ізақ жене әлем әдебиеті
Казахская и мировая литература
№ 4 -5 (41), 2 0 1 0 ж ы л
ü
A.
Нурқатов
«қорыта
айтқанда,
бұл
кітап
М.
Әуезовтың аса бай творчествосының тағы да бір өнімді
езгеше қырын көрсөтөді. Онда үлкен ғалымның сан жыл-
дар бойгы сарыла ізденгеқ сарқа жумсаған енбегінің
тамаша жемісі, түбегейлі де терең ойлары бар» [5] -
деп, еңбекті жоғары баталаган.
Аталмыш еңбек сынның зөрттеушілік, ғылыми сипат-
та жазылғанын байқатады А, Нұрқатов өз мақаласында
тым асыра мақтау, жөнсіз дәріптеу емес, салиқалы да
сындарлы пікірін айтуга тырысқан, Қундылык, жағын
айта отырыгі. сыни сипаттагы пікірлерін де дәйектеп.
дәлелдеп жеткізуге тырысқан.
Алпысыншы жылдардың әдеби сынында қаламгердің
суреткерлік
болмысын
тұтастай
алып
көрсететін
шытармашылық портреттер жазушылардан өзгөлерден
өзгешө
езіндігі, суреткерлік стилі,
болмысы
көзге
урып тұруы керек. Сондықтан да бұл жанр автордан
қаламгердің өмір жолынан бастап, әрбір көркөм ту-
ындысынан бастап, оның шыгармапарын оқырманньің
қапай қабылдап жатқанының бүге-шігесінен дөйін білуі
керек. Жазушының шыгармашылығына баға беру ушіи
оған дейінгі, сол кездегі әдебиеттің жай-күйінен де мол
хабардар болу қажет. Сондықтан да сынның бул жан-
рында көбіне маман әдебиетшілер гана бақ сынай ала-
ды.
Сонымен, алпысыншы жылдардағы қазақ әдеби
сынында шығармашылық портрет әдеби өмірдегі өзіне
жүктелген
міндеттерді
атқару
барысында
біршама
жумыстар
атқарды.
Шығармашылық
портреттер
көбіне белплі бір ақын-жазушылардың мерейтойлары
қарсаңында жиі керінеді. Осы кездерде Қазақстанда
қыргыз халқының улы ақыны Тоғалақ Молданың 100
(1960). С. Мүқановтың 60 (1961), М. Қаратаевтың 50
(1961). Е. Ысмайыловтың 50, Ғ. Мүсіреповтің 60. М.
Әуезовтің 65, Ғ. Мұстафиннің 60, С. Сейфуллиннің
70, I. Жансүгіровтін 70, Б. Майлиннің 70, т,б. ме-
рейтойлар болып етті. Осылардың барлығында да
к,аламгерлердің шыгармашылықтары баспасөз бетінде
кеңінен насихатталып, қалың жұртшылыққа таныстыры-
лып жатты. Шыгармашылық портрет!, портреттік очерк,
библиографиялық очерк, эссе, монографиялық очерк
түрлерінде көрініп, жанрдың жағалауы кеңи түсті.
М. Базарбаевтың «Ғалым сыншы елуде» (Е. Ысмай-
ылов туралы, «Қазақ әдебиөті» 22.12,1961), «Жауынгер
жанр солдаты» (М. Қаратаев туралы, «Қазақ әдебиеті»,
20.01.1961, Р. Бердібаевтың «Көрнекті сыншы» (М.
Қаратаев туралы, «Қазақстан мугалімі»,
19.01.1961),
С. Қирабаевтың «Көрнекті сыншы» (М. Қаратаев ту
ралы «Коммунизм таңы», 20,01.1961), A. Нұрқатовтың
«Жемісті жьілдар» (Е. Ысмайылов туралы, «Коммунизм
таңы», 29.12.1961), М. Дүзеновтің «Өмірі ұзак; өнер» (Ғ.
Мүсірепов туралы, «Социалистік Қазақстан», 30.03.1962),
М Қаратаевтың «Көркем сөздің шебері» (Ғ. Мүсірепов
туралы, «Жулдыз», 1963, №3, С. Қирабаевтың «Халықжа-
зушысы» (Ғ. Мустафин туралы, «Социалист Қазақстан»,
25.12.1962),
Т.
Молдағалиев-тің
«Қазақ
жырының
Ақ Жайығы» (Т. Жароков туралы, «Кітап жаршысы»,
15.04.1962), А. Нүрқатовтың «Тахауи Ахтанов» («Кітап
жаршысы», 16.08.1962). Е. Өтебаевтың «Ұмытылмас
есім» (С. Шарипов туралы, «Жүлдыз», 1962, №7), С.
9
Сейітовтің «Үлкен суреткер» (Ғ. Мүсірепов туралы,
«Қазақ әдебиеті», 30.03.1962), М. Сәрсекеевтің «Ақын
бақыты» (Ә. Тәжібаев туралы. «Қазақстан муғалімі».
28.02.1963), Т. Кәкішевтің «Өшпес тулға» (С. Сейфуллин
туралы, «Жетісу», 23.05.1964), Б. Кенжебаевтың «Алпыс
асуында» (Ө. Турманжанов туралы, «Қазақ әдебиеті»,
19.12. 1964), А. Ныгметовтің «Көрнекті ғалым (Б. Кен-
жебаев туралы, «Қазақстан мектебі», 1964, №10), Ж.
Бектұровтың «Дала тулпары» (I. Жансүгіров туралы,
«Жетісу», 18.04.1965), 3. Қабдоловтың «Азамат ақын»
(А. Тоқмағамбетов туралы, «Социалистік Қазақстан»,
17.09.1965), «Теңіз жаршысы» (Ә. Сәрсенбаев тура
лы, «Жулдыз», 1965, №10), Б. Тогысбаевтың «Әңгіме
майталманы (Б. Майлин туралы, «Жетісу» 23.07.1965),
М. Әлімбаевтын. «Аяулы азамат, ақылды қаламгер»
(М. Иманжанов туралы, «Лениншіл жас», 08.12.1966).
3. Қабдоловтың «Үлкен жолдың үстінде» (X. Ерғалиев
турапы,
«Социалистік
К,азақстан»,
28.10.
1966), Т.
Молдагалиевтің «Алатаудың алып ақыны» (Жамбыл ту
ралы, «Жетісу», 01.03. 1966), т.б. сия^ты макалаларда
қазақ әдебиетінің елеулі өкілдерінің шығармашылығы
мөн өмір жолдары оқырмандарға кеңінен таныстыры-
лып жатты.
Акын-жазушылар жазған мақалаларда шығармашыл
тулғаны жанды көрсету мақсатымен оның болмысындағы
сипатты қасиеттерін жекелеген деталь эпизод сияқты
көркемдік тәсілдерін қолдану арқылы жеткізу орын алды.
Мұндай мақалаларда қаламгердің бүкіл шығармашылық
салмағын саралау жағы жетіспей жатқандай болды. An,
енді сыншылар жазған шығармашылык, портреттерде
жазушының шығармашылық жүгін толық көрсететін сала
қүлаш тізімдерге көбірек орын беріп, оның есесіне жан
ды баяндау жағы ақсаңқырап жатты.
Қорыта айтқанда, алпысыншы жылдардағы әдеби
сын
әдебиеттану
ғылымының
басқа
салаларымен
бірлесе отырып та кең ауқымды жумыстар атқарды.
Атап айтқанда, өткеннің әдвби мурасын игеруде қыруар
жумыстар жасалды, Сонымен біргө әдебиеттің тео-
риясына, әдеби мұраны игеру мәселелерінде біршама
ілгерілеушіліісгер болса да. іркілістер болганын да жоққа
шыгаруга болмайды. Бул орайда санага сіңген, үлт
болмысына күштеп тагылған кеңестік идеологиядан ту-
ындайтын маркстік-лениндік әдіснама, социалистік реа
лизм үтымдарынан бір-ақ сәтте арылу мүмкін еместігін
де еске алғанымыз абзал. Қалай болғанда да, аталмыш
кезеңнің қазақ әдебиеттану ғылымы тарихында. сын та-
рихында апар орны қомақты.
Қолданылған әдебиеттер:
1. 1960 әдеби жыл туралы / / Жулдыз. - 1961. -
№5, - 69-71-66.
2.
Қирабаев
С.
Лирикалық поэзияның кейбір
мәселелері. - Алматы, 1983. - 23-26-66.
3. Тәжібаев Ә. Сәт сапар / / Қазақ әдебиеті. - 1960
- №18. - 12-16-66
4. Ыдырысов Т. Көркем очеркті биік сатыга көтерейік
/ / Жүлдыз. - 1962. -№ 5. - 26-28-66.
5.
Қаратаев М. Сеніммен, сезіммен / / К,азақ
әдебиеті. - 1960. - №9. - 46-48-66.
№ 4-5 (41), 2 0 1 0 ж ы л
,азақ және әлем әдебиеті
Казахская и мировая литература
1 0
ЗЕРТТЕУ
ü
КАЗАК ПОВЕСІ: КВРКЕМ
УАКЫТ
ПЕН
КЕЦІСТІК АЯСЫНДАҒЫ АДАМ КОНЦЕПЦИЯСЫ
ғасырдың алпысыншы-жөтпісінші жыл
дары
улттық
әдебиетке
келгендер
қатарына
Ә.Кекілбаев,
Қ.Жұмаділов,
Д.Исабеков,
М.Мағауин,
О.Бөкеев,
Т.Әбдіков,
С.Мұратбеков, Ә.Сараев, Қ.Ысқақов, Ә.Тарази, т.б. жа-
тады. Аталмыш қаламгерлер жогарыда біз керсеткен
науқандық саяси шаралардың куәсі болган жоқ, олар
согысты көрген жоқ. Олардың әдеби процеске араласқан
тұсы - кеңестік қогамда сәл де болса «жылымық» сәт
үстемдік қурып турған кезең. Өмір мәңгі-бақи осылай
боп түрғандай, жариялылық. демократия элементтері
баягыдан бері осылайша салтанат қурып түрғандай
қазақ қаламгерлері улттық әдеби процеске үлкен де
ауқымды проблемаларды тақырып ретінде ала келді.
Көркем әдебиеттегі адам концепциясы - нақты
туындыдагы тақырыптьіқ-идеялық ерекшелік сипаттары.
XX ғасырдың алпысыншы жылдары әдебиетке арала-
сыгі басты-басты туындыларын жетпісінші, сексенінші
жылдары дүниеге келтірген жоғарыда аттары аталған
қазақ қаламгерлері негізгі проблема, идея етіп, өз
шығармаларына адам концепциясын тандап алған еді.
Себебі. әлемдік әдөбиеттің алдында осынау мәселе
айрықша проблема ретінде күн тәртібінде түрған өді.
Ең бастысы - қазак, қаламгерлерінің санасында сілкініс
пен серпіліс пайда болды. Керкем туынды адам атты
жаратындыны бүрынғыдан да терең зерттеуге кірісті.
Шығарма адам жанының кезге көрінбес, көңілге білінбес
терең қалтарыстарына зерделеу жүргізуді бастады. Осы
нау талпыныстың бүгінгі танда әдеби ағымға айналганы,
құлашын әдеби процесте кеңге жайғаны баршаға
мәлім. Яғни, өткен ғасырдың алпысыншы жылдарынан
басталатын улттык, әдеби тарихы жемісті кезеңнің ба-
стау кезінде тұрғанын айрықша айтуға тиіспіз. Жемісті
кезең түрлі ізденістер ала келді. Ұлттық әдебиетіміздің
стильдік, жанрлық ізденістер кәкжиегі кеңейді. Көркемдік-
эстетикалық ере-деңгей биіктей түсті. «Алыптар тобы»
аталган классиктердің ип дәстүрін аталмыш топ тиімді
түрде жалгастыра алды. сонымен бірге өздері де аса
өткір проблемаларды шытарма езегіне арқау етті
Д.Исабеков,
Қ.Жұмаділов,
Т.Әбдіков,
М.Мағауин
шьіғармашылық әңгіме, повесть жанрынан бастаған
еквн. Повесть - улкен прозаға барар жолдағы қажетті
шеберлік баспалдағы. Себебі, Д.Исабеков, Қ.Жұмаділов,
М.Мағауин, Т.Әбдіков, О.Бөкеев сияклы 60-70 жыл
дары әдебиетке келген басқа да қазақ қапамгерлері
шығармашылық жолын әдебиеттің шагын жанрлары -
әңгіме, повестей бастады
«Иә... Ол жулдыздар мәңплік! Олар мәңгі жасай-
ды. Бұдан сан миллиард жылдар бурын тап осылай
жымындап түрған, әлі тұр. Будан кейін де түра бер-
мек. Олар сан жетпес улы оқиғалардың куәсі. Ой! Олар
қандай бақытты еді, шіркін! Ал, біз ше? Елу жыл, мейлі
жуз жыл бола-ақ қойсын, тіпті кюі күлерлік үлес емөс
Қ. ХАМЗИНА,
Қ а р м т у
пе? ... Елу жыл! Кейбіреулер аспан астьіндагы тіршіліктің
қыры мен сырына қанықпай жатып-ақ қыршын кетеді
Елу жыл1
Бул не? Міне, мына жапырақтар төбемізден
төгіліп тур. Елу жылда осындай жапырақтарды елу-
ақ рет көресің, өлу-ак, рет кар басасың. Сол да үлес
пе? Адамға келгендө жомарт табиғат қандай сараңдық
жасаған еді! Ал, жүлдыздар !.. Олар бақытты!..
Бұл - Д.Исабековтің «Пері мен періште» повесіндегі
Сафураның толғанысы. Адам омірі жайлы, ондағы
уақыттың маңызы жайлы, қаһарман толгамы бұл. Са-
фура бұл пікіріне кеше немесе былтыр неге келмеген?
Адамга келгенде табигат жарықтықтын, соншама сараң
екенін кейіпкер неге бүгін ғана пайымдаган9 Және жан
әлеміндегі осынау сырды неге Сапармен гана беліседі9
Сафура мен Қүлахметтің немесе Сапардың, басқа
да кейіпкерлердің сейлеген сезін, пейіл-пиғылын, іс-
әрекетін, өмірге деген кезқарас-танымын көрсете оты-
рып, автор адам концепциясына батыл барлау жасайды.
Адамдар әр түрлі. Мінезі де, пиғылы да, сезі де... Автор
сол арқылы дуниедегі ең күшті де құдіретті. тылсым да
жүмбақ Адам деген жаратындының баршә болмысына
суреткерлікпен, зерделікпен үңіледі.
«Сен мені тында. Сапар, шын ықыласыңмен тындашы.
Мен - әйелмін. Жэне, жаман да емес сияқтымын. Мен
өзге біреуді сүйе аламын, өз күйеуіме адал болуға да
шамам жетеді. Осы кезге дейін адал болдым да. Мен
оны, Қулахметті айтамын, барынша аяп келдім. Букіл ен
,азақ және әлем өдебиеті
Казахская и мировая литература
№ 4-5 (41), 2 0 1 0 ж ы л
бойымдағы қабілет пен жүректегі сезімімді сарқылып
қалған күннің өзінде де қос қолыммен аямай сығып,
қақтай пайдаландым. Енді ол да таусылды. Кейде өзіме-
өзім сурақ қоямын. Не білдім. қандай қызық көрдім
мына жалғаннан? Жас шағымда оқи алмадым - білімім
шамалы, жар сүюден жолым болмады, малына киініп,
жарқырап та бір жүрген емеспін. Жас кезімде бақытты
екенмін. Иә, сол кездегі қайғының өзі бақыт қой. Тез
үмытасың. Өйткені, бар үмітің ертеңгі күнде. Ал, мөнің
жасымда бәрі уайым, бәрі қайғы. Тіпті, есіктен күндө
сыгалай берген бақыттың өзі қайгыга айналып кетеді.
Алдыңда не бар? Ол да алақандағыдай ап-анық.
Сүреңсіз, күйкі тіршілік. Ертеңгі ататын таңың бүгінгі
батқан күннен бір де бір айырмашылығы жоқ. Мен оны
аяймын, иә, өте аяймын. Бірақ, жалгыз ғана аяушылық
жарасымды өмір сүру үшін аз ғой, мүлдем аз гой! Жа-
райды, мен онымен мәңгілік бірге қала қояйын, одан не
түсті? Бәрібір сол түрмыс, сол қарекет емес пе7 Менің
онымен мәңгі түруым екеумізге бақыт әкеле ала ма? Ол
да, мен де күлкісіз, жылусыз ғүмыр кешеміз. Екеуміз де
бірдей бақытсыз болғанша, біріміз неге бақытты бол-
маймыз?».
Сафура - повестің бас кейіпкерінің бірі. Оқиға
бірінші жақтан, ягни Сапардың баяндауымен өтіп жат-
са да және Сапар - Сафура - Қулахмет бейнелері үш
таган тәріздес болыл, шығарманың басынан аяғына
дейін оқырман назарында болса да, Сафураның жетекші
қаһарман екендігі еш дау тудырмаса керек. Себебі, Са
фура - өмір жайлы, ондағы уақыт пен кеңістік жайлы
өзгелерден бүрын айрықша толғанысқа берілген жан.
Сафура - ащы да болса шындықтың бетіне тура қарай
алатын адам, Сафура - ешкім ойлап таппаса да, адам-
дар санасында берік орын алып, біртін-біртін мораль
нормасына айналған көптеген қағидалармен мінез-
қулқы, іс-әрекеті. пиғыл-пейілі, таным-талғамы сәйкесе
бермейтін адам Сол нормалар турғысынан келеек, Са
пар мен Қүлахмет тұлгаларына қарағанда, Сафура тәуір
адам емес. Алайда Сафура - бірбеткей жан, батыл
адам. Жогарыдагы толганысты екінің бірі айта бермейді.
Адам баласы ақыл, есі кіріп, ат жалын тартып мінгеннен
бастап, өлім сагаты соққанға дейін мықтап киген бет
пердесін еш уақытта шешкісі келмейтіні мәлім. Ал, Са
фура шешті. Адам онсыз да қамшының сабындай кел-
те ғумыр кешеді екен, ал табиғат мәңгілік әмір сүреді.
Уақыт пен кеңістік те шексіз. Ал, дүниедегі ең қүдіретті,
ең күрделі, ең күшті Адам неге қысқа гана ғумыр кеш-
пек? Мөңгілік деп есептелетін табиғаттың өзін де
жаңғыртатын да, жасартатын да, аялайтын да, керісінше,
қажет болса бүлдіретін де сол адам емес пе? Сафура-
Қүлахмет те, Сапар да ешуақытта айтпаған және айта
да алмайтын болмыс шындыгын баршаға Сапар арқылы
жария етіп түр. Сафураны ашындырган, уақыт пен
кеңістікке философиялык, баға бергізген жағдаяттар сол
өмірдің өзінен алынған. Ол толғаныс - тек Сафураға
гана тән емес, автор - Д.Исабековке де тән.
Адам концепциясына тереңірек үңілу оны осын-
дай қаһармандарды жасауға, әсіресе, контрасқа толы
үш түрлі кейіпкерді сомдауға итермелеген, Уак,ыт жай
лы, адам өмірі жайлы философиялык, толғамға берілген
Сафураны ешкім де бірден кесіп-пішіп кінәлай алмайды
немесе бірден ақтай да алмайды. Себебі, Сафура - тек
орталық қаһарман ғана емес, сонымен бірге күрделі де
қаһарман, Қулахметтің оны еш жамандыққа қимауы, өзіне
1 1
орасан зор қатігездік жасаса да, өлім, түгілі, окпеге де
қимауы козқарас алшақтығында гана емес, уақыт пен
кеңістікке мейлінше батыл, мейлінше қаймықпай карай
алатын Сафура мінезінің езіне дарымағанынан. Сапар
ше? Басында Сафураны мейлінше кінәлап, жазғыра
алған осынау азамат неліктен ғана көп үзамай-ақ сол
Сафураға гашық екендігін іштей мойындайды? Міне,
осынау «негелер» авторға да адам концепциясына, сол
арқылы элем картинасына үңілуге мүмкіндік берген.
«Уақыт - диірмен, адам бидай. Диірмен айналса, би-
дай үн болады, айналмаса жаншылып жата бермек. Суы
тартылған арықтың диірменіндей бүл ауылдың үстінен
төнген уақыт-диірмен тым баяу айналып, адам -бидай-
ларды үн к,ып тартып жібергеннен гөрі, салмағымен езіп
жатқаны молырақ секілді» немесе «Міне, анау мүнартып
жатқан - мен туган ауыл. Ол ауылды кезінде жүрт әр
түрлі атайтын. Біреулер «Кішкентай ауыл» деп, біреулер
«Әумесөрлер ауылы» деп атады. Ал, баз біреулер
«Демесін ауылы» дөп айдар тақты. Қалай болғанда
да, бүл ауыл ешбір ауылға уқсамайтын еді, сондықтан
да оның атын естіген адам елең етпей жайбарақат
қалмайтын.
Адам
бапасының
бәрі
бірдей
туылып,
әркім әр басқа әледі». Буның алгашқысы - қаламгер
Д.Исабековтің уақыт категориясына қатысты өзіндік
ой-толганысы, соңғы үзінді - сол «Тыныштық күзетшісі»
повесіндегі оқиға өткен негізгі кеңістікке қатысты автор
салған суреттер. Екі уғым - уақыт пен кеңістік, Бахтин
өсиет еткендей, тығыз бірлікте, органикалық байланыста
алынып тур. Қапамгер идеясы бір ауыл адамдарының
согыс кезіндөгі қам-к,арекетін суреттеу арқылы жал-
пы адамзаттык, проблемаларға қулаш үргысы келуі
негізінде, ягни жалқыдан жалпыга формуласы алгашқы
кезекке шыққан, себебі, адамдар бірдей, бірдей туыла-
ды, өлуі гана әр басқа. Біреулер бүл пәни жалғаннан
еш қиындық кермей, бақиға аттанып жатады, біреулер
емір-бак,и тагдырына риза болмай, біреуді қаргап-сілеп
жатады. Біреулер өзін бақыттымын деп есептейді, екінші
біреулер өзін ешуақытта бақыттымын деп есептемейді.
Бүл сүрақтар адамзаттың тарихында ең ойшыл деген
танымал тұлгапарды да ойлантқан, толгантқан. Бір ғана
Сократты алсақ та, оның қалдырған мурасы көп нәрсені
аңғартқандай.
Уақыт және көңістік угымдары аясындагы адам кон
цепциясына үңілу арқылы әлем концепциясын түйсінуге
бет алган Дулат қаламгер көкейіндегі қыруар сурақтарға
жауап іздеп қана қоймай, белгілі дәрежеде философ
міндетіне еніп, төмендегідей түжырым жасаған: «Хан
да өткен, қара да өткен, қайыршы мен бай да өткен,
данышпан мен ақымақ та өткен, сәйтіп барып бәрі-
бәрі ана дүниеден әділет тауып, бәрі бірдей кәдімгі
қаңқа сүйекке айналган адамдар енді ғана теңелгендей
топырақ керпелерін қымтай жауып, қыр басындагы «енді
бәрібір» жалганның қүшағында үн-түнсіз жатыр. Сол қу
сүйектерді суырып апып, олардың бойын. салмагын,
бет-әлпетін, тіпті, үлтын да ажыратуга болар, бірақ
кім ақылды, кім данышпан, ешкім білө алмақ емес.
Өйткені, оның енді қажеті жоқ, ал ана дүние олардың
кім болганына пысқырып та қарамайды»
«Тыныштық күзетшісінің» бас қаһарманы - Демесін.
Өмірді алуан түрлі қайшылыгымен, кереғар тартысы-
мен, түсініксіз көптеген жайттарымен шынайы түрде
кескіндеуге умтылган Д.Исабеков өз қаһарманын да сон-
дай керегар, к,арама-қайшы, бір қараганда әте түсініксіз
№ 4 -5 (41), 2 0 1 0 ж ы л
Қазақ жене әлем әдебиеті
Казахская и мировая литература
1 2
әрі қорқынышты фонда алған. Өмір қайшылыққа толы,
кереғарлыкха толы. Ол біреудің іңкәрлік сезімін оята-
ды, біреуге қорқыныш ұялатады. Демесін - қайшылықты
тулга
Алайда,
автор
оны
тыныштык,
күзетшісіне
айналдырган. Неге9 Дөмесін сау да адам емес қой
Ол,
ауыл
адамдарының
пікірінше,
деліқул,
жынды,
қояншык,, майданнан кемтар болып, «контуженный» бо-
лып оралған, қияли, есерсоқ, кісіні еш шімірікпей ана
дүниеге агтандыра салатын қаныпезер. Өмірдің қыруар
керегарлыққа толы екенін багамдаған автор шагын
ғана кеңістікті, яғни туған ауылды, онын, төңірегін кун-
тун демей қызгыштай қорыган, өмір-бақи тыныштық д е
ген уғымға қүл болып еткен Демесіннің аузына ол кісі
қолынан ажал тауып, өлгелі жатқанда мынадай сөздер
салады: «...соғысты өлтіріп болып үйленермін деп едім,
мақсатыма жете алмадым... қайтейін, қош болындар».
Демесін - жер бетіндеп қиянатқа, қысастыққа, зор-
лық пен зомбылыққа, адам қаны судай шашылар соғыс
атты тажалга өзгелер сияқты тек лағнат айтушы ғана
емес, сонымен бірге сол зүлматпен күреске белсене
шығушы. Авторлық идея улттык, болмыс ерекшелігімен
суарылған. Соның нәтижесінде толыққанды адам кон-
цепциясын жасауға умтылған автор есі бірде кіріп,
бірде шыгатын қарапайым азаматты аса биік деңгейге
көтерген.
Демесін
-
қазақ,
Авторлык, концепция
жалпы-
адамзаттық проблемаларды осы Демесін бейнесі арқылы
көтерген. Адам болмысына қажет нәрсе - тыныштық,
урпақ өсіру бала сүю, оның қызығын көру. Әсіресе, қазақ
үғымында урпақ жалгастығы, шаңырақтың отын сәндірмеу
айрықша орын алатыны мәлім. Адамга ең қажетті нәрсе
- бейбіт, мамыражай өмір тек тыныштық аясында ғана
жүзеге аспақ. Тыныштық - гуманизмнің серігі. Гуманизм
«человекапюбие», яғни адамды адамның сүюі. Осы
тепе-тендік неге бұзылды? Неге жер бетіндегі тегі біреу
болып келетін адамзат бапасы бір-бірімен қан майданда
алысып жатыр? Адам қандай қоғамның болса да негізгі
байлығы емес пе еді? Ендеше, оларга не жетпейді?
Білімді деген, өре-деңгейі биік деген небір танымал
саясаткерлер қиянат жолының ауыр екенін шынымен-ақ
түсінбегені ме? Авторлық идеясымен Исабеков проза-
шы қарапайым азамат, онда да ақыл-есінің өзі дұрыс
емес Демесін бейнесіне жаппыадамзаттык;, бүкіләлемдік
проблемаларды сиғыза алган.
Қаламгер
еңбегі
-
азапты
еңбек.
Ол
ез
көйіпкерлерінің басындағы қыруар оқиға, кубылысты
жудырықтай
жүрегімен
қабылдайды.
Ол
бір емөс,
бірнеше
қаһарманның
басындағы
сырга
қаныгады.
Ауырлықты да. азапты да сол кейіпкерлерімен бірге
беліседі. Өмір, жазушының пешенесіне жазылган қилы
тагдыр оны әрі тарихшы, әрі философ, әрі шешен, әрі
ойшыл етіп қалыптастыратыны және мәлім. Д.Исабеков
сияқты қаламгер де, санасында пісіп, әбден толгағы
жеткен
жайттарды
өз
кейіпкерлері
арқылы
әзгеге
жеткізуге талпынады,
Көркем әдебиеттегі керкем уақыт пен кеңістік
дөгеніміздің
өзі
қаламгердің
дүниетанымы
мен
эстетикалық устанымында берік орын алған айрықша
бір суреттің, сәттің. қубылыстың уақыт шаңына кеміліп
қалмай, аз да болса кідіріске үшырауы. Ягни, оқырманга
эстетикалық ләззат сыйлауы. Өз ауқымына қаламгердің
эстөтикалық
ізденісін,
туындының
көркемдік
әлемін
Ü
сыйғызатын көркем уақыт пен көркем кеңістікті жан-жақты
талдауға мүмкіндік беретін проблема - шьігармадағы
адам концепциясы. Оған деген қаламгердің қарым-
қатынасы, авторлық позициясы. Автордың адам концеп-
циясына назар аударып, айрықша көңіл бөлуінің сыры да
осында, ол жалқы сияқты боп көрінетін үғымдарды түрлі
жағдай - қубылыстар ауқымында көрсетуге тырысқан,
ал, тереңірек үңілсөк, жапқылық үгымына жалпылық
мағынаны сыйғызуга үмтылган авторлық мақсат-идея
бірден байқалады деуіміз қажет. Жер бетінде Адам
деп аталатын тіршілік иесінің төрт миллиардтан астамы
ғүмыр кешеді екен. Саусақтарының таңбасы бір-біріне
үқсамайтыны секілді адам атты жаратындының да пиғылы
мінез-қулқы, таным-түйсігі де бір-біріне ұқсамайтыны
әлдеқашан дәлелденген. Алайда. сол адамдарға ортақ
болып келетін тагдыр атты ұгымның қыр-сырына үңілу
жіті көзбен барлау, зерттеу - қапамгердің басты міндеті.
Міне, Д.Исабековтей суреткердің өз шығармаларында
осындай миссияның үдесінен шығуға умтылганын аңғару
қиын емес. Оның барлық шыгармаларында адамдардың
қарапайым қарым-қатынасынан жалпы адамзатқа көп
реттерде ортақ болып келетін жа+даят-к,убылыстар ту-
ындайды. Адамгершілік атты угымның тек адамға гана
тән қасиөттер екенін сезіне отырып, жазушы ол пробле-
маны жалпыадамзаттық деңгейгө кетеруге тырысқан.
Мәселеге осы тургыдан келіп, XX гасырдың 70-80
жылдарында өздерінің әңгіме, повестерімен танымал
бола бастаган Д.Исабеков,
Қ.Жумаділов, Т.Әбдіков,
М.Мағауин шыгармаларын көркем уақыт пен кеңістік
аясындағы адам концепциясы биігінен байқауға болады.
Ең басты мәселе - аталмыш қапамгөрлер адам мен адам,
адам мен қогам, адам мен табиғат қарым-қатынасын
әз повестеріне арқау етіпті. Көркем уақыт пен кеңістік
аясындағы жетекші тулганың өз шығармаларында әбден
дараланып, сомдапуына айрықша назар аударыпты. Әр
қаламгер нақты уақыт пен абстрактылы уақытқа, тари
хи уақыт пен мифтік уақытқа, сондай-ақ нақты кеңістік
пен абстрактылы кеңістікке көңіл бөле отырып, олардың
тығыз
байланысына,
органикалық бірліпне
кешенді
түрде зерделеу жүргізіпті. Қазақ қаламгерлері соның
ішінде проблемалар ауқымында жаппылама болса да
біз тоқталып өткен Д.Исабөков адам концепциясына
айрықша назар аудара отырып, сол арқылы әлемді тану
мәселесімен шүғылданыпты.
Қандай шығарма болса да ондагы кейіпкердің
келбеті қаншалықты дәрежеде кескінделгені көп жайтты
аңғартады. Кейіпкер - шығармадағы басты тулга.
Әдебиет - үлттық болмыстың өре-деңгейінің кер-
сеткіші, Оның, оны жасаушы ақын-жазушының ез хал-
қының перзенті екендігі, өз ел-жұртының өркениет биігі-
нен көрінуіне айрықша ықылас танытып, еңбек сіңіретіні
мәлім. Олай болса, біз қарастырған кезендегі қазақ
қаламгерлері повөстерінің көркем уақыт пен кеңістік
аясындағы эстетикалық таным, талгамы осындай екен.
Достарыңызбен бөлісу: |