Семинар-тәжірибелік сағаттар (спз) 15 сағат Өзбетінше жұмыстар (срс): 45 сағат Оқытушымен бірлестікте орындайтын



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата12.03.2017
өлшемі0,58 Mb.
#8910
түріСеминар
1   2   3   4   5   6

12 тақырып: Жеткіншектік шақта өзіндік сананың дамуы 

 

  Баланың жеткіншектік кезеңге аяқ басуы оның өзіндік санасының дамуымен айрықша 

мәнді.  Жеткіншекте  ересектік  адамның  позициясы  қалыптаса  бастайды  оған  ересектік 

сезімнің  дамуы  мен  жеткіншектің    ересектігін  басқаадамдардың  тануы  негіз  болады.  Бұл 

позияция  жеткіншектің    өмірдегі    объективтік  жағдайына  әлі  сай  келмесе  де,  оның  пайда 

болуы жеткіншектің өз айналасындағы ересектер дүниесімен, олардың игіліктері дүниесімен 

жаңа  қатынастарға субъективті тұрғыда аяқ басқанын білдіреді. Жеткіншек бұл игіліктерге 

белсенді ие болады, бұлар оның сана-сезімінің жаңа мазмұнын құрайды, мінез-құлық пен іс-

әрекеттің мақсаттары мен себептері, өзіне және басқаларға қойылатын талаптар, бағалау мен 

өзін-өзі  бағалаудың  критерийі  болады.  Мазмұны  жөнінен    өзіндік  сана  ішкі  дүниеге 

көшірілген әлеуметтік сана сезім болады. 

  Кіші  шәкірттерде    өзі  туралы  түсінік  пен  өзін-өзі  бағалау  негізінен  үлкендердің,  ең 

алдымен  мұғалімдер  мен  ата-аналардың  бағалаған  пікірлеріне  қарап  құрылады.  Өзінің 

ерекшеліктерін  білгісі  келудің,  өзіне  ден  қойып,  өзі  туралы  ойлай  бастаудың  шығуы  – 

жеткіншек жастағы балаларға тән ерекшелік. Өзінің ерекшеліктері мен кемшіліктерін білгісі 

келу  басқа  адамдар  және  өзіне-өзі  қоятын  талаптарға  жауап  беру,  айналасындағылармен 

қарым-қатынас реттеу қажеттігінен туады. 

  Жеткіншектің  өзі  туралы  ойлана  бастауының  ең  маңызды  стимулы  -  оның 

құрдастарының  арасында  сыйлы  болғысы  келуі  және  өзіне  жақын  жолдастар,  дос  табуға  

ұмтылуы.  Жолдастарының    ішінен  біреуімен  өзара  қарым-қатынасы,  ұнаған  құрдасының 

ерекшеліктері туралы ойлағанда ол көбіне өзі туралы ойлай бастайды. Сыйлы және беделді 

құрдастарының  қасиеттері,  сондай-ақ  жолдастарының  ескертпелері  пен  өкпелері  көбінесе 

жеткіншекті  алғаш  рет  өзі  туралы  байыптап  ойлауға,  өзінің  кемшіліктерін,  өзінде 


 

24 


жолдастары  бағалайтын  қасиеттердің  жоқтығын  көріп,  ұғынуға  мәжбүр  етеді.  Ол  осындай 

қасиеттері  бар    біреулерге  теңесе  бастайды.  Құрдастарына  теңесудің  мәнді  әрі  оларға 

ұнағысы, құрдастары мен жолдастарынан жаман болмай, олармен тең болғысы келуі болады. 

  Жеткіншектің    көпшілігі  бірден  бірнеше  адамға  теңелгісі  келеді,  яғни  өзі  басының  

сондай  болсам  деген  бейнесі  түрлі  адамдардың  жақсы  жақтарынан  жасалады:  бір  адамнан 

ойша  бір қасиеттерді, екіншіден басқасы не біріншісіне ұқсасы т.б. алынады. Жеткіншектер  

үлкендерге,  өзінен  үлкен  балалар  мен  құрдастарына  теңессем  дейді,  осының  өзінде 

құрдастары  өте  үлкен  орын  алады.  Үлгілердің  арасында    әдебикейіпкерлер  емес,  нақты 

адамдар    басым  болады.    Бұлар  –  адагершілік  қасиеттер    мен.  Ерлік  қасиеттері; 

алғашқыларының  арасында  жолдастық  қасиеттер  көп  орын  алса,  екіншілерінің  арасында  

ерлік  қасиеттері  үлкен  орын  алады.  Үлгі  тұтқан  үлкендерде  де,  балаларда    да  бұл 

қасиеттердің  саралану  жиілігі  бірдей,  олар  кіші  жастағы  және  есейген  жеткіншектерге  де 

ұнайды. 

  Көптеген  жеткіншектер  үлкендерге  де,  құрдастарына  да  бір  мезгілде  қатар  теңеседі, 

осның  өзінде  олардың  сол  бір  немесе  соған  ұқсас  қасиеттеріне  теңесуі  жиі  байқалады. 

Кейбіреулері    көбіне  өзінен  үлкен  балалар  мен  құрдастарына  теңелгісі  келеді.  Бір 

маңыздысы, жеткіншекке әдетте оған өзінен гөрі үлкен, естияр болып көрінетін құрдастары 

үлгі болады. Сондықтан мұндай үлгі болған құрдасы жеткіншектің үлкендердің қасиеттеріне 

әкету  жолындағы  жеткіншек  пен  ересек  арасындағы  аралық  басқыш  сияқты.  Жеткіншектің 

ерекшелігі - өзіндік дербестілік туралы қамжеуі. Өсе келе дербестікке ұмтылу сферасы жедел 

ұлғаяды.  Олар  нақты  іс-әрекеттерге  ғана  емес,  кейбір  таңдауларға,  шешімдерге,  пікірлерге 

қатысты  болады.  Еліктеу  көптеген  жеткіншектерге  тән,  бірақ  тікелей  қайталау  оларға 

ұнамайды  және  көбіне  «балалықтың  қалдықтары»  деп  бағаланады,  жолдастарында 

кездесетін  болса бірден көрінеді, ал өзіндекездесетін болса, ол теріс ке шығарылады, не әр 

түрлі сылтаулар айтылып, құлықсыз мойындалады. 

 

13 тақырып:  Жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс 



 

Жас  шағы  психологиясына  жас  өспірімдік  шақ      жыныстық    толысудан  басталып, 

ересектіктің      басталуымен      аяқталатын  даму  стадиясы  деп  анықталады.    Алайда    бірінші 

шегі    физиологиялық,  екіншісі  әлеуметтік  шек  болып  тұрған  осы  анықтаманың  өзі 

құбылыстың күрделілігі мен көп өлшемділігін көрсетеді. 

Жас  өспірімдіктің  көптеген    теориялары  бар.  Биологиялық        теориялар  нақ  өсудің 

биологиялық  процестері басқаларының бәрінен басым болады деген оймен жас өспірімдікті 

алдымен    организм  эволюциясының    белгілі    бір  кезеңі        деп  қарайды.  Психологиялық 

теориялар психикалық  эволюцияның заңдылықтарына  назар аударады. Психоаналитикалық  

теориялар  жас  өспірімдікті    психосексуалдық  дамудың  белгілі  бір  кезеңі  деп  біледі. 

Көрсетілген  теориялар  жас  өспірімдікті  алдымен  индивид  немесе  жеке  адамның  дамуы 

ретінде ішкі процесс тұрғысынан қарайды. Бірақ бұл даму әр түрлі әлеуметтік және мәдени 

ортада  әр  келкі  болып  өтеді.  Жас  өспірімдіктің  социологиялық  теориялары  оны  алдымен 

социализацияның  белгілі  бір  кезеңі,  тәуелді  балалықтан  ересектіктің  дербес  те  жауапты  іс-

әрекетіне көшу  деп қарайды. 

Көптеген  алғашқы    қауымдық  қоғамдарда  жас  шағы  айырмашылықтарға  тікелей 

үйлеседі; социализацияның негіззі механизмі бір жастағы адамдарды біріктіретін жас шағы 

топтары  болып  табылады,  осының  өзінде  мұндай  топтардың  әрқайсысы  өздеріне  ғана  тән 

арнайы  әлеуметтік  функцияларды  ғана  атқарады.  Феодалдық  қоғамда  социализация 

жеткіншекті не жас өспірімді ересектердің іс-әрекетіне едәуір дәрежеде  тікелей қосу арқылы  

жүзеге  асырылған.  Мектеп  оқытудың    осы  практикалық  формаларын  толықтыратын  ғана 

болған.  Қазіргі  қоғамда  еңбектің  және  қоғамдық  іс-әрекеттің  күрделенуіне  байланысты 

адамжұмыс істемей, негізінен оқитын даярлық кезеңі едәуір ұзарады. Білім алу мен оқудың 

қоғамдық  қажетті  мерзімі  неғұрлым  ұзақ  болса,  шын  мәніндегі  әлеуметтік  кемелділік 

соғұрлым  кеш  басталады.  Осыдан  келіп  жас  өспірімдік  кезең  ұзарып,  жалпы  алғанда  жас 

шағы шектері біршама тиянақсыз болады. 



 

25 


Балаң  жастық  –  адамның  дене  дамуының  аяқталатын  кезеңі.  Бойдывң  ұзаруы 

жеткіншек  кезеңге  қарағанда  баяулайды.  Қыздардың  бойының  толуы  орта  есеппен  16  мен 

17-нің  арасында  болады.,  жігіттерде  17  мен  18-дің  арасы.  Салмағы    артады,  осының  өзінде  

ер  балалар  қыздардан  қалып  келген  есесін  толтырады.  Бұлшық  ет  күші  өте  тез  өседі:  16 

жаста ер бала 12 жастағысынан бұл тұрғыдан екі есе асып түседі. Бойы толысқаннан кейін 

шамамен бір жылдан кейін адам қалыпты ересектік бұлшық ет күшіне жетеді.  

Жас өспірімдік шақ бала мен ересектің арасындағы аралық  жағдайда болады. Баланың 

жағдайы  оның  ересектерге  тәуелділігімен  сипатталады,  бұлар  оның    өмірлік  іс-әрекетінің 

басты  мазмұнымен  бағытын  белгілейді.    Баланың  атқаратын  ролі  ересектердің  ролінен 

сапалық  тұрғыда өзгеше болады және екі жағы да мұны анық ұғынады.  

Жас  өспірімдік    шақтың    аса  маңызды  міндеттері    -  мамандық  таңдау,  еңбек    пен 

қоғамдық-саяси  қызметке  даярлау,  некелесуге    өз  семьясын      құруға    әзірлеу.  Өзара 

байланысты  бұл  міндеттердің  жүзеге  асырылуы  белгілі  бір  уақытты  талап  етеді  және 

олардың жүзеге асу мерзімдері жас адамның іс-әрекетінің сипатына тәуелді. 

Жас  өспірімдік  -  жеке  адамның    толысуы  мен  қалыптасуының  аяқталатын  кезеңі. 

Жыныстық  толысуға  байланысты  өз  организмі  мен  сырт    келбетіндегі  үлкен  өзгерістер, 

жағдайдың біршама тиянақсыздығы, өмірлік іс-әрекеттің күрделенуі, жеке адамның өз мінез-

құлқын  үйлестіруге  тиісті  адамдар  тобының  ұлғаюы  –  осының    бәрі  қосыла  келіп  жас 

өспірімдік шақта бағалаушылық – бағдарлаушылық іс-әрекетін күрт арттырады.  

 

14 лекция. Қарым-қатынас және эмоциялық өмір 



 

  Жеткіншектің    өзі-ақ  өзінде  ояна  бастаған  есею  сезімінің  негізінде  өзіне  қамқорлық 

жасағанға  ауырсынып,  әке-шешесімен  қарым-қатынасын  теңдік  негізінде  қайта  құруға 

тырысады. Бұл тенденция жас өспірімдік  кезде де жалғасады. Жас өспірімдіктің  әлеуметтік 

психологиясына  ғылым  ретінде  жастар  қашан,  қай  жерде  болмасын  "бүлік  шығарады", 

"ұрпақтар  даудамайын"      туғызады  деп  пайымдайтын        сыңаржақ      теориялар  көп  зиян 

тигізді. 

  Қазіргі  психология  есейген  балалардың  мінез-құлық  автономиясы  (жас  өспірімнің  

жеке  өзіне  қатысты  мәселелерді  өзі  дербес  шешкісі  келетіні  және  оған  праволылығы), 

эмоциялық автономия (әке-шешесінің дегенімен емес, олардан тәуелсіз өзі қалаған ден қояр 

жайлар  болу  правосы  және  оны  қажетсіну),    моральдлық  және  құндылық  автономиясы  (өз 

көзқарастары  болу  правосы  мен  қажеттігі  және  осындай  көзқарастарының  шын  мәнінде 

болуы) болады деп шектеп, балалар автономиясы туралы мәселені нақты  тұрғыдан қояды. 

  Жеткіншектер бәрінен бұрын, әлбетте, белгілі бір шекте, бос уақыт саласында мінез-

құлық  автономиясына жеткісі келеді. Мәселен, қалалардағы мектеп оқушыларының көбі бос 

уақыттарын мектептен де, үйден де басқа жерде өткізгенді ұнатады. 

  Эмоциялық  автономияның  үлкен  қиыншылықтары  бар.  Жас  өспірімдерге  әке-

шешелері  балаларында  болған  өзгерістерді  жете  бағаламайтындай  болып  көрінеді  және 

көбіне бұлары әбден дұрыс та.  

Моральдық  нұсқаулар  мен  құндылық  бағдарлар  саласында  жасөспірімдер  өздерінің 

автономиялы  болу  правосын  барынша  қорғайды.  Кейде  ерекше  болсам  деген  талабын 

тиянақтай түсу үшін ғана әдейі ұшқары көзқарастар айтылады. Бірақ іс жүзінде әке-шешенің 

ықпалы  бұл  арада  басым  болып  қала  береді.  Сән,  талғам,  көңіл  көтеру  тәсілдері  секілді 

бірсыпыра  жеңіл-желпі  мәселелерде  ұрпақтар  арасындағы  айырмашылықтар  әжептәуір. 

Кейбір  тәрбиешілердің  шалбардың    балағының  енін,  шаштың  ұзындығы  мен  би  ырғағын 

әкімшілікке басып жөндеуге әрекеттенуі ешкімге қажетсіз дау-жанжалға ғана әкеліп соғады. 

Балаң  жастық  -  өзіне-өзі  талдау  жасайтын  шақ  қана  емес,  сонымен  бірге  нағыз 

«коллективтік»  шақ.  Кішкентай  жеткіншекке  коллективтік  өмірге  қатысқаны,  басқалармен 

бірге  болғаны  жетіп  жатыр.  Жоғары  сынып  оқушысы  үшін  бәрінен  маңыздысы  құрбы-

құрдастарының  мұны  қабылдауы,  топқа  өзін  қажет  сезінуі,  онда  белгілі  бір  бедел  мен 

құрметке жетуі. 


 

26 


Тәрбие жұмысында көшедегі стихиялы топтар мен компаниялардың ықпалын еске алу 

ерекше маңызды. Кейбір педагогтар оны елемеуге немесе кездейсоқ нәрсе деп санауға бейім. 

Бұл қауіпті жаңылысу.  

Мектеп жеткіншек ұрпақтың бүкіл өмірін қамтиды. Сондықтан оны жастардың әр түрлі 

ұйымдарының  –  саяси,  спорт  және  мәдени-ағарту  ұйымдарының  қызметі  толықтырады. 

Алайда  қарым-қатынастың  бұл  ұйымдасқан  формалары  жастарда  мектепте  қалыптасатын 

достар  компаниясы  немесе  көшедегі  серіктестіктер  секілді  ресми  емес,  стихиялы  топтарды 

қажетсінудің  орнын  түгел  баса  алмайды.  Сыныптардағы    коллективтердей  емес,  стихиялы 

топтарда  әдетте  әр    түрлі  жастағы  балалар  және  әлеуметтік  құрамы  жөнінен  көбіне  аралас 

болады. 


Жас өспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жас өспірімге өзін көрсетуге ұмтылу, өзін жан-

жақты ашуға құштарлық тән. Бірақ адам практикалықіс-әрекетте өз орнын әлі таппаған кезде 

оның өзі туралы түсінігі біршама диффузиялы әрі орнықсыз болмай қоймайды. Осыдан келіп 

ол  бөтен  «ролдерді  атқарып,  өзін  тексергісі  келеді,  құбылады,  өзін  әдейі  болсын,  ұғынбай 

болсын  бекерге  шығарады.  Жас  өспірім  аяғына  дейін  ағынан  жарылғысы  келеді,  өзін  жұрт 

түсінсе екен дейді»- деген сөздері ерекше типтес, өзінің ішкі жан дүниесін аша алмайтынына 

қиналады.  Өзіне  сенімсіздік  өзкезегінде  қарым-қатынаста  «өзін  жоғалтып  алу»,  күлкі 

боламын деген қорқыныш туғызады. 

Жас  өспірім  жігіттер  мен  қыздардың  достығының  айырмашылықтары  туралы    мәселе 

әлі  жете  зерттелмеген.  Психологиялық  зерттеулер  қыздар  мен  әйелдер  жалпы  алғанда 

достыққа  қабілетсіз  деген  ежелден  келе  жатқан  ұғымды  қуаттамайды.  Алайда  қыздардың 

жалпы алғанда көтеріңкі сезімталдығы, олардың болмашы психологиялық құбылыстарға мән 

беруге,  «қатынастарды анықтап алуға» бейімдігі және т.б. негізгі және басты нәрседе өзара 

түсінікті  қанағат  ететін  еркектердің  неғұрлым  сабырлы  және  «дөрекі»  достығынан  гөрі 

олардың қарым-қатынастарының тұрақтылығын сақтауды біршама қиындатады.  

 

15  тақырып: Қоғамдық белсенділік және  дүниетанымның  қалыптасуы 



 

Балаң    жастық  -  әлеуметтік  белсенділіктің  едәуір  артатын  кезеңі.  Бұрынғы  кезең 

жігіттері мен қыздар ішкі  және халықаралық өмірдің  оқиғаларына ден қоюмен  бірге өздері 

коммунизм құрылысына белсене қатысушылар болғысы келді.   Алайда оқушы  жастардың 

ересектердің  еңбек өміріне нақты қатысу  шамасы   шектеулі. 

Жас өспірім жігіттер мен қыздардың есеюін жасанды түрде тежеу оларда инфатилизм, 

немқұрайлық  пен  жауапсыздық  сезімін  туғызады,  мұның  өзі  ересек  адамда  ерекше  қауіпті 

болатын  сапалар.  Үнемі  қамқорлыққа  дағдыланған  адамдар  тіпті  қажет  болғанның  өзінде 

жауапкершілікті    өзіне  ала  алмайтын  болып  шығады.  Кейде  мұндай  бағып-қағу  бұзақылық 

пен жастардың қылмысы түсінде көрініп терең иррационалдық қарсылық туғызады. 

Жеке    адамның  өзін-өзі  тәрбиелеуі  мен  өз  іс-әрекетінен  бөлек  белсенді  өмірлік  

позициясының қалыптасуы  мүмкін емес. Жоғары кластарда оқушылардың   өзін-өзі басқару 

органдарының ролі ерекше зор. 

Дүниетаным  қалыптасуының  бірінші  көрсеткіші  –  дүниенің  неғұрлым  жалпы 

принциптеріне,  табиғат  пен  адам  болмысының  әмбебап  заңдарын  танып  білуге  деген 

ынтаның  өсуі.  Мұның  өзі  кейде  «пәлсапа  соғу»  түрінде  болса  да,  жоғары  сынып 

оқушыларын да бұл кезде қалыптасқан бытыраңқы мәліметтер мен фактілердің жиынтығын 

қорытуды  барынша  қажетсінушілік  болады.  Қоғамтану  сабақтары,  сондай-ақ  философия 

жөніндегі  факультативтік  сабақтар  немесе  үйірмелер  мұндай  бір  жүйеге  келтіруді  едәуір 

оңайлатады. 

Дүниеге  көзқарасты  қалыптастыру  танымдық  белсенділікке  барып  саймайды.  Бұл 

процесс көбіне өмірдің мәні туралы сұрақтың төңірегінде топтасатын түбегейлі әлеуметтік-

адамгершілік  проблемаларды  шешу  басты  орын  алады.  Бұлсұрақ  әдетте  жалпыға  ортақ, 

әмбебап  формуланы  талап  ету  сияқты  жалпы  түрінде  қалыптасады.  Бірақ  іс  жүзінде  жас 

өспірім  биологиялық  немесе  әлеуметтік  эволюцияның  жалпы  бағыты  қандай  деген  сұраққа 

ғана  емес  және  бұл  сұрақтан  гөрі  өзінің  өмірін  қоғамдық  маңызы  бар  мазмұнмен  қалай 



 

27 


толықтыру керек деген сұраққа жауап іздейді. Нақ осы себептен өмірдің мәні туралы мәселе 

осындай интимдік әрі эмоциялық маңыз алады және оған дайын жауап болмайды. 

Жалпы  дүниетанымдық  ізденістер  өмірлік  жоспарлдарда  орнығып,  нақтыланады. 

Жеткіншектердің өмірлік жоспарлары көбіне  әлі бұлыңғыр болады және арман дүниесінен 

әлі  бөлінбеген.  Жеткіншек  өзін  алуан  түрлі  ролдерде  қиялдап  елестетеді,  олардың 

тартымдылық дәрежелерін салыстырып өлшейді, бірақ өзі үшін бірдеңені  біржолата таңдап 

алуға батылы бармайды және ойға алғанына жету үшін көбіне еш нәрсе істемейді. 

Жас  өспірім  неғұрлым  есейген  сайын  таңдау  қажеттігі  соғұрлым  күшейе  түседі. 

Ойдағы,  қиялдағы немесе  абстрактілік  көптеген  мүмкіндіктердің  ішінен  неғұрлым  шынайы 

әрі қабылдауға келетін бірнеше вариант біртіндеп тұлғаланып, осылардың арасынан біреуін 

таңдау керек болады. 

  Өмірлік жоспар – кең ұғым. Ол өзін жекелей анықтаудың бүкіл саласын – моральдық 

бейнені,  өмір  стилін,  талап-тілектер  деңгейін,  шұғылданатын  істерді  т.б.  қамтиды.  Көп 

жағдайлардың  тек  жалпы  түрде  ғана  тұлғаланатыны  түсінікті.  Жоғары  сыныптағылар  үшін  

кәсіп таңдау ең маңызды, шұғыл әрі қиын іске айналады.  

Психологиялық  тұрғыдан  болашаққа  ұмтылған  және  тіпті  кейбір  аяқталмаған 

кезеңдерден  ойша»секіріп  те  кетуге»    бейім  жас  өспірім  іштей  тектепті  енді  ауырлай 

бастайды;  мектептегі  өмір  оған  уақытша,  нағыз  өмір  емес,  өзін  әрі  тартып,  әрі  біраз 

жүрексіндіретін басқа бір байжәне шынайы өмірдің босағасы секілді болып көрінеді.  

Ол  болашақ  бұл  өмірдің  ең  алдымен  кәсіпті  дұрыс  таңдап  алуына  байланысты  екенін  

жақсы  түсінеді.  Жас  өспірім  қаншалық  жеңілтек  және  бейқам  болып  көрінгенімен,  кәсіп 

таңдау –оның басты және тұрақты қамы. 

Бәсеке мен жұмыссыздық дегеннің не екенін білмейтін мектеп оқушысы мамандықтың 

тіршілік  құралын  беретін  кәсіп  деп  қарамайды,  өзінің  өмірлік  ісі,  өз  қабілеттерін  барынша 

жүзеге асыра алатын өмірлік мақсаты, іс-әрекет саласы деп қарайды. 

Жас  өспірім    жігіттер  мен  қыздар  -  тәрбиелеудің    енжар  объектісі    емес,    өздерінің 

өмірін,  сонымен  қатар    біздің    болашағымызды    белсене  құратын  творчестволық  адамдар. 

Олар  барлық  сүйініш-күйініштерімен    қоса  ересектер        өміріне    қосылып  есейе  береді. 

Ұрпақтар  эстафетасы  ең  алдымен  жастарды  қоғамның  бүгінгі  нақты  проблемаларына 

оларпды  жеңілдетпей,  жұмсартпай,  ортақтастыруда.  Жас  өспірімдерге  өздеріне  жинақтаған 

білімі мен тәжірибесін беретін аға ұрпақтың көмегі мен басшылығы қажет және әрқашан да 

қажет  бола  бермек.  Тәрбие  жұмысы  жастардың  ерекшелігін  неғұрлым  толық  ескеріп, 

олардың ұмтылысы мен белсенділігіне сүйенетін болса, соғұрлым пәрменді болады. 

   


 

ПӘННІҢ СЕМИНАР САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ 

 

 

1-семинар. Жас ерекшелік психологиясына теориялық сипаттама. 

1) Алғашқы ой-пікірлердің қалыптасуы. 

2) Кеңестік және отандық ой-тұжырымдардың қалыптасуы.  

3) Зерттеу объектілері мен әдіс-тәсілдері. 

 

 

2-семинар. Жас ерекшеліктердің кезеңделуі. 



1) Жас ерекшеліктердің жіктелуі. 

2) Эриксон жіктемесі. 

3) Қазақ халқының адам жасын жіктеу ерекшелігі. 

 

3-семинар. Ерте және мектепке дейінгі жас кезеңі. 

1) Туылғаннан – нәрестелік шаққа дейінгі кезең. 

2) Ерте сәбилік және мектепке дейінгі кезең ерекшеліктері.  

3) Осы кезеңдерде психодиагностикалық әдістемелер жүргізу ерекшеліктері.  

 

4-семинар. Мектеп кезеңі және жастық шақ кезеңі. 

1) Бастауыш мектеп кезеңіндегі дағдарыстар.  


 

28 


2) Жастық шақ кезеңі.  

3) «Өтпелі кезең» мәселелерінде психологиялық кеңес беру қажеттілігі. 

 

5-семинар. Дамудың акмеологиядық кезеңі. 

1) Даму және жетілу процестері. 

2) Акмеология ғылымының дамуы.  

3) Қазақстандық зерттеушілердің акмеология туралы тұжырымдамалары. 

  

6-семинар. Қарттық шақ.  

1) Қарттық шақ кезеңдері. 

2) Геронтопсихологияның дамуы.  

3) Қарттық шақтағы дағдарыстар. 

 

7-8 семинар.  Психикалық даму теориялары. 

1)

 



Дамудың когнитивті теориясы (Ж.Пиаже). 

2)

 



Мәдени-тарихи тұжырымдама. 

3)

 



Психикалық даму тұжырымдамасы (Д.Б.Эльконин). 

 

9-семинар.  Психикалық даму теориялары. 

1)

 

Дамудың биогенетикалық тұжырымдамасы. 



2)

 

Дамудың әлеуметтік генетикалық тұжырымдамасы. 



3)

 

Бала дамуының екіфакторының конвергенциясы тұжырымдамасы. 



 

10-семинар.  Психикалық даму теориялары. 

1)

 



Бала дамуның психоаналитикалық тұжырымдамасы. 

2)

 



Тұлғаның эпигенетикалық теориясы (Эрик Эриксон). 

3)

 



Әлеуметтік үйрету теориясы. 

 

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі 



Негізгі әдебиеттер: 

1.Асмолов А.Г. Психология личности. М., 1990 

2.Возрастная и педагогическая психология: Учебное пособие для студентов пед. ин-тов/ Под 

ред. М.В. Гамезо и др. М., 1984 

3.Айсмонтас Б.Б. Педагогическая психология. Схемы и тесты. М., 2004 

4.Божович Л.И. Педагогическая психология.//Педагогическая энциклопедия: в 2т. М., 1999. 

Т.2.  

5.Возрастная и педагогическая психология//Под ред. А. В. Петровского. М., 1979 



6.Возрастная психология. /Под ред. Л.Ф. Обуховой. М., 1996 

7.Введение в практическую социальную психологию. /Под ред. Ю.Б.Жукова, 

Л.А.Петровской, О.В.Соловьевой. М., 1994 

8.Возрастная и педагогическая психология/Под ред. А.В.Петровского. М., 1987 

9.Выготский Л.С. Психология. – М., 2000 

10.Казанская В.Г. Общение учителя с учениками в процессе обучения. СПб, 1996 

11.Казанская В.Г. Педагогическая психология. Питер, 2003 

12.Клюева Н.В. Технология работы психолога с учителем. М., 2000 

13.Крайг Г. Психология развития. СПб., 2000 

14.Крутецкий В.А. Основы педагогической психологии. М., 1972 

15.Маркова А.К. Психология труда учителя. М., 1993 

16.Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. М., 1998 

17.Мухина В.С. Возрастная психология. М., 1998  

18.Реан А.А. Коломинский Я.Л. Социальная педагогическая психология. Спб,1999 

19.Социальная психология личности. Под ред. М.И. Бобневой, Е.В. Шороховой. М., 1999 

20.Фридман Л. М., Кулагина Н. Ю. Психологический справочник учителя. М., 1991, 



 

29 


21.Шевандрин Н.И. Социальная психология в образовании. М., 1995 

22.Шибутани Т. Социальная психология. Ростов -на -Дону, 1998 

23. Жұбаназарова Н.С. Жас ерекшелігі психологиясы. Алматы; 2012 ж. 

 

Қосымша әдебиеттер: 

1.Бернс Р. Развитие Я-концепции и воспитание. М., 1986 

2.Бодалев А.А. Личность и общение. М., 1983 

3.Габай Т.В. Педагогическая психология. Учебное пособие. М., 1995 

4.Кравцова Е. Е. Психологические проблемы готовности детей к обучению в школе. М., 1991 

5.Митина Л.М. Учитель на рубеже веков: психологические проблемы.// Психологическая 

наука и образование,1999, N3-4, с.5-22. 

6.Менчинская Н.А. Проблемы обучения, воспитания и психического развития ребенка. М., 

1995 


7.Мудрик А.В. Общение в процессе воспитания. М., 2001 

8.Петровский А.В. Психология воспитания. М., 1995 

9.Першина Л.А.Возрастная психология:Уч.пособие для ВУ-Зов. М., 2004 

10.Рабочая книга школьного психолога.//Под ред.И.В. Дубровиной. М., 1991 

11.Сабирова Р.Ш. Некоторые аспекты социально-психологического климата коллектива 

(электронный ресурс). Караганда, 2003 

12.Скороходова Н.Ю. Психология ведения урока. СПб, 2002 

13.Сластенин В.А., Филиппенко Н.И. Профессиональная культура учителя. М., 1993 

14.Стоунс Э. Психопедагогика. Психологическая теория и практика обучения. М., 1984 

15.Столяренко Л.Д. Педагогическая психология. Ростов-на-Дону, 2000 

16.Трусев В.П. Современные психологические теории личности. Л., 1990 

17.Талызина Н.Ф.Управление процессом усвоения знаний.М., 1983 

18.Талызина Н.Ф. Педагогическая психология. М., 1998 

19.Хон Р.Л. Педагогическая психология: Принципы обучения. М., 2005 

20.Хуторской А.В. Современная дидактика. СПб, 2001 

21.Хрестоматия по возрастной и педагогической психологии //Под ред. И.И. Ильясова, В.Я. 

Ляудис. М., 1980 

22.Хрестоматия по педагогической психологии. Сост. А.И. Красило, А.П. Новгородцева М., 

1995 

23.Шамионов Р.М. Самоактуализация учителей и удовлетворенность жизнедеятельностью и 



собой.// Мир психологии, 2002, №2, с.143-148. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет