Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері


Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері



бет2/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1 Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері
1.1 Шаруашылық субъектілердің қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері

Бұл бөлімде қаржы ресурстарының мәні және оларды қалыптастыру көздері, құрамы мен құрылымы және кәсіпорынның қаржылық ресурстарын пайдалану негіздері қарастырылған.

«Қаржылық ресурстар» термині теория және тәжірибеде кең қолданылады, ол өзіне банк және өзге шоттардағы ақша қаражаттарының көлемінен бастап кәсіпорын балансының өзге көрсеткіштеріне дейінгі түрлі түсініктерді қосады.

Экономика ғылымындағы қаржы ресурстары термині түрліше түсіндіріледі. Қаржы несие сөздігінде қаржы ресурстары, мемлекеттің, кәсіпорынның шығындарын жабуға және түрлі қорлар мен резервтер құруға арналған ақша қаражаттары.

Ал, экономика энциклопедиясы қаржылық ресурстарға келесідей түсінік береді: бұл – ақша несие және бюджет жүйесі қаражаттары болып табылатын экономикалық ресурстардың негізгі бөлігі.

Қаржы ресурстары ұғымы тек шаруашылық субъект, яғни кәсіпорын деңгейінде түсіндіріледі. Осыған орай, қаржы ресурстары түсінігі астарында шаруашылық субъектінің басқаруында болатын ақшалай кірістер мен түсімдер және қаржылық міндеттемелерді орындауға арналған ақша қаражаттары түсіндіріледі.

Қаржы менеджменті қаржы жүйесінің барлық бөлімдерін қамтиды және нарық жағдайындағы басқару құрылымының басты құрылымы болып табылады. Қаржы менеджментінің негізі болып қаржы саясаты қызмет атқарады, ол қаржылық қызметтің бағытын және қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталады /4,122 бет/.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары шаруашылық субьектінің басқаруындағы және қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған ақшалай кірістер мен түсімдер болып табылады.

Қаржы ресурстары ұдайы өндірістің және мемлекеттің шығындарын жабу үшін қажет. Демек, қаржы ресурстары – бұл жалпы ішкі өнім құнының бір бөлігін, атап айтқанда, ақша нысанындағы таза табысты бөлу және қайта бөлу процесінде жасалынатын мемлекеттің, шаруашылық жүргізуші субъектілердің және халықтың қарамағындағы ақша қаражаттары, олар ұлғаймалы ұдайы өндіріс пен басқа жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қамтамасыз етуге пайдаланылады. Тап қаржы ресурстары қаржы категориясын баға және басқа құндық категориялардан бөліп алуға мүмкіндік жасайды.

Қаржы ресурстарында негізгі орынды таза табыс (пайда, қосылған құнға салынатын салық, акциздер, кеден төлемдері, қоғамдық мүдделерге төленетін жарналар нысанындағы) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржы ресурстарының қаржы қорларынан айырмашылығы бар. Қаржы қорлары (қорланым, босалқы қор) – қаржылық әдіспен қалыптастырылған,

белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыруға пайдаланылатын мақсатты ақша қаражаттары, ал қаржы ресурстары болса, ол мемлекеттің (оның органдары арқылы) және шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстары мен түсімдері. Біріншіден, қаржы ресурстары деп ақша қаражаттарының көздерін, шаруашылық органның немесе шаруашылық жүргізуші субъектінің мұндай қаражаттарды жасау мүмкіндіктерін түсінеді. Екіншіден, қаржы ресурстары – бұл қорлардағы, яғни ақша қаражаттарының мақсатты босалқы қорларындағы «байланылған» қаражаттар, сондай-ақ әлі мақсатты белгілі бір бағыттылығы жоқ қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігінің алғашқыда қор сипаты болмайды – бұлар шаруашылық органдарынының олардың шаруашылық әріптестері тарапынан келісімшарттарды, өзара шарттарды және шаруашылық жүргізудің басқа шарттарын бұзғаны үшін алатын айыппұлдары, өсімдері, тұрақсыздық төлемдері. Мұндай қаражаттардың түсуін күні бұрын есепке алу мүмкін емес.

«Қаржы ресурстары» ұғымындағы оның екі жағын ажырата білген жөн.

1.Шаруашылық жүргізу практикасында «қаржы ресурстарының» ұғымы деп мемлекеттің, кәсіпорындардың қарамағындағы белгілі бір кезеңдегі барлық ақша кірістері мен қорланымдардың жиынтығын, яғни ақша қорларын, несие ресурстарын, ақша резервтерін айтады. Бұл шаруашылық жүргізудің шаруашылық есеп практикасы тұрғысынан туындаған тәжірбиелік тәсілдеме. Расында, кәсіпорынның банктегі оның шотындағы белгілі бір күндегі ақшалары олар кәсіпорынның меншікті немесе қарыз қаражаттары болып келетіндігіне қарамастан оның барлық нақтылы қаржы ресурсатарын құрайды. Сол секілді мемлекеттік бюджетте шоғырланған кірістер, қорланымдар олар жасалынған құнды алғашқы немесе кейінгі бөлудің нәтижесі болып табылатындығына қарамастан мемлекеттің әрбір нақты күндегі қаржы ресурстары болып саналады.

2. Егер жиынтық өнімнің (с+v+m) материалдық – заттай және құндық құрылымына, оның бөлінісіне және бұл процестегі орнына сүйенсек, онда қаржы ресурстарының ұғымы басқаша көрінеді. Егер қайталама есептің элементін шығарып тастасақ, онда «қаржы ресурсының» ұғымы тікелей мемлекет пен кәсіпорындарда оларға жүктелінген функцияларды орындау үшін шоғырланатын құндық нысанындағы жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табыстың бір бөлігін білдіреді /5,33б./.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары – бұл меншікті ақшалай кірістердің және кәсіпорынның қаржылық міндеттемелерін орындауға арналған тартылған қаражаттар, ағымдық қаржыландыру шығындары және өндірісті кеңейтумен байланысты шығындар жиынтығы.

Капитал - өніріске салынған, айналымнан соң кіріс әкелетін қаржылық ресуртардың бөлігі.

Кәсіпорынның қаржы ресурстары шығуы бойынша меншікті (ішкі) және әр түрлі жағдайларда тартылған (сыртқы) болып бөлінеді.



  1. Меншікті қаржылық ресурстар өзіне:

  • пайда;

  • амортизациялық аударымдар;

  • өнімді өткізуден түскен табыс;

  • тұрақты пассивтер;

  • құрылысқа салынған мобильді ішкі ресурстарды қосады;

Ескере кететін болсақ, кәсіпорынның барлық пайдасы өз меншігінде, оның бөлігі салық және өзге де салықтық төлемдер түрінде бюджетке түседі. Кәсіпорынның меншігінде қалатын пайда жинақтау және тұтыну мақсатында бөлінеді. Жинақтауға жұмсалған пайда кәсіпорынның мүлкінің өсуі үшін және өндірісті дамытуға қолданылатын болса, ал тұтынуға арналған пайда әлеуметтік мәселелерді шешуге қолданылады. Кәсіпорынның меншікті қаржы ресурстарын қалыптастыру саясатын жасақтаудың негізгі кезеңдерін А қосымшасынан көруге болады.

Амортизациялық аударымдар – бұл материалдық емес активтер және негізгі өндірістік қорлардың тозу құнының ақшалай көрінісі.



  1. Қаржылық ресурстарды қаржыландырудың тартылған немесе сыртқы көздеріне келесілерді жатқызуға болады:

  • меншікті;

  • қарыздық;

  • бюджеттік ассигнациялау.

Осы жоғарыда көрсетілген бөлімдерді капитал салу формасы ретінде қарастыруға болады. Егер сыртқы инвесторлар ақша қаражаттарын кәсіпкерлік капитал ретінде салса, мұндай салымның нәтижесі болып тартылған меншікті қарыздық ресурстардың қалыптасуы табылады [Қосымша Ә].

Профессор В.Н. Радионованың айтуы бойынша кәсіпорын қаржылық ресурстарының қалыптасу көздері болып келесілер табылады:



  • меншікті және оларға теңестірілген қаражаттар (сондай-ақ пайда түрлері, амортизация, өнімді өткізуден түскен табыс, тұрақты пассивтер);

  • қаржылық нарықта қызмет атқаратын құралдар (акция, облигация, өзге де бағалы қағаздар, несиелік инвестициялардың сатылымы);

  • аударым нәтижесінде келіп түсетін ақша қаражаттары (сақтандыруды жабу, концерндерден, ассоциациялардан, құрылымдық бөлімшелерден түсетін түсімдер, пайлық жарналар, дивидендтер және пайыздар, бюджеттік субсидиялар) /5,48бет/.

Қаржылық ресурстар кәсіпорынмен өндірістік және инвестициялық қарекет барысында қолданылады. Олар барлық уақытта қозғалыста болады және ақшалай формада тек қана кәсіпорынның кассасында және банктің есеп шоттарында ақша қаражаттарының қалдығы түрінде болады.

Кәсіпорынның өзінің қаржылық тұрақтылығын және нарықтық шаруашылықтағы тұрақты орнын ескере отырып, қаржылық ресурстарын қызмет түрлері және уақыт бойынша бөледі. Қаржылық ғылым қаржыны экономикалық санат ретінде қарастырып қана қоймай, оның ақша қаражаттарының бағытталған қорлары түріндегі материалдық айналысын атап көрсетеді. Бұл қорлар қаржылық қатынастың сыртқы ұстанушылары ретінде қатысады. Олардың қалыптасу көздерін және сәйкесінше ұлттық шаруашылықтың қаржылық ресурстарын ұсынады /6,74б./.

Осыған байланысты, қаржылық ресурстар болып мемлекетпен, кәсіпорынмен, ұйыдармен, бірлестіктермен қалыптасқан ақшалай жинақтар және жалпы қоғамдық өнімді және ұлттық кірісті бөлу - қайта бөлуде құрылатын қаржылық қорлар табылады.

Қаржылық ресурстарда маңызды орынды таза кіріс (пайда, қосымша құн салығы, акциздер, кедендік төлемдер, әлеуметтік қажеттілікке аударымдар түрінде) және амортизациялық аударымдар алады.

Қаржылық ресурстардың қаржылық қорлардан ерешеліктері:

Біріншіден, қаржылық ресурстар ақшалай қаражаттардың көздері ретінде түсіндіріледі.

Екіншіден, қаржылық ресурстар - бұл тиесілі құралдар, яғни мақсатты бағытталған ақша қаражаттары, сондай-ақ, мақсатты бағытталмаған қорлар бойынша қалыптаспаған ақша қаражаттары. Мысалы, ақша қаражаттарының бір бөлігі бастапқыда қорлық сипатқа ие емес – бұл айыппұлдар, өсімақы, шаруашылық субъектілер мен олардың серіктестері арасындағы келісімнің және шаруашылық шарттардың бұзылуынан пайда болған тұрақсыздықтары.

«Қаржылық ресурстар» түсінігін екі жақты қарастырған жөн:



    • шаруашылық тәжірибесінде қаржылық ресурстар түсінігі астарында кәсіпорынның, мемлекеттің басқаруында болып табылатын жинақталған барлық ақша қаражаттарының және кірістерінің жиынтығы табылады, яғни ақшалай қорлар, несиелік ресурстар, ақша қаражаттарының резервтері. Бұл тәжірибелік түсінік. Кәсіпорынның банктік шотындағы белгіленген мерзімі көрсетілген ақша қаражаттары меншікті немесе тартылғандығына қарамастан кәсіпорынның қаржылық ресурстары болып табылады;

    • жалпы қоғамдық өнімнің (C+V+M) бағалық және материалдық заттай құрылымы тарапынан қарастыратын болсақ, қаржылық ресурстарды өзгеше түсінеміз. Қаржылық ресурстар түсінігі мемлекетте және кәсіпорында өзіне жүктелген функцияларды атқаратын жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық кірістің бір бөлігі болып табылады.

Қаржы ресурстарының қозғалысы еркін қаржылық баланста көрінеді (қаржылық ресурстар және мемлкеттік шығындар балансы). Сондай-ақ баланста несие ресурстарының бөлігі де көрінеді.

Қаржылық ресурстар көздері болып жиынтық қоғамдық өнімнің барлық үш элементі табылады «C», «V», «M» [Қосымша Б].

«С» элементінен: кәсіпорынның минерелды - шикізат базасын қайта жандандыруға кеткен амортизациялық аударымдары, суға төлем, өнімнің өзіндік құнына кіретін минералды шығындарға төлемдер.

«V» элементі - халықтан жиналатын мемлекеттік салық, әлеуметтік сақтандыруға және мемлекеттік қорларға аударымдар тәрізді қаржылық ресурстар көзі болып табылады.

«М» элементі өзіне пайданы, жанама салықтарды, сыртқы экономикалық қызметтен түскен түсімдер мен кірістерді қосады.

Қаржылық ресурстардың бір бөлігі қоғамдық элементтердің бірнешеуін біріктіре отыра құрылады. Осылайша кәсіпорынның өндіріске кеткен және өнімді өткізуге кеткен шығындары деңгейіндегі С және V элементтері біріктіріле отырып, салық, арнайы бюджеттен тыс қорларға аударымдар мен жинақтар түрінде ресурстар қалыптасады.

Төлемдер, жер қойнауын пайдаланушыларға рояльти, өндіріс бонустары, көлік құралдарына салық, мемлекеттік баж салығы, көлік жолдарын пайдаланушылардың аударымдары, ластаушы заттарды шығарғаны үшін төлемдер және т.б.

Ал, жекешелендіруден түскен түсімдер ұлттық байлық көзі болып табылады яғни, жиынтық ұлттық табыс (V+М) /7,83б./.

Сондай-ақ мемлекеттің қаржылық ресурстар көздері болып мемлекеттік несиелеу жолымен тартылған қаражаттар да жатады.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстар құрылымындағы басты орынды пайда алады (жалпы көлемнің 40 %), келесі орындарды қосымша құн салығы, амортизациялық аударымдар, несиелер бойынша жинақталған қаражаттар (жалпы көлемнің 5 %), жол қорына аударымдар (5 %), сыртқы экономикалық әрекеттен алынған кірістер мен түсімдер (4%), акциздер (1%)./8,14бет/

Қаржылық ресурстар орталықтандырылған және орталықтандырылмаған тәртіпте құрылады.

Орталықтандырылған тәртіпте мемлекеттік бюджет, зейнетақы қоры және әлеуметтік сақтандыру қоры, өзге де бюджеттен тыс қорлардың ресурстары қалыптасады.

Орталықтандырылмаған әдіспен кәсіпорынның тұтыну қоры және материалдық өндіріс аясының ұйымдары, амортизациялық аударымдар қорлары, кәсіпорындардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, өзге де қаржылық қорлардың қаржылық резервтері және валюта қорлары қалыптасады.

Шаруашылық нарық принциптеріне өту қаржылық ресурстардың көлемінде, құрылымында және оларды пайдалану бағытында жағымды әсер етеді, ақша қаражаттарының ізденісімен айналысатын қаржылық қызмет басшыларына мол мүмкіндік ашады:

Біріншіден, пайданы жоғарылату арқылы меншікті қаржылық ресурстарының резервтерін кеңейтуге мүмкіндік береді, ал екіншіден, шаруашылықтың төменгі сатысындағы өндірісті қайта жандандыруға қажетті қосымша ақша қаражаттарын алу жолдарын түпкілікті өзгерту.

Кәсіпорын өндірісті инвестициялау мақсаты бағытын бюджеттен ақша бөлумен айналысқаннан гөрі қажетті қаражатты қаржы нарығынан таба алады.

Кез-келген шаруашылық субъект өзіндік экономикалық қаржылық шарттарында кеңейтілген өндірістің көзерін, өз ресурстары тарапынан қалыптастыра алады.

Дер кезінде сақтандыру компанияларымен жасалған келісім шарттар кәсіпкерлік қызметтің тәуекелділігін азайтуға және кәсіпорынмен келтірілген зиянның орнын толтыруға кепілдікті қалыптастырады. Жан - жақты көздерден келіп түскен қаржылық ресурстар кәсіпкерге қаражаттарды жаңа өндіріс көздеріне өз уақытында инвестициялауға, қызмет атқаратын кәсіпорынды кеңейтуге, ғылыми техникалық жұмыстарды қаржыландыруға және оларды енгізуге, экологиялық таза технологиялар бойынша шығындарды жабуға мүмкіндік береді.

Қажетті көлемдегі ресурстардың бар болуы және оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартып, қаржылық тұрақтылығын, төлем қабілеттілігін және баланстың өтімділігін қамтамасыз етеді.

Жоғарыдағы жағдайларды қалыптастыру үшін керекті ресурстардың қажетті көлемі қаржылық жоспарлау бөлімінде анықталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет