29. Таным (түйсік, қабылдау, ес,) процесстеріндегі бұзылулардың негізгі симптомдары және синдромдары Қабылдау мазмұнының патологиялық өзгерістері, сапалық бұзылыстарына сезім мүшелерінің алдануы — иллюзия мен галлюцинация жатады. Иллюзияда қабылдау бұрмаланған және қабылдау объектіне сәйкес келмейді. Галлюцинацияда тітіркендіру көзі мүлдем болмайды, бірақ адамда әр түрлі сезімдер пайда болады, жоқ құбылыстар мен заттар қабылданады. Осы құбылыстарға толық сипаттама беру үшін тоқталамыз. Иллюзия — шындығында бар объектіні қате қабылдау. Иллюзия тек психикалық аурудың белгісі емес, жиі сау адамдар арасында да кездесуі мүмкін. Психикалық иллюзия дамуының бірден бір себебі сезім мүшелерінен түсетін ақпараттың жеткіліксіздігі болып табылады.
Галлюцинация — объектісіз қабылдау, жалған қабылдау. Галлюцинация кезінде науқас шын мәнінде жоқ дауыстар естіп, адамдарды көреді. Бірақ науқас олардың бар екендігіне толық сенімді.
Кеңістіктегі заттарды қабылдау бузылысы: заттар бұрмаланған (метаморфопсия), ұлғайған (макропсия) немесе кішірейген (микропсия), алшақтаған немесе жақындаған түрде қабылданады. Науқас стақанды столға қоюға ұмтылады, бірақ арақашықтықты айыра алмау нәтежесінде стақан еденге құлайды. Жер, еден науқасқа кедір-бұдыр болып көрінеді де, науқас аяғын не тым жоғары көтеруі мүмкін немесе кенеттен жерге, еденге сүрінуі мүмкін.
30. Эмоцияның процесстеріндегі бұзылулардың негізгі симптомдары және синдромдары. Көтеріңкі көніл-күй маниакальды жағдайдын басты симптомы болып табылады. Көнілді және қуанышты көніл-күй күндерге, апталарға, айларга созылады. Наукас өзін бакытты сезінеді, күші және энергиясы тасып, ешкандай дерті және физикалык бузылысы жок тәрізді болып, коршаган ортадағы жайттардын барлығы кызыктырып, өмір сүруге құштар болады. Олар әр уакыта кулімдеп журеді, көп козгалып, көп сөйлеп, сөз тапкыш болып келеді. Осы суреттелген көніл-күй көтерілуі маниакальды-депрессивті психоздын маниакальды фазасында, кезеңді шизофренияда, орталык жуйке жуйесінін органикалык ауруларында кездеседі.
Көңіл-күй төмендеуі депрессивті жағдайларга тән. Бұл жағдай наукастарда апат тәрізді субъективті куйзеліс. Бул жағдайдын негізгі белгісі ауыр кайғы-мұнмен көрінеді, кейде бұл жағдай өз-өзіне қол жумсауға дейін жеткізеді. Мұн сезімі кейде аса айкындалады: наукастар жан ауруына, жан немесе журектегі ауырлык сезіміне шағымданады. Осындай журектік мұң (anxietas praecordialis) деп аталатын сезімнін пайда болуы, оған уксас стенокардия устамасымен дифференциальды диагностика жасауға негіз болады; оны ажырату әсіресе егде тарткан адамдарда және қантамырлык жеткіліксіздігімен адамдарда депрессия жағдайы дамығанда киындык тудырады. Ауыр депрессия кезінде, әсіресе картайган шакта кейбір сырткы тітіркендіргіштердін (инфекциялар, ауруды карау жане т.б. ) әсерінен мұң күрт күшеюі мүмкін: raptus melancholicus жағдайьна дейін жететін ауыр меланхолиялык қозу жағдайы байкалады.
Апатия - бос эмоциональды күй, барлығына толык немкурайдылык, эмоциональды топастық - дефицитарлы симптома жатады. Апатия шизофрениялык үрдіске, тотальды органикалык деменцияга тән.
Дисфория жағдайы - тітіркенгішнік, қаталдьк, ызалылык, өзі мен айналасындагыларга көңіл толмаушылыкен, атылғышыктен, агрессивті және куйрететін әрекеттерге бейімділікпен жүретін өзгерген көніл-күй кезендері. Бұл жағдай теріс және он да эмоциямен көріну мумкін. Дисфориялар эпилепсиянын үлкен ұстамасьнын эквиваленті больш табылады және де алкоголизммен наркоманиямен наукастар абстиненциясы жағдайында, психоорганикалык синдромда бакыланады.
Жігерсіздік - эмоциялык әлсіздік, сезімдер сферасындагы лабильділік жағдайы. Болмашы нәрсеге катысты көніл-күйдін үнемі тербелісімен сипатталады; тез арада жылайды, ал көніл-күй көтерілгенде - сентиментальдылык бакыланады. Бас миынын кантамырлык закымдануында, соматогенді астенияда байкалады.
Абдырау - өзіндік сана және заттык сана бузылысымен психикалык кызметтердін жедел бузылысынын дамумен бірге журетін шатасу жағдайы. Көздері кеңінен ашылған, кезбе көзқарас, сенімсіз козғалыс, сурамшыл сөз - наукастын бар кескіні өз жағдайы мен больш жаткан жайтты тусінбейтіндігін суреттейді. Абдырау шизофренияда симптоматиканын онейроидты сана күнгірттенуіне бағытталуы кезінде айкын көрініс береді.