Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері


«ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаясы Акционерлік Қоғамының шаруашылық және қаржылық жағдайларын талдау



бет5/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дип. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарды пайданалнуды жетілдіру жолдары - 2011

2 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаясы Акционерлік Қоғамының шаруашылық және қаржылық жағдайларын талдау
2.1 «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаясы Акционерлік Қоғамының баланс активтерінің орналасуын және құрамын талдау

Бұл бөлімде «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Акционерлік Қоғамының баланс активтерінің орналасуына және құрамына талдау жүргізіліп, қаржылық тұрақтылықты сипаттайтын көрсеткіштер анықталды. Сондай-ақ кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігіне талдау жүргізілді.

«ҚазМұнайГаз» тік интеграциялық ұлттық компанияның құрамына «ҚазМұнайГаз Өнімдері» акционерлік қоғамға кіреді.

«ҚазМұнайГаз Өнімдері» АҚ — бас офис пен 13 аймақтық бөлімшелерден тұратын тік интеграцияланған компания.

Өкілетті органның шешімімен 2009 жылғы 3 наурызда саны 5 адамнан тұратын компанияның Директорлар кеңесі сайланған. Директорлар кеңесі құрамында — «ТД ҚазМұнайГаз» АҚ өкілдері, компанияның бірінші басшысы және 2 тәуелсіз директоры бар.

Директорлар кеңесі шешімімен құрамында Бас директордың орынбасарлары және үш басқарушы директоры бар Қоғам басқармасы сайланған. ҚазМұнайГаздың еншілес компаниясы халықаралық қор нарығына шықты. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚнегізгі қызметі: мұнай және газ өнімдерін өндіру мен тасымалдау, мұнайды өңдеу, өңделген мұнай және мұнай өнімдерін өткізу, мұнай және газ кен орындарын барлау және өндіру, мұнайдың, газдың, судың және жыныстардың физикалық – химиялық қасиеттерін айқындау бойынша лабораторлық жұмыстар, жерасты сулары кен орындарының мониторингін жүргізу, мұнай өндіруді қарқындату, технологиялық мұнай – газ кәсіпшілігі жабдығын монтаждау, газды пештерге жеткізетін құбыр желілерін, сондай –ақ тіректі арматура мен қысым реттегіштерді пайдалану, монтаждау және жөндеу, қысыммен жұмыс істейтін қыздыру пештерін, қазандықтарды, түтіктерді, резервуарларды, газ өндіру, газ тасымалдау жабдықтарын, жүк көтергіш механизмдер мен машиналарды, автомобильдік газ баллон қондырғыларын, темір цехтарын жөндеу және сынау, жарылғыш заттарды, жарылу құралдарын және иондық әсер ету көздерін сақтау, пайдалану және тасымалдау, белгіленген тәртіппен осы құралдардың импорты, белгіленген техникалық, экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкес қабат қысымын ұстау объектілерін техникалық сумен қамтамасыз ету болып табылады /22/.

Баланс активіне кәсіпорындағы капиталдың орналасуы туралы, сондай-ақ нақты мүлікке және материалдық құндылықтарға салынған салымдар, кәсіпорынның өнімді өндіруге және өткізуге кеткен шығындары, бос қалған қолма - қол ақша қаражаттары туралы мәліметтер кіреді. Енгізілген капиталдың әрбір түріне байланысты жеке баланс бабы болады. Баланс активінің баптарға бөлінуінің негізгі белгісі болып өтімділік табылады (қолма-қол ақшаға айналу жылдамдығы). Осы көрсеткіш бойынша баланстың барлық активтері ұзақ мерзімді немесе негізгі капитал және ағымдық активтер (айналым) болып бөлінеді.

Кәсіпорын қаражаттары ішкі және сыртқы айналыста қолданылады (дебиторлық қарыз, бағалы қағаздарды сатып алу, өзге кәсіпорындардың акция, облигацияларын сатып алу).

Кәсіпорын қаражаттарын орналастырудың оның қаржылық қарекетінің тиімділігін арттыруда маңызды. Негізгі және айналым құралдарына қандай қаражат салынғандығынан, олардың өндіріс және айналыс аясына қаншалықты жұмсалғандығынан, ақшалай және материалдық формасынан кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметінің көрсеткіштерінің нәтижесі тәуелді. Активтің жалпы құрылымын және жеке бөлімдерін талдау, олардың тиімді орналасуына мүмкіндік береді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2009-2010 жж. арналған баланс бойынша активтердің құрамы мен құрылымын талдайық.

Кесте 1 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның 2009-2010 жж. арналған бухгалтерлік балансы

(мың теңге)



Баптар

2009 жыл

2010 жыл

1

2

3



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет