17-сұрақ
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Меңгеріле байланысқан етістікті сөз тіркестері
Етістіктермен меңгеріле байланысып , әр түрлі қарым - қатынаста жұмсалатын сөздер -есімдер. Есімдер етістікке қатысты болып меңгеріле байланысу үшін табыс , барыс , жатыс , шығыс, көмектес жалғауларының бірінде айтылады .
Меңгеріле байланысқан етiстiктi сөз тіркестері бағыныңқы сөздің тұлғасына қарай былай бөлінеді : 1 ) табыс жалғаулы сөз тіркестері; 2 ) барыс жалғаулы сөз тіркестері; 3 ) шығыс жалғаулы сөз тіркестері; 4 ) жатыс жалғаулы сөз тіркестері; 5 ) көмектес жалғаулы сөз тіркестері.
Табыс жалғаулы сөз тіркестері Табыс жалғаулы сөздерді керек ететін етістіктер — сабақты етістіктер .
Табыс жалғаулы есімдер мен сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестері объектілік ( толықтауыштық ) қатынаста жұмсалады : табыс жалғаулы сөз сабақты етістікті толықтайды да , ол етістіктің қимылы тура толықтауышқа ауысып түседі , мысалы : ағашты кесу , етті турау , қойды айдау , шегені суыру , терезені ашу , пішенді ору , малды бауыздау , баланы тәрбиелеу .
Барлық есімдердің сабақты етістіктермен тіркесу қабілеті бірдей емес ; көбінесе ол құрамда айтылатын сөздер - зат есімдер мен олардың орнына жұмсалатын есімдіктер және сапалық есімдер . Бұлар қатысты сөз тіркестері былай бөлінеді : 1 ) нақты объектілі ; 2 ) абстрактіленген объектілі . Бірінші топқа қолға ұстап , көзбен көретіндей зат есімдер қатысқан сөз тіркестері енеді . Ондағы есімдер мен етістіктер барынша мағыналық тығыз байланыста болады : Мыңнан аса жылқыны үш - ақ адам бағып жүр . Қалампыр сынық ашалы бақанды сүйретіп , қоңыр сиырды айнала қуады . Канеки , қарындас , қолыңды тос ! ( Б. Майлин ) .
Бұл топқа табыс жалғаулы кісі аты қатысты сөз тіркестері де енеді . Самалды салқын түн Қуанышты жұбата алмайды ( Б. Майлин ) . Ол Жақыпты ертіп үйге кірді ( Ғ . Мұста фин ) .
Табыс жалғаулы сөзi бар етістікті сөз тіркесінің екінші тобына абстракт есімдер мен кісінің ( жан - жануардың да ) көру , сезу , сөйлеу , үндеу , т . б . әрекетін бiлдiретiн сабақты етістіктерден құралған сөз тіркестерi жатады . Ауыл адамдары алдымен жазды әңгіме қылып өтті ( Б. Майлин ) .Осы сырды Нысаналы ақын жақсы біледі ... ( Ғ . Мүсірепов ) .
Достарыңызбен бөлісу: |