Жанартаудың эффузиялық түрі оның кӛмейінен кӛтерілген сҧйық лава тасқындарының лақылдай тӛгілуімен
сипатталады. Бҧған қалқанды жанартаулар жатады. Базальт қҧрамды лава тасқындары атқылау ортасынан
едәуір қашықтыққа жайылып кетіп, кең ауқымды қалқан тәрізді жайпақтау келген жанартау тӛбелерін қҧрайды.
Қалқанды жанартаулардың кең тараған жері – Исландия аралы. Бҧл жерде олардың кіші кӛлемді тҥрі кӛп
кездеседі. Мысалы, Диньгия жанартауының кӛлденеңі – 6 км, биіктігі – 500 м, кӛзелігінің кӛлденеңі – 500 м.
Осы жанартаулардың геологиялық қимасы лавалардың бірнеше мәрте жер бетіне қҧйылуына байланысты
жанартау жыныстарының қабатталуымен сипатталады.
Қалқанды жанартаулардың бҧдан басқа кең тараған жері – Тынық мҧхиттағы Гавай аралдары. Гавай
жанартаулары Исландия жанартауларымен салыстырғанда ауқымы жағынан ірілеу. Гавай аралдарының ең ірісі
қалқан текті ҥш жанартаудан қҧралған. Соның ішіндегі Мауна-Лоа жанартауы теңіз деңгейінен 4170 м биіктікке
кӛтерілген, ал тҥбі 5000 м тереңдікте жатыр. Олай болса, оның жалпы биіктігі 9000 м-ден асып тҧр, демек,
ауқымы жағынан бҧл дҥние жҥзіндегі ең ҥлкен жанартау болып саналады. Аса зор мӛлшеріне қарамастан, Гавай
жанартауларының жоталары жайпақтау, беткейлердің еңісі 3-10º-тан аспайды. Лавадан қҧрылған жайпақ
жанартау тӛбесінің ортасында ӛте зор кӛзелік орналасқан.
Эффузиялық-эксплозиялық жанартаулардың қалыптасқан кезінде лавалардың жайбарақат тӛгілуі және ірілі-
ҧсақты материалдарының атқылауы бір-бірімен алмасып отырған жағдайларда, лава тасқындары мен
пирокластикалық материалдардың бір-бірімен қабаттала жатуы нәтижесінде қабатты жанартаулар
(стратовулканы) пайда болады [Сурет-53].
Сурет-53. Қат-қабатты жанартаудың (стратовулканның қҧрылысы (Edward J.Tarbuk, Frederіck K.Lutdens, 1990).
Мҧнда қатқан лавалық тасқындар және пирокластикалық материал (жанартау атпалары, шемектастар,
жанартау кҥйінділері, қҧмдар, пемза т.с.с) есебінен жанартау кӛмейінің тӛңірегінде конус пішінді қҧрылымдар
қҧрылады. Қабатты жанартаулар жанартау қҧрылымдарының ішінде ең ірілерінің бірі болып саналады.
Бҧлардың ішіндегі биіктігі 3-4 км-ге жеткен таулар да бар. Кейбіреулері тіпті 6 км-ге дейін жетеді. Оларға
Жапониядағы Фудзияма, Камчаткадағы Ключевск, Корякск, Авача және Козельск, Мексикадағы Попокатепетль
жанартаулары және т.б. жатады. Кӛптеген жанартаулардың шыңдарында мәңгілік қарлар мен мҧздықтар бар.
Жоғарыда айтылғандай, кӛптеген жанартау тӛбесінде тостаған тәрізді кішігірім қазаншҧңқырлар бар. Оларды
жанартау кӛзелігі (вулканический кратер) дейді. Осы кӛзелік тҥбіндегі кӛмейі арқылы жанартау заттары жер
қойнауынан кӛтеріліп атқылайды. Ірі жанартауларда бірнеше кӛзеліктер пайда болуы мҥмкін, олар кӛбінесе
жанартау беткейлерінде дамыған. Бҧларды қосарлас (паразитті) жанартаулар деп атайды. Кӛзеліктердің тҥбі
лава және кӛзелік қабырғаларынан қҧлаған тау жыныстарымен толады. Ӛте ауқымды кӛзеліктер гаваитекті
жанартауларда кездеседі. Мысалы, Мауна-Лоа кӛзелігінің диаметрі 2400 м. Сӛнген немесе уақытша сӛнген
жанартаулардың кӛзеліктері суға толып кӛлге айналады.
Жанартау кӛзелігінің атқылау саны жиілеген кезде оның жан-жағы опырылып кетіп, кеңейіп ҥлкен
қазаншҧңқыр пайда болады да, оны кальдера деп атайды. Кӛлденеңі 30 км кальдерлер қазіргі кезде ғылымға
белгілі. Кейде кальдера орасан зор қопарылу әсерінен пайда болады. Кейіннен атқылау қайта басталса,
кальдераның тҥбінде жаңа жанартау конусы тҥзіледі.
Жанартаулардың атқылау кезінде шығатын сҧйық лава тау жыныстары жер бетінде ерекше бедер пішіндерді
қҧрайды, бҧл лаваның ағу бейімділігі (аққыштығы) мен оның қҧрамына байланысты. Ӛте қою және тҧтқыр лава
тӛскейдің жоғарғы жағында-ақ қатып ҥлгереді. Ал лаваның тҧтқырлығы ӛте жоғары болса, ол жанартаудың
кӛмейінде-ақ қатады да, "лавалық бағана" немесе "лавалық бармақ" қҧрайды. Бҧған Антил иініндегі Мартиника
аралының Мон-Пеле жанартауы жатады. 1902 ж. 23 кӛкекте осы жерде екі апта бойы жер сілкініп, кҥл, су буы,
улы газдар кӛкке атқылады. 8 мамыр кҥні қопарылыс басталды. Тау басының тас-талқаны шығып, отты газ
бҧлты мен лава бӛлшектері тӛмен қҧлап, Сен-Пъер қаласын қиратып, 30 мың тҧрғын қҧрбан болды. Бірнеше
103
айдың ішінде жанартау ӛзегінен биіктігі жҥздеген метрге жеткен бармаққа ҧқсас лава кҥмбезі кӛтеріліп, онысы
біраз жылдан кейін бҧзылып бітті. Осындай сығылып кӛтерілу әрекетінен пайда болған жанартауларға
Камчаткадағы Безымянный, Шивелуч, Аляскадағы Катмай жанартаулары жатады.
Базальтты лавалар, керісінше, ондаған км-ге созылған тасқындарды қҧрауы ықтимал. Мысалы, Гавай және
Исландияда ҧзындығы 60-70 км-гe жететін лава тасқындарының кездесуі ғажап емес.
Лавалық тасқындар қатая бере ҥстінен кҥйінді кабыршақпен қапталады.
Егер қабыршақтың астынан қатпаған лава ағып шықса, онда лаваның ішінде грот немесе лавалық үңгірлер
пайда болады. Ҥңгірлердің кҥмбез жағы қопарылып қҧлайтын болса, олар бедердің теріс пішіндеріне айналады.
Осындай қуыстар мен теріс пішінді лавалық науалар (лавовые желоба) Камчатканың жанартау ландшафтарына
тән. Қатқан лава тасқыны беті ерекше бедер микропішіндерін тҥзеді: жақпартасты микропішіндер (глыбовый
микрорельеф) және ішек тәріздес лава (кишкообразная лава). Жақпартасты микропішіндер қырлы немесе
балқыған жақпартастардың ретсіз ҥйілуінен және кӛптеген ҥңгірлерден қҧрылады. Мҧндай пішіндер лаваның
қҧрамында газдың аса кӛп болуынан және тасқын температурасынын тӛмен болғандығынан пайда болады. Ішек
тәріздес лавалар, шынымен, ӛте зор ішектерді немесе бҧратылып жатқан арқандарды кӛзге елестетеді. Мҧндай
кӛрініс температурасы жоғары лаваларға тән.
Газ лаваның арасынан атқылап шыққан кезде, оның бетінде кішкене шоқы тәрізді ҥйінділер қалыптасады.
Мҧндай бедерлерді горнито деп атайды. Атқыламай, бір қалыпта баяу шыққан газдарды фумаролла дейді. Одан
бӛлінген бірқатар заттар атмосфералық жағдайларда қоюланады да, газ шығып жатқан жердің айналасында
шоғырланады. Жанартау атқылауының жарық-шақты тҥрі Исландияда кең тараған. Мҧнда жанартаулардың
жарықшақты тізбегі аралды оңтҥстік-батыстан солтҥстік-шығысқа дейін бӛлген. Исландияның Ҥлкен грабені
деген тектоникалық қазаншҧңқырлар жер қойнауында терең тектоникалық жарылымдарымен ҧштасқан. Осы
тектоникалық жарылымды бойлап жер қойнауынан шыққан лава жан-жағына тарап, тӛңіректің барлығын тҥгел
қамтыған. Лаваның жайылған аумағы – 565 км
2
, кӛлемі – 12 км
3
. Орасан зор жарықтардан тӛгілу әрекеті
геологиялық соңғы кезеңде Жаңа Зеландияның солтҥстік аралдарында, Армения тауларында, Британиялық
Колумбияда, Оңтҥстік Патагонияда, Декан ҥстіртінде болған. Әр мезгілдегі лавалық тасқындар бірінің ҥстіне
бірі қабаттасып, аумағы бірнеше ондаған және жҥз мыңдаған шаршы км-ге дейін жететін тҧтас ҥстірттерді
қалыптастырған. Мысалы, Колумбия лавалық ҥстіртінің аумағы 500 мың шаршы км-ден артық, ал оның
қалыңдығы – 1100-1800 м. Лава бҧрын болған жер бетіндегі теріс бедер пішіндердің барлығын қамтып, биіктігі
400-1800 м-ге жеткен теп-тегіс ҥстіртті қҧрған.
Теңіз тҥбіндегі жанартаулар атқылаған кезде лаваның беткі қабаты судың әсерінен тез суиды. Оған қоса су
қабатының едәуір гидростатикалық қысымы лаваның жарылу процесіне кедергі болады. Соның себептерінен су
тҥбіне тӛгілген лавалар есебінен қалыптасқан эффузиялық тау жыныстары сырт пішіні шар тектес немесе
кӛпшік тҧрқылас шоғырларды қҧрайды. Әрбір шар тектес қҧрылымдардың ішкі қҧрылысы концентрлі болып
келеді, ал олардың сыртқы бейнесі кеуек пішінді немесе шыны тектес қабатшамен қапталған. Жер бетіне
тӛгіліп шыққан лавалар ерекше бедер пішіндерін қҧрғаннан басқа, бҧрыннан қалыптасқан бедер пішіндеріне де
әсер етеді. Мысалы, лавалық тасқындар ӛзен аңғарларын бӛгеп, оның бағытын ӛзгертуі ықтимал. Эффузиялық
магматизмнің бедер кҧрайтын ролін айта отырып, жанартаулардың атқылау кезіндегі жер бетінің кенет ӛзгеріп
кетуін де айту керек. Осыған байланысты қоршаған ортаның жалпы табиғат жағдайы да ӛзгереді. Мҧндай
ӛзгерістер эксплозиялық жанартаулар атқылаған кезінде ӛте кӛп болады. Мысалы, Зонд бҧғазындағы Суматра
мен Ява арасындағы Кракатау жанартауы 1883 ж. 26 тамызда аткылағанда аумағы 75 шаршы км шамасындағы
аралдың ҥштен екі бӛлігі жарылысқа ҧшырап, кҥл-қоқысқа айналған, атқылау материалдары аспанға 16 км-ге
дейін кӛтерілген. Оның орнында тереңдігі 270 м теңіз шығанағы пайда болған. Жанартаудың қопарылуынан
теңізде биіктігі 300 м-ге жеткен цунами деген алып теңіз толқындары қалыптасып, соның кесірінен ондаған
кемелер суға кеткен, Ява мен Суматра аралдардың жағалауында 37 мың адам қаза тапқан. Осыған ҧқсас мысал
Аляскадағы Катмай жанартауының 1912 жылғы атқылауы. Атқыламай тҧрғанда таудың биіктігі 2286 м. дҧрыс
конус тәрізді болған, атқылағаннан кейін конустың шыңы қирап, кӛлденеңі 4 км және тереңдігі 1100 м кальдера
пайда болған.
Жанартау аймақтарының да ӛзіне тән ерекше флювийлік бедер пішіндері қалыптасқан. Еріген сулар, сазды
тасқындар, атмосфералық сулар жанартаулардың баурайларын шайып, радиалды жыра жҥйесін қҧрайды.
Оларды барранкостар
деп атайды. Бҧлар жанартау тӛбесінен радиалды таралған терең эрозиялық
жыралар. Жалпы айтқанда, жанартаулы аймақтарда ӛзен тораптарының бейнесі радиалды сипатымен
ерекшеленеді.
Кӛптеген жанартау аймақтарында, жер бетіне дҥркін-дҥркін ыстық су мен бу атқылап тҧратын кӛздер кездеседі.
Оларды гейзер (ислан тілінде qeyser - қҧйып кету) деп атайды. Жер қойнауындағы жарықты бойлап,
температурасы 100º-қа дейін жеткен ыстық су тереңнен жоғары кӛтеріледі. Гейзердің кӛмейінен алдымен ыстық
бу шоғырлары шығады, оған ілесе бірнеше ондаған метр биіктікке ыстық су атқылайды. Сонымен бірге қатты
кҥркіреген дыбыс шығады. Олардың атқылау мерзімі ӛте тҧрақты болып, бірнеше минуттан бірнеше сағатқа
дейін жетеді. Ыстық су натрийдің, магнийдің, калийдің, кремнийдің тҧздарын кӛптеп ерітеді. Арасан шыққан
маңда бҧлар судан шӛгіп, қуыс-кеуекті ізбесті не кремнийлі туфтар тҥзеді. Гейзерлер Камчаткада (гейзер
аңғарлары), Исландияда, Солтҥстік Америкада (Иеллоустон ҧлттық паркі), Жаңа Зеландияда байқалады.
104
Гейзердің ыстық суы ҥйлерді, жылыжайларды (теплицаларды) жылыту, электр қуатын алу ҥшін
пайдаланылады. Эффузиялық жанартау әрекеті дамыған аймақтарда жер бетінде денудациялық және
қашаланған бедер пішіндері жиі тарайды. Мысалы, қалың базальтты тасқындар мен жамылғылар
салқындағаннан кейін атмосфералық агенттер әсерінен ҥгіліп, жарылып жеке-жеке бағаналарға айналады.
Осындай тік бағыттағы, кейде кӛп қырлы бағаналар ӛзен немесе теңіз жағаларында толқын су әрекетінен
тілімделіп керемет кӛріністерді елестетеді. Кейбір лавалық жамылғылардың ҥсті кӛпбҧрышты бӛлшектерге
жарылып, кӛптеген полигоналды микропішіндер қҧрайды.
Жанартау бедері ҧзақ уақыт ҥгілу әрекетінен, ең алдымен, пирокластикалық материал (кесек бӛлшектер мен
тҥйірлер) бҧзылады. Одан кейін лавалық және басқа тӛзімді магмалық заттар экзогендік қашалу әрекетіне
ҧшырап бҧзыла бастайды. Ең соңында, жанартау кӛмейінде кептеліп қалған тік бағандарға ҧқсаған кӛмейтас
(некк) сақталып қалады.
Мҧхит тҥбінде, морфологиялық жағынан қҧрлық бетіндегі жанартаулық жарылымдарға ҧқсаған суасты
жанартаулары, жанартау қыраттары және басқа да жанартаулы ірі қҧрылымдар жиі тараған. Тынық мҧхит
тҥбіндегі оңашаланған суасты жанартауларын "гайота" деп атайды. Олар 250-2500 м тереңдіктегі ӛңірде
байқалады. Кейбір ғалымдар гайоталарды кезінде су бетіне шығып тҧрған жанартаулы аралдар қалдығы деп
есептейді. Бҧл ғалымдардың тҥсінігі бойынша, ҥшкір тӛбесін су бетіне жақын деңгейлердегі абразия
әсерінен жоғалтқан бҧл кӛне жанартаулар кейіннен тӛмен қарай лықсып кеткен деген тҧжырымға келеді
(О.Леонтьев, Г.Рычагов, 1988).
Жанартаулардың жер бетінде таралуы
Жанартаулар жер бетінде кең тараған. Қҧрлықтан басқа, жанартау пішіндері, жоғары айтылғандай, мҧхит
тҥбінде де бар. Кейінгі зерттеулердің мәліметтеріне қарағанда, тек Тынық мҧхит ауқымында 3 мыңнан астам
суасты жанартаулары кездеседі.
Жер ҥстінде жанартаулар біркелкі тарамай, белгілі бір зоналарға жинақталған. Осы белдеудің біреуі негізінен
бойлық, меридиандық бағытта Солтҥстік және Оңтҥстік Американың батыс жағалауларында орын алған.
Екінші зона Тынық мҧхиттың батыс жағалауындағы аралдық иіндерге шоғырланған. Жалпы айтқанда, Тынық
мҧхит шеңбері жҧқа мҧхиттың қыртысы мен қҧрлықтың қалың қыртысының жапсарын шектейді. Белдеудің
мҧхит жағындағы тереңдігі 7 км-ден 11 км-ге дейін жеткен терең науалар, ал қҧрлық жағында биік тау
жоталары (Кордильер-Анды) немесе арал иіндері (Курил, Жапон, Филиппин, Тайвань) орналасқан. Осылардың
пайда болуы мҧхит пен қҧрлық жапсарында материкке қарай еңкіш кҧлап, жер мантиясына дейін жеткен терең
тектоникалық жарылымдарға байланысты. Мҧндай терең және кӛлбеу жатқан сейсмоактивті жарылымдарды
1938 ж. жапон сейсмологы К.Вадати ашқан. 1946 ж. совет ғалымы академик А.Н.Заварицкий осы
жарылымдардың бойымен Тынық мҧхиттың отты шығыршығы деген жанартау белдеуі орын тепкенін кӛрсетті.
1949 ж. американ сейсмологы Х.Беньофф бҧның толық сипаттамасын берген. Қазір солардың қҧрметіне мҧны
Вадати-Беньофф-Заварицкий зонасы деп атайды. Осы тектоникалық жарылымдарды бойлап мҧхиттық тақта
(плита) тӛмен қарай қҧрлық астына ығысады. Сонда мантияға кірген мҧхит қыртысы балқып, базальт қҧрамды
магма береді. Сол магма жоғары қысымнан кӛтеріліп, жанартаулардың тізбегін қҧрайды. Ҥшінші жанартау
белдеуі – Жерорта теңізінен Индонезияға дейін созылған ендік бағыттағы белдеу. Бҧл кайнозой эрасының
соңында жойқын Альпі қатпарлану әрекетінен пайда болған. Қазіргі заманда тау қатпарлану процестері
бәсеңдеген. Белдеудің орта шегіндегі Қарпат, Кавказ, Қарақорым тауларында жанартаулар сӛнгенімен, оның
батыс (Везувий, Этна) және Шығыс жағында (Кракатау, Тамбора т.б.) жанартаулар қазіргі заманға дейін
атқылап тҧр. Атлант белдеуін қҧрған, осы мҧхиттың орталық жотасында орналасқан тӛртінші жанартау белдеуі
бар. Мҧнда тектоникалық жарылымдар бойымен тізелген жанартаулардың кӛбі су астында атқылайды. Бойлық
бағытта созылған Шығыс Африка жанартау белдеуі қҧрлықтық рифтер жҥйесінің терең тектоникалық
жарылымдарымен байланысты. Бҧл белдеудің жанартаулары қазіргі заманда сӛнген. Сондай-ақ сӛнген
жанартаулар Байкал ойпаңының маңында және Қытайдағы Санганхә аңғары мен Хинган тауларында кездеседі.
Лайлы жанартаулар
Жер бетіне су буы шоғырлары мен газдар, кейде лаймен қоса тау жыныстары кесектерінің дҥркін-дҥркін
атқылап шығу әрекетін лайлы вулканизм дейді. Егер лаймен бірге шығатын газ бен су мӛлшері артығырақ
болса, онда жердің бетінде "сальза" деген лайлы сумен толған кӛлшік тәрізді тҥтік (сифон) пайда болады. Осы
тҥтіктен лайлы су дҥркін-дҥркін гуілдеп атқылап тҧрады. Ал егер атқылаған заттардың қҧрамында лаймен бірге
басқа да кесекті тау жыныстары басымдау болса, онда сальзаның орнында ҥйінділер жиналып, женттастардан
(брекчиядан) қҧрылған лайлы тӛбешік пайда болады. Женттастардың қҧрамында сазды цементпен және
карбонатты материалмен дәнекерленген, сҥйір бҧрышты, ӛңделмеген және іріктелмеген әр тҥрлі тау
жыныстарының тҥйірлері болады. Лайлы жанартаулардың кӛмейі (жерло) жер__ қойнауымен ҧштасып, жер
бетінде кіші-гірім, яғни диаметрі ондаған сантиметрден бірнеше метрге дейін жететін жанартау кӛзелігін
(кратерді) қҧрайды. Лайлы тӛбешіктердің биіктігі 1-2 метрден оншақты метрге, диаметрі 20-30 м дейін жетеді.
Кейде лаймен бірге мҧнай белгілері де шығады. Жер қойнауында кӛмірсутекті газдар шоғырланса, солардың
қысымынан лай жанартауының қҧрылымы қопарылып, баршасы да жоғары атқылауы ықтимал.
105
Бірақ мҧндай қҧбылыстар сирек кездеседі. Лайлы жанартаулардың пайда болуы казіргі кезге дейін айқын
анықталған жоқ. Бҧл туралы зерттеу жҧмыстары әлі жҥргізілуде. Дегенмен, бҧлардың кӛбі тектоникалық
жарылымдар бойына тізбектеле орналасады. Алғашқы зерттеу кездерінде лайлы жанартаулар магмалық
ошақтармен байланысты деп есептелген. Бірақ белгілі орыс ғалымы И.М.Губкин лайлы жанартаулар негізінде
кӛптеген мҧнай-газ кендері дамыған аймақтарда, яғни Апшерон, Батыс Тҥркменстан тҥбектерінде, Сахалин
аралында орын тепкен дейді. Ендеше, олар генезисі тҧрғысынан мҧнай мен газ кендерімен байланысты деп
тҧжырымдаған. Кейін осы кӛзқарасты кӛптеген ғалымдар дәлелдеді. Лайлы жанартаулар пайда болу ҥшін газ,
су, жҧқа дисперсиялы сазды материал және тҥтік рӛлін атқаратын жер қойнауындағы тектоникалық
жарылымдар болуы шарт. Ал мҧндай қосалқы факторлар мҧнай мен газ дамыған аймақтарда ғана болады.
Сондықтан қазіргі кезде лайлы жанартауларды, мҧнайлы және газды кен орындарын іздестірудегі болжау
белгісі деп санауға болады.
Біздің елімізде лайлы жанартаулар Каспийдің солтҥстік-шығыс жағалауындағы Бозащы тҥбегінде және Қолтық
шығанағының Қайдақ сорының бетінде кең дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: |