Сибирская государственная геодезическая академия


Геоақпараттық кеңістікті құру және басқару



бет21/59
Дата26.12.2023
өлшемі5,82 Mb.
#143786
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59
Байланысты:
¦Ы¦¬TБ¦¬TЖ¦¦¦¬¦¦ ¦¦¦-¦¬

1. 11 Геоақпараттық кеңістікті құру және басқару

Геоақпараттық кеңістік (ГАК) ұғымы, экономика және қоғамның ымырасыз жаңа қажеттіліктерімен ескертілген геоақпараттың ымырасыз жаңа және ғаламдық мақсаттарын бейнелейді.


ГАК жалпы ақпараттық кеңістіктің құрама бөлшегі ретінде қарастыру керек, ақпараттық ресурстар, ақпараттық әрекеттестік құралдары және ақпараттық инфрақұрылым оның компоненттері болып табылады. Ақпараттық кеңістік – жалпы принциптер негізінде жұмыс атқаратын банктердің және мәліметтер базаларының, олардың қосталу технологияларының, ақпараттық телекоммуникациялық жүйелерінің жиынтығымен төмендегілерді қамтамасыз етеді:

  • мекемелермен азаматтардың ақпараттық әрекеттестігі;

  • Олардың ақпараттық қажеттіліктерін куәләндіру.

Ақпараттық көзқарас тұрғысынан қарағанда (ГАК) ақпараттық үйлестірілген аумақтардың компьютерлік үлгілерінің жиынтығы және зерттеліп жатқан шынайы геокеңістікті жеке ұсыну жиынтығының сандық сипаттауы болып табылады. ГАК адаммен компьютерлік ортада құрылады және кеңістіктік есептерді, кеңістіктік шешімдерді шығарған кезде, компьютерлік қолдануға арналған. Шетелдік жарияланымдарда геоақпараттық кеңістік ұғымы «сандық Жер» ұғымымен байланыстырылады. АҚШ- та «сандық Жер» жобасы бойынша НАСАның басқарылуымен арнайы ақпараттық мекемелер аралық жұмыс тобы (IDEWG) құрылған. IDEWG Сандық Жерді «адамға Жердің табиғи және мәдени ортасы бойынша кең ақпаратын пайдалануға көмектесетін, біздің ғаламшарымыздың виртуалды кескіні ретінде» анықтады.
Әртүрлі аумақтық дәрежелердің, табиғи ортаның алуан түрлі сегменттерінің, сан қилы объектілердің, процестердің, құбылыстардың және іскерлік түрлерінің геоақпараттық кеңістігін («Сандық Жер») құру арнайы пән аралық ғылыми зерттеулерді талап етеді. Осы зерттеулер шегінде жинақталатын ақпараттың мазмұны, қасиеттері, параметрлері және құрылымы, таратылған өңдеу, мәліметтерді басқару, геокеңістік жайлы білімдердің құрылумен қолданылуы, көп өлшемді кеңістіктік үлгілеудің интернет желісінде ұсыну технологиясы, жасалуы тиіс.

Экономика мен қоғам өміріндегі ГАК орнымен ролы


ГАК қоршаған ортаның кеңістіктік қасиеттерін бейнелеу облысында мамандырылған жалпы ақпараттық өрістің, құрама бөлшегі болып табылады. Өзгешелігі болып, қоршаған кеңістікті адам миында визуалды бейнелердің пайда болу жолымен, ерекше қабылдау әдісі болып табылады. Сондықтан адам әрекетінің барлық бағыттарында кеңістіктік ақпаратты алу және тапсыру жергілікті жердің аналогты (немесе псевдоаналогты) визуалды үлгісінің құрылуына негізделеді. Сонымен бірге компьютерлік өңдеуге жарамды жергілікті жердің геоақпараттық (сандық) үлгісінің құрылуы мүмкін болды.


ГАК тағайындалуы


ГАК дүние жүзінің қазіргі заманғы кеңістіктік үлгісі ретінде, Жер бетінде (жер астында) және ғаламшарларда таралатын адам әрекетінің барлық салаларында қажет. Оның негізінде және оның көмегімен экономиканың, теорияларды басқару, әскери қызмет және т.б. салалардың ғылыми және өндірістік мәселелері шешіледі. Ертеректе бұл мәселелер аналогты картографиялық және аэрокосмостық мәліметтермен қамтамассыз етілген.


Алайда, адам өркениетінің заманға сай даму сатысы, кенеттен өскен процестер динамикасымен (адамның әрекет ету салдарынан жергілікті жердің өзгеруі), табиғи ортаға жүктелген техногенді әсермен, қауіпті өндіріспен қаруланудың жаңа түрлерімен сипатталады. Бұл жағдайларда аналогты үлгілердің мүмкіндіктері таусылған және бөлшектілік, дәлдік, сонымен бірге олардың күнделікті қолданылуының үлкен диапазонының шындыққа сәйкес келуінің дәрежесі бойынша бағдарланған геокеңістіктің компьютерлік геоақпараттық үлгілері қажет.

ГАК құрудан және жұмыс атқаруынан күтілетін әсер


ГАК құру, басқару (яғни, үздіксіз жаңарту) және пайдалану бірнеше нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді:



  • әрекеттің барлық түрлерін және аумақта өмір сүрудің барлық түрлерін өзекті, анық, нақты және толық ақпаратпен қамтамасыз ету;

  • қабылданатын кеңістіктік шешімдердің салдарын, тәуекелділігін есептеу, дағдарысты жағдайларды алдын ала ескертулерді және т.б. болжау және үлгілеу бойынша ымырасыз жаңа мәселелердің шешімдерін қамтамасыз ету;

  • заманға сай көліктік қызметті ұйымдаструда аумақты басқарудың, табиғи және техногенді сипаттағы дағдарыс жағдайындағы жылдам өтетін процестердің ақпараттық қамсызданудың дәрежесін сапалылау;

  • көп санды жеке ақпараттық көлемдерді, бірыңғай ақпараттық өнімге интеграциялау, үлкен санды ақпараттық сала жұмысшыларының күш жігерін біріктіру, өз кезегінде бұл ГАК құру және басқаруға кететін уақытпен құралдар шығынын әжептәуір азайтуға мүмкіндік туғызады.

ГАК негізгі функциялары


ГАК функциялары, оның тағайындалуымен, құрылу және пайдаланылу сипаттамасымен шартталған (ескертілінген). Қазіргі заманғы қажеттіліктермен жақын арадағы болашақ қажеттіліктер ГАК негізгі функцияларын келесідей анықтайды:



  • бірыңғай координаталық негізге «байланған» және стандартты түрде ұсынылған, кеңістіктік мәліметтердің Ресейлік инфрақұрылысы (КБРИ) шегіндегі жалпы мемлекеттік келісім бойынша бекітілген, Жер туралы негізгі геоақпаратты қабылдау, жинақтау және сақтау, оның негізінің құрамына табиғи ортаның әртүрлі сегменттері және Жер бетіндегі алуан түрлі іскерлік бойынша геоақпараты кіреді;

  • оның кеңістіктік қасиеттерін бейнелейтін және кең таралған жалпы техникалық форматта ұсынылған аумақ жайлы қосымша (мультимедиялық) ақпаратты қабылдау, жинақтау және сақтау;

  • аумақтың геоақпараттық зерттелу жағдайының үздіксіз мониторингін жүргізу және мәліметтер базасын жаңартуға негізгі геоақпаратты алу процестерін басқару үшін, зерттелуді талдаудың нәтижесін беру;

  • берілген аумақ және тақырыптық сегмент сұраныстары бойынша негізгі геоақпаратты және қосымша ақпаратты іздеу және беру.

ГАК геоақпараттың мазмұны


ГАК-тегі кеңістіктік ақпараттың мазмұны келесідей жағдайлармен анықталады:



  • ГАК екі әртүрлі ақпарат жиынтығы жинақталады және сақталады, атап айтқанда үздіксіз жаңартылуы және өзектілік жағдайын сақтауға тиіс негізгі ақпараттан белгіленген уақытта жергілікті жердің кеңістіктік, жеке кеңістік объектілердің қасиеттерін бенелейтін қосымша ақпараттан тұрады;

  • негізгі геоақпарат құрамына табиғи ортаның әртүрлі сегменттерін, Жер бетіндегі адам іскерлігінің алуан түрлі салаларын кескіндейтін, координаталардың бірыңғай жүйесінде координаталық байланыстыру бар, жалпы ұлттық стандартталған түрде ұсынылған ақпараттық жиындар кіреді;

  • әрбір ақпараттық жиындағы негізгі ақпарат аумақты жиынының тематикасына сәйкес, кеңістіктік объектілер, жергілікті жер, процестер, құбылыстар және оқиғалар объектілерінің жиынтығы түрінде сипаттайды, кеңістіктің объектілер нақты, сонымен қатар виртуалды да болуы мүмкін;

  • әрбір заттық облыстың кеңістіктік объектілері олардың ГАК-те сипатталу және ұсынылуының бөлшектілік дәрежесін анықтайтын әртүрлі масштабты деңгейлерде қойылуы мүмкін.

ГАК құрылымы


ГАК құрылымы келесідей құрылыс принципіне сәйкес келеді:



  • ГАК барлық ақпараты өзара байланысты аумақтық- тақырыптық белгілері бойынша үлестірілген (яғни заттық сегменттер бойынша бөлінген, негізгі және қосымша бөліктерге бөлінген әкімшілік- аумақтық белгіленген құрылымдар геоақпараты бар) объектілі- бағытталған мәліметтер базасының желісі түрінде орналасады;

  • Мәліметтер базасындағы әрбір кеңістіктік объект әртүрлі масштабты геоақпараттың жиынтығы түрінде бейнеленеді және стандартты метаақпаратпен қоса жүреді.

ГАК жұмыс істеу механизмдері


ГАК жұмыс істеу механизмдері төмендегідей жағдайларға негізделеді:



  • ГАК- ке келіп түсетін негізгі геоақпарат және қосақтала жүретін оның метаақпараты кіруін қадағалануына, талдауына, ГАК- те қолданылуының жарамдылық баға беруіне ұшырайды;

  • қабылданған негізгі геоақпарат ГАК-те бурыннан бар геоақпаратпен салыстырыла өңдеуден өтеді және жаңартылған түрде құрылған ақпарат сәйкес мәліметтер базасында орналасады;

  • ГАК пайдалану процесі кезіндегі геоақпаратты өңдеу алгоритмдері қажетті ақпаратты іздеп таңдауды, ерекшеленген ақпараттың сұраныстың шарттарына сәйкес, өзгеруін ақпарат мазмұнын автоматты генерализациялаумен масштабтық өзгерулерін, аумақ үлгісінің карталар түрінде визуализациялау кезіндегі берілген бұрмалану шарттарына сәйкес, проекциялық өзгерулерін, аумақтың және оның жеке объектілерінің екі өлшемді үлгісінен үш өлшемдіге өтулерін, кез келген кеңістіктік объектінің бөлінуімен сол бойынша анықтамалық мәліметтерді сонымен қатар, бар мультимедиялық қосымша ақпаратты алуды, кеңістікпен уақытта Жерде орын ауыстыруды қамтамасыз етеді;

  • іздеу нәтижесінде іріктелген геоақпарат және қосымша ақпарат көшірмесі жасалынып, тұтынушыларға қолданбалы бағдарлама құралдарымен ГАК үшін бекітілген регламенттер мен келісімдер негізінде, кейінгі өңдеумен талдау жасауға берілуі мүмкін;

  • ГАК құрылуы және жұмыс істеуі кезінде аумақтың геоақпараттық зерттелу жағдайының мониторингі, ГАК-те жинақталған ақпараттың толықтылығы және өзектілігі шегінде зерттелу жағдайының талдауы, жетіспейтін негізгі геоақпаратты жинау қажеттілігін анықтау, жеке ұйымдармен тұлғалардың іскерлік қызметін краудсорсинг шегінде белсендіру үшін күтілетін қосымша ақпаратты жариялау жасалады ((ағылш. crowdsourcing, crowd — «тобыр (толпа)» және sourcing — «ресурстарды пайдалану») — еңбек шартын жасасуды көздемейтін бұқаралық оферта (ұсыныс) негізіндегі белгілі өндірістік функцияларды белгісіз адамдар жиынына беру.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет