Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Талаптардың орташа (екінші) деңгейі



Pdf көрінісі
бет21/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Талаптардың орташа (екінші) деңгейі 
– 5 балл репро-
дуктивті, алгоритмделген іскерліктер мен дағдылары үшін, 4 – 
теорияны түсінгені үшін және 3 – теорияны есте сақтағаны үшін 
қойылатын баға.
Талаптардың төменгі (үшінші) деңгейі 

 
5 балл теорияны 
түсінгені үшін, 4 – оқу материалын есте сақтағаны үшін және 3 
– ажырата білгені, танығаны үшін қойылатын баға. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
32 
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1. Басқару әдістері ұғымына түсінік беріңіз. 
2. Әкімшілік басқару әдістеріне сипаттама беріңіз. 
3. Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістерінің 
ерекшеліктерін атаңыз. 
4. Басқарудың экономикалық әдістерін сипаттаңыз 
5. «Басқару әдістері» тақырыбы бойынша білімдер 
базасының логикалық схемасын құрыңыз. 
6. Педагогикалық менеджмент әдістерін кестеге салып 
толтырыңыз. 
№ 
Педагогикалық 
менеджмент әдістері 
Анықтамалар
1.
2. 
3. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
33 
4. КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНДЕГІ
БАСҚАРУҒА ЖҮЙЕЛІ КӨЗҚАРАСТАР 
 
 4.1. Әлеуметтік педагогикалық жүйелер, ұғымдар және 
түрлері. 
 
Жалпы педагогикада жүйе ұғымы әр түрлі мағынада 
қолданылады, мысалы оқыту немесе тәрбие жүйесі, әдіс-
тәсілдер жүйесі және т.б. Оқыту үрдісін жүйе ретінде сипаттау 
үшін осы жүйенің динамикасын, яғни оның құрамындағы 
элементтер мен құрылысының функцияларына сай өзгеруін 
бақылай отырып қана айқындауға болады 
Жүйе
дегеніміз – жалпы қызмет ету мақсатымен және 
басқару бірізділігімен біріктірілген, ортамен өзара әрекеттесетін 
біртұтас құбылыс ретінде болатын нақты қасиеттер негізінде 
ерекшеленген өзара байланысты элементтер. Сонымен, жүйе 
ұғымы жеке бөліктерден тұратын және ол әр уақытта 
тұтастықты белгілейді. 
«Жүйе»
термині адамзат әрекетінің әр түрлі аймағында, 
яғни қазіргі философиялық, психологиялық-педагогикалық және 
жаратылыс ғылымдарында қолданылатын ұғым. 
Білім беру процесінің педагогикалық жүйе ретінде 
мақсаты және мақсатты түрдегі сипаттамасы – оның негізгі 
қасиеті, маңызды белгісі және сипаттамасы. Кез-келген 
педагогикалық жүйе – бұл әрекеттік жүйе, ал мақсатсыз 
әрекеттер болмайды. Сонымен қатар нақты білім беру 
процесінің мақсатты түрде болуы күмәндік тудырмайды. 
Әлеуметтік жүйенің алуан түрлілігінің бірі ретінде – 
педагогикалық жүйені қарастыруға болады.
Т.И. Шамованың пікірінше, педагогикалық жүйе деп – 
тұлғаның қалыптасуына және дамуына бағытталған қоршаған 
ортамен, 
оның 
рухани 
және 
педагогикалық 
процеске 
қатысушылардың материалдық құндылықтарымен, бір-бірімен 
өзара әрекеттесу негізінде әлеуметтік қамтылған тұтастық [3].
Жүйенің тұтастығы дегеніміз басқарудағы объект пен 
субъекттің бірлігін, яғни олардың өзара әрекеттесіп қызмет етуі. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
34 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет