Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің



Pdf көрінісі
бет89/125
Дата21.12.2022
өлшемі15,32 Mb.
#58721
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   125
Байланысты:
1514000-Геоморфология-каз

 
Сабақ №35 
Тақырып: Экзотектік бедертҥзуші ҥрдістермен себептелген бедер пішіндері. 
Жоспар 
1. Жалпы тҥсінік 
2. Бедер және климат 
3. Тау жыныстарының ҥгілуі 
4. Ҥгілу қыртысы (кора выветривания) 
1. Жалпы тҥсінік. 
Экзогендік бедер қҧратын факторларға әр тҥрлі климат элементтерінің, ӛзендер мен кӛлдердің, теңіздердің, 
мҧздықтар мен қарлардың, желдің және тағы басқа элементтердің әсері жатады. Экзогендік бедер қҧратын 
процестердің негізгі кӛзі кҥн радиациясы, ол жер бетіне, гидросфераға және атмосфераға ӛзара әрекеттесіп, әр 
тҥрлі климаттық жағдайлар қалыптастырады. Ал климат жағдайлары бҥкіл жер бетінің ӛзгеруінде негізгі 
факторлардың бірі болып саналады. Климат элементтерінің ішіндегі аса маңызды фактор – ауа температурасы. 
Осы ауа температурасының әсерінен әр тҥрлі табиғи зоналардың климаты қалыптасады. Мәңгілік мҧздықтар 
мен қар жамылғысының пайда болуы, тау жыныстарының ҥгілуі, химиялық процестер және т.б. осы ауа 
температурасына тікелей байланысты. 
Климаттың екінші маңызды элементтерінің бірі жауын-шашын. Олар ӛзендердің, кӛлдердің, батпақтардың және 
мҧздықтардың пайда болуына едәуір әсерін тигізеді. Тау жыныстарының ыдырауына және олардың 
тасымалдануына, бедердің кӛптеген пішіндері тілімделіп жаңа пішіндердің қалыптасуына жауын-шашын ӛте 
қолайлы жағдай жасайды. Жел бір жағдайларда кҧм бӛлшектері арқылы тау жыныстарын бҧзып, қашап, ӛңдеп 
механикалық әсер етсе, екінші жағдайларда қҧмның тасымалдануына, шӛгуіне және жаңа аккумуляциялық жер 
бедерлер (қҧм тӛбелер, барқандар, жағалық шағылдар және т.с.с.) қҧрылуына себепші болады. Мҧздықтар биік 
тау ӛлкелерде едәуір механикалық (экзарация) әрекет жасап, ерекше мҧздық бедер пішіндерін қҧрады. 
Жер бетінің қҧрылуына әрқашан әсерін тигізіп отыратын тағы да бір экзогендік бедер тҥзетін процестердің 
энергиялық кӛзі – гравитация немесе ауырлық кҥші. Бҧл кҥштер арқылы неше тҥрлі опырылма, сусыма, 
жылжымалар, қар кӛшкіндері және т.б. қиратқыш табиғи қҧбылыстар пайда болады. 
Экзогендік процестердің жалпы энергиясының негізгі кӛзінің бірі – Жердің ӛз осі бойымен және Кҥннің 
тӛңірегінде айналуы, осының әсерінен жылдың тӛрт мезгілінің болуы және кҥн мен тҥннің ауысып тҧруы. Ауа 
температурасының, жауын-шашын мӛлшерінің және табиғи қиратқаш қҧбылыстардың оқтын-оқтын 
маусымдық ӛзгеруі, жалпы айтқанда бедер пішіндерінің қҧрылуына едәуір әсер ететін бҥкіл табиғи


108 
ландшафтының жаңаруы осы қҧбылыстарға байланысты. Сонымен қатар Жердің ӛз осі__бойымен айналуы 
бедердің ӛзгеруіне тікелей ықпалын тигізеді. 
Сӛйтіп, экзогендік процестер, яғни сыртқы процестер (грек. ехо – сыртында, genes – туу, пайда болу) деп кҥн 
кҥн сәулесінің энергиясына және гравитациялық кҥштер мен организмдердің тіршілігіне байланысты жер 
бетінде немесе жер қыртысының беткі бӛлігінде ӛтетін процестерді атаймыз. 
Экзогендік процестерге ҥгілу, мору, эрозия, денудация, абразия, экзарация және т.б. жатады.Экзогендік 
процестердің жер бетінде кӛрініс беру тҥрлері: тау жыныстарының бҧзылуы және оларды қҧрайтын 
минералдардың химиялық ӛзгеруі (физикалық ҥгілу, химиялық және органикалық ҥгілуі); қопсыған және еріген 
тау жыныстарының бҧзылу ӛнімдерінің су, жел және мҧздық арқылы шайылып тасымалдануы , қҧрлықта 
немесе су алаптарының тҥбінде шӛгуі және шӛгінді тау жыныстарына баяу ауысуы. Экзогендік процестер жер 
беті морфомҥсіндердің пайда болуына себепші және эндогендік процестермен бірге Жер бедерін 
қалыптастырады; сонымен қатар шӛгінді тау жыныстары қатқабаттарымен байланысты пайдалы қазбалар кен 
орындарын қҧрайды.
 
2. Бедер және климат. 
Климат – бедер қҧратын факторлардың ішіндегі ең маңыздысы. Климат пен бедердің ӛзара байланысы әр 
тҥрлі. Мысалы, ҥгілу процестерінің қарқындылығы климатқа тікелей байланысты, ол белгілі мӛлшерде ҥгілу 
қҧбылы-сының сипатын анықтайды, ӛйткені климатпен экзогендік кҥштердің қарқындылық дәрежесі тәуелді. 
Әр тҥрлі климат жағдайларында ӛздеріне тән бедердің ерекше пішіндері пайда болады. Климат бедер тҥзетін 
процестерге қаншама тікелей әсер етсе, соншама табиғат ортасының басқа компоненттері, мысалы гидросфера, 
топырақ-ӛсімдік жамылғысы арқылы, жанама да әсерін тигізеді. Оңтҥстік Батыс Африка жағалауындағы Намиб 
шӛлінің және Оңтҥстік Америкадағы Атакама шӛлінің пайда болуы жағалау бойымен ӛткен суық теңіз 
ағыстарына байланысты. Бҧл жерде климат осындай бедердің пайда болуына гидросфера арқылы әсерін 
тигізеді. 
Климаттың функциясы болып табылатын ӛсімдік жамылғысының ӛзі бедер қҧратын процестерге ықпал етеді, 
мәселен, жер бетінде ӛсімдік жамылғысы тҧтас болып кеткен жағдайда су торларының ағуы бірден азайып, 
мҥлде тоқтап қалуы ықтимал. Ал ӛсімдіктер сирек болған жағдайда, немесе тҥгел жалаңаштанып қалған 
аймақтарда қарқынды физикалық және механикалық ҥгілуге және эрозиялық процестердің дамуына әкеп 
соғады. Пайда болған борпылдақ тҥйірлер мен шаң-тозаң шӛлді жерлерде желдің әрекетіне ілесіп әр тҥрлі 
эолдық пішіндерді қалыптастырады. Климат пен бедер арасындағы тура және жанама тҥрдегі байланыс 
экзогендік бедердің белгілі дәрежеде климаттық зоналылығына тәуелділігінің салдары. Нақ осы тҧрғыдан 
экзогендік процестер әсерінен пайда болған бедер климаттық зоналығына байланысты. Ол мҧнымен 
байланыссыз қалыптасқан эндогендік бедер пішіндерінен ерекшеленеді. Сондықтан эндогендік бедерді әдетте 
"белдемсіз", яки "азональды" бедер тҥрлеріне жатқызады. XX ғасырдың бас кезінде неміс ғалымы А.Пенк 
климатты оның бедер қҧратын роліне байланысты жіктеуге әрекет жасады. Ол климатты негізгі ҥш тҥрге бӛлді: 
нивалдық (лат. nіvalіs – қарлы), гумидтық (лат. humіdіs – ылғалды) және аридтық (лат. arіdus – қҧрғақ). 
Кейіннен бҧл жіктеме толықтырылды. Тӛменде климаттың бедер қҧруындағы роліне сәйкес олардың 
жіктемесін келтіреміз. Нивалдық климат. Жылдың барлық мезгілдерінде жауын-шашын кӛп мӛлшерде қар, 
бҧршақ тҥрінде тҥсіп, жылдың жылы мезгілінде қары еріп, суы буланып ҥлгермейтін климат. Жауатын қар 
еритін қармен оның буланатын мӛлшерінен басым болады. Мҧндай аймақтардың қары жинала келе мәңгі қарға 
айналады да, мҧздықтарға бастама береді. Нивальдық климат жағдай-ларында негізгі бедер қҧратын фактор – 
жылжымалы мҧздықтар. Қар мен мҧз жамылғысы болмаған ашық жерлерде физикалық ҥгілу процесі (негізінен 
аязды процесс) қарқынды тҥрде дамиды. Ал, аязды процесс немесе нивация (қардың тау жыныстарын бҧзу 
процесі) – температураның ауытқып, қардың қатуы мен еруінің алма-кезек ауысуы нәтижесінде, онымен 
беттескен тау жыныстарының аяздық ҥгілуге ҧшырап бҧзылуы. Бедер қҧрылуға мәңгі тоң процесі де елеулі әсер 
етеді. Нивалдық климатқа полярлық аймақтар (Антарктида, Гренландия, Солтҥстік мҧхит аралдары) және қар 
шекарасынан жоғары кӛтерілген заңғар таулардың биік бӛліктері тән. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   125




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет