Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент
109
оған қол жеткізудің әдістері мен құралдары туралы әртүрлі
пікірде болады.
Келіспеушіліктер әртүрлі
себептердің салдары болуы
мүмкін.
Педагогикалық
ұжымдағы
тұлғааралык
келіспеушіліктер бірлескен педагогикалық әрекет процесінде
орныққан
өзара
байланыстың
бұзылуына
байланысты
туындайды. Ол педагогикалық қызметке байланысты
мұғалімдер, басшылар арасындағы
іскерлік сипаттағы
байланыс болуы мүмкін.
Педагогикалық ұжымда орын алатын келіспеушіліктің
негізгі үш тобын бөліп көрсетуге болады.
Бірінші топ – кәсіптік-педагогикалық әрекетті максатқа
жетуге кедергі келтіретін, іскерлік байланыстардың бұзылуынан
туындайтын кәсіптік келіспеушіліктер. Бұндай келіспеушіліктер
жұмыстағы мұғалімдердің әрекет мақсатын түсінбеуінен және
өз ісін жете білмеуінен туындайды.
Екінші топ – педагог мінез-құлқының
өзара қатынас
нормасына сай келмеуіне, сол сияқты мінез-құлық пен іс-
әрекеттің ұжым мүшелерінің бір-бірінен күткен
талаптарына
сай келмеуінен туындайды. Ол педагогтың өз әріптестеріне
және оқушыларға көрсеткен әдепсіздігі,
кәсіптік этика
нормаларының бұзылуы, ұжым талабын орындамау және т.б.
түрінде көрініс береді.
Үшінші топ – педагогикалық процестерге қатысушылардың
мінез бен темпераменттік ерекшеліктері негізінде тұлғалық
сәйкессіздіктен туындайтын келіспеушіліктер. Бұл топты
негізінен
ұстамдылық, өзіне деген бағасы мен пікірінің аса
жоғары болуы, эмоциялық тұрақсыздығы құрайды.
Келіспеушілікті реттеу мынадай қисынды әрекеттердің
бірізділігінен тұрады: келіспеушіліктің алдын алу; пайда болған
жағдайда келіспеушілікті үйлестіру, жою;
келіспеушілік
ахуалды
шешудің
ең
оңтайлы
шешімін
қабылдау;
келіспеушіліктің түйінін шешу.
Келіспеушілікті алдын алу
кезінде сол адамның неге осылай жасағандығын анықтаудың
маңызы
зор.
Кәсіптік
мектеп
басшысы
қалыптасқан
келіспеушілік ахуалға немқұрайлы карамауы тиіс, сондықтан ол
келіспеуші жақтарды ашық әңгімеге тартып қалыптасқан
Наурызбаева Ш.Қ.
110
жағдайды бірге талдап, талқылауы тиіс. Келіспеушілікті басқару
кезеңінде басшы жеке әңгімелесіп, келіспеуші жақтарды алдағы
кездесуге араласуға психологиялық тұрғыдан дайындауы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: