Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет10/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   141
Әлеуметтік-педагогикалық қызмет баланы әлеуметтендіруге 
және оны әлеуметтік қорғауға бағытталған. Бұл әрі мектеп 
қабырғасында, әрі педагогтың ата-анамен бірлесе отырып 
балалардың әлеуметтік тәрбиесімен айналысатын т‰рлі қоғамдық 
ұйымдармен ж‰ргізілуі м‰мкін. Тәрбиелеу – көп факторлы процесс, 
нәтижесі тек оқушы мен тәрбиелеушілердің (педагог, ата-ана, 
арнайы тәрбиелеуші институттар, бала) мақсатты бағытталған 
педагогикалық бірлескен іс қана емес, сонымен қатар стихиялық 
факторлармен әрбір тұлғаның микроортасы, әлеуметтік орта. 
Әрт‰рлі тәрбиелеуші әсерлерді гармониялау және координациялау, 
баланың дамуына тек мектепте емес, одан тыс жерлерде де 
максималды ыңғайлы
жағдайларды
жасау – әлеуметтік
педагог


20
ретінде оқытушының негізгі міндеті. Оларды шешу ‰шін педагог 
тұтасымен алынған әлеуметтік мәселелерді терең т‰сінуі қажет 
және әрбір оқушының мәселесін нақты т‰рде білуі, әлеуметтендіру 
факторларының бар екенін, тәрбие беруші негізгі әлеуметтік 
институттармен бірлесудің мәні мен мағынасын т‰сіну, олармен 
ынтымақ құру, араларындағы кездесетін қайшылықтарды шешу, 
әлеуметтік ортаның негативті әсерін т‰зетуге дайын болу.
Мәдени-ағартушылық қызмет – бұл педагогтың оқушы-
ларды мәдениетке қатыстыру (приобщение): қоғамның т‰рлі 
салаларындағы мәдени жетістіктермен таныстыру, олардың 
мәдени қызығушылығы мен қажеттіліктерін дамыту. 
Оқытушы белгілі мағынада мәдениет, ғылым саласындағы 
қызмет қалай болғанда да қоғамда педагогикалық мәдениеттің 
тасымалдаушысы, қоршағандар тарапынан барлық замандарда 
ағартушы, ақыл беруші, жақсылық әкелуші ретінде танылған. 
Өкінішке орай, қоғамдағы қалыптасқан бұл қарым-қатынасты 
материалдық жағымен шатастырып, әлеуметтік жағын ұмытып 
отыратын педагогтар, өз миссиясының кәсіби талабын орын-
дамауда. Оны қайта қалпына келтіру, әрине тек педагогтардың 
қолындағы нәрсе емес, ол сонымен қатар мемлекеттік және 
жергілікті жерлердегі білім беру ж‰йесі басқармалары мен 
мәдени органдардың қолдауымен ж‰ргізілетін іс. 
Коррекциялық-дамытушы қызмет – оқушы тұлғасының дара 
өзінің дамуындағы кемшіліктерді айқындау және оларды жөнге 
келтіру, социумға адекватты интеграциялануы ‰шін оған оқу 
бағдарламасын табысты меңгеруінде көмекші болу. Оқытушы бір-
бірінен ақыл-ой даму деңгейлерінде айырмашылығы бар, қа-
білеттері, әлеуметтік даму дәрежесі әрт‰рлі, мектеп өміріне, оқып-
‰йренуге, адаптацияға т‰рлі қатынастағы балалармен жұмыс жа-
сайды. Ол адамдарды алғанда олардың өзінің өмір тарихы және 
тәрбиесі, кейде негативті құндылықтар, қасиеттер, әдеттер кіші 
жаста басынан өткізген депривация тәрбиесінде өзгешелік қалып-
тасқанда болады. Сондықтан коррекциялық-дамытушы қызметтің 
мазмұны кемтар, дамуы мен тәрбиесінде ауытқулар болатын бала-
ларды оқыту мен тәрбиелеуді дифференцациялау, әлдеқайда 
нәтижелі жолдарды, әдістерді пайдалана отырып дер кезінде ауыт-
қуларды айқындап, балалардың дамуы мен тәрбиесіндегі ауыт-
қулардың алдын алу, профилактикасы мен емделуіне көмектесу. 


21
Ғылыми-әдістемелік қызмет – педагогикалық қызметтің айы-
рылмас құрамы болып табылады да, педагогтың негізгі кәсіби функ-
цияларынан басқа барлық қызмет т‰рлерін ұйымдастырып іске 
асырады. 
Оның мазмұнын оқытушының оқу мен тәрбиелеудің жаңа 
технологияларды және теорияларды, олардың негізінде өзінің жаңа 
келістерін жетілдіру, оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру әдістері 
және оларды оқу-әдістемелік құжат және ғылыми-әдістемелік 
материал ретінде рәсімдеу; авторлық бағдарлама, тақырыптық 
жоспарлар мен әдістемелік сабақ зерттемелері, оқу-әдістемелік 
құралдары, ғылыми-практикалық конференцияларда баяндамалар, 
ғылыми мақалалар жазу құрайды. Қазір ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын ж‰ргізуге ұмтылу көптеген педагогтарға тән, ол 
педагогикалық қызметтің сипатынан туады, өйткені оқушының 
бастапқы интеллектуалды және тұлғалық деңгейін зерттемей, 
талдамай анықтау м‰мкін емес, ал зерттеу нәтижелерін қолдану 
арқылы қолданылып отырған әдіс-тәсілдердің тиімділігінің, 
ұйымдастыру формасының оқу-тәрбие жұмысында коррекциялық-
дамытушы 
және 
басқа 
қызмет 
т‰рлерінің 
тиімділігін 
(эффективтілігін) анықтауға м‰мкіндік береді. 
Басқа кез келген адамдармен қарым-қатынаста болатын, 
өздерінің іс-қимылын ұйымдастыруға бағытталған қызмет 
басқару қызметі болып саналады. Педагог мұны тек қабы
лдау 
ғана емес, т‰рлі оқушы қызметін ұйымдастыруға дайын болуы 
қажет. Педагогтың ұйымдастыру қызметінің негізгі мазмұны 
төмендегілерде: оқушылардың қызметіне мотивация жасау, 
оларды жоспарлар жасап орындауға қатыстыру, өзін бақылау, 
нәтижелерді өзі бағалауы және бақылауы. Бірақ басқалардың 
қызметін басқару ‰шін ол өз қызметін басқаруды ‰йренуі қажет, 
яғни алдын ала оқушылар қызметін ұйымдастыруға бағытталған 
өз іс-қимылының ж‰йесін құруы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет