–
бұл басқалардың бізді қабылдауы.
Шын мәнінде біз туралы пікірлердің қандай екенін біле
білмейміз (бұл әсіресе саясаткерлерге қатысты).
Талап етілетін имидж.
Мамандықтардың бірқатарына
тиісті талаптар қойылады.
Мысалы,
әскери форма аброй, бедел,
мәртебе белгілерін білдіреді.
Имиджді қалыптастыру:
Басшының позитивті образын
жасау оның қызметінің жетістігін айқындайды. Қол астындағы
қызметкерлерге билігін жүргізу тек өзінің күші, ақыл-ойы
арқылы ғана емес, сонымен қатар оның тартымдылығы мен
қалдыратын әсеріне байланысты. Адамның киім киісі, сыртқы
келбеті қол астындағы қызметкерлердің қарым-қатынасына
ықпалын тигізеді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары
1. Тұлға дегеніміз…...
2. Тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктері бойынша
білімдер базасының логикалық схемасын құрыңыз.
3. Тұлғалараралық қатынастардың оқытушылар қызметіне,
оқу-тәрбие үрдісіне әсері дегенді түсіндіріңіз.
4.
Ұйымдық құрылымдардағы басшының жеке тұлғасына
сипаттама беріңіз.
5. Қазіргі қоғамдағы имидждің түрлерін атаңыз?
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
105
14.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК-
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЛИМАТ
14.1. Педагогикалық ұжымдағы әлеуметтік-психоло-
гиялық климат
Ұжымдағы көңіл-күй мен қоғамдық пікір, эмоциялық
күш-қуат пен өзара қатынастың деңгейін ондағы қалыптасқан
әлеуметтік-психологиялык,
климатпен
айқындалады.
"Психологиялық климат", "әлеуметтік-психологиялық климат"
немесе "микроклимат" үғымдары ғылыми емес, астарлы,
ауыспалы ұғымдар. Географиялық климат сияқты мамыражай
әлеуметтік-психологиялық
климат
адамның
осындай
климаттағы ұжымда өзін барынша жайлы сезініп, тұлғалық
және кәсіптік қатынастарда өзін жан-жақты таныта алуын
білдіреді. Ұжымдағы психологиялық климаттың мазмұндық
сипатын адамдардың өзара қарым-қатынасы, олардың көңіл-
күйі, хал-жайы, бірлесе атқарған жұмыс процесіне көңілі толуы
айқындайтын
болғандықтан
психологиялық
климатты
сипаттауда эмоциялық бағаның маңызы зор. Жағымды
әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан педагогикалық
ұжым қолайлы моральдық-психологиялық ауа-райымен, жылы
шырайлылықпен, парыз бен жауапкершілікті құрметтеумен
өзара талапшылдықпен, сергектікпен ерекшеленеді.
Әлеуметтік-психологиялық климат ұжым мүшелерінің
бірлескен іс-әрекет пен өзара катынас процесінің сипатын
танытатын ұжымның сезімдік-психологиялык жағдайларының
жүйесін білдіреді.
Әлеуметтік-психологиялық климатты осылай
түсіне отырып, оның мынадай негізгі қызметтерін атауға
болады.
Педагогикалық
ұжымның
әлеуметтік-психологиялық
климатының
топтастырушылық
қызметі ұжым мүшелерінің
оқу-тәрбие
міндеттерін
шешуге
ұжымдық
күш-жігерді
топтастыруын, бірігуін іске асырады.
Ынталандырушылық қызметі
педагогикалық әрекеттің
қолдануына қажетті ұжымның "эмоциалдық күш-қуатын"
қалыптастыруға байланысты.
Наурызбаева Ш.Қ.
106
Тұрақтандырушылық қызметі
ұжымішілік тұрақтылығын
қамтамасыз етіп, ұжымға жаңа мүшелердің енуіне қажетті
алғышарт жасайды.
Реттеушілік
қызмет
өзара
қатынас
нормаларын
нығайтуда, ұжым мүшелерінің тәртібіне баға беруде көрінеді.
Психологияда
қолайлы
әлеуметтік-психологиялық
климаттың басты көрсеткіштерін айқындау бағытында
зерттеулер
жүргізілуде.
Бір
жағдайларда
көрсеткіш
ерекшеліктері ретінде тұлғааралық, адамгершілік, сезімдік,
құқықтық
өзара
қатынастар
қарастырылса,
ендігі
бір
жағдайларда ұжымдық әрекет тиімділігінің барынша жалпы
сипаттамасына баса мән беріледі.
Ондай сипаттамаларға мыналар жатады:
– ұжым мүшелерінің ұжымда болғанына, ондағы еңбек
процесі мен нәтижесіне қанағаттануы;
– ресми және бейресми жетекшілердің беделін мойындауы;
– ұжымдағы жарқын, көтеріңкі көңіл-күй;
– ұжым мүшелерінің басқаруға және ұжымның өзін-өзі
басқаруға қатысуының жоғары деңгейі;
– ұжым мүшелерінің топтасушылығы мен ұйымшылдығы;
– сапалы тәртіп;
– еңбектің өнімділігі;
– кадрлардың тұрақтылығы.
Қолайлы
әлеуметтік-психологиялық
климаттың
бұл
белгілерін педагогикалық ұжымға баға беруде қолдануға
болады.
Әлеуметтік-психологиялық климат қалыптасқан жағдайда
ол ұжым мүшелеріне жағымды немесе жағымсыз ықпал
жасайды. Өзара ақыл, ынтымақтастық қатынас біріккен ұжымда
тәжірибелі немесе жас мұғалім бірлескен қуаныш табады. Ал
немқұрайлылық, селқостық немесе қысым үстемдік еткен
жағдайда ұжым мүшесі ұнжырғасы түсіп, қағажау көреді, бұл
жағдай оның кәсіптік қызметінің төмендеуіне, дау-жанжалдың
пайда болуына, тіпті басқа ұжымға ауысуына апарып соғады.
Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
107
Достарыңызбен бөлісу: |