Адсор
№
п/п
Название сорбента
1 Сорбент на основе древесины са
2 Сорбент на основе кокосового о
3 Сорбент на основе шунгита
Как видно из таблицы, наиб
является сорбент на основе кокосо
Также полученные сорбенты
В таблице 3 приведены результаты
Время
На основе шунги
На основе саксау
На основе кокос
На основе абрик
На основе древе
БАУ
Из коробки прот
Из приведенных данных сле
прегнированный сорбент из коро
флуоресцентным методом было у
лы — никель и медь (рис. 5).
Рисунок 5. Р
Видимо, сорбенты в коробка
лов. Выбор никеля и меди объясн
пропускании его в газообразном
аммиака образуется аммиачный к
фиолетовым оттенком, растворим
действии с ионами меди (II) снач
Вестник Караг
бента вычислялась из расчета полученных пи
лученной адсорбционной емкости приведены
бционная емкость исследуемых сорбентов
Масса сорбента, г
Адсорбционная
аксаула 2,20
ореха 2,20
2,20
олее эффективным в процессе сорбции орган
ового ореха, сорбционная емкость составила 8
ы были испытаны для очистки газовоздушн
ы эксперимента.
защитного действия сорбентов по аммиаку
Сорбент
Время защитног
действия Т, мин
ита 15
ула 25
сового ореха 30
косовых косточек 35
сины сосны 25
25
тивогаза ГП-7кБ-Оптим 135
едует, что более длительное время защитного
обки противогаза. При определении элементн
установлено, что в составе сорбента преобла
Рентгенограмма сорбента из коробки противогаза
ах противогаза были химически активирован
няется тем, что их соли способны взаимодейств
состоянии или при добавлении к растворам. Т
комплекс никеля [Ni(NH
3
)
6
]
2+
в виде почти бел
мого без разложения в воде. Водный раствор
чала осаждает основные соли переменного с
гандинского университета
иков с учетом фактора
в таблице 2.
Т а б л и ц а 2
емкость сорбента, мг/г
52,31
85,92
12,37
нического загрязнителя
85,92 мг/г.
ной смеси от аммиака.
Т а б л и ц а 3
го
н
о действия показал им-
ного состава рентгено-
адают активные метал-
ны солями этих метал-
вовать с аммиаком при
Так, из солей никеля и
лого порошка со слегка
р аммиака при взаимо-
состава зеленого цвета,
Серия «Химия». № 3(75)/2014
легкорастворимые в избытке ре
фиолетового цвета: Cu
2+
+ 4NH
4
O
В связи с этим нами для уве
было проведено импрегнировани
дом пропитки сорбента солью ни
получены углерод-металлические
также были испытаны для очистки
Время защитного
Импрегнированный никелем
Импрегнированный никелем
Импрегнированный никелем
Импрегнированный никелем
Сорбент коробки противога
Для определения содержани
энергодисперсионный элементны
Рисунок 6. Исследо
методом эне
Из приведенных эксперимен
по аммиаку увеличивается при им
это можно увидеть на примере со
увеличилось в 7 раз — от 15 мин
сорбента на основе шунгита имею
центрация активного металла на п
процессе очистки газовоздушной
преобладает химическая сорбция
ности импрегнированных сорбен
сорбция на углероде, так и химич
1. Получены сорбенты на ос
лями некоторых металлов.
2. Определены сорбционные
следованы морфология и структур
3. Исследования адсорбционн
наиболее эффективным сорбентом
Исследование новых уг
еагента. При этом образуется аммиачный
H = [Cu(NH
3
)
4
]
2+
+ 4H
2
O.
еличения адсорбционных свойств и защитного
ие сорбентов хлоридом никеля. Импрегниров
икеля, с дальнейшим упариванием раствора. В
е системы, с содержанием соли никеля 5–10
и газовоздушных смесей от аммиака (табл. 4).
о действия импрегнированных сорбентов по амм
Сорбент
Вре
дей
м сорбент на основе шунгита
м сорбент на основе саксаула
м сорбент на основе кокосового ореха
м сорбент на основе абрикосовых косточек
аза ГП-7кБ-Оптим
ия соли никеля в сорбенте после импрегнир
й анализ (рис. 6).
ование состава сорбентов, импрегнированных соля
ергодисперсионного элементного анализа (EDAX)
нтальных данных следует, что время защитно
мпрегнировании их солями переходных метал
рбента на основе шунгита — время защитног
до 115 мин. Это обусловливается тем, что хло
ют большое количество макропор, за счет че
поверхности носителя. Соответственно, можн
смеси от аммиака импрегнированным сорбен
аммиака активным металлом с образованием
нтов на основе растительного сырья протека
еская сорбция активным металлом.
Выводы
снове минерального и растительного сырья, и
е и эксплуатационные характеристики получ
ра углеродных материалов.
ной емкости сорбентов по отношению к цикл
м циклогексана оказался сорбент на основе ко
Элемент
Вес. %
глеродных материалов …
65
комплекс меди сине-
о действия по аммиаку
вание проводили мето-
В результате чего были
0 % массовых, которые
.
Т а б л и ц а 4
миаку
емя защитного
йствия Т, мин
115
120
135
140
135
рования был проведен
ями Ni,
ого действия сорбентов
ллов, и более наглядно
о действия по аммиаку
опьевидные включения
его увеличивается кон-
но предположить, что в
том на основе шунгита
комплекса; на поверх-
ает как физическая ад-
импрегнированные со-
ченных сорбентов. Ис-
огексану показали, что
окосового ореха.
%
Ат. %
А.Т.Кабулов, Н.А.Аюпова и др.
66
Вестник Карагандинского университета
4. Показано, что исследованные углерод-металлические системы на основе минерального (шун-
гит) и растительного сырья проявили высокие сорбционные характеристики и могут быть рекомен-
дованы для очистки промышленных объектов от соединений аммиака.
Работа выполнена при финансовой поддержке Международного Банка Реконструкции и Раз-
вития и МОН РК, проект № 184 (Создание опытно-промышленного производства наноструктури-
рованных углеродсодержащих материалов для химико-технологических процессов).
Список литературы
1 Мухин В.М., Клушин В.Н. Производство и применение углеродных адсорбентов: Учеб. пособие — М.: РХТУ
им. Менделеева, 2012. — C. 308.
2 Нечипуренко С.В., Духницкий В.Н., Ефремов С.А. Технология обогащения углерод-минеральной шунгитовой породы
// Тез. докл. 60-й респ. науч.-практ. конф. молодых ученых и студентов по прикладным вопросам химии. — Алматы, 2006.
— С. 51.
3 Нечипуренко С.В., Духницкий В.Н., Ефремов С.А., Наурызбаев М.К. Производство углерод-минеральных сорбентов
на основе шунгитовых пород // Сорбенты как фактор качества жизни и здоровья: Материалы II Всерос. науч. конф. — Бел-
город, 2006. — C. 170–173.
4 Токпаев Р.Р., Нечипуренко С.В., Ефремов С.А., Наурызбаев М.К. Углерод-металлические системы для очистки газо-
воздушных смесей от токсичных соединений // Сорбенты как фактор качества жизни и здоровья: Материалы IV всерос. на-
уч. конф. — Белгород, 2012. — C. 212–215.
5 ГОСТ 25699.6–90. Углерод технический для производства резины. Методы определения рН водной суспензии.
6 ГOCT 11014–81. Угли бурые, каменные, антрацит и горючие сланцы.
7 ГОСТ 6217–74. Уголь активный древесный дробленный. Технические условия.
8 ГОСТ 12.4.159–90. Методы определения времени защитного действия фильтрующе-поглощающих коробок по газо-
образным вредным веществам.
А.Т.Қабылов, Н.А.Аюпова, С.В.Нечипуренко, С.А.Ефремов, М.К.Наурызбаев
Газ-ауалы қоспаларды тазартуда қолданылатын
жаңа көміртекті материалдарды зерттеу
Мақалада карбонизация жəне одан кейінгі бу-газды қоспамен белсендіру арқылы алынған өсімдіктекті
(кокос жаңғағы, өрік дəнегі, қайын жəне сексеуіл ағашы) жəне көміртек-минералды (шунгит) шикізат
негізінде алынған көміртек материалдардың құрылысы жəне морфологиясы зерттелді. Алынған
сорбенттердің сорбциялық жəне эксплуатациялық қасиеттері анықталды. Зерттелген материалдардың
ішінен кокос жаңғағы негізіндегі сорбент ең жоғары циклогексан бойынша сорбциялық
сыйымдылықты көрсетті. Сорбенттердің аммиак бойынша қорғаныс уақыты никель тұздарымен
сіңдіргеннен кейін ұзаратыны көрсетілді. Тұзбен сіңдірілген сорбенттерді өнеркəсіп нысандарында
ауаны аммиактан тазартуда қолдануға болады.
A.T.Kabulov, N.A.Ayupova, S.V.Nechipurenko, S.A.Efremov, M.K.Nauryzbaev
Researching of new carbon materials used in cleaning of gas mixture
The morphology and structure of carbon materials based on vegetable (coconut shells, apricot pits, wood of pine
and Haloxylon) and carbon-mineral (shungite) raw materials obtained by carbonization and subsequent activa-
tion with gas-vapor mixture were studied. Sorption and operational characteristics of the obtained sorbents were
defined. Sorbent based on coconut shells have most of the studied materials sorption capacity by cyclohexane.
Shown that protective action time of the sorbents to ammonia increased after impregnating materials with nickel
salts. Impregnated sorbents can be used for air purification from ammonia in industrial facilities.
References
1 Muhin V.M., Klushin V.N. Production and using of carbon adsorbents, Moscow: RCTU named after Mendeleev, 2012,
p. 308.
2 Nechipurenko S.V., Duhnitsky V.N., Efremov S.A. Abstracts of the 60th Republican scientific conference of young scientists
and students in the applied aspects of chemistry, Almaty, 2006, p. 51.
Исследование новых углеродных материалов …
Серия «Химия». № 3(75)/2014
67
3 Nechipurenko S.V., Duhnitsky V.N., Efremov S.A., Nauryzbaev M.K. Sorbents as a factor of the quality of life and health:
Materials of II All-Russian Scientific Conference, Belgorod, 2006, p. 170–173.
4 Tokpaev R.R., Nechipurenko S.V., Efremov S.A., Nauryzbaev M.K. Sorbents as a factor of the quality of life and health:
Materials of IV International Conf., Belgorod, 2012, p. 212–215.
5 GOST 25699.6–90. Technical carbon for the production of rubber. Methods for determining the pH of the aqueous suspen-
sion.
6 GOST 11014–81. Coal and peat, anthracite and oil shale.
7 GOST 6217–74. Crushed active charcoal. Technical conditions.
8 GOST 12.4.159–90. Methods of determination of protecting time of filtering-absorbing boxes from gaseous pollutants.
68
Вестник Карагандинского университета
ХИМИЯНЫҢ ƏДІСТЕМЕСІ
МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ
ƏОЖ 004:372:854
Г.Т.Көкібасова
1
, К.С.Жұмағұлова
2
, С.Р.Шибаева
1
, М.С.Жүнісова
1
1
Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті;
2
Қарағанды облыстық дарынды балаларға арнайы мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты
(E-mail: kokibasova@mail.ru)
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарды
ұйымдастыру тиімділігі
Мақалада сабақтың тиімділігіне сəйкес өлшемдерді ескеретін сабақтың құрылымы мен өзіндік
сараптау болып табылады. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарға қойылатын
талаптар: анықталмаған жағдайды туғызу, таңдау мүмкіндігін беретін оқытудың формасы мен
технологиясын өзгерту, оқу материалы проблемалық жағдаймен ерекшеленеді, оқушыға əлеуметтік
тəжірибеден алынатын, өмірдегі маңызды жағдай туғызу, жаңа дидактикалық материалдарды
қолдану, шындыққа келетіндей стандарттан тыс тапсырмалар мен жағдайлар туғызу, оқу қызметі
зерттеушілік жəне практикалық бағытты сипатта болу, оқушылардың өз бетімен ізденуіне жағдай
жасау, оқушы білім алу кезінде белсенді ұйымдастырушы болуы қажет. Құзыреттілікті
қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыруда оқушының өзіндік жұмысы, арнайы
проблеманы анықтай отырып, өз бетімен ізденуі жəне жасаған жұмысына өзіндік бағалауы маңызды.
Сондай-ақ алған білімін өмірде қолдана алуына мүмкіндік жасау қажет. Ол үшін мұғалім дұрыс
бағыт-бағдар беруі абзал.
Кілт сөздер: химияны оқыту, құзыреттіліктің түрлері, сабақтарды ұйымдастыру.
Қоғамдық жаңғыруға сай өндірістік жəне əлеуметтік өмірдегі өзгерістер жаңа сапалы
мазмұндағы білім беру талаптарын алға тартуда. Бұл ретте адамзат қабілетінің ойлау дағдысына сай
индустриялы-зияткерлік қарым-қабілеті жоғары деңгейдегі оқушылар таным-білігін барынша
арттыру ерекше маңыз алуда. Сондықтан жаңа технологияны практикаға енгізу мен дамытудың
сапалы серпілісі білім беру жүйесіне оң ықпал етері анық.
Дəстүрлі білім беру тəсілі мұғалімнің білім беру үрдісіндегі басымдылығын айқындаумен бірге
сабақтың нəтижелілігін ұштап, сабақта қандай əдіс-тəсілдер, əрекеттер қолданудағы шеберлілігіне
тікелей қатысты болғаны сөзсіз.
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарды барынша дұрыс ұйымдастыру ықпалы-
ның оқу барысындағы нəтижелілігі — құзыреттілікті қалыптастыру мен жеке дамудағы оқушылар-
дың жан-жақты белсенділігімен анықталады. Сондықтан сабақтың мақсаты, құрылымы мен басым
бағаттарының өзгеруіне болжам жасаудың маңызын есте ұстаған жөн деп білеміз. Демек, мұғалімнен
білім беруші ретіндегі рөлімен қатар, оқушыны өзіндік жан-жақты ізденуге, білімді терең меңгеруге,
маңызды ақпаратты белсенді түрде өңдеуге бағыттайтын біліктілікті шеберлікпен ұйымдастыру
талап етіледі.
Құзыреттілікке бағытталған оқу үрдісінде сапалы білім берудегі тиімділігі оқушының терең ізде-
ністегі белсенділігімен айқындалады. Мұғалімнің міндеті оқушының белсенді жұмыс жасауына ықпал
ету жəне оқушы жұмысын ұйымдастыру, қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету болып
табылады. Оқушының өз бетімен жұмыс жасауы, саналы түрде ойлануы мотивациялық қызметінсіз
білімді меңгеру мүмкін емес. Сондықтан сабақ бұл əрекеттерсіз тек қана ақпаратты беру үрдісіне
айналады. Мұғалім оқушының білім алуында құзыреттілікті қалыптастыруда тақырыптың өзектілігін
жəне маңызын нақты анықтаған жағдайда сабақтың мақсаты мен ұйымдастыруы жүйелі түрде болады.
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған …
Серия «Химия». № 3(75)/2014
69
Мектептегі əр мұғалім құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақты құрылымдап,
қойылатын талаптарды ескере отырып, өткізуді жүйелі ұйымдастыра білуі керек. Ол үшін сабақта
қолданылатын құзыреттілік түрлерін білу маңызы орын алады. 12 жылдық білім берудің мемлекеттік
білім стандартының құрастырушылары [1–3] алынатын жəне күтілетін нəтижелер негізінде келесі
негізгі құзыреттілікті қарастырады:
құнды-бағытталған құзыретілік;
мəдениеттілік құзыреттілік;
оқу-танымдық құзыреттілік;
коммуникативтік құзыреттілік;
ақпараттық-технологиялық құзыреттілік;
əлеуметтік-еңбек құзыреттілігі;
жеке өзіндік даму құзыреттілігі.
Белгіленген мақсатқа сəйкес күтілетін жəне алынатын нəтижелер құзыреттіліктерінің
түсініктеріне тоқталып өтсек:
1) құнды-бағытталған құзыреттілік — оқушының қоршаған ортаны саналы түрде қабылдауы,
өзін қоғамда жоғары этикалық құндылық ретінде орнын таба білуі, азаматтық пен елшілдік сезімнің
болуы. Ең бастысы — туған Отаны — Қазақстанға азаматтық борышын өтей алатын, саяси жүйені,
болып жатқан əлеуметтік жағдайды түсіне білетін елшіл тұлға болуы шарт;
2) мəдениеттілік құзыреттілік — жалпы мəдениеттілік жəне ұлттық құндылық негізінде қоғамда
этномəдениеттік дəстүрлерді қалыптастыра білетін танымы мен тəжірибесінің болуы, жеке жəне
отбасы құндылықтарының маңызын терең ұғына отырып, əлеуметтік өмірде мəдениеттілік негізін
қалыптастыра білуі. Мəдени тұрғыда бос уақытты ұйымдастыра білу қабілеті өзінің халқының
мəдениеті мен əлем мəдениетінің көпқырлылығын түсінуге жəне бағалауға үйретеді, рухани
түсіністік пен шыдамдылыққа жол бастайды;
3) оқу-танымдық құзыреттілік — оқушылардың оқу-танымдық жəне зерттеушілік үрдісін өз
бетімен жүргізуге бағытталған кешенді құзыреттілікті қарастырады. Өзінің білімін жинақтау
жолындағы қызметін тиімді жоспарлауы, талдауы, рефлексия жасай алуы, функционалдық
сауаттылығы əлемнің озық ғылыми табыстарын тануға, ізденушілік-зерттеушілік жақтарын аша
білуге үйретеді;
4) коммуникативтік құзыреттілік — əр түрлі əлеуметтік топтардағы адамдармен қарым-қатынас
жасау үшін өзінің ана тілі мен өзге тілдерді меңгеруге, өмірлік жағдаяттарды шешу мақсатында əр
түрлі коммуникация нышандарын қолдана білуге, мемлекеттік тіл — қазақ тілін, сонымен қатар
ұлтаралық тіл, шет ел тілдерін меңгеруге үйретеді;
5) ақпараттық-технологиялық құзыреттілік бағыт-бағдарды дұрыс жасай алуға, өз бетімен
ізденіп, керекті мəліметтерді іріктеп, талдау жасауға, интерпретациялауға, ақпараттық технология
көмегімен қажетті материалдарды сақтап, оларды жүзеге асыра білуге үйретеді;
6) əлеуметтік-еңбек құзыреттілігі — қоғамдық, отбасылық, еңбек, экономикалық жəне саяси
саласында азаматтық-қоғамдық білім мен тəжірибені қамтамасыз етуге көмектеседі. Нақты
əлеуметтік-қоғамдық жағдайды талдай алу, өзінің шешімін айтып, əр түрлі өмірлік жағдаятты қоғам
құзыретіне қарай шешу білу мен əрекет жасауға үйретеді;
7) жеке өзіндік даму құзыретілігі — өзінің қызығушылығы, мүмкіндігі мен қабілетіне сəйкес
əдістерін меңгере білу, денсаулық сақтау, рухани жəне зияткерлік тұрғыда өзін шыңдауға
көмектеседі. Ішкі экологиялық мəдениет пен өзінің денсаулығына, өмірлік қауіпсіздігіне сəйкес
психологиялық сауаттылықты қалыптастыру, өзінің əр ісіне жауапкершілікпен қарауға əкеледі.
Əр түрлі бағыттағы құзыреттілік түрлерін талдау барысында нақты шешім қабылдауға болады,
ол [4]: біріншіден, зерттеушілер білімділік сипаттамалармен салыстырғанда құзыреттіліктің өзекті
қырлары «не» сипаттамасын «қалай» деген ұғыммен негіздейді; екіншіден, көптеген зерттеушілердің
айтуы бойынша, құзыреттіліктің мотивациялық сипаттамасын айқындайды; үшіншіден, зерттеушілер
оның анықтамасы мен бағалауындағы күрделі сипаттағы құбылысын анықтап көрсетеді.
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарға қойылатын талаптарға тоқталып өтсек,
олар төмендегідей:
1. Проблемалық жағдайды туғызу, таңдауға мүмкіндік беретін оқытудың формасы мен
технологиясын өзгерту.
2. Оқу материалының проблемалық жағдаймен ерекшеленуі.
Г.Т.Көкібасова, К.С.Жұмагұлова т.б.
70
Вестник Карагандинского университета
3. Оқушыға əлеуметтік тəжірибеден алынатын, өмірдегі маңызды жағдай туғызу.
4. Жаңа дидактикалық материалдарды қолдану, шындыққа келетіндей стандарттан тыс
тапсырмалар мен жағдайлар туғызу.
5. Оқу қызметі зерттеушілік жəне практикалық бағыттағы сипатта болу.
6. Оқушылардың қабілетін ескере отырып, практикум, оқу жобалары мен іс-шаралар
ұйымдастыру.
7. Оқушылардың өз бетімен ізденуіне жағдай жасау.
8. Оқушы білім алу кезінде белсенді ұйымдастырушы, қатысушы болуына жол беру.
9. Қоршаған əлеуметтік ортаға байланысты мектептің ашық үлгідегі жүйесін қамту.
10. Оқу қызметінде оқушылар өзіндік бағалауды жүзеге асыру.
Осы талаптарды орындаған жағдайда ғана қазіргі заман талабына сай сабақтардың ұйымдасты-
рылуы жүзеге асады. Жаңа форматтағы сабақтар пікірталас, ролдік ойын, ашық сұрақтар, миға
шабуыл ретінде ұйымдастырылған əдіс-тəсілдермен ерекшеленеді [5].
Ең тиімді құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған тапсырмалар жағдаяттық тапсырмалар
негізінде құрылады. Ол тапсырмалар арқылы алған білімдерін практикада қолдануға немесе өмірде
не үшін қажет екенін түсінуге болады.
Сабақта оқушының құзыреттілігін дамыту қазіргі заман талабына сай жаңа педагогикалық
технологияның қолданылуына əкеледі. Қазіргі кезде құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған
технологиялар өте көп [6–8], олар: сын тұрғысынан ойлау, жобалау, зерттеушілік жұмыс, пікірталас
жүргізу, ұжымдық жəне жеке ойлау, АКТ технологиясы т.б. Мұғалім бұл технологиялардан кейбір
мысалдарын сабақта қолданғаннан гөрі, технологияны толығымен меңгеріп, содан кейін ғана жүйелі
пайдаланғаны жөн.
Сабақта оқушының құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталаған əдістеріне кеңінен тоқталып
өтуге болады.
Ақпараттық құзыреттілікті қалыптастыру əдістері
. Ақпараттық құзыреттілікті қалып-
тастыру əдісі тақырып бойынша ақпаратты жинақтап, оны сабаққа қолдануы болып табылады.
Ақпаратты іздестіру жəне оны жинақтау:
ақпаратты қосымша əдебиеттерден, Интернет көзінен, сұрақтар арқылы, сұхбат арқылы,
мұражай, кітапханалардан т.б. алынуы;
көп ақпарат ішінен тапсырмаларды алу;
ақпарат жеткіліксіз болған жағдайда қажетті мəлімет алу.
Ақпаратты өңдеу:
берілген ақпарат ішінен қажетті тапсырмалардың реттілігін алу (логикалық, хронологиялық);
мəтін бойынша жоспар құру;
мəтінге байланысты сұрақтар дайындау;
мəтін бойынша диаграмма, схема, кесте, график жəне басқа да көрнекіліктер құру;
оқу материалы немесе басқа мəліметтер ішінен интерпретация, талдау жəне ақпаратты
қорытындылауға бағытталған тапсырмалар;
материалды қорытындылау мақсатында жүргізілетін пікірталас, талқылау тапсырмалары.
Ақпаратты беру:
баяндама, тақырып бойынша хабарлама дайындау;
оқу материалы бойынша плакат, МSРоwerРоint таныстырылым дайындау;
тақырып бойынша оқу құралын дайындау;
қабырға газеті, стенд хабарландыру, шақыру билеттерін, басқа да іс-шаралар дайындау.
Кешенді əдістер:
рефератқа қажетті мəлімет дайындау жəне оны қорғау, жоспар құру, қорытындысын жасау,
библиографиясын безендіру;
ақпараттық оқу жобалары (жеке жəне топтық);
Интернет-форум, электронды поштадан алынған ақпараттың телекоммуникациялық жобалары;
əр түрлі зерттеу жұмыстары ұсынылатын оқу-зерттеушілік жұмыстар, оның ішінде алынған
мəліметтерді өңдеу үшін зертханалық бақылау, эксперименттер. Сондай-ақ алынған
мəліметтерді жүйелі түрде ғылыми тұрғыда ұсыну;
оқудың хабарламаларын БАҚ-да электронды, терілген нұсқасын ұсыну.
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған …
Серия «Химия». № 3(75)/2014
71
Коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру əдістері
. Коммуникативтік құзыреттілік —
коммуникациялығымен анықталатын білімнің күрделі құрылымы. Ол төмендегі бірнеше кезеңнен
тұрады.
Бірінші кезең — коммуникацияға қатысуға қажеттілік жəне мақсаты жүйелі түрде айқындалатын
өзіндік қарым-қабілетінің анықталуы болып табылады.
Екінші кезең — өзінің мақсат пен мүмкіндіктерін ескеретін əдістерінің коммуникациясы.
Үшінші кезең — сөйлеу жанры, мінез-құлқы жəне коммуникациялық техника жағдайына сəйкес
таңдауы.
Төртінші кезең — өзіндік коммуникация.
Бесінші коммуникация — өзіндік бағалау, оның дəрежесі, өткен коммуникация барысының
нəтижелілігі. Бірақ бұл коммуникацияны бір-бірінен бөлек қарастыруға болмайды, барлығын бір
мезгілде қарастыру керек. Кейін аталған коммуникация кезеңдерін біріктіріп, толық құзыреттілік
коммуникациясын алуға болады. Сондықтан барлық əдіс-тəсілдер кешенді сипатта болып табылады.
Əлеуметтік-еңбек коммуникация əдістері
. Бұл əдісте топтық формадағы жұмысты орындау
тиімді. Бірақ бұл мақсатқа ұжымдық жəне жеке форма жұмыстары сəйкес келмейді деген сөз емес.
Бұл жағдайда ең маңыздысы — педагогтың көздеген мақсаты оқушылардың орындалған
тапсырмалары мен өзіндік жұмыс орындаумен қатар, əріптестерімен ынтымақтастықта жұмыс жасай
білуі болып табылады.
Ұжымдық-жеке жұмыс көлеміндегі əдістер
[9]:
• алдын ала талқыланатын жауаптарға ұжымдық сұрақтар қойылуы (жүйелі қолдану
жағдайында). Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталмаған сабақ жағдайында 3–5 мин əдетте 5–10
сұраққа жауап ала алатын репродуктивті сипаттағы жауап алу («пинг-понг») түріндегі ұжымдық-
жеке формада сұрақ қоюмен басталады. Оның орнына осы уақыт аралығында сұрақты
2–4-ке дейін қысқартып, проблемалық жағдаят тудыратын сұрақ беру дұрыс болады. Сұрақ қою
арқылы 1–2 мин сұрақты жұпта (немесе топта) талқылауға береді. Осы уақытта жұп немесе топ
өздерінің шешімін береді;
• оқушыларға проблемалық жағдай тудыратын тапсырмаларды орындатуға бағыттау. Мысалы,
«Басқатырғыш». Көп ақпаратты қажет ететін бұл кешенді тапсырмалар бірнеше жұмыс топтарға
бөлінеді. Тапсырмаларды толық орындау үшін топтағы оқушылар бар күштерін салып, бар ақпаратты
фрагменттерді бір пазлға жинақтау керек («басқатырғышқа»). Осы жағдайда ғана берілген тапсырма
орындалады. Пазлдың тағы бір нұсқасы — əр топ өздерінің тыңдалым фрагменттерін дайындайды,
сөйтіп, барлық тыңдалымдағы фрагменттер қосылып, біріктіріліп, тұтас түсінік берілуі керек.
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтар міндетті түрде оқушылардың топтық,
жұптық жəне жеке жұмыстарымен нəтижелі болады. Топтық, жұптық жəне жеке жұмыс
барысындағы əдіс-тəсілдердің бірнеше түрлеріне тоқталып өткен жөн. Олар:
• жаңа материалды бекіту үшін топтық немесе жұптық, өзіндік жұмыстар орындалу керек
(тапсырмалар оқушылардың бір-бірімен ынтымақтастықта жұмыс жасауға бағытталған түрде
құрылуы керек, мысалы, «басқатырғыш» түрінде);
• топ немесе жұптық орындалатын зертханалық, сарамандық жұмыстар (оларды сабақ басын-
да — топтық жұмыс орындалуымен, сабақ соңында өзіндік бағалау сəттерімен толықтыру керек);
• топтық мини-жобалар (сабақта тыңдалым қорғалады);
• кез келген типті зерттеу немесе жобалаудың топтық жұмыстары (сабақтан тыс уақытта
орындалады);
• əлеуметтік-психологиялық жаттығулар тренингі;
• рөлдік жəне кəсіптік ойындар;
• «топта ынтымақтастықта жұмыс жасау технологиясының» кез келген нұсқасы.
Жеке орындалатын төмендегі жұмыстардың əдіс-тəсілдеріне тоқталып өтсек:
• көмекшілер мен орындаушыларды қажет ететін жеке орындалатын жобаның кез келген типі;
• əлеуметтік проблеманы шешудің жеке практикаға бағытталған жобасы.
Оқу-танымдық жəне құнды-мағыналық қалыптастыруға бағытталған əдістер
. Оқушыларды
проблеманы тек оқу процесі кезінде ғана емес, кең көлемдегі əлеуметтік қызметте шеше алуға
үйрету. Мұнда əр түрлі бағыттағы жобалар маңызды рөль атқарады. Атап айтқанда:
• сабақ басында немесе оқу міндеттерін шешу алдында ұжым арқылы мақсатты тұжырымдау;
• ұжым болып сабақты қорытындылау жəне бағалау (сабақ аяқталған соң, оқу міндеттерін
шешкеннен кейін).
Г.Т.Көкібасова, К.С.Жұмагұлова т.б.
72
Вестник Карагандинского университета
Оқушылардың проблемалық-бағытталған пікірталас тудыру əдістері
:
• проблемалық оқытудың барлық əдіс-тəсілдері: проблемалық сұрақ, проблемалық міндет,
проблемалық жағдай, проблемалық дəріс, проблемалық эксперимент;
• проблемалық-модульдік оқыту — сол кездегі болған жағдайдағы əрекетті модельдеу, оның
ішінде кəсіптік ойын арқылы;
• оқушылардың шешіміне күмəн келтіру, бастапқы жағдайға қайта оралу, өзінің қателерін
түзетуге мүмкіндік алу əдістері мен тəсілдері;
• бір немесе бірнеше міндеттерді əр түрлі баламалы əдістермен шешу: талқылаудың тиімді
жағын қарастырып, аргумент арқылы талқылау;
• артық мəлімет берілген оқу міндеттері;
• жеткіліксіз оқу міндеті берілген болған жағдайда қосымша ақпаратты іздестіру арқылы
толықтыру;
• кейс əдістері (жағдаяттық семинар, жағдаяттық міндеттерді шешу). Бұл əдіс практикалық
шешімді талап ететін нақты жағдаятты түсіндіреді. Топқа немесе жеке оқушыға кейс беріледі — ол
проблемалық тапсырмаға сəйкес əр түрлі ақпараттардан тұратын материалдар пакетінен тұрады;
• зерттеушілік жəне практикалық-бағытталған жобалардан тұратын кез келген жоба қызметі;
• өмірмен байланысты ізденуді жəне зерттеуді талап ететін практикалық жұмыстар (тұрмыстағы,
кəсіптік, əлеуметтік);
• сабақ барысында ғана жүргізілетін мини-жоба, яғни тапсырмалар уақыты шектеулі болатын
жобалар.
Сабақ соңында рефлексия жасай отырып, мұғалім сабақ барысында оқушының оқу материалын
қалай меңгергені жəне олардың психологиялық жағдайы жөнінде саралауға мүмкіндік алады
(шаршау, қызығушылық дəрежесі) жəне кері байланыс жасата отырып, білімдерін бақылай алады.
Рефлексия оқушылардың пікірлерін тыңдауға жəне əр түрлі əрекеттерін айтуға талпынуға мүм-
кіндік береді. Рефлексиялық қабілетті қалай дамытуға болады? Оқушылардан дəстүрлі сабақта не
үйрендіңдер, не білдіңдер деген сұрақтар қоюға болады. Бұл мұғалімді де, оқушыны да
қанағаттандырмайды.
Форма бойынша рефлексия вербальді (ауызша жəне жазбаша), образды (түс, сурет, символ)
түрде болды.
1. Рефлексивті тест:
Мен қажетті көп əрі жаңа мəліметтерді білдім.
Бұл маған өмірде керек болады.
Сабақта мені ойландыратын жағдай туындады.
Сабақта туындаған сұрақтардың барлығына жауап ала алдым.
Мен сабақта жақсы жұмыс жасадым жəне мақсатқа жеттім.
Соңында кім бес плюс қойғандар қол көтерсін, кейін төрт плюс қойғандар жəне үш плюс
қойғандар көтерсін деген сұрақ қойылады. Бұл бағалар мұғалімнің өткізген сабағына қойған бағасы
болып шығады (оқушылардың өздерінің білімі бұл сабақта бағаланбайды).
2. Түс ретінде көрсетілген рефлексия:
а) оқушы өзінің сабақтағы жағдайына байланысты түсті көрсетеді;
ə) топтарға түрлі-түсті жапырақшалар салынған конверт таратылады. Оқушылар бұл
жапырақшаларды ақ параққа жапсырады.
3. Қандай деңгейде тұрғанымызды анықтау:
Білемін жəне басқаға түсіндіремін.
Білемін.
Білетініме сенімсізбін.
Білмеймін.
4. Вербальді форма — аяқталмаған сөйлем əдістемесі (ауызша жəне жазбаша):
Бүгін мен сабақта...
Мен үшін қажетті жəне қызықты болғаны...
Мен мына жағдайда қиындықтарға тап болдым...
Маған маңыздысы...
Менде өте жақсы шықты...
Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған …
Серия «Химия». № 3(75)/2014
73
Өз-өзіме жолдар...
Жаңа сабаққа комплимент айт...
5. Кодталған диктант:
«Иə» сөзі орнына 1 қоямыз.
«Жоқ» сөзі орнына 0 қоямыз.
6. Оқушылар, сабақ соңында өз жағдайларыңды бағалаңдар:
«Əр жұптан өзіңнің жағдайыңа сəйкес сөзді таңдап, астын сызыңдар:
қызықты — көңілсіз (шабытты сеземін — шаршағандықты сеземін);
қызықты — қызықсыз;
қобалжимын — қобалжымаймын (өзіме сенімдімін — сенімсізбін);
шаршаған жоқпын — жұмыс жасауға тырыстым — тырысқан жоқпын;
өзіме ризамын — өзіме риза емеспін (нəтижелі болды — нəтижесіз болды);
ашуланған жоқпын — ашуландым (шыдадым — шыдамым таусылды).
7. Рефлексияның «Классикалық» түрі:
Сіздің сабақ алдында қандай мақсатыңыз болды жəне ол қаншалықты дамытылды?
Қиындықтарды атап өтіңіз: а) тақырыпты оқуды (тарауды); ə) ашық сұрақтарға жауап кезінде.
Қиындықтарды қандай түрде жеңе білдіңіз? Не арқылы?
Тақырыпты оқу кезінде Сіз үшін басты нəтиже не?
Сіз не нəрсеге үйрендіңіз?
Тақырыпты оқуда не сəтті болды жəне неге?
Не орындалды жəне неге?
Өтілген тақырып бойынша сезім мен көңіл-күй динамикасын сипаттаңыз.
8. «Жаңалық ашу күнделігі».
Сіздің бүгіннен бастап жүйелі түрде жүргізіп отыратын жаңалық ашу күнделігінің бетін
ыждағаттылықпен толтырыңыз. Тақырыпты өткен жəне тапсырма орындаған кезде өзіңіз үшін ашқан
жаңалықты белгілеп отырыңыз. Жоспарланған əрекетке ашқан жаңалыққа сəйкес талдау жасаңыз.
Бұл жетістікке қалай жеттіңіз? Ашқан жаңалықтарға өзіңізге баға қойыңыз: а) Сіз үшін; ə) Ғылым
үшін; б) Басқалар үшін (сыныптастар, мұғалімдер т.б.).
9. Рефлексия «Трактат»:
Болашақ оқушыларға трактат жазуда елестетіңіз. Трактатта Сіздің негізгі нəтижелеріңіз бен
жетістігіңізді сипаттаңыз, «тəлім алушы» ретінде ақыл беріңіз, нəтиже мен жетістікке жету
жолындағы əдіс пен тəсілдерді анықтауға тырысыңыз. Қандай тапсырма Сізді қиын жағдайға душар
етті? Неге? Мен не түсіндім, нені үйрендім? Қателіктерді болдырмау үшін не істеуге болады? Оқу
кезінде қандай білім алдым? Болашақ оқушыларға қандай ой-пікірлер бересіз?
Оқушының
құзыреттілігін
қалыптастыруға
бағытталған сабақтарды
сапалы
түрде
ұйымдастыруда мұғалімнен көп еңбек, терең білімділік, күш-жігер, жан-жақтылық, ізденімпаздық,
жаңа ақпарат көздерін мейлінше тиімді қолдана алатын қажыр-қайрат талап етіледі [10, 11]. Осы
аталған маңызды сипаттар мұғалім тұлғасында жəне де оқу үрдісінде ұтымды қолданылған жағдайда
құзыреттілік қалыптастырудың сапалы да өрелі мақсатына жетуге болады. Сонда ғана өскелең
ұрпаққа сапалы білім алуына дұрыс бағыт-бағдар беріліп, оқушылардың өмірде таңдайтын кəсіби
бағытына жетуде адастырмайтын жол ашылады деп білеміз.
Əдебиеттер тізімі
1 Концепция 12-летнего среднего общего образования в Республике Казахстан от 2004 г. // [ЭР]. Қолжетімділік
тəртібі: http://www.edu.gov.kz.
2 Государственный образовательный стандарт 12-летней школы в Республике Казахстан от 2006 г. // 12-летнее образо-
вание. — 2006. — № 3. — 73 с.
3 Концепция 12-летнего среднего общего образования в Республике Казахстан от 2007 г.: Справочник руководителя
образовательного учреждения. — 2007. — № 2. — С. 5–13.
4 Компетентностный подход как способ достижения нового качества образования. — М., 2002.
5 Морозова Ж.В. Диагностика сформированности качеств личности обучающихся на основе квалиметрического
подхода. — Ижевск: Изд-во ИПК и ПРО УР, 2005.
6 Бабушкина Н.В. Проектирование технологии профессионального обучения учащихся: Науч.-метод. пособие. —
Ижевск: Изд-во ИПК и ПРО УР, 2004.
Г.Т.Көкібасова, К.С.Жұмагұлова т.б.
74
Вестник Карагандинского университета
7 [ЭР]. Қолжетімділік тəртібі: http://biologiyavo.narod.ru/p3aa1.html
8 Ефимова С.А. Проектирование образовательных программ профессионального образования на основе модульно-
компетентностного подхода: Дис. … канд. пед. наук. — М., 2006.
9 Омарова Р.С. Білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында оқушылардың шығармашылық қызығушылығын
қалыптастырудың дидактикалық негіздері. — Түркістан, 2008.
10 Государственная программа развития образования в Республике Казахстан на 2005–2010 годы. — Астана, 2004.
11 Концепция интеллектуальных школ Первого Президента Республики Казахстан. — Астана, 2008.
Г.Т.Кокибасова, К.С.Жумагулова, С.Р.Шибаева, М.С.Жунусова
Достарыңызбен бөлісу: |