Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис



бет56/60
Дата27.09.2023
өлшемі438,86 Kb.
#110770
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Синтаксис және зерттеу нысандары, салалары Синтаксис – сөз тірк

56. Мақсат сабақтас.

Мақсат бағыныңқылы сабақтас деп бағыныңқы компоненті басыңқы компонеттегі іс әрекеттің, оқиғаның болу я болмауының мақсатын білдіретін сабақтас құрмалас сөйлемді айтады.
Мақсат бағыныңқылы сабақтастағы бағыныңқы жай сөйлем басыңқы сөйлемнің жетегінде айтылып , оған меңгеріле , бағына байланысады да , басыңкы компоненттің немесе оның баяндауышының жетегіндегі тұрлаусыз мүше тәріздес болып тұрады . Мақсат бағыныңқының басыңкы компонентпен мағыналық қатынасы жағынан сөйлемнің тұрлаусыз мүшесіне , әсіресе мақсат пысықтауышына ұқсастығына қарай кейбір әдебиеттерде сабақтастың бұл түрі мақсат пысықтауыш бағыныңқылы сабақтас сөйлем деп те аталады . Мысалы : Біреу міреу секем алып жүрмесін деп , біз екі - үштен бөлініп кеттік . Күзетші сезіп қалмау үшін , біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік . Оқытушы беделді болу үшін , ең алдымен , ол марксизм - ленинизм ғылымын терең меңгеру керек ( С .. Көбеев ) . Мысалдың бірінші сөйлеміндегі біреу міреу секем алып жүрмесін деп деген бағыныңқы компонент не мақсатпен ?, не үшін ? деген сұрауларға жауап болып , басыңкы компоненттегі екі - үштен бөлініп кетудің мақсатын бiлдiрiп тұр . Мысалдың кейінгі сөйлемдері де сондай . Не үшін жыраның ішімен кеттік ? Күзетші сезіп қалмау үшін т . б .
Мақсат бағыныңқылы сабақтаста бағыныңқы компонент басыңқы компонеттен өзінің мынадай баяндауыш формалары арқылы құрмаласады.
1. Бағыныңқы компонент үшін шылаулы тұйық етістікке аяқталады : Қыстың ызғары өтпеу үшін , қоңыз інді терең қазады . Тұщы суға ауған балықтар жолындағы жауларын бақылау үшін , алға барлаушылар жібереді . Дәуіт ұшып кетпеу үшін , қарлығаш оның қанатын қырқып қояды ( С. Мұқанов ) . Биылғы егісті сумен қамтамасыз ету үшін, оған қажетті канал тармақтары даярланып болу керек.
2. Бағыныңқы компонент деп көмекшісіне тіркесіп келген етістік түрлеріне аяқталады . Деп көмекшісіне тіркесіп айтылган етістік бұйрық райдың 1 , 3 - жағында тұруы да , есімше формада тұруы да мүмкін : Аяғымның сырқырағаны басылар ма екен деп , ол тізесін отқа қыздырды. Ат тұяғының дүбірі естілмесін деп, бұлар ауылдың ық жағына қарай бұрыла жүрді. Абай бүгін әдейі бір үй іші кеңесті оңаша сөйлесейін деп , Мағаш , Әбіштерді осында шақыртқан ( М. Әуезов ) . Көз жасымды көріп Павел ренжімесін деп , асханаға шығып кетті .
3. Бағыныңқы компонент бол көмекшiсiне тіркесіп келген -мақ , -мек , -пақ , -пек , -бақ , -бек жұрнақты етістікке аяқталады : Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып , аттарын шоқыта , сар желіске сала жөнелді . Осы әңгіменің артынан Оспан жұмыс басына бармақшы болып , Әйгерім мен Ерболды ерте үйден шықты . Абай осының сәл алдынан өз ісінің аңғарын байқамақ боп , бір таныс тілмаш арқылы жаңа келген Лосовскийге сәлем айтқан ( М. Әуезов ) .




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет