Ш.Қ. Наурызбаева КӘсіптік оқыту жүйесіндегі педагогикалық менеджмент


Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжым



Pdf көрінісі
бет65/81
Дата20.09.2023
өлшемі1,05 Mb.
#109265
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81
Байланысты:
Наурызбаева Ш. КӘСІПТІК ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ

14.2. Білім беру мекемелеріндегі педагогикалық ұжым, 
оның қызметіндегі ерекшеліктер 
Кең көлемдегі кәсіптік-педагогикалық міндеттерін атқара 
жүріп мұғалім өзін және еңбегін жұртшылықтың бағалауын 
қажет етеді. Педагогтар әсіресе беделді адамдар тарапынан, 
соның ішінде басшылар мен ата-аналар тарапынан берілген 
бағаны 
түсінуге 
бейім. 
Жағымды 
баға 
педагогты 
ынталандырады. Жағымсыз баға өзінің қызметін, кәсіптік 
позициясын, өзгелермен қарым-қатынасын қайта қарауға негіз 
болады. Сондықтан педагогикалық ұжымдағы қатынас өзара 
сыйластық, принципті, талапшыл және тілеулестік сипатта 
болуды талап етеді. 
Әлеуметтік-психологиялық 
климаттың 
тұлғаға 
ықпал 
жасауының механизмі еліктеуден – өзге адамдардың сезімін
ойларын 
тікелей 
қолдану, 
пайдаланудан 
тұрады.
Педагогикалық қызмет барысында кейбір мұғалімдер өз 
әріптестерінің эмоциялық жағдайын түсінуге және оған төзуге 
қабілетті болса, екіншілері оның психологиялық жағдайына 
талдау жасап, өз сенімі, ықыласымен сәйкес келетін, 
келмейтіндігін салыстыруға бейім болады. Ұзақ уақыт бірлесе 
қызмет жасау, мүдде ортақтығы жағымды еліктеу процесін 
едәуір жеделдетеді. Өз әріптесінің сезімдік-психологиялық 
көңіл-күйін танып, оны түсіне алған педагог қалыптасқан
жағдайдан шығудың оңтайлы шешімін өз басынан іздестіреді. 
Өзара әрекеттестіктен екінші жағы жеке тұлғаның 
ұжымдағы климатқа ықпалынан тұрады. Обал, сауапты білетін, 
принципті, іске жауапкершілікпен қарайтын, төртіпті, көпшіл, 
қайырымды, әдепті педагогтар ұжымда жағымды климат 
қалыптастыруға елеулі ықпал жасай алады. Ал керісінше, 
әдепсіз, тәртібі тиянақсыз ұжым мүшесі жағымсыз климат 
орнықтыруға ықпал жасайды. 
Ұжымның 
жалпы 
климаты 
оның 
мүшелерінің 
интеллектуалдық, 
сезімдік 
және 
мінездерінің 
жігерлілік 
белгілеріне тәуелді болып келеді. Жекелеген педагогтардың 
танымдық 
белсенділігі, 
өнер 
тапқыштығы 
ұжымды 
инновациялық қызметті дамытып, жаңа технологиялар


Наурызбаева Ш.Қ. 
108 
іздестіруге ұмтылады. Жігерлі педагог-жетекші соңынан 
өзгелерді ерте алады. Егер ұжым мүшелерінің ақыл-ойы, сезімі, 
ерік-жігері педагогикалық қызметке жұмылдырылса, онда 
табысқа жету қиын емес. 
Жеке адамның ұжымға және оның әлеуметтік-
психологиялық климатына ықпал жасайтын негізгі әдістері – 
көзін жеткізу, сендіру, жеке үлгі көрсету. 
Көзін жеткізу 
адамдардың бағасын, пікірін, қалыптасқан мінез-құлқын 
нормалары мен ережелерін нақты адамның – көз жеткізетін 
тұлғаның түсінігіне сәйкес өзгертуге бағытталады. Осы 
жағдайда көз жеткізуші факторлардың қуатын, қисынмен
дәлелді пайдаланып, тек ақыл-ойға ғана емес, әңгімелесушінің 
сезіміне де әсер етеді. 
Сендіру 
процесінде бір адамның екінші 
адамға немесе тұтас ұжымға әсері міндетті немесе міндетсіз 
түрде іске асады. Сендірудің көмегімен педагогикалық ұжымда 
көңіл-күй қалыптасып, идеялар, педагогикалык құндылықтар 
орнығады. Ұжымдағы жағымды әлеуметтік-психологиялық 
климаттың қалыптасуына жеке тұлғаның жасайтын ыкпалы
тиімді әдісі
жеке үлгі көрсету 
болып табылады. 
Ол үлгі адамның өз еңбегіне, әріптестеріне, ұжымдық 
пікірге қатынасы болуы мүмкін. Үлгі барлық кезде де нақты, 
ол 
әрекет пен мінез-құлықтың үлгісін береді, көңілдегі мен 
өмірдегіні салыстыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет