Сибирская государственная геодезическая академия


Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымы



бет22/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

1. 12 Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымы

Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымдық маңызы


Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылымы (КБИ) – бұл ұлттық кеңістіктік қорларға кең қол жетімділікті, кеңістіктік мәліметтердің азаматтар, ұйымдар, билік органдарымен сондай-ақ өзін- өзі басқару органдарымен нәтижелі қолдануды қамтамасыз ететін негізгі кеңістіктік мәліметтердің, метамәліметтердің, ұйымдастырылған құрылымдардың, құқықтық реттеу механизмдерінің, әдістемелік базаның, технологиялар мен техникалық құралдардың жүйесі.


Бұл құрамында кеңістіктік берілендерді жинауға, өңдеуге, таратуға, пайдалануға, қолдануға және сақтауға қажетті сонымен қатар, олармен байланысты әрекеттер технологиясы, жалпы стандарттар, қаржылық және адами қорлары бар кешен.
КБИ-н құрудың негізгі мақсаты, бірыңғай аумақтық ақпараттық кеңістіктің құрылуы, жылдам және нәтижелі геоақпараттың тұтынушыларымен жеткізушілерінің, өзара ақпараттық әрекеттестігін қамтамасыз ету, геоақпаратты шешімдерді қабылдауда сүйемелдеу, аумақты басқару жүйелерінде, салалық аумақтық жүйелерде пайдалану болып табылады.
КБИ құрудың алғы шарттары

КБИ-н құру қажеттілігі көп жылдар бойы ақпараттық іскерліктің геоақпараттың бірыңғай ережелерімен, техникалық талаптарынсыз іске асуымен шартталған. Нәтижесінде мәліметтер әртүрлі мазмұнда, масштабта, құрылымдарда және форматтарда, әртүрлі дәлдікпен бөлшектілік дәрежесімен ұсынылған, мәліметтер базасы кеңістіктік шашыратылған, керекті ақпаратты іздеу қиындатылған немесе мүмкін болмады, ақпараттық алмасу каналдары жұмыс жағдайына келтірілмеген, көп жағдайда геоақпарат пайдаланушылар тобына қолжетімсіз болды.


Кеңістіктік мәліметтердің инфрақұрылысын құру (Spatial Data Infrastructure - SDI) идеясы, алғаш 1994 жылы АҚШ президенті Билл Клинтон жарлығында анықталған: «Географиялық ақпарат экономикалық даму, табиғи ресурстарды тиімді басқару және қоршаған ортаны қорғау үшін өте маңызды». Қазіргі уақытта заманауи технологиялар географиялық (немесе геокеңістіктік) мәліметтерді, картографиялауды жинақтауды, таратуды және пайдалануды жақсартуға мүмкіндік береді. Атқарушы билік геокеңістіктік мәліметтердің жалпы қоғамдық, сонымен қатар жеке тұлғалардың көлік, қоғамдық даму, ауыл шаруашылығы, төтенше жағдайларды ликвидациялау, қоршаған ортаны қорғаумен ақпараттық технологияларды пайдаланылуын ұстап тұру үшін, кеңістіктік мәліметтердің келісілген инфрақұрылымын дамыту керек».
SDI термині «географиялық мәліметтерді алуға, толықтыруға және тиімді пайдалануына септігін тигізетін технологиялардың, принциптердің, ұйымдастыру шараларының, қаржы және адами қорлардың атаулары» үшін қолданылады. (Кеңістіктік мәліметтердің ғаламдық инфрақұрылымын құру әдістемелігі, 2006 жыл). SDI саясаткерлер, топографтар, басқарушылар, азаматтармен олардың ұйымдары үшін,, кеңістіктік мәліметтерді алу, толықтыру және қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді. SDI технологиялары географиялық мәліметтерді, олардың атрибуттарын жеткізуші, мәліметтерді беру бойынша қызметтер кешенінен тұрады. Қызметтер және өз кезегінде мәліметтерге ғаламдық тор арқылы баға беруге және визуализациясын анықтау құралдарын ұсынатын мета- мәліметтер көмегімен құжатталады.
Еуропада Еуро Одақтың бастамасымен INSPIRE ( Infrastructure for Spatial Information in Europe) – кеңістіктік мәліметтердің Еуропалық инфрақұрылымын құру бойынша жұмыстар ұйымдастырылған. INSPIRE мақсатына жергілікті, ұлттық және еуропалық дәрежелерде мәліметтер базасының кеңейтілген желісін құру кіреді. Әрбір мәліметтер базасы жеке мемлекеттерге, сонымен қоса Еуропалық Одаққа қажетті ақпараттар және қызметтермен қамтамасыз етілуіндей басқарылуы тиіс. Бұл ретте мәліметтер базасы операциондық үйлесімділікке жетуі үшін, жалпыға бірдей қабылданған стандарттар және хаттамаларға жауап беруі керек.
Ресейде Ресей Федерациясының кеңістіктік мәліметтерінің ақпараттық инфрақұрылымын, сонымен қатар аймақтық КБИ құру бағытындағы ұқсас жұмыстар жүргізіледі.

КБИ-дағы стандарттар


Стандарттар КБИ- ның маңызды компоненті болып табылады, себебі ақпараттық процеске қатысушылардың әрекеттестік ережелерін бекітеді. Ресей үшін негізгі болып үш стандарттар– стандарттау бойынша халықаралық ұйым (ISO), ашық ГАЖ консорциумы (Open Geospatial Consortium - OGC) және ресейлік стандарттар жүйесі болып табылады.


Геоақпарат облысындағы ISO стандарттары КБИ- дың жалпы ұстанымдарын анықтауға бағытталған және «Географиялық ақпарат/ Геоматика»- жеке бағыт шегінде құрылады, ISO сериясы 19100. Оларда геоақпаратты құраушылар қатары: метаақпараттар, объектілердің кеңістіктік қасиеттері, объектілердің уақытша сипаттамалары, координаларар арқылы кеңістіктік байланыстыру, географиялық идентификаторлардың кеңістіктік байланыстырылуы, векторлық мәліметтерді қолдану, растрлық мәліметтерді қолдану, кескіндер үшін мәліметтер үлгісін қолдану, сапаны бағалау және т.б. бойынша ұстанымдық жағдайларын реттейді.
ISO 19100 стандарттардың үлкен бөлімі, объектілердің координаталарын алу, веб- қызметі негізінде қадағалау және навигациялау, маршрутизация және навигация, қозғалмалы объектілерге арналған сызбалар, картографиялық веб- қызметі, веб- қызметтермен айырбас үшін геомәліметтерді ұсыну тілі, векторлы картографиялық веб- қызметтері және т.б. құралдарына арналған.
OGC стандарттары КБИ-н құрудың негізгі ұстанымдарын техникалық жүзеге асыруына бағытталған. OGC негізгі мақсаты – өзара әрекеттестік мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін бағдарламалық жүйелерге деген техникалық жаңартылуларды (спецификацияларын) зерттеп жасау. ГАЖ облысындағы коммерциялық бағдарламалық өнімдерді пайдалану фактісі бойынша спецификациялардың толық қатары жасалған, соның ішінде кең таралғандары:

  • Web Map Service (WMS) – пайдаланушының сұранысы негізінде құрылып, растрлық кескінді шығаратын картографиялық веб−қызметтері интерфейсінің спецификациясы;

  • Feature Service (WFS) –векторлық объектілер жиынтығын шығаратын картографиялық веб−қызметінің басқа түрі;

  • Web Coverage Service (WCS) – «жабындарды»− кеңістікте кез-келген белгінің бірыңғай үлестірілімін беруге бағытталған және картографиялық кескіндерді негізгі картамен үйлесімін табатын жаңа түрлі WMS қабаттарымен толықтыруға мүмкіндік береді;

  • Catalog Interface (CAT) – геоақпараттық ресурстар каталогы сызбасының және оған қол жетудің хаттамалар спецификациясы;

  • SFS – SQL тілінің геокеңістіктік кеңейтілімі;

  • Filter Encoding (Filter) –кеңістіктік объектілерді іріктеу талаптарын анықтау ережелері.

Ресейлік КБИ стандарттары

Ресейде ұлттық КБИ-н (РКБИ) құру мәселесіне соңғы жылдарда құрылып бекітілген ұсыныстық сипаттағы стандарттар қатарын жатқызуға болады:



  • МЕСТ Р 51605 2000 "Топографиялық сандық карталар. Жалпы талаптар"

  • МЕСТ Р 51606-2000 "Топографиялық сандық карталар. Сандық картографиялық ақпаратты классификациялау және кодтау жүйесі. Жалпы талаптар."

  • МЕСТ Р 51607-2000 "Топографиялық сандық карталар. Картографиялық ақпаратты сандық сипаттау ережелері. Жалпы талаптар."

  • МЕСТ Р 51608-2000 " Топографиялық сандық карталар. Сапа талаптары"

  • МЕСТ Р 52155-2003 "Федералды, аймақтық, муниципалды географиялық ақпараттық жүйелер. Жалпы техникалық талаптар."

  • МЕСТ Р ИСО 19105-2003 "Географиялық ақпарат. Сәйкес келу және тексеру"

  • МЕСТ Р ИСО 19113-2003 "Географиялық ақпарат. Сапаны бағалау ұстанымдары"

  • МЕСТ Р 52438-2005 Географиялық ақпараттық жүйелер. Терминдер және анықтамалары.

  • МЕСТ Р 52439-2005 Жергілікті жердің сандық үлгілері. Жергілікті жер объектілерінің каталогы. Құрамына қойылатын талаптар.

  • МЕСТ Р 52440-2005 Жергілікті жердің сандық үлгілері. Жалпы талаптар.

  • МЕСТ Р 52571-2006 Географиялық ақпараттық жүйелер. Кеңістіктік мәліметтердің сәйкес келуі. Жалпы талаптар.

  • МЕСТ Р 52572-2006 Географиялық ақпараттық жүйелер. Координаталық негіз. Жалпы талаптар.

  • МЕСТ Р 52573-2006 Географиялық ақпарат. Метамәліметтер.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет