23. IX,X - жұп нервтері: атқаратын қызметтері және тексеру тәсілдері. IX жұп нерві (n. glossopharyngeus – тіл-жұтқаншақ нерві) Тіл-жұткыншақ жүйкесінін сезімтал талшықтары тілдін арткы үштен бір бөлігінен дәм сезуді алып келеді, сол нервтін дендриттері төменгі түйіннің жасушалары аксон бірлік жолдын ядросына туседі. Бірлік жолдын ядросынан екінші нейрон басталады, аксондар қиылыс жасайды, медиалды петлянын құрамында болады, таламустын вентралды жане медиалды ядроларында аякталады. Үшінші нейрон таламустын ядросынан бастама алады, дәмдік ақпаратты үлкен мидын жарты шарларынан алады (operculum temporale gyri parahippocampalis). IX жұптын қозғалткыш жолы екі нейроннан турады. Бірінші нейрон прецентралды иірімнін теменгі бөлігіндегі жасушалар мен көрінеді, онын аксоны кыртыс ядролык жолға кіріп, екіншілік ядросы өз жағында және карама-карсы жакта аякталады. Екінші нейроннан кезбе жуйкенін жалпы тармағы шығып, ол жуткыншак маны булшыкетін, жуткыншактын жоғарғы жағынын көтергіш бөлігін нервтендіреді.
X жұп нерві (n.vagus – кезбе нерві) Кезбе нерв тармақтары арқылы тынысалу ағзаларын, асқорыту жолының едәуір бөлігін, сигматәрізді тоқ ішекке дейін нервтендіреді, сондай-ақ ол жүрекке оның соғуын баяулататын тармақтар береді. Аталған ішкі ағзалар мен тамырлардың рецепторларының, сондай-ақ мидың қатты қабығының кейбір бөлігінен және құлақ қалқанын қоса сыртқы есту жолынан сезімтал ядроға nucleus solitarius-ке келетін афферентті (сезімтал) талшықтар. Жұтқыншақ, жұмсақ таңдай мен көмейдің ерікті бұлшықеттеріне баратын эфферентті (қозғалыстық) талшықтар және осы бұлшықеттер рецепторларынан шығатын (проприоцептивті) талшықтар. Бұл бұлшықеттер талшықтарды қозғалыс ядросынан nucleus ambigus-тен алады. Вегативті ядродан, nucleus dorsalis n. vagi-ден шығатын эфферентті (парасимпатикалық) талшықтар. Олар жүрек миокардына (жүрек соғысын баяулатады) және тамырлардың бұлшықет қабықшасына (тамырларды кеңейтеді) келеді. Сонымен кезбе нервтің жүрек тармақтарына n. depressor енеді, ол жүректің өзі мен қолқаның бастапқы бөлігі үшін сезімтал нерв жіне қан қысымын рефлекстік жолмен реттеуді басқарады. Сондай-ақ парасимпатикалық талшықтар кеңірдек пен өкпені (бронхыларды тарылтады), өңеш және colon sigmoidum-ге дейін ішекті (перисталтиканы күшейтеді), аталған ағзаларда орналасқан бездер мен іш қуысы бездерін-бауыр, ұйқыбезін (секреттік талшықтар), бүйректі нервтендіреді.
IX және Х жұп бас ми жуйкелері белек жалпы ядродан турады, олар сопакша мина біріккен болады, сондыктан да олар бір уакыта тексеріледі. Дауыс дыбыстылығы аныкталады (фонация), ол кейде әлсіз (дисфония), кейде мулдем жок болуы мумкін (афония); сонымен бір уакытта дауыстардын аныктығы тексеріледі (артикуляция). Тандай мен тілшік каралып, жумсак тандайда ыскырык бар-жоктыры, тілшіктін симметриялылығы, дұрыс орналасуы аныкталады. Жумсак тандайдын кыскаруын аныктауда ауыздын кен ашу кезінде «э» әрпін айткызады. Тандайлык және жуткыншактык рефлекстерді аныктау ушін тандай анқасын калакшамен (шпатель) карайды. Кейде екі жакты рефлекстердін әлсіреуі нормада кездеседі. Егер бір жакты темендеу немесе жок болуы IX, Х жұп жуйкелердін закымдалуынан. Жұтыну кызметін су жұтқызу аркылы бағаланады. Жутынудын бузылысында наукаска алгашкы жұтымнын өзі киынға соғады (дисфагия). Тілдін арткы уштен бірінін дем сезуін аныктайды. IX жуптын закымдалуында тілдін арткы уштен бірі кышкыл мен ащыны сезу жоғалып, сондай-ак, жуткыншактын жогарысынын шырышты қабатынын сезімталдығы жоғалады. Дауыс байламдарынын жағдайын аныктауда ларингоскопия колданылады.