Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарының теориялық негіздері


Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарын пайдалану негіздері



бет4/13
Дата02.03.2022
өлшемі0,74 Mb.
#26799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Дип. Шаруашылық субъектілерінің қаржылық ресурстарды пайданалнуды жетілдіру жолдары - 2011

1.3 Шаруашылық субъектілердің қаржылық ресурстарын пайдалану негіздері

Қаржы ресурстарын пайдалану негізінен арнаулы мақсатты арналымының ақша қорлары арқылы жүзеге асырылады. Қаржы қорлары ұлттық шаруашылықта іс-әрекет ететін ақша қорларының бүкіл жүйесінің бөлігі. Қаржы ресурсатарын пайдаланудың қор нысаны ұлғаймалы ұдайы өндірістің қажеттері негізінде объективті түрде алдын ала анықталады және қор емес нысанымен салыстырғанда оның бірқатар артықшылықтары бар. Қор нысанының артықшылықтарына мыналар жатады: кез келген қажеттілікті қанағаттандыруды экономикалық мүмкіндіктермен тығыз ұштастыру мүмкіндігі; ресурстарды қоғамдық өндірісті дамытудың негізгі бағыттарына шоғырландыруды қамтамасыз ету; қоғамдық, ұжымдық және жеке мүдделерді толығырақ үйлестіру мүмкіндігі.

Қаржы ресурстары жалпы қоғамдық өнімнің жартысын құрай отырып, мемлекеттің қаржылық қуатының көрсеткіші болып табылады. қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндіру, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, олар түпкілікті пайдалануға, яғни негізгі құрал-жабдықтарды толтыруға, ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге және жалпымемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға қоғам жұмсайтын материалдық ресурстардың бір бөлігінің ақша көрнісі болып табылады. қоғамдық өндіріс процесінде қаржы ресурстары неғұрлым көп жасалса, соғұрлым ол тиімдірек болады. Сонымен бірге бүкіл ұдайы өндірістің тиімділігін арттыру проблемасын шешу және экономикалық өсудің қарқынын тездету ұлттық шаруашылықта қаржы ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарды пайдалануы көптеген бағыттар бойынша жүзеге асырылады, олардың негізгілері болып келесілер табылады:



  • қаржылық міндеттемелерді орындауға негізделген қаржы - банктік ұйымдарға төлемдер. Оларға: бюджетке салықтық төлемдер, несиені пайдаланғаны үшін банкке пайыздар төлеу, алынған несиені өтеу, сақтандыру төлемдері және т.б.;

  • өндірістік процесті ұйымдастыру үшін қажетті материалдық ресурстарды сатып алуға қаржылық ресурстарды пайдалану;

  • өндірісті кеңейтумен оны техникалық жаңартумен, жаңа прогрессивті технологияларға өтумен, «ноу-хауды» пайдаланумен байланысты капиталдық шығындарға меншікті қаражаттарды инвестициялау (қайта инвестициялау);

  • қаржылық ресурстарды бағалы қағаздарға инвестициялау: өзге фирмалардың акциялары мен облигациялары, мемлекеттік қарыздар;

  • қаржылық ресурстарды мадақтау және әлеуметтік саладағы ақшалай қорларды қалыптастыру үшін қолдану;

  • қаржылық ресурстарды қайырымдылық және демеушілік мақсаттарда пайдалану.

Қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану активтердің айналымдылығымен және табыстылық көрсеткіштерімен сипатталады. Сәйкесінше, қаржылық ресурстардың пайдалану тиімділігін айналым мерзімін азайту және табыстылықты көбейту арқылы арттыруға болады, ол шығындарды азайту және өнімді өткізуден түскен табысты арттыру арқылы мүмкін болады.

Айналым капиталының айналымын жеделдету үшін күрделі шығындар қажет етілмейді және өндіріс көлемі мен өткізілген өнім көлемін арттырады. Алайда, инфляция айналым капиталын тез құнсыздандырады. Кәсіпорында айналым капиталы ретінде ағымдағы активтер қолданылады. Айналым капиталы ретінде қолданылатын қорлар белгілі циклдардан өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналатын негізгі материалдарды сатып алуда қолданылады; өнім дебиторлар шоттарын аша отырып несиеге беріледі, ал дебиторлар шоттары өтімді активтерге айнала отырып төленеді және инкассацияланады. Кез - келген айналым капиталына қажетсіз қорлар міндеттемелерді жабуға бағытталады. Сондай-ақ олар негізгі капиталды сатып алуда қолданылуы немесе иелеріне табыс ретінде төленуі мүмкін /13,91б./.

Кәсіпорынның қаржылық ресурстарын тиімді пайдалануда бірнеше әдістер қолданылады.

Нәтижелілікті бағалау. Бұл әдіс өзіне қызметтің нәтижелілігін бағалауды қоса отырып, жоғарғы және төменгі ведостволық бюджеттік ұйымдардың арасында қолданылады. Нәтижелілікті бағалау әдісі көбіне кәсіпорын басшылары мен жұмысшыларын өз жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін ынталандырушы қызмет болып табылады. Нәтижелілікті бағалаудың мәні бюджеттік қызмет көрсету қарекеті және кәсіпорынның толық қызметінің нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштерді талдау болып табылады. Бұл көрсеткіштердің көбі ресми түрдегі мемлекеттік статистика мәліметтеріне негізделмеген, сондықтан арнайы ішкі басқарушылық есепті талап етеді. Алғашқы мәліметтерді жинақтау мен нәтижелілікті сипаттайтын көрсеткіштерді есептеу әдістемесі нақты көрсеткіштердің жоғарғы сенімділігін қамтамасыз ету қажет.

Сатып алуларды жүргізу саясаты. Сатып алуларды жүргізу саясаты ұйымдарды материалдық – техникалық қамтамасыз ету тиімділігін арттыруға, сатып алынатын тауарлар мен қызметтердің бағасын азайтуға, сонымен қатар сатып алуларды жүргізуге трансакциондық шығындарды азайтуға бағытталады. Бұл саясатты ұйымдастыру орталықтандырылған сатып алулар механизмі, конкурстық процедуралар, бюджеттік ұйымдардың қаржылық тәуелсіздігі арасындағы балансты табуды көздейді.

Конкурстарды (тендерлерді өткізу). Ашық конкурс - сатып алулардың ең тиімді әрі қымбат әдісі. Ашық конкурсты ұйымдастыру үлкен сатып алулар бағдарламалары үшін қажет. Конкурс жүргізу тәжірибесінің жинақталуы және мұны іс жүзінде тарату, конкурсты жүргізу шығындарының үлесін азайтуы мүмкін.

Сатып алудың конкурстық әдісін, шығындарды төмендету және алынатын қызметтердің сапасын жоғарылатудың қызмет атқарушы механизміне ауыстыру, оның қатысушыларына қорытынды шығаруда толық анықтылықты қажет етеді. Егер, конкурс жай «лоторея» немесе алдын-ала анықталған жеткізушілермен келісім-шарт рәсімделуіне негізделсе, онда бұл конкурс ұйымдастырушыларының, сондай-ақ оның қатысушыларының шығындарын ұлғайтады.

Бірыңғай бюджеттік шот. Қаржылық ресурстарды бағытты және тиімді пайдалану, ақшалай қорларың қалыптасуы және жұмсалуының есепті сметасының және жоспарының құрылуы негізінде бақыланады. Әлемдік тәжірибеде кәсіпорын бюджеті ауқымды таралымға ие. Бюджет жоспарлау функциясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Ол алдан - ала бақылау құралы болып табылады. Сондай-ақ, бюджет шығындардың шекті мағынасын қалыптастырып және өзге кәсіпорын немесе бөлімшенің өз қолма-қол қаражаттарын толық пайдалануға мүмкіндік береді. Бюджетті құрудың басты мәні келесідей, кәсіппорынның әрбір бөлімшесі өзіне қажетті ресурс көлемін белгілейді, олардың ұсыныстары жоғары тұрған басқару бөлімшесімен қаралады. Мүмкіндігінше және жалпы бағыт бойынша өзгертулер енгізіліп, жөнделеді.

Бірыңғай банктік шотта кәсіпорынға арналған дербес шот ашу ақша қаражаттары ағымын басқарудың негізі болып табылады. Дербес шот жүйесінің спецификасы қатысты банктік мекемемен келісім - шартта анықталады; ол бюджеттік ұйымдардың құрылымы және олардың қаржылық деңгейін көрсетеді. Осыған байланысты әрбір дербес шот бойынша олардан ақша қаражаттарын алудың әртүрлі тәртібі қалыптастырылады. Көбіне, трансферттік шығындарды жүргізуге арналған ақша қаражаттарын дербес шоттардан түсіру қатаң анықталған шығындық операциямен шектелуі мүмкін. /14,165бет/

Кәсіпорынның негізгі қаржылық органы дербес шоттар жүйесін жалпы басқаруды, сонымен қатар жалпы бюджеттік шотта дербес шоттарды ашуға және жабуға басқа ұйымдық бөлімшелерден тапсырыстары қарастыруды жүзеге асырады.

Қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігін арттыруда тағы да бір басты құрал кәсіпорынның негізгі өндірістік құралдарын және материалдық емес активтерді басқару болып табылады. Бұл басқарудағы негізгі мәселе амортизацияны есептеу әдісін таңдау болып табылады.

Амортизацияны есептеудің үш әдісі бар: біркелкі есептеу әдісі, жүргізілген жұмыс көлеміне байланысты есептеу және жеделдетілген есептеу.

Біркелкі есептеу әдісі негізгі құралдардың қызмет етуінің нормативтік мерзіміне байланысты. Амортизациялық аударымдардың нормалары негізгі құралдардың физикалық және моральдық қызмет ету мерзіміне байланысты анықталады. Амортизациялық аударымдардың көлемін анықтау негізгі құралдардың құнын дұрыс бағалауды қажет етеді. Уақыт өте келе негізгі құралдарды қайта бағалау қажеттілігі туады, оларды қайта жөндеу құнын анықтау үшін және нақты экономикалық шарттармен сәйкестендіру үшін жүргізіледі. Инфляция деңгейі жоғары болған сайын мұндай қайта бағалау жиі жүргізілуі шарт.

Амортизацияны есептеудің екінші әдісі – жүргізілген жұмыс көлеміне байланысты есептеу. Ол жүргізілген жұмыс көлемі неғұрлым көп болса, соғұрлым тозу көп болады деген қағидаға негізделген. Бұл жағдайда мерзім есепке алынбайды.

Үшінші әдіс – жеделдетілген амортизация. Ол амортизация аударымдарының негізгі сомасы негізгі құралдардың қызмет етуінің бастапқы жылдарында есептеледі деген қағидаға негізделеді. Бұл негізгі құралдарды жаңартуды жеделдетіп қана қоймай, сонымен қатар инфляциялық жоғалтуларды азайту әдісі болып табылады. Бұл әдіс шығындардың басты бөлігін тез жабуды қамтамасыз етеді. Бірақ жеделдетілген амортизация саясаты өзіндік құнның артуына және сәйкесінше өткізу бағасының артуына әкеліп соғады. Бұл әдісті қолданғанда алынатын амортизациялық аударымдар қатаң мақсатты бағытқа ие болады /15,132б./.

Сонымен қатар, қаржылық ресурстарды басқарудың тиімділігі кәсіпорынның капитал құрылымына тікелей байланысты екенін айта кеткен жөн. Капитал құрылымы кәсіпорын активтерін ұлғайтуға бағытталған қарекеттеріне оң немесе кері әсер етуі мүмкін. Капитал құрылымы кәсіпорынмен қызмет ету түріне және талаптарына сәйкес келуі шарт.

Капиталдың тиімді құрылымы түсінігі барлық капиталдың максималды нарықтық бағасын қамтамасыз ететін және сәйкесінше иелеріне максималды көлемде табыс әкелетін меншікті және қарыз капиталының арақатынасын бейнелейді. Капиталдың тиімді құрылымы меншікті және қарыз капиталын қолдануың арақатынасын көрсетеді, бұл жағдайда меншікті капитал рентабельділігі коэффиценті мен қарыз коэффицентінің арасында тиімді арақатынас орнайды.

Капиталдың тиімді құрылымы меншікті және қарыз құралдарының арақатынасы 90/10 болғанда орнайды. Айта кететін жағдай, барлық кәсіпорындар үшін бірдей капитал құрылымы болмайды. Капитал құрылымы бойынша әрбір шешім – бұл тәуекел мен табыстылық арасындағы таңдау болып табылады, себебі қаржыландыру көздерінің құрамындағы қарыз капиталы үлесінің артуы тәуекел деңгейін де, табыстылық деңгейін де арттырады. Сондықтан, капитал құрылымына байланысты әрбір шешім ұйымның жалпы стратегиясына байланысты қабылданады.

Қаржылық ресурстарды пайдаланудың тиімділігі кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына, оның өтімділігіне, төлемқабілеттілігіне, табыстылығына әсер етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет