Шеткері мотонейронның зақымдану симптомдары



бет6/45
Дата26.12.2023
өлшемі145,55 Kb.
#143912
түріТопик
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
неврология эталон полный-2

Төменгі жақсүйек нерві, n.mandibularis, аралас, үштік нервтің ең ірі тармағы. Үштік түйінге баратын сезімтал және үштік нервтің қозғалтқыш ядросынан шығатын тармақтардан түзілген. Бассүйек ішінен сопақ тесік арқылы шығып бірден қабықтық тармақты, r.meningeus, береді, ол қылқанды тесік арқылы бассүйек қуысына еніп, бассүйектің ортаңғы шұңқырының қатты қабығын нервтендіреді.
Төменгі жақсүйек нервінің тармақтары қозғалтқыш және сезімтал болып, екі топқа бөлінеді. Қозғалтқыш тармақтары, төрт шайнау бұлшықеттерін нервтендіреді. Олар:1) шайнау нерві,n.massetericus, – аттас бұлшықетті; 2) самайлық терең нерв, nn.temporales profundi, – самай бұлшықетін; 3, 4) латералды және медиалды қанаттәрізді нервтер, nn.pterygoidei lateralis et medialis – аттас бұлшықеттерді нервтендіреді.
Сонымен қатар : 5) таңдай пердесін керетін бұлшықет нерві, n.musculi tensoris veli palatini, – аттас бұлшықетті; 6) дабыл жарғағын керетін бұлшықет нерві, n.musculi tensoris tympani – аттас бұлшықетті нервтендіреді.
Сезімтал тармақтары:
1) Ұрт нерві, n.buccalis, ұрт бұлшықетінің сыртында орналасып, ұрттың терісі мен шырышты қабығында және езудің терісінде тармақталады;
2) Төменгі ұяшықтық нерв, n.alveolaris inferior, аралас, төменгі жақсүйек нерві тармақтарының ішіндегі ең ірісі. Төменгі жақсүйек өзегінің алдында, одан жақсүйек-тіласты нерві, n.mylohyoideus, шығып аттас бұлшықетті және қос қарыншалы бұлшықеттің алдыңғы қарыншасын нервтендіреді. Нерв, төменгі ұяшықтық артериямен бірге, foramen mandibulae, арқылы төменгі жақсүйек өзегіне енеді. Өзектің ішінде оның тармақтары төменгі тістік өрімді, plexus dentalis inferior, құрайды. Өрімнен төменгі қызыл иектік тармақтар, rr.gingivales inferiorеs, пен төменгі тістік тармақтар, rr.dentales inferiores, кетеді. Олар төменгі тістер мен қызыл иекті нервтендіреді.
Төменгі ұяшықтық нерв төменгі жақсүйектің өзегінен иек тесігі арқылы шығып иек нерві, n.mentalis, деп аталады. Иек нерві иек пен төменгі еріннің терісін нервтендіреді.
3) Тіл нерві, n.lingualis, аралас нерв (48-сурет), оны үш түрлі: жалпы сезімталдық пен дәм сезуді өткізетін және парасимпатикалық талшықтар құрайды.



  1. XII жұп нерві: атқаратын қызметтері және тексеру тәсілдері.

Тіл асты жуйке жуйкесінін орталык және перифериялык Козғалткыш нейроны бар. Онын орталык нейрон торшалары алдынгы орталык ми кыртысы-ядро жолымен томен туседі де сопакша мидағы тіласты жуйке ядроларынан жогарырак тегіс айкасады. Тіласты жуйке ядролары сопакша ми какпагындагы ромб тәрізді шункыр тубінің ортасына таяу орналаскан. Бул ядроларда сырткы неврон торшалары бар, олардын аксондары тіласты жуйкесін курастырады.
Жуйке бірнеше тубіршектерімен төменгі олива мен пирамида арасындагы сала аркылы сопакша мидын табанына шыгады.Жуйке бас суйек куысынан қарақұс сүйегінің буын өсіндісі түбіндегі тіласты өзегі аркылы өтеді. Тіласты жуйкесі тіл булшыкеттерін жуйкелендіреді. Тіл ауыз қуысындағы тамакты алмастырады, сөздің дыбыс ырганын реттейді. Тіл асты жуйкесінін функциясы - тілдін өзінің булшыкетінің, тілді алға, төмен, жоғары және артка булшыкетін иннервациялайды. Бул булшыкеттін барлығында клиникалык тәжірибеде тілді алга және астыга козгалтканда иек-тілдін булшыкеті манызды орын алады. Тіл асты жуйкесі жогарғы симпатикалык жуйке туйіні және төменгі кезбе жуйкенін төменгі туйінімен байланыс курайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет