111
100 ЖОБА 100 ПРОЕКТОВ
қысқы нөмір 1432
services.atameken.kz
www.atameken.kz
35. бигбЭгТерді Өндіру
жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: қаптауға арналған жұмсақ контейнерлерін (бигбэгтерді) өндіру цехін ашу.
Өнімі: қаптауға арналған жұмсақ контейнерлер (бигбэгтер).
Жоба құны: 3 505 000 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 24 ай.
жоба тұжырымдамасы
Өндіріс жұмсақ контейнерлерді шығаруды көздейді. Өндірістің даму кезеңі – бастапқы. Өндірістің басты мақсаты
ұйымдар мен компанияларды жоғары сапалы жақсы және берік ыдысқа сұранысын қанағаттандыру болып табылады. Бұл
мақсат үшін жабдық пен материалдар сатып алуды болжамдаймыз.
Ашудың мақсаты мен міндеті. Қазіргі уақытта қаптауға арналған жұмсақ контейнерлердің (бигбэгтердің) өндірісінде
кәсіпорындардың аз көлемі айналысады, дегенмен заманауи әлемде оларды сусымалы материалдар өндіретін көптеген
компаниялар, тіпті өнеркісіптік кәсіпорындар пайдаланады.
Бигбегтерге сұраныстың туындау себептері отандық өндірістің ішкі нарығында өндірістік үрдістердің және тауар түр-
лерінің жаңартылуы, сонымен қатар, өнімнің қаптамалық заттарының толық қайта бейімделуі.
Өкінішке орай, немесе біздің бағымызға, үлкен көлемді ыдыстармен қамту проблемасы қанағаттандырылмаған. Өткі-
зу нарықтары – бұл Қазақстанның барлық ірі қалалары. Көптеген ірі өндірістік компаниялар қағаз ыдыс немесе полипро-
пиленнен жасалған қапшықтарды сатып алуға алуан қаражат салады. Бірақ ол олардың көңілінен шыға бермейді.
Осы шығынды бөлікті төмендету үшін ірі компаниялардың сұраныстарын қанағаттандыруға көмектесетін жұмсақ
контейнерлердің (бигбэгтердің) өндірісін ұсынамыз.
Қалған өндірушілерге қатысты сапалы ыдысқа сұранысты толық қанағаттандыру үшін біздің кәсіпорнымыз ашылады.
Осы жобаның табыстылығының барлық негіздері төменде бизнес-жоспардардың келесі бөлімдерінде келтірілген. Бұл
бизнес-жоспар жоғары сапалы бигбэгтер өндірісін ашу үшін 3 млн.теңге сомасында қаржыландыруды тарту мақсатында
ұсынылды.
Сапалы және үлкен ыдысқа сұраныстың жағдаятын, сұранысын және өсу келешегін ескере отырып, өндіріс ашу тура-
лы мәселе туындайды:
1. шағын-цех үшін
жабдық сатып алу;
2. қойма жабдығы;
3. айына 2000 данадан жоғары деңгейінде өткізу көлеміне, айына 5 000 000
теңгеге шығу;
4. жеке өткізу желісін дамыту және өнім сатып алушыларымен жаңа сауда байланыстарын орнату.
Келешекте клиенттік базаны кеңейту өндірісті ұйымдастыру саласында бірқатар негізгі міндеттерді шешуге мүмкіндік
береді: өндірісті кеңейту мүмкіндігі, өнім түрін ұлғайту және басқа.
Өнім сипаты
Биг-бегтер – бұл ыдыстың салыстырмалы жаңа түрі, оны пайдалану жүктерді ыңғайлы тасымалдаумен бірге, алу-са-
лу жұмыстары барысында контейнерлердің ішіндегісін жоғалтусыз, ұзақ арақашықтықтарға апару мүмкіндігін береді.
Биг-бэгтердің сырты мен қабырғаларын дайындайтын экологиялық таза материал азық-түлікті, бидайды, қантты, ұнды
және адам денсаулығына тікелей әсерін тигізетін өзге жүктерді сақтауға және тасымалдауға мүмкіндік береді.
Әрбір өндірісте биг-бэгтерді өнімдер мен шикізатты, материалдар мен түрлі химиялық заттектерді сақтау үшін пай-
даланады.
Достарыңызбен бөлісу: