Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
99
2.
Жанама қарым-қатынас
–
қатысушылардың кері
байланыс уақытын ұзартатын, не
кешіктіретін жазу және
техника
құралдары
арқылы
жасалынатын
толықсыз
психологиялык контакт. Хат жазу,
кітап шығару, радиодан
сөйлеу т.с.с. адами қарым-қатынасты күрделендіріп жіберді.
3.
Тұлғааралық қарым-қатынас
–
екі не құрамы
өзгермейтін
топ
ішіндегі
таныс
адамдардың
тікелей
контакттілері.
Тұлғааралық
қарым-қатынастың
белгілері:
қатысушылардың
психологиялық
жақындығы,
бір-бірінің
ерекшеліктерін білуі, бірігіп күйзелуі, өзара түсінушілігі, ортақ
қызметтестігі.
Тұлғааралық қарым-қатынастың үш түрі бар:
1)
императивті
қарым-қатынас - іскерлік қарым-қатынаста
серіктесіңнің
іс-әрекетін
бақылау
мақсатында
оған
авторитарлы, нұсқаулы формада әсер ету;
2)
манипуляция
– іскерлік қарым-қатынаста серіктесіңнен
өзіңнің ішкі ойыңды жасыру мақсатындағы тұлғааралық қарым-
қатынас формасы;
3)
диалогтық
қарым-қатынас.
Индивидуалдық –
адамның мінез-құлық, жүріс-тұрыс
ерекшеліктерін көрсететін және іс-әрекеттің нақты түрімен
сәйкес келетін тұлғаның қасиеті.
13.2
.
Тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктері
Темперамент
– психологиялық әрекет динамикасының
әртүрлі жақтарын сипаттайтын, индивидтің тұрақты қабілетінің
заңды қатынасы. И.П. Павлов, темперамент адамның жүріс-
тұрыс, мінез-құлқының индивидуалды ерекшеліктерінің «негізгі
белгісі» болып табылады деп тұжырымдайды.
Темпераментті
құраушылар
белсенділік
және
эмоционалдылық
болып табылады
.
Темпераменттің
сангвиник,
холерик, флегматик, мелонхолик
типтері ажыратылған.
Достарыңызбен бөлісу: