ОРТАЛЫҚ АЗИЯДАҒЫ ГЕОСАЯСАТ ПЕН СУБАЙМАҚТЫҚ
МҮДДЕЛЕРДІҢ ҚАРАМА-ҚАЙШЫЛЫҒЫ
Орталық Азия географиялық тұтастық
ретінде – бұл салыстырмалы түрде жақын арада
пайда болған түсінік, ал саяси бірлік ретінде –
бұл əлі де қалыптасу барысындағы бірлестік.
Еркіндігі болмаған бұл аймақ ұзақ уақыт бойы
кеңес метрополиясы саяси-əкімшілік жүйесінің
құрамдас бөлігі болып келді. ОА өзін
қамтамасыз етудің төменгі деңгейіне байла-
нысты оның халықтарының тарихи тағдырын
аймақтың шекарасынан тыс орналасқан мемле-
кеттер анықтап отырды. Дөрекі күш саясатын
пайдалана отырып, ол мемлекеттер Орталық
Азияның аумағын ықпал ету сфераларына
бөлді, ал ол сфералардың тоғысында саяси
шекараларды өткізді, өз кезегінде осы шекара-
лар аймақтың қазіргі геосаяси картасын
қалыптастырды. Мұндай келісімдердің нəтижесі
туыс халықтарды өздерінің арасында мүлдем
байланысы жоқ этникалық фрагменттерге бөлу
болды, ал олардың аумақтары сыртқы мем-
лекеттердің саяси қадағалауы мен юрисдик-
циясына өтті.
Орталық Азияның солтүстік бөлігі Ресейдің
құрамына өтті. Геосаяси орталық өзінің ұлттық
шалғайлары өмірінің мазмұны мен формаларын
анықтап отырды. Орталық Азияға метропо-
лияның саяси перифериясы мен экономикалық
қосалқы рөлі берілді, яғни метрополия аймақты
арзан шикізат ресурстарын беруші дайын өнімді
өткізу нарығы ретінде пайдаланды. Əскери-
стратегиялық тұрғысында аймақ қорған мақса-
тында болды, ол орталық аудандарды потен-
циалды жəне шынайы қауыптарды оңтүстіктен
жапты. Геосаяси зонада Ресейдің орналасуы
аймақ үшін келесі салдарды əкелді:
1) Мемлекеттік құрылыстың империялық
құрылымы «орталық-периферия» эквивалентті
емес қатынастар моделінің қалыптасуына көбі-
не əсер етті.
2) Тоталитарлық режим жүйеқұрушы ядро
мен оның аймақтық бөліктерінің арасында
функционалдық асимметриясына одан сайын
ықпал етті. Сондықтан постқайтақұру уақы-
тында пайда болған аймақтағы саяси қатынас-
тардың
ушығуы
мен
материалды-рухани
коллапс көбіне саяси үстемдікті жүзеге
Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
43
асырудың империялық тəсілдері мен құрал-
дарының салдары болды.
КСРО-ның ыдырауы ОА-ның жаңа гоесаяси
конфигурациясының қалыптасуына əкелді. Бес
тəуелсіз мемлекеттің қалыптасуы олардың
саяси-құқықтық мəртебесін институттандырды,
бірақ сонымен қоса ескі жəне жаңа мемлекет-
аралық қарама-қайшылықтардың пайда болуын
өзектендірді.
Бұрындары
метрополияның
қадағалауында болған этноаумақтық қарама-
қайшылықтарға ОА геосаяси кеңістігің жаңа
құрылымдануынан
туындаған
аймақтық
қайшылықтардың жаңа контурлық сызықтары
қосылды, олардың келесі түрлерін көрсетуге
болады.
Энергетикалық ресурстар мен көміртегімен
қамтамасыз ету. Одақтас мемлекетте ОА энер-
гиятасушыларды негізгі қамтамасыз етішілердің
бірі болды. Аймақта табиғи газдың бай қорлары
бар. Өзбекстан мен Түркіменстанда орналасқан
ірі газ көздерінен елдің орталық аудандарына
құбыржелілері салынды. КСРО-ның ыдырауы-
нан кейін газжелілері коммуникациясының
біртұтас жүйесі бөліктерге ыдырап кетті. Бұрын
энергиятасушыларды тасымалдайтын тек ішкі
желісі болған құбыржелісі посткеңстік респуб-
ликалардың егеменденуінен кейін трансұлт-
тыққа айналды. Бұрын іштей тасымалданған
көгілдір отын енді көміртегінің экспорттық
маршрутына айналды. Мəртебенің өзгеруі сол
мезетте газжелісінің функционалдық жағдайына
əсер етті. Біртұтас инфрақұрылым социалистік
экономиканың шеңберінде құрылды жəне де
нарыққа өту жағдайында бейімсіздеу болып
қалды.
Жаңа саяси жəне экономикалық жағдайлар
аймақ елдерін газбен қамтамасыз ету сфера-
сында мемлекетаралық конфликтердің туын-
дауының алғышарттары болды. Ең өткір
қарамақайшылықтар бір жағынан Өзбекстан,
екінші жағынан Қазақстан мен Қырғызстан
арасында өшікті. Бұл екі республика кеңес
уақытынан бері көрші мемлекеттен газдың
тасымалдауына
тəуелді.
Негізінде
бұл
мемлекеттердегі өңеркəсіптік жəне тұрмыстық
қажеттіліктер өзбек газы арқасында қанағат-
тандырылады. Дегенмен олардың төлеуқабі-
леттілігі, əсіресе Қырғызстанның, жоғары
болған жоқ. Басқа қолжетерлік энергияның
көздері болмағандықтан, сонымен қоса ХХ
ғасырдың соңғы он жылдықтарында ерте келген
жəне өте суық қыстарға байланысты ол
мемлекеттер үлкен көлемдегі газды тұтынуға
мəжбүр болды. Халықтың төмен өмір сүру
деңгейі, көп уақыт бойы айлықтың, зейнет-
ақының төленбеуі жəне осымен байланысты газ
секілді өнімді ұжымдық тұтыну жүйесіне
нарықтық қағиданы толықтай қолданудың
мүмкін еместігі ішкі жəне мемлекетаралық
конфликтердің туындауын ушықтырды. Белгілі
саяси жəне экономикалық жол берулерге жету
мақсатында, сонымен қоса жүк, электроэнер-
гияның транзиты жəне сумен қамтамасыз ету
бойынша келіссөздерде Өзбекстан жағынан
Қазақстан мен Қырғызстанға қысым көрсету
рычагтарының бірі ретінде газ болды. Бұдан
басқа, екінші деңгейде газды алушы екі ел
арасында-Қазақстан мен Қырғызстан-Қазақ-
станға
тиесілі
газды
Бішкек
рұқсатсыз
қолданылғаны үшін, қырғыз жағымен тарифті
көтеру мен Қазақстанға жататын қырғыз аума-
ғынан өтетін газқұбырының учаскесін ұлттан-
дырмақ болғаны үшін конфликтер туындап
отырды [1, 49-50б.].
Аймақтың гидроресурстары мен суды
пайдалану режимі. Ортаазиялық республикалар-
дың арасындағы конфликтілердің бірі су
тасымалы болды. Проблеманың мəні мынада,
республикалар су ресурстарымен тең дəрежеде
қамсызданбаған,
əсіресе
Қазақстан
мен
Өзбекстан. Сонымен қоса аграрлы өндіріс осы
республикаларда көбіне дамыған. Егістікті
суару үшін тұрақты сумен қамтамасыз ету
қажет, ал ірі жəне кіші өзендердің көп бөлігінің
көздері
Қырғызстан
мен
Тəджікстанда
орналасқан. Осы республикалардың аумағында
ОА-ның барлық суағарының 86 % қалыптасқан
[2].
Қазақстанның
оңтүстік
облыстары,
Өзбекстанның мақта жəне күріш егістіктері
одан сайын судың жетіспеушілігін сезінуде.
Мысалы, қазіргі уақытта Қазақстанда тұщы
судың тапшылығы өткір проблемаға айналуда.
Бір мəліметтер бойынша-ол 100 км куб, басқа
мəліметтер бойынша-шамамен 85 км куб [3].
Сонымен, таулы республикаларда су ресур-
стары мол жəне де өзінің көршілерінің судағы
қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыра
алады. Бішкек өзінің табиғи басымдығын
экономикалық жəне тіпті саяси қысым рычагы
ретінде қолданады.
КСРО ыдырағаннан кейін көп аналитиктер
Қырғызстанды аймақтағы перспективті елдер-
дің бірі ретінде қарастырды. Дегенмен мұндай
көзқарастарда шынайы негіз болған жоқ. Бұл
елде ресурстар өте аз, ал геосаяси жағдай оның
саяси даму мүмкіндігін одан сайын шектейді. Ел
ауыр саяси жəне экономикалық дағдарыста.
Қырғыз экономикасының экспорттық потен-
циалы шектелген, республика импорттық өнімге
қатты тəуелді. Егер аумақтың 80% астамы
таулар алып жатқаның ескерсек, онда ланд-
шафтың құрылымы геосаяси фактор болады. Бір
жағынан, ол елдің экономикалық дамуын
шектейді, ал басқа жағынан, шаруашылықтың
ресурстық сектордың өсіміне ықпал етеді,
мысалы, арзан гидроэлектроэнергияны жасақ-
тау. Бірақ таулы өзендердің гидро ресурстары-
ның геосаяси мəні одан да көп. Негізінде
44
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
Қырғызстанның көршілеріне өте қажетті бұл
жалғыз ресурс жəне бұл қоршаған елдермен
кейбір даулы мəселелерді шешуде република
үшін сыртқы саяси аргумент болады.
Мысалы, Бішкек бірнеше рет Қазақстан мен
Өзбекстаннан Қырғызстаннан шығатын су
ресурстарының бағасын анықтауды талап етті,
сол арқылы су тасымалын мемлекетаралық
қатынастардың мəні етпекші болды. Мəселе
мынада, суды пайдаланудағы халықаралық
құқық пен тəжірибе бойынша трансшекаралық
өзендердің ресурстарын пайдаланғаны үшін ақы
талап етуге бірде-бір мемлекетте құқық жоқ.
Өзен барлық өзен жағалауындағы мемлекет-
тердің ортақ игілігі болып табылады. Əрбір
осындай мемлекет өзінің орналасуына-өзеннің
бастауында немесе сағасына қарамастан кез-
келген басқа мемлекеттен құқығы аз емес.
Өзінің орналасқан жерінің басымдылығын
пайдалана отырып, белгілі-бір мемлекетпен бір
жақты пайданы көздеу басқа мемлекеттердің су
көздерін қолдануға заңды құқықтарды шектеу
болып табылады жəне де осымен байланысты
оған жол берілмеу керек. Трансшекаралық
өзендердің табиғи ресурстары барлық көршілес
мемлекеттерге тең дəрежеде тиесілі болуы
керек.
______________
1. Болевые точки Центральной Азии и пути их
нейтрализации. – Алматы, 2001. – 49-50 б.
2. Аубакирова А. Геополитика и географические
факторы в формировании внешне политической
стратегии РК. – Алматы, 2003.
3.В третьем тысячелетии за Н
2
О будут воевать //
Аргументы и факты.
* * *
В статье анализируется геополитическое развитие
Центральноазиатского региона, основные вызовы и
угрозы,
а
также
противоречия
региональных
государств.
* * *
In article geopolitical development is analyzed Is
central - the Asian region, the basic calls and threats, and
also contradictions of the regional states.
Ж. Төлен
ҚР САЯСИ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ НЕГІЗГІ АСПЕКТІЛЕРІ
XXI
ғасыр
əлемдік
саясатта
алып
өркениеттердің (супердержава) шешуші фигура
рөлін атқарып, қоғамда сол бірнеше өрке-
ниеттердің өзара мəдени, саяси, діни ерекше-
ліктеріне қарай өркениеттер аралық қақтығыс-
тың орын алатындығын батыс футурологтары
болжаған болатын. Бұл өркениеттер арасындағы
қақтығыстың, келіспеушіліктің түп негізі əр
түрлі ұлттар мен этностар, діни ұйымдар мен
конфессиялар арасындағы араздықтан туындап
отыр деп түйіндейді. Осы тұрғыда елімізде 140-
қа жуық этностар мен 46-дан астам конфессия
орын алғанын білеміз. Ал осы этностар мен діни
конфессиялар арасындағы келісімді, татулықты
сақтау елімізде тұрақтылықтың орын алуының
басты шарты болып табылады.
Еліміз сан ғасыр тарих талқысына түскен,
тəуелсіздікке қол жеткізгеннен соң, мемлеке-
тіміз демократиялық даңғыл даму жолына бет
түзеп, саяси тұрақтылыққа қол жеткізу, егемен-
дігімізді баянды ету мақсатында көптеген
салаларда реформалар жасады. Əсіресе мемле-
кеттің біртұтастығын, қауіпсіздігін қамтамасыз
ететін еліміздің саяси тұрақтылығы қоғамда ең
басты
назар аудартатын мəселенің біріне
айналды.
Тарих тəжірибесіне жүгінсек, қай мемле-
кеттің болмасын тұрақтануында, тəуелсіздігінің
сақталуында, оның қарыштап дамуында саяси
тұрақтылық мəселесі өзекті болып саналады.
Бүгінгі таңда бүкіл əлемде саяси тұрақтылық
мəселесі өте өткір проблемалардың бірі болып
отыр жəне барлық елдер толығымен əлеуметтік,
саяси, экономикалық тұрақтылыққа жету
проблемасын шешуге тырысып бағуда. Тұрақты
жəне толыққанды даму үшін қоғамның барлық
салаларында тұрақтылық қажет екенін білеміз.
Оның ішінде мемлекет дамуының басты шарты
– саяси тұрақтылық.
Ал саяси тұрақтылық дегеніміз: «Бұл
сыртқы жəне ішкі əсерлер жағдайында, өзінің
құрылымын жəне қоғамдық өзгеріс процестерін
бақылауға қабілеттілігін сақтай отырып, тиімді
жұмыс істеуге жəне дамуға мүмкіндік беретін
қоғамның бір қалыпты жағдайы» [1].
Саяси тұрақтылық бұл – мемлекеттің саяси
жүйесінің өзгермейтін қатаң қағидаға негіз-
делген тұрақты дамуы ретінде емес, қоғамның
əлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістерін,
дамуын қоғамдық-саяси ортада қалыптасқан
тұрақтандырушы фактор ретінде қарастыру.
Саяси тұрақтылықтағы басты нəрсе – бұл
билік құрылымдары қызметінің легитимді-
лігінде, айқындылығында, тиімділігінде байқа-
Вестник КазНУ. Серия философия. Серия культурология. Серия политология. № 1 (36). 2011
45
латын саяси мəдениеттің нормалары мен
құндылықтарының тұрақтылығында, мінез-
құлық типтерінің үйреншіліктілігінде, саяси
қатынастардың бір қалыптылығында байқала-
тын тəртіпті қамтамасыз ету.
Батыс елдерінде «саяси тұрақтылық» саяси
жүйенің өзгерістерін талдау үшін, оның жұмыс
істеуінің оңтайлы тетіктерін іздестіру үшін
қолданылды.
Өте қарқынды түрде даму үстіндегі Қазақ-
стан мемлекеті үшін де қоғамның тұрақтылығы,
мемлекеттің ұйысуы,
қоғамның топтасуы, саяси
тұрақтылықты қамтамасыз ету негізгі мəселеге
айналып отыр.
Еліміз тəуелсіздікке қол жеткізгеннен соң
қоғамның
саяси-əлеуметтік
тұрақтылығын
сақтай отырып, мемлекетті жедел қарқынды
түрде дамытуға кірісті. Мемлекеттің құқықтық,
саяси, экономикалық даму бағыттарына өзгеріс-
тер мен толықтырулар енгізіліп, халықтың
əлеуметтік-экономикалық жағдайына, ұлттық
келісім мен саяси тұрақтылыққа, ұлттық қауіп-
сіздіктің орнауына баса назар аударылды.
Бұл турасында Ата заңымыз Конституция-
ның I - бабында: «Республика қызметінің
түбегейлі принциптері: қоғамдық татулық пен
саяси тұрақтылық; бүкілхалықтың игілігін
көздейтін экономикалық даму; қазақстандық
патриотизм; мемлекет өмірінің аса маңызды
мəселелерін демократиялық əдістермен, оның
ішінде республикалық референдумда немесе
парламентте дауыс беру арқылы шешу», - деп
қарастырылған [2].
Конституцияда көрсетілгендей мемлекеттің
басты приниптерінің бірі ретінде, қоғамның
тұрақтылығын сақтау үшін əрине саяси тұрақ-
тылық пен қоғамдық келісім орнауы шарт.
Көпұлтты, көпконфессиялы Қазақстанның
бүгінгі таңда ұстанып отырған басты саясаты
тек келісімге, диалогқа келу яғни ымырагер-
шілік «жақсы араздықтан жаман татулық
жақсы» дейтін қағидаға негізделіп отыр.
Сыртқы саясатта көпвекторлы ұстаным, барлық
мемлекеттермен достық қарым-қатынаста болу,
əсіресе көрші елдермен, дүниежүзінің алдыңғы
қатарлы елдерімен өзара тиімді қарым-қатынас
орнатуға бағытталған. Ал ішкі саясатқа келсек,
елімізде бірнеше этностар мен ұлттар орын
алғандықтан сол этностар мен ұлттардың
құқықтық, саяси теңдігін сақтай отырып, бір
идеологияға, бір мақсат мүддеге қоғамды
топтастыру. Ол идеология мемлекетте өмір
сүріп отырған бүкіл халықтардың Қазақстанның
ұзақ мерзімді стратегиялық дамуы үшін бір
мүддеге біріге отырып іс-əрекет жасауы.
Президент Н.Ə.Назарбаев Қазақстан Республи-
касының тұрақты түрде ұзақ мерзімді даму
мақсатында еліміздің алға қойған мұратын:
«Біздің еліміздің мұраты: ұлттық біртұтас-
тық, əлеуметтік əділеттілік тəн əрі күллі
халқының экономикалық əл-ауқаты артқан
тəуелсіз, гүлденген жəне саяси тұрақты
Қазақстанды сомдау деп санаймын» - деген
болатын [4].
Географиялық
орналасу
аймағы
мен
мемлекеттің даму қағидасы талап еткендей ел
қауіпсіздігі
мен
аумақтық
тұтастықты
қамтамасыз ету үшін біз күшті мемлекет болуға
жəне көршілермен берік достық қарым-
қатынаста болуға тиіспіз. Ал, əлеуеті артқан,
жоғары деңгейдегі дамыған мемлекет болу үшін
əрине мемлекеттің ең бірінші ішкі потенциялы
жоғары, ішкі саяси тұрақтылығы орныққан,
біртұтас ел болу қажет.
Ішкі біртұтастық пен саяси тұрақтылыққа
қол жеткізу үшін елімізде өмір сүріп отырған
барлық ұлттар мен этностардың құқықтық,
саяси теңдігін сақтау қазіргі уақыттағы
мемлекеттің басты ұстанымына айналып отыр.
Қазақстандағы этностар мен ұлттар арасын-
дағы өзара байланыс пен қарым-қатынасты
күшейту арқылы елімізде ұлттық ынтымағы-
мызды нығайтып, ұлттық əлеуетімізді ұлғай-
тамыз. Мұны амалға асыруда Елбасы:
« - Еліміздің барлық азаматтары үшін
мүмкіндіктердің теңдігіне негізделген бірыңғай
азаматтығымызды дамытатынымызға кепілдік
беру;
-
Этникалық түсініспеушілік себептері-
нің жойылуын, барлық этникалық топтар
құқықтарының тең болуын қамтамасыз ету;
-
Қоғамымыздағы
дəулеттілер
мен
жарлылардың арасындағы айырмашылықты
азайту жəне ауыл проблемасына үнемі ерекше
көңіл бөлу;
-
Өтпелі жəне кейінгі кезеңдерде пайда
болатын əлеуметтік проблемаларды ұдайы
шешіп отыру;
-
Ұзақ мерзімді болашақта саяси тұрақ-
тылықты да, қоғамның топтасуын да тамта-
масыз ететін бай Қазақстанды барынша жігерлі
түрде қалыптастыру;
-
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
пен коммуникациялық байланыстардың барлық
нысандарын дамыту;
-
Əр түрлі конфессиялар арасындағы
өзара құрмет, төзімділікпен сенімді қарым-
қатынастарды нығайту», сияқты стратегиямыз-
дың құрамдас бөліктерін атап өткен болатын
[5].
Елбасымыз осы уақытқа дейін қалыптасты-
рып, ұсынған біздің идеологиямыз – ұлттық
бірлік, мұның астарында Қазақстанда өмір
сүретін этностық, діни, əлеуметтік-мəдени
топтардың қауымдастығы жатыр.
Қазақстанда этносаралық татулық пен
келісімді, саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету
тəуелсіздік жылдарындағы мемлекеттің бүкіл
46
ҚазҰУ хабаршысы. Философия сериясы. Мəдениеттану сериясы. Саясаттану сериясы. № 1 (36). 2011
ішкі саясатының өзегі болды. Сонымен қатар
ұлттық-мəдени
əралуандық
пен
бірлікті
жаңғырту əрі дамытудың мемлекеттік саясаты
жүзеге асырылды.
Ел бірлігі доктринасы да қоғамды əрі қарай
ұйыстыруға, Қазақстан халқын біріктіруге,
оларға ортақ құндылықтар жасауға қолайлы
шарттарды қалыптастыруға бағытталған. Қазақ-
станда этностық емес, азаматтық қауымдастық
құру, этностық ерекшеліктеріне қарамастан,
мемлекеттің барлық азаматтарына бірдей
құқықтар беру, жауапкершілік арту, мүдделерін
тоғыстыру. Бұл əлемдік тəжірибеге жəне Қазақ-
стан жағдайына сараптама жасасақ біз үшін ең
тиімді жол. Қалыптасқан халықаралық тəжірибе
бойынша ұлттық мемлекетте бір ғана ұлт, яғни
саяси ұлт өмір сүреді, ал мемлекеттің азамат-
тары түрлі этнос өкілдері. Оларды біріктіретін
ортақ тіл, ортақ құндылықтар, ортақ мүдде
мақсаттар болуы шарт. Бұл тұрғыда барлық
этностардың ұйысуы, топтасуы қазақ ұлты
негізінде ғана амалға аспақ.
Президентіміз атап өткендей: «Қазақ халқы
Қазақстанда мемлекеттің негізгі құраушы
этносы болып табылады, сондықтан ол басқа
этностардың алдында жауапкершілікті өз
мойнына алуы қажет, ал басқа этностар оған
түсіністікпен қарауы керек».
Елбасы Н.Ə.Назарбаев саяси тұрақтылық
орын алу үшін міндетті түрде елімізде өмір
кешіп отырған ұлттар мен этностардың теңдігі,
өзара жарасымды түсіністікпен өмір сүруі, ал ол
ұлттарды ұйыстырушы, ортақ келісімге келуіне
негіз болар қазақ ұлты екендігін, яғни басқа
этностардың алдында жауапкершілікті өз
мойнына алып, қоғамда доминанттылық таныту
қажеттілігін: «Қазақстанның болашағы —
қоғамның идеялық бірлігінде» атты еңбегінде
«Көп ұлтты
Қазақстанда
жалпы
ұлттық
мүдделерді жүзеге асырудың бір ғана жолы бар
екені айдан анық. Ол қазақ ұлтының біріктіруші
рөлі жағдайында барлық халықтардың теңдігін
қамтамасыз ету», - деп атап өтті.
Президент Н.Ə.Назарбаев қоғамдық келісім
мен саяси тұрақтылықты нығайту үшін
төмендегідей міндеттер шешілуі тиіс деп
қарастырады:
«Саяси салада:
- Демократиялық өзгерістерді тереңдету
мен жаңа саяси қайраткерлер, лидерлерді
ұсынатын,
көп
ұлтты
қоғамда
келісім
орнықтыруға ықпалды көппартиялық жүйе
құру;
- Саяси мақсат ретінде, экономикалық
реформалардың табысты жүзеге асуының басты
шарты ретінде тұрақтылықты қамтамасыз ету;
- Қазақстанның егемендігі мен қауіпсіздігін
қамтамасыз ететін геосаяси ерекшеліктерді
есепке ала отырып, көпжақты жəне түрлі
вариантты əскери-саяси жəне экономикалық
одақтар жасау;
- Адамның демократиялық құқығы мен
бостандықтарын сақтау, əлемдік экономикадан
өз орнын табу арқылы əлемдік қоғамдастықтағы
байланыстарға
қосылу
технологияларында
Қазақстанның ұтымды геосаяси жағдайын
пайдалану.
Ал экономика саласында:
- Əлеуметтік
нарықтық
экономиканы
қалыптастыру;
- Адамның
экономикалық
өзін-өзі
айқындауы қолайлы құқықтық жəне басқа да
жағдайлар жасау;
- Тұтыну нарығын жетілдіру;
- Қазақстан дамуы үшін шетел инвести-
цияларын тарту жəне тиімді пайдалану;
Достарыңызбен бөлісу: |