Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет22/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81
Педагогикалық жүйе
– бұл білім алушыларды оқыту мен 
тәрбиелеу мақсаттарына бағытталған, өзара байланысты 
құраушы бөліктер ретінде анықтауға болады. Құраушы бөліктер 
дегеніміз – бұл оның басқа (педагогикалық емес) жүйелерден 
айырмашылығын көрсететін педагогикалық жүйенің басты 
сипаттамасы. Сонымен қатар педагогикалық жүйе қызметінің 
бастау көзі, яғни оқушы тұлғасының үйлесімді дамуы, оның 
өзін-өзі 
айқындауына 
бағытталған 
мұғалімдер 
мен 
оқушылардың бірлескен әрекетінің мақсаты болып табылады.
Құраушы бөліктерді сипаттау үшін педагогикалық жүйедегі 
процестерді талдау керек.
Педагогикалық жүйе қоғамда белгілі бір ақпаратты жеке 
тұлғаның игеруі үшін құрылатын оқу және ғылыми ақпараттар 
жиналғанда, сонымен бірге оларды меңгеретін, белгілі бір 
даярлау жүйесінен өтіп, білім беруді қажет ететін адамдар 
контингенті болғанда пайда болады.
Педагогикалық жүйе қойылған мақсатқа жету тәсілдері, 
педагогикалық әсер ету құралдары, формалары мен әдістері 
табылғанда және анықталғанда ғана жүйе алдында тұрған 
міндеттерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ал ол үшін
педагогикалық жүйенің мақсатына сай қарым-қатынас жасау 
құралдарын меңгерген, педагогикалық әсер ету нысаны туралы 
психологиялық біліммен қаруланған педагогтар қажет. 
Педагогикалық жүйе қоғамдағы адамдардың белгілі бір 
категориясын (балалар, оқушылар, студенттер, ересектер) оқыту 
немесе 
тәрбиелеу 
және 
оларды 
даярлауға 
қажеттілік 
айқындалғанда құрылады. Олар бір-бірінен мақсаты бойынша 
(балабақша, мектеп, колледж, ЖОО) ажыратылады және бұл 
педагогикалық жүйелерді бәріне ортақ мақсат етіп біріктіреді, 
мысалы білім беру, оқыту, тәжірибе беру және тұлғаның белгілі 
бір жеке қасиеттерін қалыптастыру және де тұлғаның қарым-
қатынасын тәрбиелеу. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет