Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері



бет12/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Қорытынды
Қаржылық ресурстар бұл – ақша несие және бюджет жүйесі қаражаттары болып табылатын экономикалық ресурстардың негізгі бөлігі.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл меншікті ақшалай кірістердің және кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған тартылған қаражаттар, ағымдық қаржыландыру шығындары және өндірісті кеңейтумен байланысты шығындар жиынтығы, яғни шаруашылық субьектінің басқаруындағы және қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған ақшалай кірістер мен түсімдер болып табылады.

Қаржылық ресурстар кәсіпорынмен өндірістік және инвестициялық қарекет барысында қолданылады. Олар барлық уақытта қозғалыста болады және ақшалай формада тек қана кәсіпорынның кассасында және банктің есеп шоттарында ақша қаражаттарының қалдығы түрінде болады.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары шығуы бойынша меншікті (ішкі) және әр түрлі жағдайларда тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.

Меншікті қаржылық ресурстар өзіне:


  • пайда;

  • амортизациялық аударымдар;

  • өнімді өткізуден түскен табыс;

  • тұрақты пассивтер;

  • құрылысқа салынған мобильді ішкі ресурстарды қосады

Қаржылық ресурстарды қаржыландырудың тартылған немесе сыртқы көздеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • меншікті;

  • қарыздық;

  • бюджеттік ассигнациялау.

Кәсіпорынның алғашқы қаржылық ресурсы оның құрылған уақытынан бастап, яғни қаржылық капиталдың пайда болу кезінде қалыптасады.

Қаржылық ресурстардың көздері болып, олардың қызмет етуінің ұйымдық - құқықтық нысанына байланысты акционерлік капитал, кәсіпорын мүшелерінің пайлық салымдары, бөлімшелердің қаржылық ресурстары, ұзақ мерзімді несиелер, бюджет қаражаттары табылады. Жарғылық қор көлемі өндіріс қызметіне инвестицияланған негізгі және айналыстағы ақша қаражаттарының мөлшерін көрсетеді.

Кәсіпорынмен қаржы ресурстарының пайдалануы көптеген бағыттарда жүзеге асырылады. Олардың бастылары болып келесілер табылады:


  • қаржылық міндеттемелерді атқаруға бағытталған қаржылық - банктік жүйе ұйымдарының, бюджетке салықтық төлемдер, банктік несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздар, алынған ссудаларды жабу, сақтандыру төлемдері және т.б.

  • өндірісті кеңейту және оны техникалық пайдалану мақсатындағы, сондай-ақ жаңа прогрессивті технологияларға көшу, ноу-хауды пайдалануға байланысты меншікті қаражаттар мен шығындарды инвестициялау;

  • нарықта тұтынылатын бағалы қағаздарға қаржылық ресурстарды инвестициялау: акциялар және облигациялар;

  • марапаттау және әлеуметтік нысандағы қаржылық қорлардың пайда болуына бағытталған қаржылық ресурстар;

  • қаржылық ресурстарды қайырымдылық мақсаттарда және демеушілік шараларында пайдалану.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды пайдалануы көптеген бағыттар бойынша жүзеге асырылады, олардың негізгілері болып келесілер табылады:

  • қаржылық міндеттемелерді орындауға негізделген қаржы - банктік ұйымдарға төлемдер. Оларға: бюджетке салықтық төлемдер, несиені пайдаланғаны үшін банкке пайыздар төлеу, алынған несиені өтеу, сақтандыру төлемдері және т.б.;

  • өндірістік процесті ұйымдастыру үшін қажетті материалдық ресурстарды сатып алуға қаржылық ресурстарды пайдалану;

  • өндірісті кеңейтумен оны техникалық жаңартумен, жаңа прогрессивті технологияларға өтумен, «ноу-хауды» пайдаланумен байланысты капиталдық шығындарға меншікті қаражаттарды инвестициялау (қайта инвестициялау);

  • қаржылық ресурстарды бағалы қағаздарға инвестициялау: өзге фирмалардың акциялары мен облигациялары, мемлекеттік қарыздар;

  • қаржылық ресурстарды мадақтау және әлеуметтік саладағы ақшалай қорларды қалыптастыру үшін қолдану;

  • қаржылық ресурстарды қайырымдылық және демеушілік мақсаттарда пайдалану.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ балансын талдау кезінде біз келесі қорытындыға келдік: кәсіпорынның айналым құралдары жеткіліксіз, оның салдарынан кәсіпорын төлемқабілеттілік және өтімділік бойынша қиыншылықтарды кездестіреді. Оларды жою үшін келесідей шараларды жүзеге асыру қажет:

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы запастар мен шығындар деңгейлерін ғылыми негізделген көлемде төмендету қажет.

Талдау жасаған кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ запастар мен шығындардың үлестік салмақтарының жоғары және өсу тенденциясына ие екенін көрдік. Бірақ бұдан өтімді активтер көрінбейді. Сондықтан, ағымдық қаржылық жоспарлаудың ең негізгі мәселесі ретінде айналым құралдарының көлемін оптимизациялау қажет. Олардың көлемінің оптимизациясы бір жағынан пайданы максималды көлеміне жеткізеді, ал екіншіден қажет деңгейдегі өтімділік пен коммерциялық тәуекелді ұстап тұрады. Кәсіпорынның запастар мен шығындарын нормалау және жоспарлау айналым құралдарын босатып, кәсіпорынның төлемқабілеттілігін арттырады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың маңызды факторларының бірі - өзіндік құнды азайту болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін келесі шараларды қолдану қажет:


  • транспорттық қызметтерге, жер асты және капиталдық жөндеуге, техникалық қызмет көрсету мен электр құралдарының ағымдық жөндеуге, тарифтерді қайта қарастыру, сондай-ақ вахталық мекендердегі жатақханаларды ұстау шығындарын қайта қарастыру;

  • жұмыс уақыты мен тасымалдау маршруттарының арақашықтықтарын өлшеу арқылы автокөліктер мен арнайы техниканы пайдалануды реттеу;

  • мердігерлердің көрсететін қызметі мен оларға бағаларды салыстыру негізінде шаруашылық келісімдерді жасау, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін тиімді нұсқаны таңдау.

Жылдан жылға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның су астында орналасқан кенорындары көбеюде, бұл өндірісті ауырлатып және өнімнің өзіндік құнына теріс әсерін тигізеді. Мұндай жағдайда келесідей шешім қабылдау қажет: жаңа негізгі құралдарды енгізу, инновациялық жетістіктерді қолдану және амортизацияның жинақталуына назар аудару қажет.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін дебиторлық қарыздармен жұмыс жасап, күмәнді қарыздардан бас тартып, сенімді серіктестерді іздеу қажет.

Көрсеткіштерді талдай келе, кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметі жағдайына тек қана ішкі факторлар ғана емес, сондай-ақ, елдегі саяси және экономикалық жағдай, ақша нарығы жағдайы, меншікті капиталмен қамтамасыз етілуі, кәсіпорынның қаржылық - дебиторлық жағдайлары әсер етеді.

Жоғарыда көрсетілген жүргізілуі тиіс шаралардан басқа қаржылық менеджерлер кәсіпорынның бағалық саясатының мүмкіндіктерін, өткізу нарығын кеңейтуді қарастыру қажет. Таза ағымдық активтердің төмендеу жағдайында өткізу көлеміің өсуі, меншікті капиталдың өсуі мен дебиторлық қарыздың төмендеуі кәсіпорын несие қабілеттілігін арттырудың идеалды әдісі болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет