Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет62/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Эмоция және сезім. Эмоция – 
адамның қоршаған әлемге
өз-өзіне, басқа адамдарға қатынасының жан құбылысын (ренжу, 
қайғыру, қуану) көрсететін психологиялық тәсіл
.
Өзіне маңызды 
мақсаттарға ұмтылу адамға тән қасиет.
Адамның қандайда бір затқа немесе құбылысқа қатынасын 
бейнелейтін тұрақты мотивациялық эмоцияны 
сезім 
ретінде 
түсінуге болады. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
101 
Қабілеттілік
– бұл табиғи нышандардың дамыған түрі, 
тұлға дамуындағы жағымды объективті фактор. Барлық 
қабілеттерді орынды пайдалану адамды белсенді іс-әрекетке 
кірісуіне, 
көптеген 
мәселелерді 
шешуге 
көмектеседі. 
Қабілеттілік адамның оқу және тәрбие процесінде, оның 
қоғамдық қызметінде дамиды. 
Мінез 
(мінез термині грек тілінен аударғанда белгі
ерекшелікті білдіреді) – қарапайым жағдайларда тұлға 
әрекетінде көрініс беретін индивидуалды- өзіндік психикалық 
қасиеттердің жинтығы. Адам дайын мінезбен туылмайды. Мінез 
адамның жан-жақты өмір-тіршілігінде қалыптасады. 
Адамдарға деген көзқарас. Адамға көпшілдік, сыпайылық, 
тілектестік және сол сияқты мінез белгілері тән. Оларға қарама-
қарсы белгілер тұйықтық, әдепсіздік, мейірбансыздық.
Өз өзіне деген көзқарас – өз іс-әрекетінің бағасы
қарапайымдылық, тәртіптілік, принципшілдік сияқты мінез 
ерекшеліктерін қалыптастыруға көмектесетін тұлғаны жетілдіру 
шарттарының бірі. 
Мінездің теріс жақтары өзін жоғары көтерушілік, 
тәкаппарлық, менмендік, мақтаншақтық болып табылады. 
Осындай мінезді адам әдетте коллективпен тіл табыса алмайды, 
еріксіз конфликті жағдайлар туғызады. 
13.3. Тұлғаның қоғамдық-психологиялық ерекшеліктері 
Жеке-психологиялық 
ерекшеліктері 
– 
тұлғаның 
психологиялық 
құрылымының 
құрамдас 
бөлігі. 
Бұл 
ерекшеліктер ұрпақтан ұрпаққа генетикалық жолмен беріледі. 
Қоғамдық-психологиялық 
ерекшеліктер 
әлеуметтік 
қалыптасқан ерекшелік болып табылады. Олардың пайда болу 
механизмі ретінде қоғамның өмірлік үйлесуі, адамның айналасы
жұртпен толы болуы, өзімен жұмыс жасауы болып табылады. 
Әлеуметтік сезімдер адамдардың материалдық және рухани 
қажеттіліктерінің қанағаттануы (қанағаттанбауы) нәтижесінде 
пайда болады. Әлеуметтік сезімдер тұрақты мотивтелген 
қобалжулардан туындайды, мысалы, ұлттық немесе туыстық 
сезімдер. 


Наурызбаева Ш.Қ. 
102 
Әлеуметтік сезім адамның моральды-психологиялық көңіл-
күйіне әсер етеді: оларды біріктіреді (қарсыластырады), бірігіп 
(жеке) әрекет етуге тартады, шоғырландыру (консолидация) 
немесе келісімге келмейтін конфронтацияға әкеп соқтыруы 
мүмкін. 
Құндылық бағдарлау
 
– тұлғаның мінез-құлқын реттейтін 
психологиялық механизмде маңызды рөл ойнайды. Бұл 
тұрақты, әлеуметтік шартталған, мақсат немесе өзіндік 
қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы ретіндегі тұлғаның
материалды рухани игіліктерге қатынасы. Олар тұлғаның 
қандай да бір қажеттіліктерінен ғана емес, қоғамдық пікірден де 
көрінеді. 
Талаптану – күту тұлғаның қандай да бір жеке мүдделерін 
білдіруі мүмкін, мысалы, арнайы білім алу, өзінің хал-ахуал 
мәселелерін шешу. 
Басшылық 
қызметте 
мәселелерді 
шешу 
басшының 
қызметін анықтап алудан басталады. Басшы қызметі – бұл 
жүйенің тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін қажетті біріңғай 
қайталанатын міндеттер жиынтығы. 
Басшы 

адамның кәсіби және ұйымдастырушылық 
еңбектерін ресми түрде мойындау. Басшы қызметі мынандай 
элементтерден тұрады: болжау; шешім қабылдау; ұйымдастыру; 
бұйыру; келісілу; бақылау. 
Басқарудың тиімділігін жоғарлатудың әрекеттік құралы 
басқарушы жұмысының оптимальды регламентациясы болып 
табылады. 
Кез-келген дәрежедегі басқарушы әрекетінің маңызды 
түйіні басқару шешімін қабылдау.
 
Қабылданған шешімнің 
қисындылығынан бүкіл өндірістің еңбек нәтижесі байланысты. 
Басшының іскерлік стилі – авторитарлы, демократиялық, 
либералдық – оның кадр саясатын анықтайды. 
Авторитарлы стиль – 
іскерлік, қысқа бұйрықтар, 
тыйымдары әмірлі, сесті, сөзі нақты және салқын. Жұмыстар 
алдын-ала толық көлемде жоспарланады, ұжымның әр мүшесіне 
тікелей міндеттері жүктеледі, басшының сөзі шешуші болып 
табылады.
 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
103 
Демократиялық стиль – 
бұйрықты ұсыныс түрінде беру, 
сөйлеген сөзі эмоциялы, достық нышан таныту, өкімдер мен 
тыйымдарды дискуссия формасында жеткізумен ерекшеленеді. 
Либералды стиль 
– жауапкершілікті басқаларға арту, 
мақтау мен ынтымақтастықты теріс деп білу. 
Басшы қызметінің тиімділігі оның ұйымдастырушылық 
қабілетіне 
байланысты. 
Нәтижесінде 
тұлғаның 
ұйымдастырушылық 
қабілетін 
құрайтын 
мынандай 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет