Система менеджмента качества издание 1


Пререквизиттер мен постреквизиттер



бет2/23
Дата03.12.2022
өлшемі409,5 Kb.
#54554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
2. Пререквизиттер мен постреквизиттер

Пререквизиттер



Психология

Постреквизиттер



Педагогикалық іс-тәжірибе

3. Қысқаша сипаттамасы

«Инклюзивті білім беру» пәні «Білім» тобындағы білім беру бағдарламасы/педагогикалық мамандықтар бойынша ҚР инклюзивті білім беру жүйесі және жалпыға білім беру процесіне ерекше қажеттіліктері бар балалардың ерекшеліктері және оларды оқыту үрдісіне, әлеуметке бейімдеу жолдарымен таныстыруды көздейді.

4. Мақсаты мен міндеттері

Курсты оқытудың мақсаты – инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы түсініктерін қалыптастыру, инклюзивті білім берудің құқықтық-нормативтік қамтамасыздандыруда кездесіп отырған кедергілерін жою, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық- педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірбие аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Курстың міндеттері: Студенттерге инклюзивті білім берудің нормативтік- құқықтық базаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздерін ұғындыру,

  1. Инклюзивті тәжірбиені ұйымдастыру мен жобалау аумағында студенттердің кәсіби құзреттіліктерінің деңгейін көтеру,

  2. Инклюзивті тәжірбие жағдайында білім беру ұйымдарының әдістемелік, басқару жұмыстарымен таныстыру,

  3. Инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндігі шектеулі балаларды психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету моделдері туралы түсініктер қалыптастыру,

  4. Инклюзивті білім беру ұйымдарындағы білім беру процесіндегі мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алу ерекшеліктерін ұйымдастыру,

  5. Мүмкіндіктері шектеулі балаларды жалпы білім беруге біріктіру туралы ғылыми-практикалық көзқарастарын қалыптастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет