Система менеджмента качества издание 1


-тақырып Инклюзивті мектептің оқу процесін бейімдеу мен модификациялау Стратегиялары



бет7/23
Дата03.12.2022
өлшемі409,5 Kb.
#54554
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
10-тақырып Инклюзивті мектептің оқу процесін бейімдеу мен модификациялау Стратегиялары
Инклюзивті сыныпта оқыту процесін бейімдеу мен модификациялау мәселесіне қатысты Стандартта қолданылатын анықтамалар.
Жұмыс оқу жоспары – оқушылардың білім алу қажеттіліктерін ескере отырып, типтік оқу жоспарының негізінде жалпыға білім беру мекемесі құрастыратын құжат.
Міндетті оқу бағдарламасы – типтік оқу инварианттық компонентіне кіретін, әрбір оқу пәні бойынша білімдер, іскерліктер және дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Вариативтік оқу бағдарламасы – типтік оқу жоспарының вариативтік компонентіне кіретін, оқу курсы бойынша білімдер, іскерліктер, дағдылар мазмұны мен көлемін анықтайтын құжат.
Білім бағдарламаларын бейімдеу жұмысы.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру процесіне қосуда мұғалімнің іс-әрекетінің негізгі мақсат-міндеттері.
Жеке оқу жоспары мен жеке білім беру бағдарламасы.
11-тақырып. Инклюзивті білім беру жағдайында отбасымен жүргізілетін жұмыс.
Мүмкіншілігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері. Инклюзивті білім беруді дамыту іс-шараларын жоспарлауда бала мен оның отбасын жүйелі әлеуметтік зерттеу, жалпы білім беретін мектептің оқу процесіне баланы нәтижелі қосуға кедергі болатын қиындықтарды, кедергілерді, асуларды бағалау. «Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы үшін негізгі қызметтер (түзете-дамыту; орын толтыру және реабилитациялау (мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік статусын қайта құру, балаға материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беру).
Мүмкіндігі шектеулі балалардың ата-аналарының психологиялық портреті.
Мүмкіндігі шектеулі балалары инклюзивті мектепке баратын ата-аналарда пайда болатын қиындықтар.
Инклюзивті білім беру жағдайында ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың стратегиялары.
12-13тақырып. Интеграциялық оқыту жағдайларында мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.
Жалпы білім беру мектептерінде мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету. Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайлары. Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайлары. Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің қызметтік міндеттері. Жұмыс бағыттары. Жоспарлау,құжаттар.
Жалпы типтегі балабақшалардың мүмкіндігі шектеулі балаларына психологиялық- педагогикалық қолдау көрсету. Қолдау көрсетуші топтардың қызмет жағдайлары. Қолдау көрсетуші топтар мүшелерінің қызметтік міндеттері. Жұмыс бағыттары. Жоспарлау,құжаттар.
Педагогтардың, серіктестер мен ата-аналардың көпсалалы бірлескен жұмыстары. Оқытушылар мен мамандардың функционалдық міндеттері.
Психология-медико-педагогикалық консилиумның (ПМПк) қызметін ұйымдастыру.
Интеграциялық оқытуда жайлы білім беру ортасын құру. «Білім беру ортасы», «түзету ортасы», «пәндік дамыту ортасы» ұғымдарының мәні. Инклюзивті сыныптардағы түзету- білім беру ортасын моделдеу ерекшеліктері.
Мүмкіндігі шектеулі балалармен, олардың ата-аналарымен, оқушыларымен жүргізілетін жұмыстар. Оқыту мен тәрбиелеу процесінде студенттер мен оқытушылар арасындағы өзара қарым- қатынастың негізгі қайшылықтары. Инклюзивті тәжірбие жағдайында ата-аналар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас қайшылықтары. Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс түрлері мен формалары. Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту мен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ата-аналарға кеңес беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет