24. Психикалық және тәуелділік аурулары бар науқастарды емдеудің түрлері , ерекшеліктері. Психикалық бұзылуларды емдеудің көпшілігі екі санаттың біріне жатқызылуы мүмкін:
- соматикалық;
- психотерапиялық.
Соматикалық емдеуге дәрі-дәрмектер, электроконвульсивті терапия және миды ынталандыратын басқа емдеу әдістері жатады (мысалы, транскраниальды магниттік ынталандыру және вагус нервтерін ынталандыру).
Психотерапиялық емдеу әдістеріне психотерапия (жеке, топтық, отбасылық немесе некелік), мінез-құлық терапиясы (мысалы, релаксацияны оқыту немесе экспозициялық терапия) және гипнотерапия жатады.
Кейбір психоактивті заттар өте тиімді және оларды психиатрлар мен басқа дәрігерлер кеңінен қолданады. Бұл препараттар көбінесе емдеу үшін бірінші кезекте тағайындалған бұзылуларға байланысты әртүрлі санаттарға жіктеледі. Мысалы, антидепрессанттар депрессияны емдеу үшін қолданылады.
25. Қозғалыс-ерік процесстеріндегі бұзылулардың негізгі симптомдары және синдромдары. Қозғалыс бұзылыстары психотикалык жағдайларда жиі кездеседі. Қозғалыстын және толықтай жүріс-тұрыстын бұзылысы коршаған ортадағы адамдардын назарын өзіне аудартады және олармен психикалық дерт белгісі ретінде дурыс кабылданады. Қозғалыс бузылыстары элементарлы турде бөлінеді - гипо-, гипер- және дискинетикалык қозғалыс белсенділігінін төмендеуіне, күшеюіне немесе бурмалануына байланысты бөлінеді.
1) Қимылдық мелшиіп қалу Қимылдык қозгалыстын күрт азаюымен немесе толық қозгалыстын токтауымен мелшиіп калу ступордын клиникалык суреттемесін береді. Ступор терең жалпы катып қалу турінде толық және қозгалыс сферасын толык камтымайтын, тұраксыз, толык емес болып бөлінеді. Толық ступор кезінде наукас бір калыпта қозгалыссыз, кейде ыңғайсыз позада жатады. Қоршаган ортаға ешкандай реакциясы жок, өзін күтпейді, ұкыпсыз болады, табиғи кажеттіліктерін төсекке жібереді. Толык емес ступор кейде мутизм дамумен шектеледі. Наукастар сөйлемейді, бірак бурынғы белсенділігі сакталады, ымдау немесе хат аркылы тусіндіруге тырысады. Толык емес ступорды клиникалык көрінісінде патологиянын нозологиялык формасына сәйкес баска симптомдар да болуы мумкін. Өзінің табиғатына байланысты ступор катониялық, депрессиялық,психогенді, истериялық болуы мумкін.
Истериялык парездер мен салданулардынорганикалык негіздері жок, ауру бул бұзылыстарды өзіне калай елестетсе, солай көрінеді. Ауру бірденеден қорыкса қолы не аяғы жумыс істемей калатыны аныкталды (аяғы мақта сиякты, өзіне бағынбайды, бір куні тіптен кызмет жасамай калады). Дәрігерге бір аяғы не қолы закымдалған немесе екі аяғы мен колдары да закымдалған, жиі бет нервісінін катысуынсыз гемиплегиямен наукастар келеді.
Истериялык сөйлеу бұзылысы толық мылкаулыкпен, афониямен, кекештенумен, сөздерді дұрыс айтудын өзгеруімен және т.б. көрінеді. Мылкаулық кезінде жазу және баска сөздерді түсіну бұзымайды, ауру мимикамен айналадағылармен катыса алады.