Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері


Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары



бет9/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
3 Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануды жетілдіру жолдары
3.1 «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайын жақсартудың негізгі жолдары

Бұл бөлімде «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық жағдайына жүргізілген зерттеу нәтижесі бойынша анықталған мәселелерді жақсартудың негізгі жолдары мен ұйымның даму стратегиясы қарастырылған.

Әр түрлі салалардың кәсіпорындары, әсіресе ірі кәсіпорындар, акциялар шығарудан және жекешелендіруден кейін де нарықтық экономика талаптарына сәйкес келген жоқ, себебі олар экономикалық тиімді емес, қымбат әлеуметтік инфрақұрылымға ие және сәйкес нарық сегменттерінде монополист болды.

Мұндай жағдайда ең алдымен кәсіпорынның қарекетін антикризистік басқару қажет. Антикризистік басқару механизміне жатады: кәсіпорынның техникалық-экономикалық және қаржылық жағдайын диагностикалау, бизнес дамуының перспективаларын бағалау, маркетинг, антикризистік инвистициялық саясат, персоналды басқару, өндірістік менеджмент, ал қажет жағдайда кәсіпорынды таратуды ұйымдастыру.

Ең алдымен кәсіпорынның техникалық-экономикалық және қаржылық жағдайларын диагностикалаудан бастайық.

Техникалық-экономикалық және қаржылық жағдайларын диагностикалаудың экономикалық мәні – бұл кәсіпорынның әр түрлі қызметтерінің даму тенденцияларын, өмірлік циклын анықтау үшін сәйкес жағдайын жиі зерттеу және экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан негізделген шешімдер қабылдау.

Диагностикалаудың ұйымдастырушылық мәні – бұл шаруашылық субъектінің қызмет етуінің мақсаттарын, оларға жетудегі әдістерін, мәселелерін анықтау мен оларды шешу нұсқаларын таңдау үшін қажет әдістер мен әдістемелердің жүйесі.

Диагностика тез өзгеретін конъюнктура жағдайында кәсіпорынның шаруашылық қызметінің стратегиясы мен тактикасын жасау үшін қажет.

Диагностикалаудың негізі – кәсіпорын дамуының техникалық-экономикалық және қаржылық деңгейлері болып табылады:


  • кәсіпорын дамуының техникалық-экономикалық деңгейі – бұл өндірістік күштердің, оларды пайдаланудың және соңғы нәтижелердің даму деңгейінің кешендік сапалық сипаттамасы;

- кәсіпорын дамуының қаржылық деңгейі – бұл кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүргізу үшін және уақытылы есеп айырысуды жүргізу үшін қажетті қаржы құүралдарымен қамтамасыз етілуі немесе қамтамасыз етілмеуі.

Кәсіпорын диагностикасы келесі процедуралардың жүргізілуін қажет етеді:



  • кәсіпорын жағдайын талдау және оның күтілетін өзгеруін болжамдау;

  • кризистік жағдайлардың дамуына және қалыпты қызмет етуіне әсер ететін факторларды анықтау;

  • факторлардың біреулерінің әлсіреуі мен екіншілерінің күшеюі үшін шаралар қолдану;

Кәсіпорын қарекетіне әр түрлі факторлар әсер етеді. Кәсіпорын қызметін антикризистік басқару кезінде олардың әсер ету сипатын анықтау қажет. Әсер еті сипатына байланысты факторлар оң және теріс болып бөлінеді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектінің қызметіне тәуелділік деңгейіне байланысты барлық факторлар сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Американдық ғалымдардың айтуынша банкроттыққа ұшыраудың негізгі себептерінің үштен бір бөлігі сыртқы теріс факторларының әсерінен, ал қалған бөлігі ішкі факторлардың әсерінен болады. Мазмұны бойынша факторлардың түрлерін қарастырайық.

Факторлар



Ішкі

  • материалдық-техникалық

  • ұйымдастырушылық

  • әлеуметтік-экономикалық



Сыртқы

  • экономикалық

  • әлеуметтік

  • құқықтық

  • табиғи-климаттық және экологиялық

Сурет 2. Кәсіпорынның қарекетіне әсер ететін факторлардың сыныптамасы


Сыртқы факторлар:

  • экономикалық: халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі (сатып алушылық қабілеті); экономикалық серіктестердің төлемқабілеттілігі, мемлекеттің несиелік және салықтық саясаттары; тұтынушының нарықтық талғамдарының, ішкі және әлемдік нарықтардың конъюнктурасының өзгеруі, мемлекеттік реттеу, ғылым мен техника дамуының деңгейі, инфляция;

  • әлеуметтік: ел ішіндегі және шетелдегі саяси жағдайдың өзгеруі; халықаралық бәсеке, кәсіпкерлер мен олардың тауарларын тұтынушылардың мәдениетінің деңгейі, халықтың бос уақытын ұйымдастыру, діни нормалар; демографиялық жағдай;

  • құқықтық: кәсіпркерлік қызметті реттейтін заңдардың бар болуы; мемлекеттік бюрократизмнен қорғану, салықтық заңнаманың, есеп әдістерінің және есеп беру нысандарының жетілуі, шетел капиталын тартумен байланысты бірігіп қарекет ету; меншікке иелік ету құқығын және келісімдік міндеттемелерді орындауды сақтау кепілдігін қамтамасыз ету; кәсіпорындарды бір – бірінен, тұтынушыларды сапасыз өнімнен қорғау;

  • табиғи - климаттық және экологиялық: материалдық ресурстардың бар болуы, климаттық жағдай, қоршаған орта жағдайы.

Ішкі факторлар:

  • материалдық-техникалық факторлар - техника мен технологиялардың дамуымен, өндіріске ғылыми жаңалықтарды енгізумен, еңбек құралдарын жетілдірумен байланысты факторлар. Оларға: физикалық және моральдық тозған құрал - жабдықтарды ауыстыру; қызмет етіп тұрған құрал-жабдықтарды жөндеу; өндірісті механизациялау және автоматизациялау; өндірісті электрификациялау; өндірісті химизациялау; өндіріс орындарын ұлғайту, қайта құру және салу; шығындарды азайтуды, ресурстарды үнемдеуді, сапаны жақсартуды қамтамасыз ететін жаңа технологияларды жасау мен енгізу; материалдық ресурстарды үнемдеу; балама энергия көздерін қолдану;

  • ұйымдастырушылық - өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастыруды жетілдірумен байланысты; ұйымдастырушылық - құқықтық нысанды таңдаумен байланысты факторлар. Олар үш топқа бөлінеді:

а) өндірісті ұйымдастыру: ел территориясында өндірісті орнату; транспорттық байланысты ұйымдастыру; мамандану және бөлу, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді және өнімді өткізуді ұйымдастыру; сапаны бақылау жүйесін ұйымдастыру; өндірісті ұйымдастырушылық - техникңалық дайындау; ағымдық және капиталдық жөндеу жүргізу; құрал - жабдықтардың үздіксіз қызмет етуін ұйымдастыру, өндіріс ішілік материалдық-техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру;

б) еңбекті ұйымдастыру: тиімді еңбек бөлінісі; еңбек орындарын ұйымдастыру және оларға қызмет ету; санитарлық-гигиеналық жағдайды жақсарту; өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету; алдыңғы қатарлы еңбек әдістерін енгізу; еңбек пен демалысты тиімді ұйымдастыру; еңбек және өндірістік тәртіпті нығайту; еңбекті ынталандыру жүйесін жетілдіру; кадрларды тиімді қолдану;

в) басқаруды ұйымдастыру: ұйымдастырушылық құрылымды қалыптастыру; экономикалық және әрекет етуші басқарушылық құрылымды жасау; ел ішіндегі және шетелдегі кәсіпорын жұмысын реттеу; жоғары білікті мамандарды тарту; тиімді ұйымдастырушылық - экономикалық нысан; басқарудың әдістері мен типтерін жетілдіру; қаржылық, кадрлық, инвестициялық менеджмент; бағалық саясатты, шығындарды, амортизациялық саясатты басқару.

- әлеуметтік-экономикалық – қызметкерлер құрамымен, олардың біліктілік деңгейімен, қызметкерлердің меншікке, еңбек шарттарына қатынасымен, еңбекті ынталандырудың тиімділігімен байланысты факторлар. Оларға: материалдық және моральдық қызығушылық; қызметкерлердің біліктілік деңгейі; еңбек мәдениетінің деңгейі; еңбекке деген қатынас; өндіріс құралдарына меншік нысанының өзгеруі және еңбек нәтижелері жатады /13,185б/.

Осылайша, кәсіпорынды антикризистік басқарудың мәні оның материалдық - техникалық, экономикалық және ұйымдастырушылық факторлардың өзгерістеріне тез бейімделуі болып табылады.

Жоғарыда көрсетілгендей, әр түрлі кәсіпорындардың дамуында белгілі заңдылықтар болады, олардың бір-бірінен айырмашылығы өту жылдамдығы мен даму деңгейінің ауытқуында. Бұл заңдылықтарды кәсіпорынның өмірлік циклы негізінде қарастырайық. Мұнда келесі кезеңдерді ажыратып көрсетуге болады: І кезең – қалыптасуы; ІІ кезең – дамуы; ІІІ кезең – қарқынды өсуі; ІV кезең – тұрақты даму; V кезең – құлдырау тенденциясының пайда болуы; VІ кезең – активті құлдырау; VІІ кезең – банкроттық; VІІІ кезең – қызметті жою. Бірақ кәсіпорын қызметін жою әрдайым кәсіпорынның өзін жоюмен сәйкес келмейді. Суретте көрсетілгендей Б және В өмірлік циклдарының арасында Т уақыт аралығы бар, яғни кәсіпорын Б циклында қызмет ету барысында өзінің резервтерін тауысып, В циклында өзінің өмірін жалғастыра алады егер, сырттан қаржылық көмек болса. Т кезеңінде кәсіпорында кризис болады.

Бірақ оны шешетін басқа жол бар. Кризистің алдын алуға болады, егер уақытылы кәсіпорын қарекетінің бағытын өзгертсе. Бұл тұрақты даму кезеңінде алынатын пайдадан маркетингтік зерттеулерге қаржы құралдарын бөлу қажеттілігінде. Бұл жағдайда жаңа қызмет түрінің даму кезеңі негізгі қызметтің нәтижелерінің құлдырау тенденциясының пайда болу кезеңімен сәйкес келу қажет. Мұндайда өту кезеңіндегі кәсіпорын дамуындағы серпіліс жойылады, себебі кәсіпорынның қызмет етуіне теріс әсер азаяды және жаңа қарекет дамуындағы оң тенденция пайда болады./17/


В

ІV Б

ІІІ А V O

ІІ VI

І VII Т



уақыт

VIII

Сурет 3. Кәсіпорынның өмірлік циклы

А,Б,В – кәсіпорын қарекетінің өмірлік циклдары.


Осылайша кәсіпорынның өмірлік циклын ұзартуға болады. Бұл кәсіпорын өмірінің идеалдық моделі. Нақты жағдайда кәсіпкерлік қызмет тәуеклмен байланысты болады. Тәуекелділік жағдай туған кезде қаржылық сауықтыруға қажеттілік туады.

Қаржылық сауықтырудың екі түрлі тактикасын ажыратуға болады:



  • қорғаушылық – жинақтаушылық шараларды қолдану, оларға: өндіріспен және өнімді өткізумен, сондай-ақ негізгі құралдар мен персоналды ұстаумен байланысты барлық шығындарды қысқарту.

Қорғаушылық тактиканы жүргізу кезінде келесі міндеттер қойылады: залалдарды жою мақсатында шығындарды бақылауды орнату; рентебельділік шегін анықтау; қатаң рннатылған шығындардың, ресурстарды шығындау нормаларынының үлестерін азайту; залал алып келетін өнімді өндірістен шығару; жауапкершілік орталықтар мен себептерін талдау; лицензияларды, патенттерді, аяқталмаған құрылыс объектерін сату және жалға беру; ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды, нормадан асатын тауарлық-матеиалдық құндылықтардың запастарын өткізу; рентабельділік нормалары мен сұраныс икемділігіне негізделген бағаларды қалыптастыру; франчайзинг; ішкі өндірістік резервтерді анықтау мен қолдану; өндірісті қайта салаландыру, мерзімі өткен қарыздарды өтеу; кадрлық ауыстырулар; еңбек және өндіріс тәртіптерін нығайту; еңбекті ұйымдастыруды жетілдіру; еңбек мәдениетін жоғарылату; аудит және бухгалтерлік есепті, есептік саясатты, басқарушылық және қаржылық есепті қалыптастыруды жетілдіру.

  • шабуылдық – сырттан инвестициялардың ағымын қамтамасыз ететін немесе оларды тарту жағдайларын жақсартуға бағытталған реформалық сипаттағы шараларды қолдану. Инвестициялардың келіп түсуі басқа формаларда да болуы мүмкін: өндірісті, венчурлық капиталды, несиелерді, өткізуден, мемлекеттік көмек, салықтық жеңілдіктер, инвестициялық жобалар сайыстарына қатысу.

Бұл жағдайда келесі мәселелер шешіледі: басқарушыларды (меншік иелерін) ауыстыру; кәсіпорын имиджін нығайту; активті маркетинг жүргізу; жоғары бағалар саясатын жүргізу; өзіндік өндірісті инвестициялауды жоғарылату; негізгі құралдарды жаңарту; айналым құралдарының айналымын жақсарту; жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде әртүрлі ресурстардың шығындалу нормасын азайту; қызмет ету түрін өзгерту; ассортиментті жаңарту; өндіріс көлемін максималды жоғарылату; материалдық емес активтермен қамтамасыз ету; бизнес жоспарлар пакетін жасау; нарықтық конъюнктура туралы деректер қорын қалыптастыру; тапсырыс берушілердің төлемқабілеттілігін анықтау; бағалы қағаздардың қосымша эмиссиясын шығару; басқарушылық есепті жақсарту.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайының көрсеткіштері сауықтыру шараларын қалыптастыруда негізгі көрсеткіштер болып табылады.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ балансын талдау кезінде біз келесі қорытындыға келдік: кәсіпорынның айналым құралдары жеткіліксіз, оның салдарынан кәсіпорын төлемқабілеттілік және өтімділік бойынша қиыншылықтарды кездестіреді. Оларды жою үшін келесідей қарекет жасау қажет:


  • ұзақ мерзімді несиелендіруге өту;

  • айналымнан тыс активтердің белгілі бір бөлігін сату;

  • капиталға қосымша капитал салу.

Жылдан жылға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ кенорындары судың астында орналасуда, бұл өнімнің өзіндік құнына теріс әсер етеді. Мұндай жағдайда келесідей шешім қабылдау қажет: жаңа негізгі құралдарды енгізу, инновацияларды қолдану және амортизацияның жинақталуына назар аудару қажет.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы запастар мен шығындар деңгейлерін ғылыми негізделген көлемде төмендету қажет.

Талдау жасаған кезде «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ запастар мен шығындардың үлестік салмақтарының жоғары және өсу тенденциясына ие екенін көрдік. Бірақ бұдан өтімді активтер көрінбейді. Сондықтан, ағымдық қаржылық жоспарлаудың ең негізгі мәселесі ретінде айналым құралдарының көлемін оптимизациялау қажет. Олардың көлемінің оптимизациясы бір жағынан пайданы максималды көлеміне жеткізеді, ал екіншіден қажет деңгейдегі өтімділік пен коммерциялық тәуекелді ұстап тұрады. Кәсіпорынның запастар мен шығындарын нормалау және жоспарлау айналым құралдарын босатып, кәсіпорынның төлемқабілеттілігін арттырады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартудың маңызды факторларының бірі - өзіндік құнды азайту болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін келесі шараларды қолдану қажет:



  • транспорттық қызметтерге, жер асты және капиталдық жөндеуге, техникалық қызмет көрсету мен электр құралдарының ағымдық жөндеуге, тарифтерді қайта қарастыру, сондай-ақ вахталық мекендердегі жатақханаларды ұстау шығындарын қайта қарастыру;

  • жұмыс уақыты мен тасымалдау маршруттарының арақашықтықтарын өлшеу арқылы автокөліктер мен арнайы техниканы пайдалануды реттеу;

  • мердігерлердің көрсететін қызметі мен оларға бағаларды салыстыру негізінде шаруашылық келісімдерді жасау, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін тиімді нұсқаны таңдау.

Жоғарыда көрсетілген шарттардан басқа қаржылық менеджерлер кәсіпорынның бағалық саясатының мүмкіндіктерін, өткізу нарығын кеңейтуді қарастыру қажет. Таза ағымдық активтердің төмендеу жағдайында өткізу көлеміің өсуі, меншікті капиталдың өсуі мен дебиторлоық қарыздың төмендеуі кәсіполрын несие қабілеттілігін арттырудың идеалды әдісі болып табылатындығын біліміз.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ үшін дебиторлық қарыздармен жұмыс жасап, күмәнді қарыздардан бас тартып, сенімді серіктестерді іздеу қажет.

Кәсіпорын үшін келесі бір мәселе жолшыбай газды өткізу болып табылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ жолшыбай газды өңдеу құрылғылары жоқ, сондықтан бұл саладағы монополист «ӨзенМұнайГаз» АҚ экономикалық тиімді емес келісімшартқа отыруға мәжбүр. Жолшыбай газды өңдеу бойынша қызметке жоғары бағалар тағайындалғандықтан, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ шығынға ұшырайды. Осындай факторлардың әсері мұнай және газдың өзіндік құндарының өсуіне алып келеді және кәсіпорынның қаржылық кризисін нығайтады. Бұл мәселені шешу үшін инвестиция түрінде капиталды тарту қажет.

Осылайша, кәсіпорынның кризиске құлдырауын алдын алу шаралары болып жағымсыз жағдайлар мен олардың себептерін анықтау мақсатымен кәсіпорынның техникалық-экономикалық және қаржылық жағдайларын диагностикалау табылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет