101
Кӛзелік тҥбіндегі кӛмейі (жерло) магманың каналымен ҧштасады.
Жанартау ӛнімдерінің жер бетінде кӛрініс беру ерекшелігіне орай тӛрт морфогенетикалық тҥрлерге бӛлінеді,
олар: экструзиялық, эксплозиялық, эффузиялық және эффузиялық-эксплозиялық тҥрлер.
Экструзиялық (латын
. extrusіo – сығу, итеру) жанартаулар – қышқыл липариттік лавалардың сығымдала
кӛтерілуі нәтижесінде қалыптасқан кҥмбезді пішіндер. Мҧндай лавалардың тез сууы салдарынан және ӛте
тҧтқыр болғандықтан, ағуы кҥрт бәсеңдейді де, жалпы лавалық ағымдары болмайды. Бҧлар
тікелей жанартау
кӛмейінде шоғырланады және сол жанартау ернеулері ӛңіріндегі кҥмбездерді қҧрайды. Осындай кҥмбездердің
ауқымы кӛлденеңінен бірнеше шақырым, биіктігі 500 м-ден аспайды. Мҧндай экструзиялық кҥмбездер
Франциядағы Орталық массивте, Арменияда және басқа жерлерде кездеседі.
Жанартаудың эксплозиялық әрекеті жарылыстар мен қопарылыстардың кеңінен етек алуымен, сӛйтіп ірілі-
ҧсақты кесектер мен кҥлдердің және жанартау газдарының аспанға атқылауымен ерекшеленеді. Бҧған мысал –
Маар жанартауы (1-сурет). Маар (нем. Maar-шҧңқыр) лавасыз газ атқылаған кезде жер бетінде
пайда болған
шҧңқыр немесе цилиндр тәріздес жанартаулық ойпаңдар. Кӛбінесе тау жыныстарының сынықтарынан тҧратын
сақинатәріздес белестермен қоршалған жайпақ тҥпті қопарылыс кӛзелігі(кратер).
Қазіргі дҥние жҥзіндегі белгілі маарлар – сӛнген, қалдық қҧрылымды пішіндер. Кӛптеген маарлар ылғалды
климаттарда сумен толып, кӛлдерге айналған [Сурет-52]. Маарлардың ауқымы кӛлденеңінен 200 м-ден 3,5 км-
ге дейін, тереңдігі 60-тан 400 м-ге дейін барады. Ҧзақ уақыт бойығы денудация әсерінен
жанартау аппаратының
беткі бӛлшегі жойылған қопарылыс кӛзелігін қопарылыс қҧбыры (трубки взрыва) деп атайды. Бірқатар
жағдайларда ертедегі қопарылыс қҧбырлары аса негізді (ультранегізді) магмалық тау жыныстарымен –
кимберлитпен толықтырылған. Кимберлит – алмас тҥйірлерін кіріктіретін женттастар.
Алмас кенорындары
(Оңтҥстік Африка, Бразилия, Якутия) негізінен кимберлиттік қҧбырлармен байланысты. Ендеше қопарылыс
қҧбырлары алмас кендерін іздестіруде сілтеме рӛлін атқарады.
Сурет-52.
Маар жанартауының қалыптасу кезеңдері (Edward J.Tarbuk, Frederіck K.Lutdens, 1990).