244
Қызыл жебе
– Музыкаға тілдің, тілмаштың керегі жоқ, жақсы музыка
кімге болса да түсінікті, – деді қыз
қазақ әуенін бірден ұғып
алғанына қуанып.
Хат танымайтын Рысқұлға қатын-баламды өзіммен бірге
ала кетемін деп арыз жазып бергені үшін, түрме бастық
Александр Бронниковты қайтадан саяси тұтқындар камерасына
ауыстырған. Әу бастағы үміті ақталмады. Бір камераға діні басқа
орыс пен қазақты қатар жатқызып, ырылдастырып қоймақшы
еді,
қайта бұлар бірі нағашы, бірі жиендей бауырласып кетті.
Рысқұлды қойшы, ол енді қақпанға түскен қасқыр, бүлікшіл
Питердің бұзығы бала Тұрарды большевиктердің идеясымен
ауыздандырып жүрер деп, Приходько кәнігі революционердің
іргесін аулақ салған. Бірақ ақылы түстен кейін кірді. Приходько
Тұрардың санасын шіркеудің шырмауығымен шатыстырамын
деп жүргенде, Бронников Лениннің есімін оның балғын жүрегіне
жазып қойған.
Приходько Тұрарға бір емес,
екі мұғалім тауып бергенін
де білген жоқ. Бірі - өзінің қызы Наташа да, бірі – Александр
Бронников. Наташадан Тұрар орыстың тілі мен әліппесін үйренсе,
Бронниковтен өміртану ғылымынан, қоғамтану ғылымынан
ауызданып, сауат алды. Наташадан ол Пушкиннің атын есітті.
Бронников арқылы Ленин есімі жатталып қалды.
Аркаша мен Наташаны Тұрар күймеге салып, гимназиядан
алып қайтқанда, Наташа Тұрарды жібермей, екеуі отыра қалып,
Пушкиннің ертегілерін оқушы еді. Бір күні Наташа Пушкиннен
«Тұтқын» деген өлең оқыды.
«Сижу за решеткой в
темнице сырой.
Вскормленный в неволе орел молодой.
Мой
грустный товарищ, махая крылом,
Кровавую пищу клюет под окном.
Клюет и бросает, и смотрит в окно.
Как будто со мною задумал одно.
Зовет меня взглядом и криком своим
И вымолвить хочет: «Давай, улетим!
Мы вольные птицы: пора, брат, пора!
Туда, где за тучей белеет гора,