2.2 Геоақпарат жүйелерінің классификациясы
Өзінің мазмұнына қарай геоақпараттық жүйелер екі әртүрлі топқа жіктеледі:
инструменталды ГАЖ – мәліметтердің геоақпараттық өңдеуін орындау үшін, пайдаланылатын бағдарламалық құралдар (мысалы ArcInfo, ArcGIS, Mapinfo және т.б.);
өндірістік ГАЖ – геоақпаратты алуды және өңдеуді жүзеге асыратын жүйелер ( яғни, дұрысын айтқанда ақпараттық жүйелер).
ГАЖ инструменталды құралдары екі түрге жіктеледі:
ГАЖ – қабықша: абстрактілі геометриялық примитивтермен (нүктелермен, сызықтармен, беттермен, денелермен, ұяшықтармен, пиксельдермен) әртүрлі манипуляцияларды қамтамасыз ететін әмбебап бағдарламалық кешен;
ГАЖ – қосымша айқындауыш: нақты пәндік облыстағы қолданбалы есептерді шешуге бағытталған мамандырылған бағдарламалық кешен.
Өндірістік ГАЖ келесі белгілері (негіздері) бойынша классификацияланады:
Мағынасы бойынша;
Мәселелі- тақырыптық бағыты бойынша;
Аумақтық қамтуы бойынша.
Мақсаты бойынша ГАЖ келесі түрлері ерекшеленеді:
көп мақсатты;
тар салалы;
анықтамалы- картографиялы;
инвентаризацияланған және мониторингті;
навигациялы;
зерттеулік;
кеңістіктік шешімдердің әзірлеулері;
оқу;
басқа мақсаттағы.
Мәселелі- тақырыптық бағыты бойынша ГАЖ келесі түрлері ажыратылады:
экологиялық, табиғаттыпайдаланушылық;
жер- кадастрлы;
аумақты басқару (мемлекеттік, Федерация субъектісінің, муниципалды);
геологиялық;
дағдарыстық (төтенше) жағдайлар;
көліктік;
сауда- маркетингтік;
археологиялық, тарихи;
басқа тақырыптық бағытта.
Аумақтық қамтуы бойынша ГАЖ келесі түрлері ажыратылады:
ғаламдық (1:4500 000 және одан кіші карталар масштабына сәйкес келеді);
жалпы халықтық (1: 2500 000 және одан кіші карталар масштабына сәйкес келеді);
аймақтық (1: 500 000 және одан кіші карталар масштабына сәйкес келеді);
жергілікті (1: 50 000 және одан кіші карталар масштабына сәйкес келеді);
муниципалды (1: 50 000 және одан кіші карталар масштабына сәйкес келеді).
Достарыңызбен бөлісу: |