Сақиналы құрылымдар
Сақиналы қҧрылымдар (кольцевые структуры) жаратылысына қарай екі тҥрге бӛлінеді: плутонды, яғни
магма әсерінен қалыптасқан интрузиялық шоғырлар немесе денудациялық әсерінен қашаланған жанар-таулар
(отпрепарированные вулканы) және жасынтастардың (метеориттердің) жер бетіне қҧлауы әсерінен пайда
болған қҧрылымдар.
1966 ж. Г.З.Попованың "Қазақстанның қатпарлы аймақтарының шеңберлі және сызықты морфоқҧрылымдары"
("Кольцевые и линейные морфоструктуры казахстанской складчатой страны") деген монографиясы жарыққа
шықты. Бҧл еңбекте Сарыарқа территориясындағы планда дӛңгелек немесе сопақ пішінді интрузиялық
қҧрылымдарға алғашқы рет талдау берілген. Жанартаутекті сақиналы қҧрылымдарды кӛне римдіктердің
жерасты қҧдіретінің атына ҧқсас "Плутон" деп атап кеткен. Қазіргі кезде Орталық Қазақстан аумағында
Бурабай, Машанск, Сарысу, Екібастҧз және т.б. жанартаутекті сақиналы морфоқҧрылымдар анықталған. Олар
бір-бірінен геологиялық қҧрылыстарымен, морфометриялық және морфологиялық кӛрсеткіштерімен жер
бетінде айқын ажыратылады.
Мӛлшері жағынан плутонды сақиналы қҧрылымдар әр тҥрлі болады. Зор кӛлемді сақиналы морфоқҧрылымдар
екінші, ҥшінші, тӛртінші, бесінші және одан да жоғары кіші морфоқҧрылымдармен кҥрделенеді. Олардың
кӛлденеңі 10 км-ден 1000 км-ге дейін және одан да жоғары. Г.З.Попованың айтуынша, осындай концентрлі
морфоқҧрылымдар литосфераның тектоникалық-магмалық режимінің оралымды (циклды) ӛзгеруі жағдайында
дамыған.
Жанартаутекті сақиналы қҧрылымдармен қатар, жер бетінде космогендік факторлардың әсерінен пайда болған
метеориттік кратерлер – астроблемалар жатады. «Астроблема» грек тілінен аударғанда «жҧлдыз жаралары»
деген
сӛзді білдіреді. Мҧндай бедер пішіндері жасынтастардың (метеориттердің) жер бетіне қҧлауы кезінде тҥзіледі.
Астроблемалар немесе метеориттік кратерлер әр аумақтағы және әр жастағы сақиналы қҧрылымдар тҥрінде
болады. Жер бетіндегі 5000-нан астам сақиналы қҧрылымдарды ғалымдар метеориттік кратерлерге жатқызады.
Қазіргі уақыттағы мәліметтер бойынша, шамамен 150 жуық метеориттік кратерлер толық белгіленген. Олар жер
бетінде әркелкі таралған. Солтҥстік Америкада олардың саны – 62, Еуропада – 30, Азияда –26, Африкада – 16,
Австралияда – 8, Оңтҥстік Америкада – 5. ТМД аумағында әр тҥрлі сақталған 29 метеориттік кратер зерттелген.
Қазақстанда белгілі космогендік сақиналы қҧрылымдарға Балқаш кӛлінің солтҥстік-батысында Баяулысай және
Алтай ӛзеннің аралығында орналасқан Шҧнақ [Сурет-53] және Солтҥстік Арал маңындағы Жаманшын
метеориттік қҧрылымдары жатады.
Бҧрын ғалымдар Шҧнақ сақиналы қҧрылымды ежелгі қашаланып ӛңделген жанартау (отпрепарированный
вулкан) деп санаған. 1977 жылы бҧрғыланған ҧңғымалардан алынған тасбағанды (кернді) мҧқият зерттегеннен
кейін бҧл қҧрылым жанартау емес, метеориттік кратер екендігін Қазақстан геологы Б.С.Зейлик дәлелдеп
шықты. Осы метеориттік кратердің ҥстінде теріс магниттік аномалия байқалған. Сонымен қатар мҧнда
аллогенді брекчиялар да кездеседі. Олар әр дәрежеде соғылып жарылған және ӛзгерілген жергілікті тау
жыныстары сынықтарынан тҧратын импактиттер.
Сақиналық қҧрылымдар дӛңгелек немесе сопақ пішінді болып келеді, олардың диаметрі бірнеше метрден 100
км-ге дейін және одан да жоғары болады (Шҧнақ қҧрылымының кӛлденеңдігі 32 км, Жаманшын қҧрылымының
кӛлденеңдігі – 5 км). Сонымен қатар олар кҥрделі морфологиялық сипатымен ерекшеленеді. Геологиялық
жастары әр тҥрлі: тӛрттік кезеңнен 200 млн жылға дейін. Мәселен, Шҧнақ сақиналы қҧрылымының жасы –
миоцен, ал Жаманшын қҧрылымының жасы 0,69-0,85 млн жылдар шамасында. Қазақстан геологы Б.С.Зейлик
метеориттік қҧрылымдарға Мексика шығанағын, Охот және Беринг теңіздерін жатқызады. Дҥние жҥзіне белгілі
жасынтастық кратері Солтҥстік Американың, Аризона штатынан кездеседі [Сурет-54] Аризона кӛзелігінің
(кратерінің) диаметрі – 1,2 км, максималды тереңдігі – 180 м, айналасында қопарылыс сынықтарынан тҥзілген
салыстырмалы биіктігі 30-65 м сақиналы белестермен қоршалған дӛңгелек пішіндес ойпаң.
Плутондық сақиналы қҧрылымдар ҧзақ уақыт денудациялық процестерге ҧшырап мҥжілген жанартаулардың
ӛзінен, немесе интрузиялық (негізінде гранитты массивтерінен қҧралған) тау жыныстарынан тҧрады.
106
Сурет-54. Қазақстандағы Шҧнақ сақиналы қҧрылымның әуеден тҥсірілген суреті.
Сақиналы қҧрылымдарды зерттеудің ғылыми ғана емес, практикалық мағынасы да зор. Осы геологиялық
қҧрылымдарына әр тҥрлі кен орындары байланысты. Алмалы, Актоғай, Бӛрлі, Саяқ және т.б. белгілі кен
орындары сақиналы қҧрылымдарға жатады. Сақиналы қҧрылымдармен Қазақстанның алмас кен орындарын
байланыстырады. Жер бедерін одан әрі зерттеуде ғарыш мәліметтерін пайдалана отырып, жер бетінің сақиналы
морфоқҧрылымдарын анықтау және қазба байлықтарын іздестіру болашақтағы іс болып табылады. Сақиналы
қҧрылымдар барлық кҥн жҥйесінің планеталарына тән.
107
Сурет-55. Жасынтастық (метеориттік) кратер. Солтҥстік Американың, Аризона штаты (Мichael Collies).
Достарыңызбен бөлісу: |