Бөлім 2. Геоақпараттық жүйелер
(кеңістіктік ресурстарды кеңістіктік шешімдерде өңдеу)
2.1 Геоақпараттық жүйелерге кіріспе
Геоинформатика ғылым, ақпараттық технология және өндіріс ретінде дербес 2 бөлімнен тұрады:
Геоақпараттық картографиялау: кеңістіктік ақпараттық ресурсты − геоақпаратты құру;
ГАЖ-өңдеу: геоақпаратты кеңістіктік шешімдерге өңдеу.
Қоғамның динамикалық дамуы, техникалық және қоғамдық инфрақұрылымның күрделенуі, аумақтың тұрақты дамуын орнату жағдайында геоақпарат ішкі және сыртқы нарықтарда аумақтардың табысты экономикалық дамуының және бәсекеге қабілеттілігінің маңызды факторына, стратегиялық ресурсына айналады.
Геоақпарат:
федералды, аймақтық, аудандық және муниципалды дәрежелерде, аумақтық басқару есептерін шешуде қолданылады;
Салалардың және жеке кәсіпорындардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;
аумақтардың экономикалық және қоғамдық дамуын ұзақ мерзімді жобалауда, дағдарыстық жағдайлармен процесстерді болжауда пайдаланылады;
бұқаралық ақпарат құралдарында, интернетте, анықтамалық және білім жүйелерінде қолданылады.
Геоақпарат негізінде:
жер, орман, су және қала салушы кадастрын, сонымен қоса ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының, кен орындарымен пайдалы қазбалар шығу жерлерінің кадастрын басқару жүйелері жасалады;
аумақтарды, өндірістік кәсіпорындарды және көлікті басқару жүйелері, сонымен қатар навигациялық жүйелер құрылады.
Бүгінгі жағдайда геоақпаратты алудың және өңдеудің негізгі құралы болып геоақпараттық жүйелер болып табылады (ГАЖ).
Толық атауы: географиялық ақпараттық жүйелер
Синонимдер: кеңістіктік ақпараттық жүйе, геокеңістіктік жүйе.
Ағылшын тілінде ұсынылуы: geographic(al) information system (GIS), spatial information system (SIS).
Негізгі анықтамалары:
«ГАЖ – кеңістіктік − үйлестірілген мәліметтердің жиналуын, сақталуын, бейнеленуін, қолжетімділігін және таратылуын қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе» [Кошкарев] – технологиялық жақындасу.
«ГАЖ – мәліметтер базасының кеңістіктік таратылған құбылыстарды, процестерді немесе оқиғаларды бақылаудан тұратын және нүктелер, сызықтар, контурлар түрінде анықталуы мүмкін ақпараттық жүйенің ерекше жағдайы» [Clarce ] – ақпараттық жақындасу.
«ГАЖ – кеңістіктік − уақыттық факторларды ескергендегі құрылатын және сақталатын үлгілер негізінде геокеңістікті талдауға және басқаруға арналған ақпараттық жүйе» [Карпик]- қолданбалы жақындасу.
«ГАЖ – кеңістіктік – үйлестірілген мәліметтерді жинауды, өңдеуді, бейнелеуді және таратуды, мәліметтерді интеграциялауды, қоршаған ортаны және қоғамды аумақтық ұйымдастырумен, инвентаризациялаумен, талдаумен, үлгілеумен, болжау және басқарумен байланысты, аумақ жайлы ақпараттармен білімдердің, олардың ғылыми және қолданбалы есептерін шешуі кезінде нәтижелі пайдалануын қамтамасыз ететін бағдарламалық− аппараттық кешен» [Капралов және т.б.]- ақпараттық− қолданбалы жақындасу.
Алуан түрлі ГАЖ әртүрлі мақсаттарда пайдаланылады және әртүрлі кеңістіктік есептердің шешімін қамтамасыз етеді.
Билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарына арналған ГАЖ:
аумақтың қоғамдық-экономикалық дамуының нәтижелі экономикалық (тұрақты) механизмдерінің қалыптасуы;
аймақтық экономикалық саясатты іске асыру;
материалдық өндірістің және меншіктің және салалық тәнділіктің барлық түріндегі өндірістік инфрақұрылымның дамуы үшін, жағдайларды қалыптастыру;
халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға жағдай жасау;
аумақтың мәдениет және рухани салаларының дамуына, ғылыми- техникалық потенциалын жоғарылатуға жағдайлар жасау;
халықтың ұдайы өндірісі, аумақ тұрғындарының өмірін және денсаулығын сақтау үшін жағдайлар жасау.
Экономика салаларына арналған ГАЖ:
аумақтағы кадастрларды немесе салалық меншіктегі реестрларды құру және басқару;
аумақта қоршаған кеңістікті пайдаланумен байланысты нәтижелі салалық қызметті іске асыру;
аумақта құрылымдық бөлімшелер қызметінің мониторинг жүйелерін құру және басқару;
салалық қызметтің дамуына бағытталған жағдайды талдау және кеңістіктік шешімдерді шығару.
Жеке шаруашылық субъектілерге арналған ГАЖ:
меншіктегі немесе жалда тұрған субъектілердің жылжымайтын мүлкін есепке алу;
қоршаған кеңістікті пайдаланумен байланысты өндірістік қызметті оптимизациялау (соның ішінде навигациялы процестерді);
аумақта өнеркәсіптің өндірістік қызметінің дамуы бойынша кеңістіктік шешімдерді шығару және жағдайын талдаудеу.
халық үшін ГАЖ;
аумақ жайлы анықтамалық, танымдық, оқытушы ақпаратты алу;
аумақ бойынша навигацияны іске асыру, сонымен қатар қозғалыстың ұтымды маршрутын жасау;
қоршаған кеңістікті пайдаланумен байланысты бос уақытты жоспарлау.
ГАЖ қолданудағы басым бағыттар:
есептік- кадастр қызметі (жер, жылжымайтын мүлік, табиғат ресурстары, экология, жолдар, құбырлар және т.б.);
салалық және объектілі мониторинг;
дағдарыс жағдайларындағы ескертуші және жедел іс әрекеттер;
аумақ бойынша навигацияны жүзеге асыру;
геокеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымын құру;
аумақтарды үш өлшемді үлгілеу;
ГАЖ аналитикалық функциялары негізінде басқарушылық қызметті ықшамдау;
тұрғындардың геоақпаратты кең қолдануы (анықтамалық, танымдық, оқытушылық ақпаратты итернет, ұялы байланыс, ақпараттық жүйелер және т.б. арқылы және алу.).
Достарыңызбен бөлісу: |