшін 

жетекші оқу іс-әрекетінің негізінде өтеді. Оқу ісіне араласа отырып, балалар біртіндеп оның 

талаптарына  бағынады,  ал  бұл  талаптарды  орындау  мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  жоқ 

жаңа  қасиеттердің  пайда  болуын  жорамалдайды.  Бастауыш  класс  оқушыларының  жаңа 

қасиеттері оқу қызметінің қалыптасу шамасына қарай туып, дамиды.  

  Егер  балалар  бәрі    бірдей  мұғалімді  тыңдаса  және  оның  айтқандарын  істесе  ғана 

сыныпта  жалпылама  сабақтарды    ұйымдастыру  мүмкін  болады.    Сондықтан  әрбір  оқушы  

осындай сабақтардың талаптарына сәйкес  өз зейінін басқаруды үйренеді. Бала көгершіндер 

тынымсыз құрқылдап жатқан терезеге қарағысы келеді,  бірақ есепті шығарудың  жаңа әдісін 

түсіндіруді тыңдау қажет жай ғана  тыңдау емес, ертеңгі бақылау жұмысын дұрыс орындау 

үшін  бұләдістің  барлық  егжей-тегжейін  жақсы  есте  сақтау  керек.  Осындай  «қажеттігі» 

әрдайым  ілесу,  берілген  үлгі  негізінде  өз  мінез-құлқын  басқару  балалардың  психикалық 

процестердің  ерекше  қасиеті  ретіндегі  еркіндікті  дамытуға  көмектеседі.  Ол  іс-әрекет 

мақсатын  саналы  түрде  қойып,  оларға  жетудің    қиындықтары  мен  бөгеттерін  жеңудің 

құралдарын алдын ала ойластыра іздеп таба білуден көрінеді. 

  Оқу іс-әрекетінің маңызды талаптарының бірі – балалар өздерінің айтқандары мен іс-

әрекеттерінің  әділдігін  кең  көлемде  негіздеуде.  Мұндай  негіздеудің    көптеген  тәсілдерін 

мұғалім  көрсетіп  береді.  Пайымдау  үлгілерін  ажырата  білу  қажеттігі  мен  ол  үлгілерді 

жасауға  өздігінен  іс-әрекет  жасау  бастауыш  сынып  оқушыларының  өзінің  ойы  мен  іс-

әрекетін бейне бір сырттан қарап, бағалау іскерлігін қалыптастыруды көздейді. Бұл іскерлік 

рефлекция негізінде маңызды қасиет ретінде жатады, ол өз пайымдаулары мен қылықтарын 

олардың  түпкі  ойлауы  және  іс-әрекет  шартарына  сәйкес  келуі  тұрғысынан  ақылды  да 

әділетті талдауға мүмкіндік береді. 

  Жекелеген  психикалықпроцестерді  дамыту  бүкіл  бастауыш  мектеп  шағында  жүзеге 

асырылады.  Балалар  мектепке  қабылдау  процестері  едәуір  жетіліп  келсе  де,  олардың  оқу 

ісіндегі  қабылдауы  формалар мен түстерді  тану және атауға келіп тіреледі. Бірінші  сынып 

оқушылары өздері қабылдайтын заттардың қасиеттері мен сапаларына жүйелі талдау жасай 

алмайды. Бұл жағдай арнайы жасалған тәжірибелерден айқын көрінеді.яч 

  Біріккен  оқу  процесінде  балалардың    жаңа  өзара  қарым-қатыастары  қалыптасады. 

Басқа    да  психикалық  процестер  сияқты  оқу  іс-әрекеті        жағдайында  балалардың 

эмоциясының жалпы сипаты өзгереді. 

  Еркіндік,  іс-әрекеттердің  ішкі  жоспары  және  рефлексия  –  бастауыш  мектеп 

шағындағы  баланың    негізгі  жаңа    құрылымдары.  Солардың  арқасында  бастауыш  сынып 

оқушысының психикасы орта мектепте одан әрі оқыту үшін ерекше мүмкіндіктерімен және 

талаптарымен қоса алғанда жас өспірім кезеңіне  қалыпты өту үшін қажетті даму деңгейіне 

жетеді.  

   

 

 



9 тақырып: Жеткіншек кезеңнің баланың дамуындағы алатын орны мен маңызы 

 

  Жеткіншек  кезеңнің    шектері  шамамен  балалардың  орта  мектептің  5-8  кластарында 

оқитын  кезеңімен  сәйкес  келеді    де,  11-12  жастан    14-15  жасқа  дейінгі  аралықты  қамтиды, 


 

19 


бірақ жеткіншек жастың іс  жүзінде басталуы 5 класқа көшумен тура келмей, бір жыл ерте не 

кеш болуы мүмкін. 

  Жеткіншек кезеңнің  баланың  дамуындағы  ерекше  орны,  оның  «өтпелі»,  «бетбұрыс», 

«қиын»,  «сыналатын»  кезең  деген  атауларында  бейнеленген.  Бұл  атаулар  осы  жастарда 

болатын өмірдің бір дәуірінен екіншісіне өтумен байланысты даму процестерінің күрделілігі 

мен  маңыздылығы  айтылған.  Балалық    шақтан  ересектікке  өту  осы  кезеңдегі  дене,  ақыл-

ой,адамгершілік,  әлеуметтік  дамудың  барлық  жақтарының  негізгі  мазмұны  менөзіне  тән 

ерекшелігі  болып  табылады.  Барлық  бағыттарда    сапалық  жаңа  құрылымдар  қалыптасады

организмнің  сана-сезімінің,  үлкендермен  және  жолдастарымен  қарым-қатынастың,  олармен 

әлеуметтік өзара іс-әрекеттің, мінез-құлыққа, іс-әрекет пен қарым-қатынасқа арқау болатын 

моральдық-этикалық  нормалар  мазмұнының  қайта  құрылуы  нәтижесінде  ересектік 

элементтері пайда болады.  

  Жеткіншектің  жеке  басы  дамуының  аса  маңызды  факторы  -  оның  өзінің  ауқымды 

әлеуметтік  белсенділігі:  ол  белгілі  бір  үлгілер    иен  игіліктерді  инеруге,  үлкендермен    және 

жолдастарымен, ақырында  өзіне  қанағаттанарлық  қарым-қатынас  орнатуға бағытталады. 

  Алайда  жаңаның  қалыптасу  процесі  біраз  уақытқа  созылады,  көптеген  жағдайларға 

байланысты болады және осы себепті бүкіл майданда әркелкі болуы мүмкін. Мұның өзі, бір 

жағынан,  жеткіншекте  «балалық»  пен  «ересектіктің»  қатар  болуымен,  ал,  екінші  ажғынан, 

сол  бір  ғана  паспорттық  жастағы  жеткіншектерде  ересектіктің  түрлі  жақтарының  даму 

дәрежесіндегі  елеулі  айырмашылықтардың  болуымен  анықталады.  Бұл  қазіргі  мектеп 

оқушыларының  өміріндегі  жағдайларда  екі  түрлі  жай  сәттерінің  болуымен  байланысты, 

олар:  1)  ересектіктің  дамуын  тежейтін  жайлар:балалардың  көбінде  басқадай  тұрақты  және 

байыпты  міндеттер  болмай,  тек  оқумен  ғана  шұғылдануы;  көптеген  ата-аналардың 

балалардытұрмыстағы  еңбектен,  қиыншылықтар  мен  қынжылыстардан  қоршауға,  түгелдей 

қамқорлыққа  алуға  тырысуы;  2)  ересектендіретін  жайлар:  мазмұны  жөнінен  сан  алуан 

информацияның орасан зор тасқыны; көптеген ата-аналардың бос  уақытының аздығы және 

осының мүмкін салдары ретінде балалардың дербестікке ерте жетуі, жолдастарымен қарым-

қатынастың жедел дамуы; дене күші дамуы мен жыныстық толысуының акселерациясы. 

  Осының  бәрі  ересектіктің  дамуын  анықтайтын  алуан  түрлі  жағдайлар  жасайды, 

осыдан  келіп  оның  белгілібір  жақтары  дамуының  алуан  түрлі  көріністері  мен  елеулі 

айырмашылықтары келіп шығады. 

  Жеткіншектің  дамуындағы  биологиялық    фактор  проблемасы  баланың  организмінде  

нақ осы шақта  биологиялық   толысу жолына түбегейлі өзгерістердің болуынан туындайды: 

дене күшінің дамуында  жаңа кезең басталып,   жыныстық жетілу процесі өрістейді. 

  Жеткіншек  организмінде  болатын  елеулі  өзгерістер  ұзақ  уақыт  бойы  осы  кезеңдегі 

жеткіншектер  ерекшеліктері  мен  дамуының  сыналу  құбылыстарының  биологиялық 

шарттастығы туралы әр түрлі теорияларға негіз болды. 

Жеткіншек шаққа өтуде адамның басында болатын жаңа құрылымдар 

Әлеуметтік ересектіктің дамуы дегеніміз баланың ересектер қоғамында оның толық та 

кең    праволы  мүшесі  болып  өмір  сүруге    деген  даярлығының  қалыптасуы.  Бұл  процесс 

объективтік  қана  емес,  субъективтік  даярлықтың  да  дамуын  көздейді,  ол  іс-әрекетке, 

ересектердің мінез-құлқына  деген көзқарастарға қойылатын қоғамдық  талаптарды меңгеру 

үшін қажет, өйткені әлеуметтік ересектіктің өзі осы талаптарды игеру процесінде дамиды. 

Жеткіншектік шақтың басында балалар сырт пішіні жағынан да, мінез-құлқы  жағынан 

да  ересектерге  ұқсамайды:  олар  әлі  де  көп  ойнап,  көп  жүгіреді,  алысып-жұлысып, 

тентектіктер  жасайды,  өз  дегендерін  істеп,  байыз  таппайды,  қызу  да  шамданғыш,  әр  түрлі 

салада белсенді, көбінесе ұшқалақ, ынта білдіріп, ден  қоюы да, біреуді жақсы көруі, қарым-

қатынасы да тұрақсыз, басқаның ықпалына оңай көнгіш келеді. Алайда балығы қаз-қалпында 

болып көрінетін сырт көрініс алдамшы болады да оның сыртында жаңаның қалыптасуының 

маңызды  процестері  жүріп  жатады:  жеткіншектер  көп  жағынан  әлі  бала  болып  жүріп, 

елеусізесейеді.  Ересектіктің  алғашқы  өркендері  оның  дамыған  формаларынан  өте-мөте 

айрықша болып, кейде жеткіншектің мінез-құлқында ересек адамға жағымсыз жаңа сәттерде 

көрінуі мүмкін. 



 

20 


Жеткіншектік  шаққа  аяқ  басқан  баланың  жеке  басының    қалыптасуындағы  түбегейлі 

өзгерістер  сана-сезімнің    дамуындағы  сапалық  өзгеріспен  анықталады,  осының  арқасында 

бала мен ортаның арасындағы бұрынғы қатынас бұзылады. 

Жеткіншектің  жеке  басындағы  басты  және  өзіне  тән  жаңа  құрылым  оның  өзі  туралы 

енді  бала  емеспін  дейтін  түсініктің  пайда  болуы  болады,  ол  өзін  ересекпін  деп  сезіне 

бастайды,  ересек  болуға  және  өзіне  жұрттың  осылай  деп  қарауына  ұмтылады.  Ересектік 

сезімі деп аталатын бұл ерекшеліктің  өзіне тән  белгісі  жеткіншек өзін балалар қатарынан 

шықтым  деп  санайды,  бірақ  төңірегіндегілер  менің  ересек  болғанымдытаныса,  деген 

қажетсіну бар болғанымен, онда шынайы, толық ересектікті сезіну әлі болмайды. 

  Жеткіншектің жаңа праволарға ие болмақ тілегі  ең алдымен  ересектермен   ынталана 

орындайтын талаптарға қарсыласа бастайды. 

  Жеткіншек кезеңнің басында  егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын 

көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. 

  Жеткіншектерге тәрбие беруде әрбір ұйым орасан зор роль атқарады. Оның тәрбиелік 

ықпалының    күші  төмендегі  екі  проблеманың  қаншалық  ойдағыдай  шешілуіне  көбіне-көп 

байланысты  болады:  1-  жеткіншектерге  арналған  қызметтің  мазмұны,  2-  бір  жағынан 

ересектер  мен  жеткіншектердің,  сондай-ақ    басқа  да  ұйымдардың  қарым-қатынастарының 

құрылуы. 

 

   


 

 

10 тақырып: Ересектердің дамуындағы және өмірлік құндылықтардың қалыптасуындағы  

бағыттар 

 

  Ересектердің    дамуында  әр  түрлі  бағыттардың  болуы  жеткіншектің  ересектік 

белгілерді қабылдауында соларға теңелсем дейтін үлгілердің әр алуан болуына байланысты. 

Ересектердің дамуындағы  енді бір бағыт жеткіншек ер балалардың мұратқа сай келетін  ер 

адамның  -  /нағыз  еркектің/    қасиеттерінің  белгілі  бір  мазмұнына    белсенді  түрде  бағдар 

алуымен  байланысты.  Мұның  өзі,  бір  жағынан  -  күш,  ерік,  батылдық,  ерлік,  төзімділік: 

екінші жағынан  - достыққа, жолдастарына  адалдық. 

  Жеткіншектердің  М.Ридтің,  Ф.Купердің,  А.Дюманың,  Ж.Верннің  романдарына, 

Октябрь революциясының, Азамат соғысы мен Ұлы Отан Соғысының қаһармандары туралы 

шығармаларға,  ақыр  соңында  ғажайып  оқиғалы  әдебиетке,  қаһармандық  және  детективтік 

мазмұндағы  кинофильмдерге  жеткіншектердің    ондаған  жылдар  бойыықылас  қоюының 

бәсендемеуі  әлдеқалай  емес.  Мұның  себебі  көбіне-көп  мынадан:  мұндай  шығармалардың 

қаһармандары  «нағыз  ердің»  қасиеттерінің  бүкіл    жиынтығынемесе  олардың  мәнді  бір 

бөлігін  көрсету.  Мұндай  қаһармандар  сүйсіне  таңдандырады,  еліктеудің  және  өзін-өзі 

тәрбиелеудің  үлгілеріне  айналады.  Жеткіншектер  әкесінің,  ағасының,  жақын  танысының 

осындай  қасиеттерін  мақтан  ететді,  оларға  ұқсауға  тырысады,  олардың  қасиеттері  туралы 

сүйсіне әңгімелейді. 

  Балалардың  арасыеда  күштілігімен,  батылдылығымен,  ептілігімен,  спорттық 

іскерліктерімен  көзге  түсетін  құрдасы  да  жеткіншекке  үлгі  болуы  мүмкін.  Мұндай  балалар  

өте-мөте  белгілі  болады,  ал  мұның  үстіне  олар  жақсы  жолдас  болса,  олардың  беделі  өте 

жоғары болуы мүмкін. 

  Көптеген  жеткіншек  қыз  балалардың  атам  заманнан  ерлер  қасиеттері  деп  саналатын 

жігерлілік, батылдық, қажырлылық, ұстамдылық т.б. қасиеттерге жеткісі келетінін атап айту 

керек.  Ер  балалар  сияқты  олар  да  өздерінде  осындай  қасиеттерді    тәрбиелейді.  Әйелге  тән 

қасиеттер  қазіргі  жеткіншек  қыздар  мен  бойжеткендер  үшін  әрқашан  тартымды  деуге 

болмайды.  Мұның  өзі    әйелдің  қоғам  өмірі  мен  семьядағы  жағдайының  өзгеруіне 

байланысты.  Қоғамдық  мұратты  бейнелердегі  өзгеріс  осыдан  келіп  шығады,  ал  бұлар 

өзкезегінде  қыз  балаларда  ұнамды  қасиеттер  туралы  түсініктің  қалыптасуына  ықпал 

жасайды.  Қыз  баланың  мұрат  тұтқан  бейнесінің  мазмұны  оның  алған  тәрбиесі  мен 

ортасының нақты ерекшеліктерінде де едәуір байланысты болады.  

  Ересектіктің  дамуындағы  маңызды  бағыт  мазмұнды  мүдделердің  дамуымен  және 

болашаққа жоспарлар жасаумен байланысты. 



 

21 


  Мазмұны  жағынан  құнды  әлеуметтік-моральдық  ересектіктің  дамуы  қызметтің  әр 

алуан түрлерінде ересектің жеткіншекпен ынтымағы жағдайында өтеді; бұл кезде жеткіншек 

ересекке үлгі ретінде теңеседі және оның көмекшісі позициясында болады.  

 

  Жеткіншек  кезеңнің басында егер ересек адамда жеткіншекке әлі бала деп қарайтын 



көзқарас сақталатын болса, қарама-қарсылықтар тууы мүмкін болатын жағдай қалыптасады. 

  Ересек  адам  мен  жеткіншектің  жеке  қатынастарындағы  сәттіліктің  олардың 

арасындағы  байланыс  пен  түсініктің  әбден  қажет  болатын  тағыбір  себебі  мынадан: 

жеткіншектік  кезеңнің  басталуында  баланың  ересектермен  және  жолдастарымен, 

құрдастарымен  қарым-қатынастарының  екі  жүйесі  арасындағы  күрделі  қарым-қатынастар 

үшін жағдайлар жасалады. 



Жеткіншектің жолдастарымен қарым-қатынасы. 

Құрдас  балалардың  принципі  теңдікте  болатын  жағдайы  нәтижесінде  қарым-

қатынастардың  бұл  саласы  жеткіншек  үшін  ерекше  тартымды  болады:  бұл  жағдай 

жеткіншекте  шыға  бастаған  өзін  ересекпін  деп  сезінудің    этикалық  мазмұнына  сай  келеді. 

Жеткіншектік  жастың  бастапқы  кезінде  болатын  дамудағы  өзіндік  ілгері  басушылықтар 

нәтижесінде  жеткіншектерде  жаңа  қажетсінулер,  ұмтылыстар,  күйініш-сүйініштер, 

ересектермен және жолдастарымен қарым-қатынастарда қойылатын талаптар барынша ұқсас 

болады.  Мұның  өзі  құрдастарымен  қарым-қатынастардың  тереңдей  дамуына  себептеседі. 

Жеткіншекте  ересектерге  қарағанда  құрдастарына  неғұрлым  түсінікті  әрі  жақын 

құндылықтар қалыптасады. Ересектермен қарым-қатынас енді құрбы-құрдастарымен қарым-

қатынастарды түгел алмастыра алмайды. 

Жеткіншектің  жолдастарымен,  құрдастарымен,  кластастарымен  қарым-қатынасы 

төменгі  кластардағы  балалардың  қарым-қатынастарынан  гөрі    күрделірек,  сан-салалы  әрі 

мазмұндырақ.  Жеткіншектік  кезең  де  жақындық  дәрежесі  жөнінен  әр    түрлі    қарым-

қатынастар қалыптасады, олардың жеткіншектер әншейін жолдастар, жақын жолдастар, жеке 

дос  деп  нақпа-нақ  саралайды.  Олармен  қарым-қатынас  оқу  әрекеті  мен  мектеп  шеңберінен 

барған  сайын  шыға  береді,  жаңа  мүдделерді,  кәсіптерді,  қарым-қатынастарды  қамтып, 

жеткіншек  өмірдің  дербес  және  өте  маңызды  саласы  болып  бөлінеді.  Бұл  қарым-

қатынастарда әр түрлі оқиғалар мен істер, күрес пен қақтығысулар, жеңістер мен жеңілістер, 

жаңалықтар мен өкініштер, күйініштер мен қуаныштар нағыз өмірін құрайды, ол осында іс-

әрекет  жасап,  ойланып  толғанады,  көп  уақыты  мен  рухани  күш  жігерін  жұмсайды. 

Жолдастарымен  қарым-қатынас  жеткіншек  үшін  ерекше  құндылыққа  ие  болады, 

маңыздылығы  соншалық  ата-ана,  туғандарымен  қарым-қатынастардың  тартымдылығын 

едәуір азайтып, оқудың өзін екінші қатарға ығыстырады. 

Жеткіншектің  жолдастарының  назарын  өзіне  аударуға,  олардың  ынтасын  тығызып, 

жақсы  көрінуге  ұмтылуы  түрліше  болып  көрінуі  мүмкін:  бұлардың  өз  қасиеттерін  тікелей 

көрсетуде  ересектер  қоятын  талаптарды  орындамау  да  болуы,  сондай-ақ  қиқындап, 

сайқымазақтау,  күлдіруге  тырысқан  іс-әрекеттер,  өтірік-шыны  аралас  әр  түрлі  жайларды 

айту болуы мүмкін. 

Жеткіншектердің  өзара  және  топтасқан    қарым-қатынастары  көбінесе  ересектермен 

қарым-қатынастарға    тәуелсіз  тіпті  олардың  дегендері  мен  ықпалдарына  қарсы  болып  та 

қалыптасады. 

Жеткіншектердің жолдастық кодексінің ең маңызды нормалары-қадір-қасиетті сыйлау, 

теңдік,  шын  берілгендік,  жолдасына  көмектесу,  адалдық.  Жеткіншектердің  ортасында 

әрбіреуінің өз жолдасына, тобына, класына қатысты іс-әрекеттері  ескерусіз қалмайды және 

бұл нормаларға сай келетін-келмейтіні бағаланып отырады. 

Жеткіншектік  жаста  ер  балалар  мен  қыз  балалар  арасындағы  қарым-қатынаста 

айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қою, ұнатуға тырысу, ал осыған байланысты 

өзінің сырт  пішініне зер салып ұнамды көрінуге ұмтылу шығады. 

Жеткіншектік  шақта  жолдастармен  қарым-қатынас  жеткіншек  жеке  басының 

қалыптасуына зор, көбіне шешуші ықпал жасайды. Жолдастары оған үлгі болады,  балалар 

бір-біріне  белсене  іс-әрекет  жасайды,  бірін-бірі  тәрбиелейді.  Сондықтан  жеткіншектердің 

қарым-қатынастары ғана емес, жақын жолдастарымен, достарымен жеке қарым-қатынастары 

да педагогикалық ықпал өрісіне қамтылуға тиіс. 



 

22 


 

11 тақырып: Ер балалар мен қыз балалар қарым-қатынастарының 

ерекшеліктері 

 

  Жеткіншек  жаста    ер  балалар  мен  қыз  балалар  арасындағы  қарым-қатынаста 



айтарлықтай өзгерістер болады. Бір-біріне ден қою, ұнатуға тырысу, ал осыған байланысты 

өзінің  сырт  пішініне  зер  салып  ұнамды  көрінуге  ұмтылу  шығады.  Дене  және  жыныстық 

жетілуде қыздар балалардан озып кетеді.  5-6 сыныптарда қайсібір қыздар балалардан биік 

әрі  ірі  болады.  Тапал  болғаннан  ер  бала  өзін кем  сезініп,  бірталай  күйініш  көреді.  Бойы  өз 

сыныптарынан озып кеткен қыз бала да осылай күйінуі мүмкін. 

  Бастапқыда    басқа  жынысқа  көңіл  аудару  көптеген  ер  балаларда  кіші  жастағы 

жеткіншектерге  тән  қыз  балаларға  «тиісуден»  көрініп,  дамиды;  қыздар  ер  балалардың 

мұнысына шағым айтқанмен,  оның себебін  дұрыс түсінеді де, онша жәбірлене қоймайды. 

Кейін  қарым-қатынас  өзгереді,  ашықтық  қалады,  жасқану,  ұялу,  ыңғайсыздану  келіп 

шығады. Біреулерінде бұл тікелей көрінсе, екіншілерінде сырттай жайбарақаттықпен, басқа 

жынысты  «жек  көрумен»  бүркемеленеді.  Мінез-құлық  амбиваленттігімен  сипатталады: 

біріне-бірінің  ынтасы  ер  балалар  мен    қыз  балалардың  оқушаулануымен  қатарлас  болады. 

Алайда  олар  туындайтын  қарым-қатынасқа,  олардың  даму    ерекшелігіне  барынша 

қызығумен қарайды. 

  У-УІ  сыныптарда  көбі,  әсіресе  қыздар    кім  кімге  ұнайды  деген  мәселеге  зер  салады. 

Өзінің  қарым-қатынасы  туралы  жеткіншектер  әдетте  досына  не  жақын  жолдасына  ғана  

айтатын  болғанымен,  мұны  әдетте  сыныптастарының  көбі  біледі;  олар  аңғарғыш  болады, 

жаңалықтармен алмасады. Кіші жеткіншек шақта балалар мен қыздар арасында достық сирек 

болады;  ал    УІІ-УІІІ  сыныптарда  жиі  кездеседі,  өзара  ұнау    өте  эмоциялы  болып,  өмірінде 

маңызды  орын  алады.  Өзі  оны    ұнатқанымен  оның  мұны  ұнатпауы  енді  күшті  

толғаныстардың  қайнар  көзі  болады.  Романтикалық  қатынастар  ортақ  мүдделер  не 

ұмтылыстар  болған  жағдайда  жолдастық  қатынастар  түрінде  дамуы  мүмкін,  ал  мұндай 

мазмұнды  негіз  болмаса  кездесулер,  серуендер,  киноға,  мұз  айдынына,  саябақтарға  т.б. 

баруы басым болуы мүмкін. УІІ-УІІІ сыныптарда аралас топтар құру тенденциясы шығады.   

  Жеткіншек    жаста  жолдастармен  қарым-қатынас    жеткіншектің    жеке  басының 

қалыптасуына  зор,  көбіне  шешуші  ықпалжасайды.  Жолдастары  оған  үлгі  болады,  балалар 

бір-біріне  белсене  іс-әрекет  жасайды,  бірін-бірі  тәрбиелейді.  Сондықтан  жеткіншектердің 

қарым-қатынастары ғана емес, жақын жолдастарымен, достарымен жеке қарым-қатынастары 

да педагогикалық ықпал өрісіне қамтылуға тиіс. 

  Оқуға,  мұғалімге  және  оқу  пәндеріне  олардың  көзқарастары.  Мектеп  пен    оқу 

жеткеншектердің  өмірінде  үлкен  орын  алады,  алайда  олардың  бәрі  оқудың  маңыздылығы 

мен  қажеттілігін  ұғатындығына    қарамастан,  әр  балада  бұл  түрліше  болады.  Мектептің  

тартымдылығы    балалардың  көбіне  құрдастарымен  қарым-қатынас  жасау  мүмкіндігіне  

байланысты артады, бірақ  оқудың өзіне бұдан жиі нұқсан келеді.  Жеткіншек үшін сабақ  – 

оқу  жұмысымен  өтетін  45  минут  қана  емес,  сонымен  қатар  сыныптарымен,  мұғаліммен 

қарым-қатынас  жасалатын,  елеулі  әрекеттерге,  бағаларға  ,  толғаныстарға  толы  ахуал.  Әр 

түрлі  тапсырмаларды  орындау  барысында  балалар  қарым-қатынасын    тоқтатпайды. 

Материалдың  өте  қызықты  түсіндірілуі  және  сабақта  мұғалімнің  жұмысты  ұйымдастыру 

шеберлігі  ғана  жасы  кіші  жеткіншекке  жолдастарын  ұмыттыра    алады.    Олармен  қарым-

қатынас  сабақ  даярлаудан  алаңдатады,  оның  үстіне  жеткіншекте  жеке  мүдделер,  ұнамды 

сабақтар  мен  қызығулар  пайда  болады.  Жеткіншектің  әр  түрлі  негіздерден  алатын 

қызғылықты  да  алуан  түрлі    хабарлары  мектепте  алынатын  білімдерімен  бәсекеге  түседі.  

Тәжірибенің  ,  айналадағы  ортамен  және  адамдармен    байланыстың  молайып,  ұлғаюы 

жеткіншектің оқуға деген зейінін кемітеді. Оқу қызметі енді бұрынғыдан басқаша жағдайда 

өтеді. 

  Орта  мектепке  өтетін  сәтте  балалар  көп  жағынан  әр  түрлі  болады.  Мұндай 



айырмашылықтар мына жөнінде болады: 

  1) оқуда көзқараста өте жауапты қараудан бей-жай қарауға дейін



 

23 


  2)  жалпы  дамуда  жоғары  дәрежеден  бастап  ой-өрістің  барынша  шектеулілгі  мен 

сөйлеудің нашар дамуына дейін; 

  3)  мектеп  бағдарламасының  шеңберінде  білімінің  көлемі  мен  тиянақтылығында  оны 

тамаша  игеруден  бастап  негізгі  пәндер  бойынша  білімде  елеулі  олқылықтардың  болуына 

дейін; 

  4) оқу  материалын игеру әдістерінде; өздігінен жұмыс істей біліп, материалды ұғудан 



бастап  сөзбе-сөз  жаттап  алуға  дағдыланғандықтан  өздігінен  жұмыс  істеу  дағдысының 

мүлдем болмауына дейін; 

  5)  оқу  жұмысындағы  қиыншылықтарды  және  білуде  әжептәуір  қажырлылықтан 

бастап  қиын  не  зауқы  түспегеннің  бәрінде  ізінше  басқадан  көмек  күтіп  дағдыланған  әдет 

түсіндегі масылдыққа дейін

  6)  мүдделеріндегі  айқын  көрінген  танымдық  мүдделермен  және  мазмұнды  істермен 

шұғылданудан бастап мұның екеуінің де мүлдем болмауына дейін. 

  Оқу  қызметіндегі  олқылықтардың  сырттай  көріну  дәрежесі  әр  түрлі  болуы  мүмкін. 

Егер төменгі сыныптарда  бұлардың кейбіреулері балаларға жақсы оқуға кедергі жасамаған 

болса, У сыныпқа келгенде бұл олқылықтар жасырын түрден меңгеруге елеулі бөгет түрінде 

көріне  бастайды.  Егер  оларды  дер  кезінде  жоймаса,  олардың  түзеуге  келмейтін  салдары 

болуы  мүмкін:  жаңа,  бірден-бірге  күрделілене  түсетін  материалды  өздігінен  игере 

алмаушылыққа  апарып  соғуы  мүмкін.  Жеткіншектің    оқуындағы  қолайсыздықтың  бірінші 

көрсеткіші  –  төменгі  сыныптармен  салыстырғанда  үлгірімнің  төмендеуі.  Мұның    себептері 

оқуға көзқарастағы олқылықтарға, оқу материалының игеру әдісінің дұрыс болмауына және 

осы  екеуінің  де  табиғи  салдары  –  білімдегі    олқылықтардың көбеюімен  байланысты  болуы 

мүмкін. 

  Орта  мектепке  көшісімен  жеткіншектердің  оқужұмысы  едәуір  қиындайды:  бір 

мұғалімнің орнына бес-алты жаңа мұғалім келеді. Олардың сабақ сұрау, түсіндіру мәнері әр 

басқа, бастапқы кезде өздері әлі білмейтін  оқушыларға қоятын талаптары мен көзқарастары 

да  бірдей  болмайды.  Мұғалімдердің    жаңа  әрі  түрлі  талаптарыныбейімделу  процесі  әдетте 

бүкіл  сынып  үшін,    әсіресе  оқу  қызметінде  бүркемеленген    және  ашық    олқылықтары  бар 

оқушылар үшін қиынға соғады.   

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет