Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис


-сұрақ Пысықтауыш, мағыналық түрлері



бет16/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

16-сұрақ

Пысықтауыш, мағыналық түрлері
Сөйлемде етістіктен болған мүшелердің қимылдық, әрекеттік сапасының сынын білдіріп, оны әр түрлі сапалық мағынада сипаттап тұратын тұрлаусыз мүше – пысықтауыш. Сын-сапаны білдіруі жағынан пысықтауыш анықтауышқа ұқсас келеді. Бірақ олар грамматикалық мағынасы жағынан өзгеше. Анықтауыштар - зат есімнен я заттанған сөздерден болған мүшені, пысықтауыштар етістіктен болған мүшені анықтап тұрады. Мысалы, найзадай шоқылар дегенде, найзадай - анықтауыш, найзадай қадалды дегенде - пысықтауыш. Сол сияқты, жақсы оқушы дегенде, жақсы - анықтауыш, ал жақсы оқыды, жақсы сөйледі дегендерде - пысықтауыш.
Пысықтауыш қызметінде жұмсалатын сөздер - үстеулер, үстеу мәндес есімдер, сапалық есімдер мен мекендік, мезгілдік, мақсаттық, амалдық мағыналарда жұмсалатын септеулі (жатыс, барыс, шығыс, көмектес септіктеріндегі) зат есімдер.
Пысықтауыштар білдіретін мағыналарына карай былай бөлінеді: мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, мақсат пысықтауыш, себеп-салдар пысықтауыш, амал пысықтауыш. 
МЕЗГІЛ ПЫСЫҚТАУЫШ. Мезгіл пысықтауыш. Қимыл- әрекеттің шақтық мағынасын мезгілдік жағынан дәлдеп, нақтылап тұратын пысықтауыш түрін мезгіл пысықтауыш дейді. Мезгіл пысықтауыштар мынадай жолдармен жасалады:
a) Мезгіл үстеулерден жасалады: Қазір жұмыстың ауыры да осы. 
ә) Мезгіл мәнді зат есімдерден жаз, қыс, көктем т.б. және олардың жатыс, шығыс, барыс, көмектес септіктерінде келуі арқылы жасалады: Жер қазу жұмысына көктемнен кірісті. Жасымда ғылым бар деп ескермедім (Абай).
б) Жатыс септігіндеғі -ған, -ар тұлғалы есімшелер және -ғалы, -а, -е, -й түлғалы көсемшелер мезгіл пысықтауыш болады: Туғанда дүние есігін ашады өлең (Абай). 
в) Көмекші есімді және демеулі түйдекті тіркестерден басқа да күрделі түлғалардан мезгіл пысықтауыш жасалады: Олжабек көпке дейін жауап қайтара алмады (Солда). Күн жоқта күлімсірер жұлдыз бен ай… (Абай).
г) қашан? сұрау есімдігінен, ешқашан болымсыздық есімдігінен, әлдеқашан белгісіздік есімдігінен жасалады: ол ешқашан сөзін жерге тастаған емес.
МЕКЕН ПЫСЫҚТАУЫШ. Мекен пысықтауш іс-әрекеттің, қимылдың болу орнын, бет алысын, қайдан шығып, қайда тірелер жерін білдіреді. Жасалуы:
a) Мекен үстеулері жоғары, төмен, ілгері, кейін, соң, әрі, әрмен, бермен, алда, артта т.б. барыс, жатыс, шығыс жалғаулы және -рақ, -рек тұлғалы түрлерінде мекен пысықтауыштар болады: Алысқа көз салса бір атты келе жатыр. 
ә) Барыс, жатыс, шығыс, көмектес септік жалғаулы есім сөздер қайда? кайдан? сұрақтарына жауап беріп мекен пысықтауыш болады: Оқуды бітіріп, үйге бара жатырмын.
б) Сілтеу есімдіктері мен жақын, алыс, жер, жақ, алаң сияқты көлемдік мағынадағы есімдер тіркесіп мекее пысықтауыш бола алады: Мына жақта Арман мен Арыстан ғана өздерінің күйлерін шертуде.
в) Көмекші есімдермен (арты, қасы, маңы, жапы, үсті, іші т.б.) тіркескен зат есімдер барыс, жатыс, шығыс септіктерінде келіп мекен пысықтауыштар болады: Бүгін жатахана алдында Злиха апайды көрдім.
г) Қарай, таман, шейін шылаулары тіркескен барыс, жатыс, шығыс жалғаулы сөздер тұтасымен мекен пысықтауыш болады: Екі дос орындарынан тұпып, жаңа құрылысқа қарай бет алды.
АМАЛ ПЫСЫҚТАУЫШ. Амал пысықтауыштар деп іс- әрекеттің, қимыл-қозғалыстың жүзеге асу амалы мен тәсілін, сапасы мен сындық белгісін білдіретін пысықтауыш түрі аталады. Мағыналық жағынан бұл пысықтауыштар іштей екіге бөлініп қаралады: 1) істің істелу тәсілін (тәсілдік амал) білдіретін және 2) істің сапалық белгісін (сапалық амал) білдіретін амал пысықтауыштар.
Амал пысықтауыштардың бұл түрлерінің өздерін мағыналық жағынан іштей саралауға болады. Тәсілдік амал пысықтауыштар үстеу, еліктеуіш сөздер, көсемше түлғалы етістіктер болып келеді де, олардың етістіктермен мағыналық қатынасы қарқындық, қимылдық, бейнелуіштік болып келеді. Жасалуы:
- тез, дереу, жылдам, шапшаң, ақырын үстеулерінен және оларға -рақ, -рек шырай жүрнақтары жалғану арқылы жасалып, іс-әрекеттің түрлі қарқынын білдіреді: Мен тез барып, тез қайттым.
- қылт, кілт, тарс, жалт, бұрқ-бұрқ, жалт-жұлт тәрізді еліктеуіштерден жасалады: Апам көршісін көргенде қалт тоқтай қалды. 
Қимыл амалды білдіретін пысықтауыштар: - көсемшелерден жасалады: Олар бір-біріне күле қарады.
- шалқасынан, жүресінен, етпетінен, т.б. сын-бейне үстеулерінен жасалады: Алаңға шыға салысымен ол етпетінен құлады. 
- маң-маң, талтаң-талтаң, бүкең-бүкең т.б. еліктеуіш сөздерден жасалады: Ансар талтаң-талтаң басып, апасының үйіне жөнелді.
Сапалық амалды білдіретін пысықтауыштар қимылды сапалық жағынан анықтайтын сөздер. Бұл сөздер етістіктермен қабыса байланысып, қалай? деген сұраққа жауап беруге тиіс. Жасалуы:
- негізгі сын есімдер, оның ішінде лексика- лық мағыналары етістіктермен үйлесімді болатын түрлері сапалық амалды білдіреді: Мұғалімнің осы сөзі Ардаққа ауыр тиді.
- сапалық амал пысықтауыш қызметін атқаруға көбінесе туынды сын есімдер бейім болады. -сыз, -сіз (болымсыздық), -дай, -дей /-тай, -тей (теңеу, салыстыру) жұрнақтары арқылы жасалған туынды сын есімдер: Домбыра үні әлсіз сарнады. Алтын бидай дариядай шалқиды.
- -ша, -ше жұрнағы арқылы жасалған туынды үстеулер сапалық амалды білдіреді: Есейсе де, мамасына балаша еркелейді.
МАҚСАТ ПЫСЫҚТАУЫШ. Мақсат пысықтауыш іс-әрекет, қимыл-қозғалыстың белгілі бір мақсатқа, талапқа лайық орындалу не орындалмауын білдіреді де, көбінесе кім үшін? не үшін? неге? не мақсатпен? қандай мақсатпен? деген сұрақтарға жауап береді. Жасалуы:
а) Мақсат пысықтауыштар әдейі, жорта, қасақана, бекер, босқа, әншейін, әдейілеп, арнайы тәрізді үстеулерден жасалады. Олардың мақсат пысықтауыштық мағынасы контексте айқындалады: Мұғалім балаларды тексеру үшін әдейі осы сұрақты қойды.
ә) -у түлғалы қимыл есімдері барыс жалғаулы болып, кел, кет, әкел, шақыр, бер тәрізді етістік баяндауыштармен тіркесіп келгенде максаттық мәнді білдіреді: Абай Тоғжанмен жолығуға келген еді. 
б) зат есімдерге -ғалы, -гелі, -қалы, -келі тұлғалы көсемшелердің тіркесуі арқылы: Бөжейлер Құнанбайдың үстінен арыз айтқалы кетіп барады;
в) барыс жалғаулы есім сөздерге бола көмекшісінің тіркесуі арқылы: Бұл бала сізге бола келіпті.
г) Есімдерге үшін шылауының және көмектес септікті мақсат, ниет сөздерінің тіркесуі арқылы: Мұны сол мінезі үшін қадірлейтін.
ғ) Қалау, бұйрық рай тұлғалы етістіктерден кейін деп көмекші етістігі тіркесуі арқылы, -а, -е, -й, -ып, -iп, -п тұлғалы көсемшелер кейде жеке тұрып, кейде басқа сөздермен тіркесіп мақсат пысықтауыш болады: Үйдегі адамдармен амандаспақ боп келген. 
СЕБЕП-САЛДАР ПЫСЫҚТАУЫШ. Себеп-салдар пысықтауыш іс-қимылдың болу-болмау себебін білдіреді, неліктен? не себепті? неге? деген сұрақтарға жауап береді. Себен пысықтауыштар мынадай жолдармен жасалады:
1) -ған түлғалы есімшеге -дықтан, -діктен қосымшасы жалғану арқылы немесе есімшеге тікелей не тәуелдік жалғауынан кейін шығыс септігінің жалғануы арқылы: қатты үйықтағандықтан, шошынғаннан т.б. 
2) Есімшеден кейің себепті, соң, үшін шылауларының тіркесуі арқылы: Қиыншылықты жеңу үшін жігер керек.
3) -дық, -дік жұрнағы арқылы жасалған абстрактілі зат есімдер шығыс септігінде келу арқылы: Ол бақыттан жылайды.
4) Босқа, құр босқа, бостан-бос, амалсыздан, лажсыздан, амал жоқтықтан, шарасыздықтан, әншейін, құр әншейін, жай, жайдан-жай үстеулері де себеп пысықтауыш жасауға қатысады: Ол амалсыздан сізге келіп тұр.
МӨЛШЕР ПЫСЫҚТАУЫШ (ағайдың айтуынша, қазір жоқ) Мөлшер пысықтауыш іс- қимылдың мезгілдік созылу, көлемдік таралу мөлшерін, қайталану дәрежесін, істі істеуге объектілердің қатысы дәрежесін анықтайды. Мөлшер пысықтауыш болатындар: 
a) Сан есімдер және олардың шығыс жалғаулы түрлері мен өлшемдік мағынадағы көмекші сөздермен есе, рет, шақырым, бойы, құлаш, қарыс т.б. тіркес түрлерә: Оқу жайында осы үйге шақырып алып, екі рет ескерттім.
ә) Заттың нақты санын білдірмей, мөлшерін ғана білдіретін сөздер: сын есімдер - ұзақ, қысқа, модаль сөздер - аз, көп, мөлшер үстеулер - тегіс, жаппай, онша, сонша, бірен-саран, аз-аздан, аз- ғантай, едәуір, бастан-аяқ, талай, түгел, біртіндеп т.б. мөлшер пысықтауыш қызметінде қолданылады: Бас маман ұзақ сөйледі. 
б) Сан есімдердің мөлшерлік зат есімдермен, зат есімдердің мөлшерлік есімдермен тіркесінен болады: Осы үйде біз айға жақын тұрдық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет