Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері


«ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы



бет10/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Дип. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарды пайданалнуды жетілдіру жолдары - 2011

3.2 «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының даму стратегиясы

Көптеген мемлекеттердің, ірі мұнай компанияларының тарапынан Қазақстанның көмірсутекті ресурстарын игеруге деген қызығушылығы әлемнің өзге мұнай өндіруші аймақтарына, басқа қызмет салаларына капиталды инвестициялаумен салыстырғанда коммерциялық артықшылықтарға ие болу мүмкіндігімен түсіндіріледі. Оның аймақтық жүзеге асырылуы акционерлік қоғам нысанында құрылған көптеген біріккен кәсіпорындардың құрылуымен, мұнай компанияларының мұнай ресурстарын игеру жобаларын жүзеге асыруына қатысуымен сипатталады.

Мұнай саласын дамытудың негізгі мақсаты көмірсутек өндіру көлемін жылына 70-100 млн. тоннаға жеткізу. Осы шикізат ағымын тұтынушыларға экспорттық мұнай құбырлары арқылы тасымалдау жоспарлануда. Мұнай құбырлары құрылысы Ресей, Иран, Түркия, Батыс Еуропа елдерінде, Қытайда жүргізіліп, саланы дамытудың артықшылықты бағыттарының біріне кіреді. / /

Оптимисті көзқарас бойынша мұнайды ішкі тұтыну жылына, 2008 – 2015 жж. – 47,0 – 51,0 млн.тоннаға жеткізу көзделуде. Сондай-ақ, егер бұл көлемді жалпы өндірілген мұнай көлемінен алып тастайтын болсақ, онда сыртқы нарықта сату үшін 2011 жылы 15,0-20,0 млн.тонна; 2010-2015 жж. – 28,0-33,0 млн.тонна жылына шығарылады /21/ .

Қолайлы жағдай туындаған (қажетті технологиялық құралдармен, құрылыс материалдарымен, мамандандырылған қызметкерлермен, қамтамасыз етуді кепілдендіретін жаңа мұнай өңдеу зауыттарын салуға қаржыландыру көздерінің болуы) яғни, құрылыс объектілерінің аяқталуы мен оларды іске қосуды есепке алуға мүмкіндік болған кезде коммерциялық пайда республикада тұтынушысы жоқ газ өңдеу өнімдері есебінен артуы мүмкін. Олардың қатарына этилен және бутан кіреді.

Бүгінгі таңда мұнай саласы тек алғашқыларды бірі болып қана қоймай, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның болашағын анықтаушысы болып танылады. Шетел тәжірибесінен көретініміздей, энергоресурстардың әлемдік нарығында бүкіл өнім спектрі бойынша – шикізаттан бастап өңдеуге дейін айналысатын мықты компаниялар қызмет атқарады. Бұл компаниялар мамандандырылған кәсіпорындар мен фималар түрлері алдында бәсекелестік артықшылыққа ие. Осы тұрғыда Қазақстан мұнайын өндіруінің бүкіл жүйесін, барлаудан бастап өнімді қайта өңдеуге, қайта қалпына келтірілмейтін ресурстарды тиімді пайдалануға дейін қайта қарастыру керек. Бұл компанияны әлемдік деңгейге шығару үшін маңызды болып табылады. Осы жолда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ барлық күшін жұмсауда.

Біріншіден, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ гидрожарылыс бойынша жоғарғы тәжірибесін ескере отырып Ресейлік ұйымдармен келісімшарт жасасты. Келісімшартта ТМД-да жалғыз болатын гидрожарылыс бойынша арнайы кешен құру қарастырылды.

Екіншіден, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кенорындарын ары қарай бұрғылау үшін база жинақталады.

Қазіргі кезде жұмыс интенсификациясының қазір заман әдістері игерілуде. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ ішкі сенімдері – жылына шамамен 5 млн.тонна мұнай өндіру.

Қалыпты еңбекті қамтамасыз ету үшін өзге де шаралар жүргізілуде: кенорында негізгі еңбекті атқару үшін жаңа өндіріс орындары ашылды, сонымен қатар шыныпластикалық құбырлар және перфорация өндіру бойынша линия, геофизикалық зерттеулер үшін жарылғыш заттар дайындайтын екі зауыт ашу жоспарлануда.

Мұнай өндіруді дамыта отырып және оны тасымалдаудың жаңа әдістерін игере «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Павлодарлық МӨЗ ( Павлодарлық мұнай өңдеуші зауыт) негізгі иесі болды. Алғашқы жүргізілген шаралар кешені зауыт өндірісінде біршама мәселелерді шешті және жүргізілген шаралар бойынша оңтайландырудың ағымдық сызбасы анықталды. Келісімшарттар жасалды, зауыт жұмысы үшін қажет өте қуатты және қымбат катализаторлар сатып алынды, колонналарды жөндеу, өндіріс жағдайларын жақсарту және мұнай өнімдерінің сапасын жоғарылату бойынша келісімшарттар жасалды. Сонымен қатар зауыт жұмысын мұнай - химиялық өндіріске өткізу үшін қажетті техникалық – экономикалық дәлелдеулерді ұсынған неміс инженерлік компаниясымен келісім жасалды. Алғаш үш кезең өте қымбат және 150 млн. доллар шамасында, бірақ бұл Қазақстандағы мүмкін болатын ең алғаш мұнай - химиялық өндіріс болып табылады және ол мұнай өнімдеріне қарағанда тиімді баға қалыптасатын жаңа өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Осылайша зауыт «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ арқасында өзінің дамуындағы екінші кезеңді бастайды. Болашақта ПМӨЗ қаржылық нәтижесі «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өзінің нәтижелеріне жетеді.

ПМӨЗ - нің қалыптасқан жұмысының арқасында соңғы тұтынушыға арналған мұнай өнімдерін шығару кезеңі басталды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 50-ден аса жанар-жағар май станцияларын (ЖЖС) сатып алып, Алматы, Қарағанды және басқа қалаларды мұнай өнімдерін сатудан алғашқы орында.

Шымкент қаласында ең тиімді қызмет ететін ЖЖС – бұл ШНОС емес, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ иелігіндегілер, себебі баға саясаты жүргізіледі. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-ның жұмысы делдалдарсыз, көтерме сатып алушыларсыз жүргізуге бағытталған және өз иелігіндегі ЖЖС-ларды тікелей мұнаймен қамтамасыз етуді жүргізеді.

Реттелетін нарық, толық жоспарлы өндіріс, мұнай базаларымен және ЖЖС-мен қатынас жасау сызбалары, мамандарды дайындау сияқты мәселелерді 2012 жылға дейін аяқтау жоспарланды. Қазіргі кезде өз ресурстарының көп бөлігін өндіріске, өнеркәсіпке, экономикаға инвестициялау жасалады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ көмегімен Алматы және Астана қалаларындағы суды тазалайтын жаңа зауыттар салынды. Жаңадан суды тазарту мен бөтелкеге құю жұмыстары Ақтау қаласында, теңіз жағасында салынуда және тазарту бойынша құрал-жабдықтар қондырылған.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ «Ардагер» сияқты мемлекеттік бағдарламаны инвестициялауға және қолдауға қатысты. Бұл өте жүйелі, жан-жақты және экономикалық тиімді бағдарлама, ол бойынша республикамыздың солтүстік облыстарындағы алынған астықтарды соңғы өнімге дейін өндіру және сол орындарда нарыққа шығару көзделеді.

Республикада «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сияқты әлеуметтік бағдарламаға мұндай көлемде қаржы салған бірде – бір компания жоқ. Бұл тек қана жоғарыда аталып өткен зауыттар емес, сонымен қатар жөнделген шипажайлар мен балалар үшін лагерьлер.

2010 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай мпен газ өндіру бойынша бекітілген тапсырманы орындады. Өндіру бойынша жоспар 70 мың тоннаға аса орындалды, жолшыбай газ өндіру 101,3 % асырылды. Сонымен қатар мұнай өндірә көлемінің өсу динамикасы өзіне көңіл аудартады.

Бұл көрсеткіштерге жетуге келесідей ұйымдастырушылық-техникалық шаралар өткізілгені әсер етті:



  • жоспарланған механизацияланған қордың 100 ұңғысының жұмыс істеуі орнына жұмыс режимін оңтайландыру арқылы 611 ұңғының жұмыс істеуі, бұл қосымша 124 мың тонна мұнай өндіруге мүмкіндік берді және алдыңғы жылмен салыстырғанда 4 есе көп;

  • жоспарланған 100 ұңғының жұмыс істеуінің орнына алдыңғы жылы істен шыққан ұңғыларды жөндеу арқылы 131 ұңғы іске қосылды, қосымша өндіріс 64 мың тоннаны құрады;

  • Қаламқас кенорынында 57 ұңғыға жаңа технологиялы насостар іске қосылды. Бұл насостар орнатылған ұңғыларда мұнай өндіру жоспарлы көлемде, ал кейбіреулерінде жоспардан асып түсті. Мұндай насостарды қолдану тұрақты жқмысты қамтамасыз етеді және жөндеу уақытты созады;

  • Мұнай өндіру көлемін арттыру мақсатымен Жетібай кенорынында жаңа технологиялы терең енгізілетін пласттың гидрожарылғысы қолданылды. Жетібай кенорыныны бекер таңдалмаған, себебі ол кенорындардың көнелерінің бірі. «Арнайы машина жасау және металлургия» АҚ-ның ұсынылған технологиясы көмегімен гидрожарылғыш 35 ұңғыда қондырылып, оң нәтиже берді. Оны қондырудан мұнайдың қосымша өндіріс көлемі 62 мың тонна болды.

Жоғарыда көрсетілген шаралар кешені мұнай тапсырысы көлемін 2010 жылы 4 млн.149 мың тоннаға дейін жеткізді, ол жоспарланған көлемнен 77,3 мың тоннаға артық. Бірақ шикі мұнайды мұнай өңдеуші зауыттарға өткізу «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін онша тэкономикалық тиімді емес, ол бәсекеқабілетсіз бағалармен және салық салудың жоғары деңгейімен байланысты. ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ отандық мұнай өңдеуші зауыттарға мұнай жеткізу көлемін ұлғайтты, соның ішінде ПМӨЗ-на 609,2 мың тонна көлемінде.

Ерекше назарды өткізілетін мұнай сапасына аудару қажет. 2010 жылы сапаның жоғарғы тобы бойынша барлық мұнайдың 67,3 % ғана өткізілді, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 14 %-ға кем. Бұл мәселе «ЖетібайМұнайГаз» өндірістік басқармасында көзге көрінді. Себебі мұнда сапаның жоғарғы тобы бойынша барлық мұнайдың тек қана 10,8 % өткізілді. Төмен сапалы өнімді өткізуден жоғалтулар мұнайды дайындау технологиясының салдарынан пайда болады. Осы орайда, ең басты мәселе болып Жетібайдағы мұнай дайындау цехын түбегейлі қайта құру табылады, ол қосымша инвестициялар тартуды қажет етеді.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да бар барлық мәселелер Жетібай кенорынымен тікелей байланысты. Мұндағы өндіретін ұңғылар қорының қанағаттанарлық емес жағдайда екенін айта кеткен жөн.

Бұл мәселе соңғы 15-20 жыл бойы шешілмеуде. Мысалы, 2011 жылдың 1-ші қаңтары жағдайына 625 өндірушілік және 238 итермеушілік ұңғылар істен шыққан, ол бар ұңғылар қорының сәйкесінше 71% және 80% құрайды. Басқаша айтқанда, Жетібай кенорны бар мүмкіндіктерінің ¼ бөлігін ғана пайдалануда. Істен шыққан ұңғылар қорының көп көлемде қалыптасуының басты себебі соңғы жылдарда қажетті ұңғылар құрал-жабдықтарына материалдық-техникалық және қаржылық ресурстардың жеткіліксіздігі. Ал ең негізгісі ұңғылардың толық жөндеуге қаражаттардың жетіспеуі. 40 жыл қызмет етіп келе жатқан бұл кенорынның мүмкіндіктерін пайдалану үшін оны сауықтыру шараларын жүргізу қажет. Кеорынды өңдеу жобасын қайта қарастыру, ұңғыларды толық жөндейтін жұмыс топтарының санын көбейту, негізгі қорларды жаңартуға ресурстар салу, пласттық қысымды ұстап тұратын жүйені қайта құруды жүргізу сияқты алғышарттар жасалу қажет. Жаңа ұңғыларды бұрғылауға кірісу керек. Бұл шараларды қолдану серіктес кенорындарға да қажет, оларға Атабай, Ащыағар, Айрантақыр, Солтүстік Қарақия жатады. Бұл кенорындарда ағымдық және толық жөндеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшылар тобының аздығы байқалады.

Өндірілетін мұнай көлемін ұлғайтумен бірге, запастар көлемін өсіру сияқты мәселеге көңіл аудару қажет. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да соңғы жылдары іздеу және геологиялық барлау жұмыстары жүргізілмейді. Ал жыл сайын 4 млн.тонна мұнай өндірледі, ол баланстық запастардың 10-12 млн.тоннасын құрайды. Осыған байланысты кәсіпорын дамуының негізгі шарттары болып лицензиялық кенорындар шегінде барлау жүргізу арқылы өндірілген мұнай запастарын қайта толтыру табылады.

Өндірістік процестерді автоматизациялау саласындағы негізгі бағыттарыдың бірі қол жеткізілген пайдалану деңгейінде автоматизациялау мүмкіндіктерін ұстап тұру.

Технологиялық байланысты жетілдіру саласында бірталай жұмыс атқарылды. Оның нәтижесінде ескірген телефон станцияларының орнына жаңа сандық жүйедегі телефон станциялары орнатылды, ол байланыс сапасын жақсартуға әсер етті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ өндірістік объектілері мен бөлімшелерін қозғалмалы транктік радио байланысымен қамтамасыз ету өндірістік мәселелерді шешудегі жеделділікті қамтамасыз етеді.

Қаламқас және Жетібай кенорындарында компьютерлік желілерді ұйымдастыру бойынша жұмыстар жүргізілді.

Бекітілген мұнай өндіру жоспарына сәйкес 2008 жылы 4920 мың тонна көлемінде мұнай өндіру жоспарланған. Огны орындау үшін барлық резервтерді қолдану қажет. 2011 жылы іске 265 ұңғыны қосу, жерасты және ұңғылардың толық жөндеуін жедел жүргізу, Асар, Шығыс Жетібай, Оңтүстік Жетібай, Оймаша, Алатөбе, Ащыағар сияқты ұсақ кенорындардың толық мүмкіндіктерін пайдалану, 18 жаңа ұңғыны бұрғылау мен іске қосу жоспарланды.

Осылайша кәсіпорын ел ішіндегі мұнай - газ нарығын дамыту, мұнайды Еуропа нарықтарына экспорттау, инфрақұрылымдық және қызмет көрсету жобаларын дамыту, аумақтағы әлеуметтік саланы жақсарту үшін жағдайлар жасау сияқты әрекеттер жасау қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет