Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет56/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

 
12.2

Ақпараттық мәдениет 
 
Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, 
қарым-қатынасына ақпараттық-коммуникациялық технология-
лардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан 
кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа 
айналып отыр. Осы орайда келешек қоғамымыздың мүшелері – 
жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру 
қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.
Ақпараттық мәдениетті, сауатты адам – ақпараттың қажет 
кезін сезіну, оны тауып алуға, бағалауға және тиімді қолдануға 
қабілетті, 
ақпарат 
сақталатын 
дәстүрлі 
және 
автомат-
тандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. 
Ақпараттық мәдениет дегенiмiз – адамға ақпараттық 
кеңістіктің қалыптасуына қатыcyғa және ол кeңicтіктe epкін 
бағдарлай алуға, ақпараттық өзара ic-әрекетке түсуге мүмкiндiк 
беретiн бiлiм деңгейi. Э.Л. Семенюктiң пiкiрi бойынша 
«ақпараттық мәдениет – адамның, қоғамның немесе оның бiр 
бөлiгiнiң ақпараттармен жұмыс iстеудiң барлық түрлерi – 
ақпараттарды алу, өңдеу, жинақтау және осының негiзiнде 
сапалы жаңа aқпаратты құру және практикалық қолдану 
бойынша жетiлу деңгейi». 
Ғалымдар 
мен 
мамандардың 
пiкiрiнше, 
педагогтың 
ақпараттық мәдениетiн дамытудың негiзгi факторы ақпараттық 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
93 
және компьютерлiк технологияларды қолдануға бaйланысты 
бiліктілiктi көтеру жүйесi болып саналады. Педагогтардың 
ақпараттық және коммуникациялық технологияларды оқыту 
процесiнде колдана бiлу мүмкіндігін дамыту мақсатында оқу 
курстарын ұйымдастырудың қажеттiлiгi бүгiнгi бiлiм беру 
жүйесiнің кезектi мәселесiнiң бiрiне айналып отыр. 
Әрбiр мәдениеттi және тәрбиелi адамның өмip сүрiп 
отырған қоғамда өзiн қоршаған ортаның қалай құрылғаны 
туралы eң болмаса жалпылама түciнiгi болуы ксрек. Табиғатты 
сүю үшiн ондағы болып жатқан құбылыстарды, қандай 
заңдылықтарға байланысты өзгеpicтep болып отырғанын бiлу 
қажет.
Адамның жас шaғында жетiлдiрiлмеген ойлау қабiлетi сол 
қалпында қалып қоятыны белгiлi. Сондықтан қазiргi ақпараттық 
қоғамдaғы өміpге балаларды дайындау үшiн олардың тек ойлау 
қабiлетін, анализ бен синтез жасау мүмкiндiктерiн ғана дамытып 
қоймай, оқыту процесiнiң ең маңызды бөлiгi – aқпараттық 
мәдениет элементтерiн бойларына сiңiрiп, ұғындыру керек. 
Байланыстың жолы дегеніміз – қайнар көзден алушыға 
хабар берілетін құрал, яғни хабардың физикалық жолымен 
берілетін құралы.
Байланыс құралдары – бұқаралық ақпарат құралдары және 
тұлғааралық жолдар деп бөлінеді. Бұқаралық ақпарат құралдары 
арқылы таралатын әдіс – көптеген алушылар үшін ақпарат 
таратуға мүмкіндік беретін газет, журнал, кинофильмдер, радио, 
телевидение сияқты хабар беру құралдары. Тұлғааралық 
тәсілдер дегеніміз – бір қайнар көз бен алушының арасындағы 
өзара тікелей хабар алмасу жолы. Бұқаралық ақпарат құралдары 
мен тұлғааралық тәсіл арасының негізгі айырмашылығы – 
соңғысында кері байланыс жеңілдетілген. Алушы – байланыс 
процесіндегі басты элемент. Таратушылар оны жиі ұмытады. 
Олардың кейбірі, қайнар көзге бағыт береді. Мысалы, өздерінің 
шәкірттері ғана емес, қызметтестерін де еске алатын кітап 
авторлары болып табылады. Басқа қайнар көздер, «хабарға 
бағытталған». Олар өз пәнін жетік меңгерген, бірақ алушыға 
толықтай түсінікті көрсетпей, терминдермен кодтайды. Үшінші 
қайнар көздер «тәсілге ғана бағытталып», алушыны ұмытады да, 


Наурызбаева Ш.Қ. 
94 
белгілі бір байланыс құралына тәуелді болады. Бұл қайнар көзге 
мысал ретінде өз алушыларына тек құжаттарды тарату арқылы 
хабарды беретін ұйым басшысы көрінеді. Ол жұмысшылармен 
нәтижелірек болуға мүмкіндік ашатын жиналыс та өткізбейді.
Кері байланыс – бұл қайнар көзден түскен алушының 
хабарға реакциясы. Қайнар көз хабарлар тізбегі өзгергендегі 
кері байланысты есепке алады. Осылайша, байланысты серпінді
екіжақты процесс ете түседі. Кері байланыс алдыңғы байланыс 
әрекетінің әсерлігін көрсететін қайнар көзге түскен хабар 
ретінде қарастырылады. Жағымды кері байланыс қайнар көзге 
хабардан күткен нәтиженің шыққанын айтады. Жағымсыз кері 
байланыс, керісінше, нәтижесіз болғандығын хабарлайды. Осы
мағынада жағымсыз кері байланыс қайнар көз бен алушының 
арақатынасына теріс әсерін тигізіп, жанжалдың тууына себепкер 
болады. Байланыстың нәтижелігін алу, мағынасында жағымсыз 
кері байланыс жағымдыға қарағанда маңызды. Алайда оның 
бүлікшілік әрекетінен бұл байланысты бастаушы түгел 
жазаланады. Бастығыңызға оның ұсынған және кадр тұтатын 
ой-идеясы әсер етпейді деп айтып көріңізші. Жалпы алғанда, 
Байланыс процесінде кері байланыс белсенді пайдаланылған 
сайын, ол нәтижелі болады. Кері байланысқа деген көңіл 
ақпарат алушыға қарай бағытталады, яғни хабардың оған 
«жетуін» көздейді. Мұндай бағыттың іске асуы белгілі бір 
тарату жолын қажет етеді, яғни байланыс әрекеті жасалмай 
тұрғандағы жиналған қайнар көз болып табылатын алушылар 
жөніндегі ақпарат барынша әсерлі хабарды қалыптастыруда 
қолданылады. Өз аудиторияңызда біліп алған маңызды. Егер 
қайнар көзде алушылар жайында теріс пікірі болса онда оның 
байланыс күші соншалықты әсерлі болып шықпайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет