Семинар-тәжірибелік сағаттар (спз) 15 сағат Өзбетінше жұмыстар (срс): 45 сағат Оқытушымен бірлестікте орындайтын


бөлім. Психикалық даму кезеңдері мен шаттары



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата12.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#8910
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

2 бөлім. Психикалық даму кезеңдері мен шаттары 

 

3 тақырып: Психикалық даму шарттары 

 

Даму  -  баланың  қоғамдық-тарихи  тәжірибені  игеру  процесі.  Адам  мен  жануарлардың 

психикасы  үздіксіз  даму  күйінде  болады.  Алайда    жануарлар  дүниесі  мен  адамның  даму 

процестерінің  сипаты  мен  мазмұны  сапа  жағынан  ерекшеленеді.  Адам  мен  жануарлардың 

психикалық функциялары шығуы жағынан да теңесе алмайды.   

Адамның психикалық іс-әрекеті  - өте күрделі  құрылым. Оның ерекшеліктері алдымен 

баланың  тіршілігі  мен  тәрбиесімен  сабақтас.  Адамның    психикалық  дамуының    әлеуметтік 

табиғатын  ескеру    бұл  процестің    күрделілігі    мен  сан  қырлылығын    түсінуге    мүмкіндік 

береді, өйткені осылай қарастырғанда ғана даму қайсібір жекеленген функциялардың жетілуі 

немесе    сан  жағынан  көбеюі  түрінде  емес,  адамның  бүтіндей  дамуы,  яғни  жеке  адамның 

дамуы ретінде көрінеді.  


 

13 


Балалардың дамуының оқыту процесіндегі ең басты және анықтаушы жағы білімдерді 

іс-әрекет әдістерін күрделендіруден  тұрады. 

Қазіргі  кезде  көптеген  зерттеушілер,  ең  алдымен  психологтар,  оқыту  мазмұны,  яғни 

балаға берілетін білімдерді және іс-әрекет әдістерін  өзгерте отырып, баланың дамуын елеулі 

өзгертуге болатынын дәлелдеп берді. 

Сөздік-логикалық  ес,  ұғынымды  ойлау,  заттық  қабылдау  және  адамға  тән  басқа  да 

жоғары  психикалық  функциялар  биологиялық  тұқым  қуалаушылық  жолмен  қалыптасып, 

берілмейді.  Бұл  олардың  тарихи  даму  процесінде  өзгерістерге  ұшырап,  жетіле  түсінуіне 

мүмкіндік береді. 

Адамныі  өмірде  қалыптасатын  күрделі  психикалық  іс-әрекеті  (ойлау,  сөйлеу)  мен 

неғұрлым  қарапайым  табиғи  функцияларын    (мысалы,  қозу  мен  тежелу  процестернінің 

арақатынасымен  ерекшеліктері)  ажырата  білу  керек.  Психикалық  іс-әрекет  өзіне  баса  да 

көптеген  компоненттермен  қоса  осынау  қарапайым  функцичларды  дща  қамтиды.  Мәселен, 

адамның  музыкалық  қабілеттері  мен  жоғары  дыбыс  айырғыштығының,  математикалық 

ойлауы  мен  кеңістік  анализі  және  синтезі  функциялдары  арасындағы  байланыс  белгілі. 

Әдетте  нышандар  деп  аталатын  қарапайым,  баиғи  қасиеттер  адамның  сыртқы  жағдайлар 

әсерімен қалыптасатын күрделірек іс-әректетердің құрамына кіреді. 

Белгілі  бір  жағдайларда  қарапайым  функциялар  жөнді  жетілмеген  немесе  бұзылған 

кезде  өздерінен  жоғары  орналасқан  неғұрлым  күрделі  психикалық  іс-әрекетті  де  айқындай 

бастайды. Мысалы, ми қабығының желке-самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік 

синтезі бұзылады да мұның өзі есмептей білуге зиянын тигізеді. 

Ми қызметінің тұқым  қуалай берілетін ерекшеліктердің бірі – жоғары нерв қызметінің 

типі  деп  жорамалданады.  Ол  нерв  процестерінің  күшін,  қимылын  және  тепе-теңдігін 

сипаттайды.  Алайда,  дамудың  психологиялық  және  физиологиялық  ерекшеліктерінің    бұл 

қатынасы    да  мағыналы  болмай,  өзі  баланың  жеке  басының  құрылымы  мен  оның  даму 

процесінің  күрделі  жүйесіне  еніп  және  көбінесе  солармен  анықталып  отырады.  Мысалы, 

нерв процестерінің жоғары қозғалғыштығы бір жағдайларда тез ойлаудың, іс-әрекет тәсілін 

қайта  құру  мүмкіндігінің  ішінара  негізі  болса,  екінші  жағдайларда    алаңдаушылық  пен 

ырықсыздыққа да итермелейді. 

Сөйтіп, физиологиялық, қарапайым, тұқым қуала й  берілетін  функциялар  психикалық 

даму  процесінің  кейбір  жақтарына  әсер  етуі  мүмкін.  Бірақ  та  олардың  маңызы  шешуші 

болып  саналмайды.  Даму    процесінің    негізгі  мазмұны  мен  механизмдері  көптеген 

жағдайлардың  жиынтығымен  анықталады.  Солардың  арасында  жетекші  болып  балаларды 

оқыту мен тәрбиелеу жағдайлары есептеледі. 

Психикалық  құрылымдарджың  қалыптасуы  мен  дамуының  жалпы  заңдылықтарын  да, 

бала дамуының жоғарыда бөлініп көрсетілген үш түрінің әрқайсысына тән ерекшеліктерді де 

ажыратып қарастыруға болады. 

Баланың  жеке  басының  белсенділігі  –  психикалық  даму  шарты.  Осындай  жалпы 

заңдылықтардың  бірі  мынада:  балада  жаңа  психологиялық  құрылымдардың  пайда  болуы 

міндетті  түрде  баланың  өз  белсенділігімен  байланысты.  Жаңа  құрылым,  тіпті  ол  оқыту 

үстінде,  мысалы,  тәсіл  түрінде  сырттан  берілсе  де  іс-әрекетке  енгізілуі,  осы  іс-әрекетті 

өзгеріске түсіруімен байланыстырылуы тиіс. 

Белгілі материалды игерудің өзі түрліше жүзеге асады, демек, баланың даму дәрежесіне 

қарай түрлі педагогикалық шарттарды талап етеді. Игеру процесінде бала бағыттылық, сана 

және іс-әрекет ерекшеліктері бар жеке  адам ретінде көрінеді.  

Психикалық  құрылымдар  дамуының  жалпы  заңдылығы  болып  олардың  субъекті  іс-

әрекеті  негізінде  қалыптасуы  есептеледі.  Бұл  іс-әрекеттің  ересек  адамның  көмегі  және 

басшылығы  арқылы  ұйымдасуы  маңызды  болмақ.  Жаңалық  бал  педагогикалық  және  жас 

ерекшелігі  психологиясы  іс-әрекетіне  сырттан    енгізіліп,  сыртқа  іс-әрекет    түрінде 

ұйымдастырылады.  Біртіндеп  сыртқы  іс-әрекеттің  ішкі,  мұраттық,  психикалық  іс-әрекетке 

өзгеруі болып өтеді. 

Білімдерді,  оларды  қолдану,  механизмдерін  және  жеке  адамның  жалпы  қасиеттерін 

дамытудың  педагогикалық  шарттары.  Бал  педагогикалық  және  жас  ерекшелігі 

психологиясыларды  оқыту  процесінде  дамудың  жалпы  заңдылықтарынан  басқа,  бала 



 

14 


психикасы  дамуының  әр  жағына  тән  нақтылы  педагогикалық  шарттарды  да  ескерудің 

маңыздылығы дәлелденіп отыр. Оқыту процесінде оқушылар түрлі  оқу пәндерінен блімдер 

мен  іс-әрекет  тәсілдерін  игереді.  Оқу  үстінде  балалар  адамзаттың  және  тұтас  алғанда 

ғылымның  өткен  жолын  қайталамайды.  Білімдер  мен  іс-әрекет  тәсілдерін  балалар  жаңадан 

ашып жатпай, сырттан берілгенді игеріп отырады. 

Сонымен,  баланың  даму  процесін  оның  қайсібір    жағынан  өзгеруімен  сипаттауға 

болмайды, өйткені бұл күрделі әрі көп жақты процесс. Демек, психологиялық дамудың алуан 

жақтарын қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар да сан түрлі.  

 

4 тақырып: Адам өмірінің кезеңдері 

 

Өсу  және  даму -  әрбір  жеке  ағзаға  тән  қасиеттердің  бірі.  Өсу  мен  даму 

кезіндеұлпалар мен  мүшелерде  сандық  және  сапалық  күрделі  өзгерістер  байқалады.  Адам 

ағзасының  өсуі  мен  дамуында  негізінен  2  кезеңді  ажыратады.  Бірінші ұрықтық 



даму(эмбриональдық).  Бұл  ағзаның ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан  бастап,  туғанға 

дейінгі  уақытты  қамтиды.  Ұрықтық  даму  анасының  ішінде,  яғни  жатырда  өтеді.  Екіншісі  - 

туғаннан бастап, өз тіршілігін жойғанға (өлгенге) дейінгі кезең. Әрбір ағзаның жеке дамуын 

ғылыми  тілде онтогенез (гр. ontos —  жекелей, genes -  шығу  тегі)  дейді.  Адамның  туғаннан 

кейінгі жеке дамуында бірнеше кезеңдерді ажыратады. 

1.

 



Нәрестелік кезең. Нәрестенің дүниеге келген күнінен бастап, 28-күнге дейінгі уақыт 

аралығы осылай аталады. Бұл кезде жаңа туған нәрестенің барлық мүшелері және мүшелер 

жүйесі  өз  алдына  (анасының  ағзасына  байланыссыз)  қызмет  атқарып,  өзара  іс-әрекет 

жасайды.  Мысалы,  жылуды  реттей  алады. Тынысалу,  ему,  көзін  жыпылықтату  және  басқа 

рефлекстерді  өздігінен  «іске  қосады».  Сондықтан  бұл  уақыт  аралығы  нәрестелік  кезең  деп 

жеке карастырылады. 

2.

 

Емшектік  кезең. Мұнда  нәресте  анасынан  нәрлі  уыз  сүтін  емеді. Уыз сүтінде 



нәрестенің  ағзасына  қажетті  тағамдық  заттар  өте  мол.  Сондықтан  да  «уызына  жарыған 

ұлылыққа  ұмтылар,  азамат  боп  өседі,  ізгілікке  құнты  бар»  деген  халық  нақылында  терең 

тұжырым  бар.  Ана  сүтін  ешбір  тағаммен  теңестіруге  болмайды. Ана  сүті жетіспеген 

жағдайда ғана, 6-7 айдан бастап, қосымша тамақтандыруға болады. Бұл кезеңде сәбидің көп 

уакыты  ұйқымен  өтеді. Тамақ қажет  болғанда,  оянады.  Емшектік  кезеңде  тамақ  беру 

уақытын және тазалықты мұқият сақтау қажет. Олай болмаған жағдайда ұйқысы бұзылады, 

мазасыз  болады,  асқорытуы  ауытқиды.  Емшектік  кезеңде  нәресте  қарқынды 

өседі.Қозғалыс әрекеттері дамиды: мойыны бекиді, отырады, еңбектейді, жүруге талпынады. 

Бұл  кезеңде сүт  тістері шыға  бастайды,  жеке  сөздерге  тілі  келеді.  Омыртқа  бағанында 

иілімдер  пайда  болады. Қол-аяқ бұлшыкеттері  де  дами  бастайды.  Нәресте  денесін 

шынықтыруға  жүйелі  түрде  шомылдырудың  және  таза  ауада  серуендеудің  маңызы  зор. 

Нәресте  денесін  де,  мінез-құлығын  да  дамытуда  қайталау  және  жүйелілік  ережелерін  есте 

сақтау  қажет.  Мұның  бәрі  де  тамақтануға,  ұйкыға  және  т.  б.  байланысты  шартты 

рефлекстердің дұрыс қалыптасуына септігін тигізеді. 

3.

 

Мектепке 



дейінгі 

сәбилік 

кезең. Бұл 

кезеңде 


жаңадан 

көптеген қозғалысқа байланысты  дағдылар  қалыптасады.  Сәби  еркін  жүреді,  сөйлейді. 

Айналасындағы  заттарға  әуестігі  артады,  әр  нәрсені  білгісі  келеді.  Ойлау  кабілеті  дамиды. 

Жаңадан шартты рефлекстер калыптасады. Сүт тістері (20) толық шығып үлгіреді. 

4.

 

Мектепке дейінгі естияр кезең. Бұл кезенді кейде мектеп жасына дейінгі кезең деп 



те атайды. Бұл кезеңде баланың айналасындағы болып жатқан жағдайларға кызығушылығы 

артады.  Бұл  не?  деген  сұрактарға  жауап  іздейді.  Ми  көлемі  артып,  дами  түседі.  Анық 

сөйлейді. Бұл кезеңде бала үшін әр түрлі ойынның маңызы зор. Ойын арқылы денесі өседі, 

көңіл күйі қалыптасады. Әсіресе, кимыл-өрекеті қажет ететін ойындар арқылы каңқасы мен 

бұлшыкеттері дұрыс жетіле түседі. 

5.

 



Мектеп  жасындағы  ересек  кезең. Баланың  іс-әрекетінде  сапалық  өзгерістер 

байқалады. Бұл негізінен баланың мектепке баруымен тікелей байланысты. Енді бала мектеп 

тәртібіне  бағынуға  байланысты  іс-әрекеттерге  талпынады.  Жаңа  дағдылар  қалыптасады, 

жауапкершілікті,  тәртіпті  сезінеді. Ойлау  қабілеті дами  бастайды.  Бойларының  ұзындығы 

шамамен - 140-150 см, салмағы 30 килодан артады. 


 

15 


1.

 

Жасөспірімдік  кезең. Баланың  өсуі  мен  дамуында  жаңа  өзгерістер  пайда  болады. 

Ұлдар  мен  қыздардың  дене  бітімінде  бірінен-бірінің  айырмашылықтары  айқын  байкалады. 

Мұның бәрі де жыныстық жетілуімен тікелей байланысты. Қыздарда алғашқы етеккір 12-13 

жаста басталады. Денесі өседі, бұлшықеттері  дамиды, тері астындағы май қабаты қалыңдай 

түседі.  Кеудемен  тынысалу  түрі  айқын  білінеді  және  т.  б.  Ұлдардың  дауысы  жуандайды, 

көмекейі айқын байкалады. Жыныс мүшелері өседі, сақал-мұрт шыға бастайды және т. б. Зат 

алмасу 


қарқындығы 

артып, қозғалыс әрекеттердің 

үйлесімділігі 

жетіледі. 

Барлық физиологиялық үдерістер жедел жүреді. 

2.

 



Балғын  жастық  (бойжеткен,  бозбала)  кезең. Барлық  мүшелері  мен  мүшелер 

жүйесінің  калыптасуы  толығымен  жетіледі. Жүйке  жүйесі мен  ішкісекреция бездерінің 

қызметі  бірімен-бірі  үйлесімді  жүреді.  Ағзадағы  барлық  физиологиялық  үдерістердің 

жүруінде,міңез-құлық әрекеттерін басқаруда ми кыртысының реттеу қызметі артады. Тежелу 

үдерісінің басымдылығы байкалады. Эстетикалық көңіл күйі, акыл-ой, жауапкершілігі және 

т.  б.  қасиеттер  толық  калыптасады.  Адамның дене еңбегі  мен  ой  еңбегінің  жұмыс  істеу 

кабілеті  де  арта  түседі.  Жеке  мүшелерінің  өсуі  тоқтайды.  Жыныстық  тұрғыдан  да  толық 

жетіледі. 

3.

 

Кемелденген  кезең. Акыл-ой,  санасы,  ойлау  кабілеті  жетіліп,  шығармашылық  іс-



әрекеттері табыстарға жетелейді. Қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді. Барлық 

іс-әрекеттерін  алдын  ала  жоспарлап,  белгілі  бір  мақсатқа  жетуге  талпынады.  Бұл  кезеңнің 

соңында жыныстық  бездер қызметі  әрекетіне  байланысты  соңғы  рет  гормондық  қайта 

құрылу басталады. Жүрек-қантамырлар ауруларының қауіптілігі арта түседі. 

4.

 

Мосқалдық  кезең  (пожилой). Бұл  кезеңде  адамның  қимыл-әрекеті  баяулайды.  Зат 



алмасу қарқыны бәсеңдейді. Жүйке жүйесінде тежелу айқын басымдылық көрсетеді. Кейбір 

ішкі секреция бездерінің гормон бөлуі  азаяды.  Сүйектің  құрамында  бейағзалық  заттардың 

мөлшері арта бастайды. Жүйке жүйесінің реттеу қызметі де баяулайды. 

5.

 



Қарттық  кезең. Барлық  мүшелер  жүйесінің  қызметі,  жалпы  зат  алмасу  қарқыны 

баяулайды. Адамның есте сақтау кабілеті төмендейді.

[1]

 

 



3 бөлім. Әртүрлі жас кезеңдеріндегі психикалық даму ерекшеліктері 

 

5 тақырып: Нәрестелік шақтағы психикалық дамудың алғы  шарттары мен ерекшеліктері 



 

Жаңа  туған  бала  /туған  сәттен  бір-екі  айға  дейін/  бала  көптеген  жануарлардың  төліне 

қарағанда дәрменсіз болып туылады. Оның шартсыз рефлекстік мінез--құлық формаларының 

қоры, сыртқы ортаға бейімделулері  біршама шағын мөлшерде   болады. 

Жаңа  туған  кезеңдегі  мидың  қалыпты  жетілуінің  қажетті  шарты  -  анализаторлардың 

белсенді  қызмет  атқаруы.  Егер  бала  сенсорлық  оқшаулану  жағдайына  түссе,  оның 

соматикалық /дене/ қимылдарынан гөрі анализаторлар іс-әрекеттері  қарқынды қалыптасады. 

Онтогенезде  тең  уақыт  ішінде  адам  психикасы  дамуы  жағынан    әр  түрлі 

"қашықтықтан"  өтеді.  Бала  психикасында  алғашқы  үш  жылда  болатын  сапалыққайта 

өзгерістер айтарлықтай  қомақты болады. 

Ерте  сәбилік шақта бала мен ересек  адамның  бірлескен іс-әрекеті қарқынды дамиды. 

Араласуда  ересек  адам  қарым-қатынас  басшылығын  өзіне  алады.  Ол  өзара  түсінісуді 

ұйымдастырады. 

Жаңа  туған  кезеңдегі  мидың  қалыпты  жетілуінің  қажетті    шарты  – анализаторлардың 

белсенді  қызмет  атқаруы.  Егер  бала    сенсорлық  оқшаулану  жағдайына  түссе,  оның  дамуы 

күрт баяулайды.  

Жаңа  туған  баланың  дамуының  айрықша  ерекшелігі  сол,  оның  соматикалық  (дене) 

қимылдарынан  гөрі анализаторлар іс-әрекеттері тезірек қалыптасады, соның ішінде әсіресе 

көру, есту тәрізді жоғары анализаторлардың  іс-әрекеттері қарқынды қалыптасады. Осының 

негізінде бағдарлау рефлексі дамиды және сан алуан шартты рефлекстік байланыстар жасала 

бастайды.  Көптеген  жаңа  туған  балаларда  алғашқы  он  күн  таматану  қалпына  байланысты 

шартты  рефлекс  пайда  болады.  Алғашқы  екі  айда  барлық  анализаторлардан  шартты 

рефлекстер жасалады. 


 

16 


Бағдарлау  рефлексінің  дамуы  көру  мен  есту  қабілетитерінің  жинақталуынан  көрінеді, 

бұл  кезде    ырықсыз,  шашыранды  қимылдар  тежеледі.  Егер  өмірге  келудің  алғашқы 

күндерінде  баланың  ұйқысы    және  сергектік  күйлері  әлі  нашар  ажыратылатын  болса,  ал 

туған  кезеңнің  соңына  қарай  олар  бөлініп,  сергектік  неғұрлым  мазмұнды,  белсенді  сипат 

алады. 

Пайда  болған  психикалық    белсенділік  ырықсыз  қимыл    белсенділігін    баса  білуден 



көрінеді.  Екі-үш  айға  қарай  балада  үлкендерге  көңіл  аударудың  ерекше  түрлері    көріне 

бастайды.  Нәресте  үлкен  адамды  қоршаған  дүниемен  жанасудың  қажетті  дәнекершісі 

қажеттерін қанағаттандырудың қайнар көзі ретінде  бөліп қарайды. Біртіндеп баланың ересек 

адамның көрінуіне байланысты жадырау комплексі  деп  аталатын, арнайы эмоциялы-қимыл 

реакциясы  қалыптасады.  Жадырау  комплексі  қол  мен  аяқтың  екпінді  қимылдарынан 

көрінеді. Бала өзіне еңкейген адамның бетіне тесіле қарап, оған жымиятын болады. Жадырау 

комплексінің  пайда  болуы  жаңа  туған  кезеңнің  соңы,  нәрестелік  кезеңнің  басы  деп 

есептелінеді. 

Бір жас ішінде бала қимыл-қозғалыстарының дамуы және психикалық  процестері мен 

қасиеттерінің қалыптасуы жағынан үлкен жетістіктерге жетеді. Ол басын ұстауды, отыруды, 

еңбектенуді, ақырында, тік тұруды және бірнеше қадам жасауды үйренеді.  Үш-төрт айлық 

кезде  жармасу  қимылдары  дами  бастайды.  Бала  өзін  қызықтырған  жарқырауық  затқа 

ұмтылады, оған қолын созады, ұстауға тырысады. 

Нәрестелік  шақта  баланың  психикалық  белсенділігінің    сипаты  өзгереді.  Әдейі  іс-

әрекет жасау тенденциясы көріне бастайды. 

   


6 тақырып: Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының  психологиялық 

ерекшеліктері 



 

Мектепке  дейінгі  балалық  шақта    /үштен  жеті  жасқа  дейін/    организмнің  қарқынды 

жетілуі  жалғаса    түседі.  Жалпы  өсумен  қатар  ткандар  мен  мүшелердің  анатомиялық 

қалыптасуы және функциялық дамуы жүріп жатады. Скелеттің сүйектеніп, бұлшық еттердің 

сомдануының,  тыныс  алу,  қан  айналу    мүшелерінің    дамуының  үлкен  маңызы  бар.    Ми 

салмағы 1110 грамнан 1350 грамға дейін өседі. Үлкен ми сыңарлары қабықтарының реттегіш 

ролі мен оның ми қабығы астындағы орталықтары бақылауы артып, әсіресе  екінші  сигнал 

жүйесі қарқынды дамиды. 

Дене  дамуы  баланың  дербестігінің    арта  түсуі  үшін,  тәрбие  мен  оқыту  процесінде 

қоғамдық тәжірибенің жаңа формаларын игеруі үшін қолайлы жағдайлар жасайды. 

Мектепке  дейінгі  жас  бала  дамуының  жаңа  әлеуметтік          ситуациясының  пайда 

болуымен  сипатталады.  Мектеп  жасына      дейінгі  баланың  айналадағы  адамдар  арасынан 

алатын  орнының  ерте  сәбилік  шақтағы  балаға  қарағанда  елеулі  айырмашылығы  болады.  

Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. 

Мектепке дейінгі шақтың елеулі ерекшелігі болып баланың құрдастарымен  жасайтын 

арнайы  өзара  қарым-қатынасының  пайда  болуы,  «балалар  қоғамының»  құрылуы  болып 

табылады. Мектеп жасына дейінгі баланың басқаадамдарға қатысты өзіндік ішкі позициясы 

өз  «менін»  және  өз  қылықтарының  маңызын  аңғарудың  арта  түсуімен,  үлкендердің  ішкі 

дүниесіне,  олардың  іс-әрекеттері  мен  өзара  қарым-қатынасына  ерекше  қызығуымен 

сипатталады. 

Мектеп жасына дейінгі бала дамуының әлеуметтік ситуация ерекшеліктері оған тән іс-

әрекет  түрлерінен,  алдымен  сюжеттік  рольдік  ойындардан  көрініп  отырады.  Үлкендер 

өмірімен араласу талабымен оған деген білім мен іскерліктердің болмауының ұштасып келуі 

баланың сол өмірді өзінің шамасы келетін ойын формасында игеруіне алып келеді. 

Мектепке  дейінгі  шақта,  баланың  құрбыларымен  өзара  іс-әрекет  процесінде  дамып 

отырған  өзін таныту қажеттігі құрдастар тобындағы барлық  балалар үшін маңызды орынға 

талаптануынан  көрініп  отырады.  Талаптану  әлеуметтік  белсенділіктің  табиғи  түрі  жеке 

адамның  дұрыс  дамуының  шарты  болып  есептеледі.  Алайда,  бұл  құбылыс  сырттай  көріне 

бермейді,  өйткені  бала  маңызды  орынға  талаптанудың  көбінесе  аса  бір  ерекше,  өзі  үшін 

қолайлы жағдайларда ғана жарыққа шығарады. 



 

17 


Мектепке  дейінгі  шақта  бала  өмірлік  мәселелерді  үш  түрлі:  көрнекі-әсерлі,  көрнекі-

бейнелі және ұғымдарға сүйенген логикалық пікірлесу, тәсілдермен шешеді. Бала неғұрлым 

жас болған сайын, ол соғұрлым практикалық байқап көрулердіжиі қолданады, есейген сайын 

ол көрнекі-бейнелі және кейін логикалық тәсілдерге көбірек жүгінеді. 

Мектепке  дейінгі  шақ  бойында  көптегшен  жаңа  мотивтер  пайда  болады.  Мотивтер 

ретінде іс-әрекеттің сәттілігі мен сәтсіздігі, іс-әрекеттің өз мазмұны т.б. көрінуі мүмкін. 

 

7 тақырып: Баланың  мектептегі өмірінің бастапқы кезеңінің ерекшеліктері 

 

  Қазіргі  кезде  тәрбие  жүйесінде  бастауыш  мектеп  шағы  бала  өмірінің  жеті  жастан  он 

бір-он  екі  жасқа  дейінгі  кезеңін  қамтиды.  Балалар  мектепке    алты  жастан  баратын,  ал 

бастауыш оқу ұзақтығы біздің елдегіден бөлек елдерде бастауыш мектеп шағының, басқаша 

хронологиялық  шектері  болады.  Баланың  өмірінің  ерекше  кезеңі  ретінде  ол  салыстырмалы 

түрде  жуырда  ғана  айқындалады.  Мәселен,  бұл  кезеңді    мектепке  мүлдем  оқымаған  бала 

бастан  өткізбейді.  Ол  бастауыш  мектеп  білімалуының  алғашқы  және  соңғы  сатысындағы 

балаларда  да  болған  жоқ.  Бастауыш  мектеп  жасының  пайда  болуы  экономикалық  жағынан 

дамыған елдерде жалпыға бірдей міндетті толық емес жіне толық орта білім беру жүйесінің 

шығуымен байланысты. 

  Жеті  жастан  он  жасқа дейінгі    кезеңге  неғұрлым  тән  негізгі  белгі  мынада:  бұл  жаста 

мектеп  жасына  дейінгі  бала  мектеп  оқушысына  айналады.  Бұл  бала  өз  бойында  мектеп 

жасына  дейінгі  балалық  шақтың  белгілерін  оқушының  ерекшеліктерімен  ұштастыратын 

өтпелі кезең. Бұл белгілер оның мінез-құлқында, санасында күрделі, ал кейде қайшылықты 

үйлесім  түрінде  қатар жүреді.  Кез  келген  өтпелі  күй  сияқты бұл  шақ  көзі  ашылмаған  даму 

мүмкіндіктеріне бай, оларды дер кезінде байқап, қолдап отыру маңызды. Адамның көптеген 

психикалық  қасиеттерінің  негіздері  тап  осы  бастауыш  мектеп  жасында  қалыптасады  және 

әдетке айналады. 

  Бастауыш  сынып  оқушыларының  анатомиялық-физиологиялық  ерекшеліктері.  Бұл 

жаста дененің барлық органдары мен барлық мойын, арқа бел бүгілістері дамиды.  Бастауыш 

сынып  оқушыларының  бұлшық  еттері  мен  сіңірлері  жылдам  қатаяды,  олардың  көлемі 

ұлғаяды, жалпы бұлшық ет күші артады.  

  Бастауыш сынып оқушыларының жүрек бұлшық еттері шапшаң өседі және ол қанмен 

жақсы қамтамасыз етіледі, сондықтан ол салыстырмалы түрде алғанда төзімді болады. 

  Баланың  психикалық  дамуының  әрбір  кезеңі  оның  іс-әрекетінің  негізгі,  жетекші 

түрімен сипатталады. 

  Білім,  іскерлік  пен  дағды  ата-аналармен,  құрбы-құрдастармен  қарым-қатынаста, 

ойындар үстінде, кітаптар оқығанда  және т.б. игеріледі.  

Оқу іс-әрекетінің белгілі бір құрылымы болады. Оның құрамдас  бөліктері мыналар: 1) 

оқу ситуациялары (немесе міндеттері), 2) оқу әрекеті, 3) бақылау, 4) бағалау. 

  Оқу  ситуациялары    бірқатар  ерекшеліктермен  сипатталады.  Біріншіден,  мұнда 

оқушылар  ұғымдардың  қасиеттерін    бөліп  алудың  немесе  нақтылы-практикалық 

міндеттердің  кейбір    кластарын  шешудің  жалпы  тәсілдероін  игереді.  Екіншіден,  осы 

тәсілдердің  бейнелерін  қайта  жасау  оқу  жұмысының  негізгі  мақсаты  ретінде  көрінеді. 

Нақтылы-практикалық  міндеттердің    тікелдей  өмірлік  мазмұны  болады  және  олардың 

шешімі  соншалықты  өмірлік  мәнді  нәтижелерге  жеткізеді.  Мұндай  міндеттерге  оқып 

жаздыратын жазу, математикалық  тестік есептерге жауап іздеу , қағаздан ұсақ-түйек жасау 

т.б.жатады.    

  Оқу  іс-әрекетінің  процесі  бірқатар  жалпы  заңдылықтарға  бағынады.  Алдымен 

оқытушы балаларды оқу ситуацияларына жүйелі түрде тартып, балалармен  бірге тиісті оқу 

әрекеттерін,  сондай-ақ  тексеру  мен  бағалау  әрекеттерін  тауып,  көрсетіп  отыруы  керек. 

Оқушылар  да,  өз  кезегінде,  оқу  ситуацияларының    мәнін  түсінуі  және  барлық  әрекеттерді 

дәйекті    түрде  орындап  отыруы  тиіс.  Балаларды  оқу  материалдарына  бұлай  кең  түрде 

«шұбалаңқы» енгізу кейде мұғалімдерге артық болып көрәнуі мүмкін. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет