Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент



Pdf көрінісі
бет58/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

байланыс коммуникациялары. 
Іскерлік коммуникациялар іскерлік қарым-қатынас арқылы 
тікелей және хат, қызмет парақшасы және т.б. хабарландыру
арқылы жүзеге асырылады. Іскерлік қарым-қатынастың негізгі 
мотиві мәселелерді шешуге бағытталған. Адам іскерлік қарым-
қатынаста – партнер, ұйымдастырушы және қатысушы.
Іскерлік коммуникациялар іскерлік байланыстарды оңайлатады, 
кездесулерге кететін уақытты қысқартады. 
Басқару жүйесінде негізгі коммуникация құралы телефон 
болып табылады. Әртүрлі мекемелер мен фирмалардың 
басшылары телефон арқылы 70% мәселелерді шешеді. Алайда, 


Наурызбаева Ш.Қ. 
96 
психологтар телефонды тиімді қолдануға кедергі келтіретін 
мынандай себептерді көрсетеді: 
– абонент нөмірін іздеу; 
– қоңырау шалуға жайсыз уақыт; 
– сөйлесу мақсаты түсініксіз. 
Қазіргі кезде барлық мекемелерде телефакс қолданылады. 
Оның 
көмегімен 
шұғыл 
қағаздарды, 
анықтамаларды, 
материалдарды жіберіп, хабарламаларды алады. Телефакс 
қағаздарды жіберуге, қажетті ақпараттарды алуға кететін 
уақытты едәуір қысқартты.
12.4. Жиналыста баяндама жасау әдістемесі 
 
Әрбір басшы әртүрлі аудиториялардың алдында шығып 
сөйлейді. Жұрт алдына шығып баяндама жасау ұзақтығы оның 
маңыздылығына байланысты, баяндама маңызды болған сайын, 
көп уақытты қажет етеді. Ең көп бөлінетін уақыт – 
20 минут, 
одан артық аудиторияның назарын ұстап тұру қиынға түседі. Ал 
егер сіз бүкіл баяндамаңызды 10 минутта мәлімдеп берсеңіз, 
онда 
бірден 
баяндамаңыздың 
қатардағы, 
қарапайым 
баяндамалардың бірі болып сезіледі. Тіпті аса көрнекті 
ораторларды да аудитория 1 сағаттан артық тыңдай алмайды.
Сондықтан 20 минут баяндама жасағаннан кейін, сұрақтар 
қоюға және сұрақтарға жауап беруге уақыт қалдыру қажет. 
Кез-келген баяндамашы аудиторияның алдына шығып 
сөйлер 
алдында 
қобалжиды. 
Сөйлеушінің 
қобалжуы 
тыңдаушылардың аяушылығын, мүсіркеуін туғызады. Тым 
қатты қобалжу баяндама жасауға кедергі келтіруі мүмкін. 
Сондықтан баяндаманың сәтті өтетіндігіне өзін-өзі сендіру 
қажет.
Мәжіліс
– бұл шешім табудың ұжымдық формасы. 
Мәжілістің 
жетістігі 
оның 
мақсатының 
анықтығына 
байланысты: мақсат нақты көрсетілсе, нәтиженің өнімді 
болуына мүмкіндік бар. Мәжіліс түрлері: проблемалық, 
нұсқаулық, 
оперативтік, 
әкімшіліктік 
оның 
мақсатын 
анықтайды.


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
97 
Мәжілістің күн тәртібі жете ойластырылып, алдын-ала 
мәжіліске қатысушыларға жіберілуі тиіс. Мәжіліс ұзақтығы 
талқыланатын 
мәселелер 
мен 
сұрақтарға 
байланысты. 
Тәжірибенің көрсетуі бойынша, үзіліссіз жиналыс ұзақтығы 35 – 
45 минуттан аспау керек

Адамдардың басым бөлігінің ақыл-ой 
қызметі осы уақытқа тең. Мысалы, білім беру жүйесінде әр 
сабақ ұзақтығы 45 минутты құрайды. Осы уақыт өткеннен кейін 
үзіліс жасау керек. Үзіліссіз бір-екі сағатқа созылған жиналыс 
адамды шаршатады, нәтижесінде жиналысқа қатысушылардың 
басым көпшілігі тезірек отырысты аяқтау үшін, қандай 
болмасын шешімге өзінің келісімін бере салады.
 
Мәжіліске қатысушылардың барлығының белсенділігін 
қамтамасыз ету үшін мынаны ескеру қажет: 
– сөз беру тәртібін ұйымдастыру: 
– бірінші жастарға сөз беру; 
– содан кейін беделді адамдарға сөз беру керек. 
Бұрын ең бірінші беделді, сыйлы, мәртебелі адамдарға сөз 
берілетін. Олардың жасаған баяндамалары батыл, жігерлі, бірақ 
олар мәселеледі шешудің дәстүрлі түрлерін қолданады. Тосын, 
өзгеше, жаңашыл ұсыныстарды көбінесе жастар жағынан 
шығады, бірақ олар беделді адамдардың сөздерінен кейін 
өздерінің пікірлерін білдіруден бас тартады. 
1)
сөзді қатар отырғандарға кезекпен беру керек. Әдетте, 
бір біріне қарама-қарсы отырған адамдар қатар отырғандарға 
қарағанда жиі жанжалдасады.
2)
қарастырылатын 
сұрақтардан 
ауытқушылықты 
болдырмау, барлық баяндамалар тек іске қатысты болуын 
қадағалау керек. 
3)
баяндама регламентін сақтау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет