Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері


«ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау



бет7/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Дип. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарды пайданалнуды жетілдіру жолдары - 2011

2.2 «ҚазМұнайГаз» Акционерлік Қоғамының қаржылық тұрақтылығын сипаттайтын көрсеткіштерді анықтау

Кәсіпорынның активтерінің динамикасын, құрамын, құрылымын, олардың қалыптасу көздерін, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін қатысты көрсеткіштерді жалпы қаржылық жағдайында қарастырдық. Талдаудың келесі міндеті шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын тұрақтылығы бойынша абсолютті көрсеткіштерін анықтау.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтылық деңгейі бойынша келесі төрт түрге бөледі:


  • қаржылық жағдайы абсолютті тұрақты;

  • қаржылық жағдайы қалыпты деңгейде;

  • тұрақсыз қаржылық жағдай;

  • кризистік қаржылық жағдай

Абсолютті қаржылық жағдай, егер теңсіздік болса

З ‹ Есд немесе Есд › З, (3)

Бұл теңестіруде, барлық запастар мен шығындар таза айналым капиталы есебінен жабылады, кәсіпорын сыртқы кредиторларға тәуелді емес. Мұндай жағдай өте сирек кездеседі. Қазіргі таңда қалыпты қызмет атқаратын көптеген кәсіпорындарда тауарлық запас үлесіндегі меншікті айналым қаражаттары 50 % сәл жоғары.

Қалыпты деңгейдегі қаржылық жағдай:

Есд ‹ З ‹ Ео , (4)

Келтірілген қатынас келесідей жағдайда, егер қалыпты қызмет атқаратын кәсіпорын запастары мен шығындарын жабу үшін меншікті және тартылған қаражаттар көздерін пайдаланады.

Тұрақсыз қаржылық жағдай

З › Ео немесе Ео ‹ З (5)

Яғни бұл жағдай, егер кәсіпорын өз запастары мен шығындарын жабу үшін қосымша көздер тартуға мәжбүр болғанда қалыптасады.

Кризистік қаржылық жағдайға, жоғарыда көрсетілген тұрақсыз қаржылық жағдайға қоса кәсіпорынның өтелмеген несиелер мен займдар, сондай-ақ уақыты өткен кредиторлық және дебиторлық қарыздары болады. Бұл түрде кәсіпорын өз кредиторларымен уақытылы есеп айырыса алмайды. Нарық жағдайында мұндай түр бірнеше қайталанатын болса, кәсіпорын банкрот болып жарияланады.

Алайда, кейбір арнайы әдебиеттерде кәсіпорынның қаржылық жағдайын өзгеше төрт топқа бөлген:


  1. қаржылық жағдайы жақсы кәсіпорын;

  2. қаржылық жағдайы орташа кәсіпорын;

  3. қаржылық жағдайы нашар кәсіпорын;

  4. банкрот кәсіпорын

Өндірістік кәсіпорынның қаржылық жағдайы келесі қаражаттарды жұмсауды негізгі бағыттары бойынша қарастырады:

  • жақсы өндірістік - шаруашылық және қайта өндіру қызметімен қамтамасыз ету;

  • ұзақ мерзімді несиелер мен займдар бойынша уақытылы есеп айырысу;

  • кәсіпорынның дамуы бойынша кең көлемді жобаларды қаржыландыру мүмкіндігі (нарықтың жаңа сегменттерін қамту, өндіріс көлемін ұлғайту, тауарлар мен технологиялардың жаңа түрін енгізу).

Егер, кәсіпорындағы қаржы ресурстары жоғарыдағы 3 функцияны атқара алатын болса, онда оның жағдайын жақсы деп қараймыз. Егер, бастапқы 2 функция орындалып, 3 орындалуына қаражат жетпесе, қаржылық жағдай орташа. Ал егер, қаражат бастапқы 2 функцияны орындауға жетпесе, онда кәсіпорынның қаржылық жағдайы банкроттыққа жақын.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық жағдайын тұрақтылық дәрежесі бйынша анықтайық. Ол үшін запастар мен шығындармен қамтамасыз етілу көзі бойынша келесі аналитикалық кестені құрамыз.

7 кестеден көретініміздей, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2009 жылы қаржылық жағдайы жақсы дәрежеде болып, запастар мен шығындардың қалыптасу көздерінің өсімі (Ео=20 023 617 мың теңге) запастар мен шығындары (З = 16 028 891 мың теңге) 3 994 726 мың теңгеге асып түсті.

Кесте 7 Запастар мен шығындардың құрылу көздері бойынша қамтамасыз етілуі





Көрсеткіштер

белгісі

2009ж.

(мың тг.)



2010ж.

(мың тг.)



Ауытқуы

(+,-)


1

2

3

4

5

6

1.

Меншікті капитал

Ск

25428885

19056005

-6372880

2.

Негізгі құралдар, өзге де айналымнан тыс активтер

Ф

1782153

20741514

+2918561

3.

Меншікті айналым қаражаттарының бар болуы (1-2ж)

Ес

7606932

-1684509

-9291441

4.

Ұзақ мерзімді несиелер мен займдар

Дк

6824504

3526940

-3297564

5.

Запастар мен жоғалтулар меншікті және ұзақ мерзімді қалыптасу көздерінің болуы (3+4ж.)

Есд



14431436

1842431

-12589005

6.

Қысқа мерзімді несиелер және қарыз қаражаттары

Кк

5592181,1

2955470,5

-2636710,6

7.

Запастар мен жоғалтулар қалыптасу көздерінің жалпы көлемі

Ео

20023617

4797901

-15225715

8.

Запастар мен жоғалтулар

З

16028891

17258108

+1229217

9.

Меншікті айналым қаражаттарының артуы(+) мен жетіспеуі(-)(3-8ж.)

+- Ес

-8421959

-18942617

-10520658

10.

Запастар мен жоғалтулар қалыптасу көздерінің меншікті және ұзақ мерзімді қарыздарының артуы мен жетіспеушілігі (5-8ж.)

+- Есд

-1597455

-15415677

-13818222

11.

Запастар мен жоғалтулар қалыптасу көздерінің жалпы көлемінің артуы мен кемуі (7-8ж.)

+- Ео

+3994726

-12460207

-16454933

Алайда, 2010 жылы кейбір өзгерістер байқалады. Запастар мен жоғалтулар (З=17 258 108 мың теңге) қаржыландырудың нақты көздерімен 12460 207 мың теңгеге қамтылмаған (Ео=4 797 901 мың теңге). 2010 жылдағы таза айналым капиталы (Есд) материалдық айналым құралдарын тек 10,7 % жабады (1842431/17258108*100). Бұл кәсіпорынның қаржылық жағдайының нашарлап, тұрақсыз жағдайда екенін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы запастар мен залалдар деңгейін төмендету, кәсіпорынның қаржы - шаруашылық қызметінің тиімділігін жоғарылату есебінен жақсартуға болады.

Белгілі бір шаралар қолдану үшін кәсіпорынға өндірістік запастың (2,3 есе), аяқталмаған өндірістің (3,3 есе) жылдық өнімнің (1,4 есе) және тауарлардың (1,3 есе) күрт өсу себебін анықтау қажет. Бұл мәселе ішкі қаржылық талдауға жатады.

Ішкі талдау жүргізілгенде кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы зерттеледі. Ол төлемқабілетсіздік балансы негізінде құрылады, ол өзіне келесі көрсеткіштерді қосады:


    1. Төлемсіздіктің жалпы көлемі:

  • банк ссудалары бойынша төленбеген қарыз;

  • жеткізушілердің есепті құжаттары бойынша төленбеген қарыз;

  • бюджетке төлемдер;

  • өзге де төлемдер, сонымен қатар еңбекақы бойынша төлемдер.

    1. Төлемсіздік себептері:

  • меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксізігі;

  • тауарлы - материалды құндылықтардың тауардан тыс қорлары;

  • жөнелтілген, алайда сатып алушылармен уақытында төленбеген тауарлар;

  • акцептен бас тарту тәрізді сатып алушылардың жауапкершілікті сақтауындағы тауарлар;

  • айналым құралдарының капиталдық құрылысқа, жұмысшылардың алған ссудасы бойынша қарыздарға, арнайы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қаражаттарымен жабылмаған шығындарға иммобильденуі.

    1. Қаржылық жағдайды жақсарту көздері:

  • уақытша меншікті қаражаттар (мақсатты қорлар, қаржылық резервтер және т.б.)

  • тартылған қаражаттар (кредиторлық қарыздың дебиторлық қарыздан асып түсуі);

  • айналым қаражаттарын уақытша толтыруға арналған банк несиелері және өзге де қарыз қаражаттары.

Қаржылық жағдайды нашарлататын төлемсіздіктің жалпы көлемі мен көздерін ескере отырып, 2 топ бойынша 1 және 3 топ қорытындысы сомасына тең болуы қажет. Қаржылық жағдайды, төлем тәртібін және несиелік қатынасты талдау үшін берілген көрсеткіштерді динамикада (мысалы, тоқсан бойынша) қарастыру ұсынылады.

Запастар мен жоғалтулардың қалыптасу көздерінен басқа қаржылық жағдай үшін барлық айналым капиталының, тауарлы - материалды құндылықтардың айналымдылығы маңызды. Запастар мен жоғалтулардың жағдайын терең талдау ішкі талдаудың құраушы бөлігі болып табылады.

«Төлем қабілеттілік» және «несиеқабілеттілік» түсініктерімен салыстырғанда «қаржылық тұрақтылық» түсінігі кең мағынада қолданылады. Себебі, ол кәсіпорынның әр түрлі қызметі тарапынан бағаланады.

Қаржылық тұрақтылықты бағалау үшін коэффиценттер жүйесі қолданылады. Мұны келесі аналитикалық кестені құра отырып қарастырамыз.


Кесте 8 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қаржылық тұрақтылығы



Көрсеткіштер

Есептеу формуласы

2009 ж.

2010 ж.

1

2

3

4

5

1

Тәуелсіздік коэффиценті

Меншікті капитал/аванталған капитал

0,58

0,36

2

Қарыздық капиталдың консентрация коэффиценті

Тартылған капитал / авансталған капитал

0,42

0,64

3

Қаржыландыру коэффиценті

Меншікті капитал/тартылған капитал

1,4

0,56

4

Инвестицияландыру коэффиценті

Меншікті капитал/негізгі капитал (негізгі құралдар)

4,76

3,53

5

Қарыздық және меншікті капитал қатынасы коэффиценті

Тартылған капитал/меншікті капитал

0,71

1,76

6

Маневрлік коэффиценті

Меншікті айналым құралдары/ меншікті капитал

0,30

-0,09

7

Қаржылық тұрақтылық коэффиценті

(Меншікті капитал+ұзақ мерзімді міндеттемелер)/ авансталған капитал

0,74

0,43

8 кестеден көріп отырғанымыздай, тәуелсіздік коэффиценті 0,58-ден 0,36 немесе 0,22-ге азайған. Бұл көрсеткіш кәсіпорын иелеріне оның қызметіндегі авансталған қаражаттарының жалпы сомасындағы үлесін көрсетеді. Бұл коэффицент қаншалықты жоғары болса, соншалықты кәсіпорын қаржылық тұрақты және сырттан несиеге тәуелсіз деп есептелінеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұл көрсеткіш деңгейі 2009 жылы минималды (0,5) болса, ал 2010 жылы өткен жылмен салыстырғанда 0,14 төмендеп, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының нашарлағанын білдіреді. Бұған қосымша ретінде қарыз капиталының консентрациясы коэффиценті табылады. Бұл екі коэффицент сомасы 1 құрау қажет, ол 7 кестеде көрсетілген.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін келесі көрсеткіш – қаржыландыру коэффиценті. Меншікті капиталдың тартылған капиталға қатынасы арқылы анықталады. Олардың арақатынасы 2/1 болуы керек. Бұл коэффиценттің деңгейі қаншалықты жоғары болса, соншалықты банктер мен инвесторлар үшін қаржыландыру сенімді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұл коэффицент 2009 жылы 1,4 ( 25 428 885 / 18 039 294) құрады, ал 2010 жылы 0,56 (19 056 005/ 33 584 893) құрап, 2,5 есе азайғанын көреміз.

Капитал құрылымының оптималды қалыптасуын анықтау үшін инвестициялау коэффиценті қолданылады. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұл коэффицент 2009 жылы 4,76 (25 428 885 / 5 346 585) тең болады, ал 2010 жылы – 3,53 (19 056 005 / 539 233) құрады.

Бұл көрсеткіштер, меншікті капиталдың тек негізгі құралдарды алуға ғана емес, сондай-ақ кәсіпорынның қаржылық есептілігінің өзге де активтеріне, соның ішінде ағымдық активтерге жұмсалғандығын көрсетеді.

Келесі көрсеткіш – қаржыландыру коэффицентінің кері көрсеткіші болып табылатын меншікті және қарыз қаражаттарының арақатынасы коэффиценті. Бұл коэффицент кәсіпорынның меншікті қаржылары активіне салынған 1 теңгеге қанша қарыз қаражатын тартқанын анықтайды. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ есептемелері бойынша жағдай келесідей: 2009 жылға – 0,71 (18 039 294 / 25 428 885), 2010 жылға – 1,76 ( 33 584 893 / 19 056 005).

Бұл көрсеткіштер кәсіпорында 2009 жылы активке салынған меншікті қаражаттың әрбір теңгесіне 0,71 теңге қарыз - қаражатын тартқан. Ал 2010 жылы тартылған қаражат 1,76 теңгеге өскен. Осыған қарай, кәсіпорынның тартылған қарыз - қаражатына тәуелділігі артып, ол қаржылық тұрақтылығын жоғалтты.

Маневрлік коэффицент көрсеткіші – меншік капиталының қандай бөлігі ағымдық қызметті қаржыландыруға, яғни айналым қаражаттарына салымның, қандай бөлігі капиталға салынғанын көрсетеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2009 жылы бұл көрсеткіш 0,30 (7 606 932/ 25 428 885) тең. Ал 2010 жылы -0,09 (-1 684 509 / 19 056 005) құрады. Маневрлік коэффицентінің кері көрсеткіші өтімді меншікті қаражаттың жоқтығын білдіреді.

Ең маңызды кәсіпорынның тәуелсізік дәрежесін көрсететін – тұрақтылық коэффиценті. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ бұл коэффицент көлемі келесідей: 2009 жылы 0,74 ((25 428 885 + 6 824 504) / 43 468 180), 2000 жылы 0,43 ((19 056 005 +3 526 940) /52 640 899). Коэффицент деңгейінің 0,31 төмендеуі қаржылық тұрақтылықтың нашарлағанын көрсетеді.

Іскерлік активтілігін және өтімділігін талдау айналымдылық және рентабельділік қаржылық коэффиценттерін есептеу арқылы жүргізеді. Ол келесі 9 кестеде көрсетілген.

9 кестеде келтірілген рентабельділік коэффицентінен келесідей қорытынды шығаруға болады. Барлық мүлікті, меншікті капиталды және өзге де айналымнан тыс активтерді пайдалану тиімділігі 2009 жылы төмен, ал рентабельбілік деңгейін қалпына келтіру 2010 жылы байқалады.

Сондай-ақ кәсіпорында қаржылық жағдайды жақсартуға бағытталған ұзақ мерзімді несие мен капитал салымдар жоқ.

Айналымдылық көрсеткіші – ақша қаражатын, материалдық ресурстарды, айналым құралдарын тиімді пайдалануды көрсетеді. Сонымен қатар, айналымдылық көрсеткіші кәсіпорынның іскерлік белсенділігін көрсетеді. «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ айналым коэффицентінің төмендеу тенденциясы байқалады.

Кесте 9 «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ рентабельділік және айналымдылық қаржылық коэффиценттері




Көрсеткіш атауы

2007ж.

2008ж.

2009ж.

2010ж.

1

2

3

4

5



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет