Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары



Pdf көрінісі
бет67/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 
 
1.
Әлеуметтік- психологиялық климат дегеніміз…... 
2.
Педагогикалық ұжым анықтамасын жасаңыз. 
3.
Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжым, оның 
қызметіндегі ерекшеліктерін атаңыз. 
4.
Педагогикалық ұжымда пайда болатын келіспеу-
шіліктерінің мәні неде. 
5. Мектеп басшысы келіспеушілікке қалай қарауы тиіс. 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
111 
15. ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫМДАҒЫ 
ТҮСІНІСПЕУШІЛІКТЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ 
ЖОЛДАРЫ 
 15.1. Конфликтология және оның мәні 
Әрбір адам әртүрлі жайдайларда «конфликт» (дау-дамай) 
деген құбылыспен кездеседі. Тіпті, біздің арамызда ешқашан 
дау-дамайға түспеген адам жоқ шығар. 
Жалпы, «конфликт» сөзі (conflictus) латын тілінен енген
тура мағынасы дау-дамай (қақтығыс). 
Адамның өмірі қақтығыссыз өте алмайды, өйткені адам 
болған соң өзінің пайымдауы, өз көзқарасы, өз түсінігі болады. 
Бір мәселеге екі адам екі жақты қарайды. Конфликт жағымсыз 
құбылыс, оны басталмай тұрып алдын алады немесе дау-дамай 
пайда болған жағдайда оны өршітпей шешеді. 
Басқару ісіндегі қазіргі ғылымның көрсеткеніндей дау-
жанжал кәсіпорын тіршілігінің ажырамас бөлігі болып 
саналады. Көптеген басшылар жанжалды басуға тырысады 
немесе оған мүлдем араласпауды жөн көреді. Бұл екі бағыт та 
қате, себебі бұл кәсіпорын қызметінде маңызды шығындарды 
алып келеді. Бірінші бағыт кәсіпорынға керекті және пайдалы 
жанжалдың дамуына кедергі келтіруі мүмкін, екіншісі – жанжал 
еркін дамып кәсіпорынның өзіне тұтасымен және онда істейтін 
жекелеген адамдарға зиянын келтіруі мүмкін. 
Басқару ісіндегі ғылым жанжалды адамдар қарым-
қатынасының шамасы, яғни кәсіпорын тіршілігін түбегейлі 
өзгертетін, әлеуметтік-психологиялық шиеленісті шешетін 
элемент ретінде қарастырып құрылымдық бағыт ойлап табуды 
ұсынады. Ағылшын социологы Э. Гидденс жанжалға мынадай 
анықтама береді: «Жанжал деп мен әр жақтан жұмылдырылған 
күрес пен құралдарға қарамастан белгілі бір адамдар мен 
топтар арасындағы шынайы жұмысты түсінемін». Ресейлік 
жанжалды зерттеушілер Ф. М. Бородкин мен Н.М. Коряк 
даужанжалға былайша түсінік береді. Жанжал адамдардың 
қызметі және ол әрқашан белгілі бір мақсатты көздейді.
Дауласушы жақтар міндетті түрде іскерлік субъектілер болып 


Наурызбаева Ш.Қ. 
112 
табылуы керек. Бұл қайсыбір жанжалды қарым-қатынастағы 
субъектілердің құрал-жабдығы ретінде қатынасатын топтарды 
шынайы қатысушылардан ажыратуға көмектеседі. Ұйымдағы 
жанжалға қарым-қатынастағы субъектілер болып жеке тұлғалар, 
әлеуметтік топтар, кәсіпорынның бөлімшелері қатынаса алады. 
Бұл жағдайда жанжалтану (конфликтология) оларды 
қарсылас ретінде көрсетеді. Осының негізінде жанжалға 
мынадай анықтама беруге болады: Жанжал – бір жақтық іс-
әрекеті өзіне қарама-қайшы екінші жақпен соқтығысқанда оның 
мақсат-міндеттерін іске асыруға жол бермейтін қарсылас 
субъектілер іс-әрекетінің ерекше түрі.
Ресейлік А. Дмитриев, В. Кудрявцев және Г. Кудрявцев 
сынды жанжал танушылар өздерінің «Жанжалдың жалпы 
теориясына кіріспе кітабында жанжалдың пәні мен объектісін 
нақты бөліп қарауды ұсынады. Жанжалдың пәні деп олар екі 
жақ арасында даудың туындауына себепкер болатын объективті 
түрде ойдағы мәселені түсінеді. 
Жанжалдық пәні – бұл субъектілердің осы үшін өзара 
күреске түсетін негізгі қақтығысы. Бұл билік мәселесі, 
құндылықтарды иемдену немесе бедел т.б. болуы мүмкін. 
Жанжалдың объектісі әрбір материалды әлемнің немесе 
әлеуметтік шындықтық пәні болып табыла алады. Сондықтан, 
жанжалдың пәні – бұл орынның ішкі себебі. Бірі қарым-
қатынастан именіп тұруы мүмкін. Шеттен бақылаушыға бұндай 
қарым-қатынастар, объекті әрқашан табылатын араздық қатынас 
болып көрінеді. Бұл көңіл-күйге негізделген жанжалдар. Көңіл-
күйге негізделген жанжалдардың бастамасы қарсыластық жеке 
басының қасиеттерінде немесе психологиялық сәйкессіздігінде 
жатуы мүмкін. Жанжал шығуы үшін жанжалды оқиға және 
қарсыластар жағынан объектіні иемденуге бағытталған іс. 
Әрекет болуы керек. Бұндай іс-әрекеттер инцидент деп аталады 
Кейбір жағдайларда ұйымдарда болатын дау-дамайлар 
пайдалы. Конфликт әртүрлі мәселелерді, көзқарастарды шешуде 
көмегін тигізеді және де адамдарға өздерінің ойларын білдіруге 
мүмкіндік береді.
Конфликтология – бұл негізгі қызметі дау-дамайдың 
табиғаты мен себептерін анықтау және оларды практикалық 


Кәсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент 
113 
реттеу мен шешудің әдістерін жасау болып табылатын 
теориялық-қолданбалы 
бағыт. 
Конфликтология 
бойынша 
зерттеу жұмыстары практикалық проблемаларды шешуге 
бағытталған. Бірінші орында конфликтологияның қолданбалы 
функциясы тұрады, ол әлеуметтің «жанды нүктелерін» анықтау 
үшін нақты ақпарат береді. Басқа сөзбен айтқанда конфликт 
– екі не одан көп индивидтің немесе топтың арасында келісімнің 
жоқтығы. Әр жақ өз дегенінде тұрып, қарама-қарсы жақтың 
позициясын қорғап қалуына кедергі келтіреді. 
Зерттеуттеулерге 
үңілсек, 
дай-дамайдың 
80%-ы 
қақтығысқан адамдардың еркінен тыс жүргізіледі екен. Ол адам 
психикасына байланысты, ал көбі оған мән бере қоймайды. 
Конфликтердің 
пайда 
болуына 
септігін 
тигізетін
конфликтогендер
бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет