Қазақ əдебиетінің классигі, XX-ғасырдың басындағы бостандық, теңдік идеяларын
уағыздаған ағартушылық, демократиялық бағыттағы əдебиетіміздің аса дарынды өкілі
Сұлтанмахмұт поэзиясы – қазақ қоғамындағы жаңа дəуір – ұлттық ояну дəуірі туғызған
адамгершілік, əділдік, өнер-білімге құштарлық идеяларын айрықша қуатты жігерлілікпен, асқақ
үнмен жырлаған, тақырып идеялары, жанрлық, бейнелілік жаңалығы, көбінше əлеуметтік,
публицистикалық лирика. Поэмалары мен өлеңмен жазған романдарында да осы əлеуметтік
сарын, толғаныс публицистикалық нақыш күшті сезіледі.
Өмірлік мақсат-нысанасын айқындай білген Сұлтанмахмұттың білімі тез толығып, ой-
өрісі, дүние – танымы барған сайын кеңейіп, ол əдебиет мен мəдениеттің жоқшысы болумен
бірге, қоғамдық өмірдің басты маңызды мəселелеріне қатысты құнды пікір айтатын дəрежеге
көтерілді. «Шындықтың аулын іздеп», шиыршық атып үнемі толғанып жүрген ақын «бостандық»,
«теңдік» деген алаш ұранына қуана үн қосты. «Алаш ұраны» атты өлеңінде:
Алаш туы астында
Күн сөнгенше сөнбейміз!
Енді ешкімнің алашты
Қорлығына бермейміз! - деп, шабыттана жырлады.
Сұлтанмахмұт алаш партиясының ұранын, алаш үкіметінің бостандық жолымен елді
көгерту мақсатын өз жанына жақын санап, бар ықыласымен, құптады. «Таныстыру» атты
публицистикалық сарынды поэмасында ақын оқыған азаматты сөйлетіп, алаш туын көтерген,
халықтың ұлт бостандығы үшін күрескен көш басшы азаматтарды сүйсіне сипаттап, мадақтайды.
Алаш көсемдері Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатовты алдына биік
мақсат қойып, жүрегін «Қазақ үшін шам қылған» қайраткерлер деп ерекше қастерлейді. Əлихан
Бөкейхановты елдің көсемі, «оң көзі», жеке-дара тұлға дей келіп:
Елі үшін құрбандыққа жанын берген,
...Зарығып алаш үшін бейнет көрген,-деп бағалайды.
Сұлтанмахмұт елінің келешегін ойлап қатты алаңдайды, бірақ алда жақсы өмір болар
деген үмітін де үзбейді.Ақынның əдеби мұрасы халық рухын көтеретін ұлттық идеямыздың
сарқылмас бір қайнар көзі, мол суаты. XX ғасырдағы ұлттық ояну кезеңінің, ел еркіндігінің
жалынды жаршысы, адамгершілік, əділдік идеяларын, өнер-білімді, ғылымды насихаттаған қазақ
əдебиетінің жарық жұлдызы. Сондықтан Сұлтанмахмұт поэзиясының зор қоғамдық, танымдық,
көркемдік мəні уақыт озған сайын тереңдеп ашылып, керемет дарынды азамат ақынның алып
тұлғасы биіктей бермек.
Өзін Шығыс өкілі ретінде Шығысты пір тұтқан ақынның бірі М.Жұмабаев. Ақын Шығысқа
сенді жəне үміт артты. Соғыс, тажал, жан мен дененің азғындауы тəрізді, ажалдың қара бұлты
боп, қара түтін жүзген Батыс кесепатынан сақтандырды. Ақын бостандық Шығыстан келеді,
Азия өзінің қараңғылығын жойып, түрменің тор көзін, қолды байлаған шынжырды күл-талқан етіп
үзеді деп сендіреді. Атышулы «Пайғамбар» деген өлеңінде былай дейді:
Мен - Күн ұлы, көзімде Күн нұры бар,
Мен келемін, мен келемін, мен келем,
Күннен туған, Гуннен туған пайғамбар.
164
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
«Күншығыс» өлеңінде:
Қысық көзді Күншығыс,
Болсын соңғы бұл жүріс.
Күнбатысқа жүрелік,-
Осындағы «Күн», «Күн ұлы», «Күннен туған» деген сөздерге көңіл аударсақ, өлеңдердің
жалпы мағынасы, қояр талабы, айтар тілегі, əрине, үлкен. Ол белгілі, бірақ ақын жалпы «Күн»
дегенді көп айтады. Ал түн жөнінде:
Қараңғылық қаптады,
Қайғы ма басқан, түн бе екен?
Сыбдыр-сыбдыр əлде не, -
Жел ме?
Жүрген жын ба екен?
Түнерген түн өледі,
Ағарған анау таңы ма?
Ақ бəтестің бетінде
Жүрегіңнің қаны ма? –
Алтай - түркі халықтарының алтын бесігі, өз тарихында мың өліп, мың тірілген ұлысқа
пана болған, жойылып бара жатқан тəуелсіз елдігін сан мəрте қайтадан қалпына келтіруге қуат
берген құтты мекен. Кезінде сақтар да, ғұндар да, түркілер де, тіпті, Шыңғыс хан да сол Алтайдан
шығып, əлемнің жартысын жаулап алған Мағжан сол даңқты оқиғаларды түркі жұртының жадына
түсіріп, «күштілермен қатар болғымыз келсе қайта бірігейік» деп жар салады.
Ақынның бұл арманы Кеңес одағы ыдырап, əлем картасында түркі халықтарының жаңа
тəуелсіз мемекеттері пайда болғаннан кейін ғана жүзеге аса бастағаны белгілі. Түркі
халықтарының əрбірі үшін жер бетінде қастерлі екі мекен бар. Оның бірі - Алтай, екіншісі -
Түркістан. Мағжан өзінің «Түркістан» атты еңбегінде былай дейді:
«Түркістан - екі дүние есігі ғой,
Түркістан - ер түріктің бесігі ғой,
Тамаша Түркістандай жерде туған,
Түріктің тəңірі берген несібі ғой».
Расында Түркістан екі дүниенің – Шығыс пен Батыстың рухани есігі.
Ұлт тағдыры, ұлыс бірлігі туралы «он ойланып, жүз толғанған» қазақ ақыны бірте-бірте
əлемдік ойшылдар қатарына көтеріліп, жалпыадамзаттық проблемаларға өзінше үн қатады.
Бүгінгі таңның ұрпағына Мағжан поэзиясы ұлттық жəне жалпы адамзаттық
құндылықтармен сусындататын бірден бір асыл қазына болып табылады.
XX ғасырдың басы қазақ əдебиетінің даму тарихы тұрғысынан əлі күнге толық жəне
терең зерттелмеген кезең.Бұл кезеңде əйгілі ақындар мен жазушылардан, ғалымдар мен қоғам
қайраткерлерінен құралған демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларының ерекше шоқжұлдызы:
Шəкəрім,Əлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұстафа Шоқай, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек
Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Мұхтар Əуезов сынды алыптар өмір сүрді. Өз заманынан озық
туған тұлғалардың бізге жеткен шығармашылық мұрасын қайта жүйелі зерделеу кезінде бұл
ойшылдардың сол заманда-ақ көтерген «Əлем кеңістігіне қадам басу» (түрікшілдік идеясы)
мəселелерінің мəні өте терең екенін жəне қалдырған мұраларының мағынасын енді ғана толық
түсініп келеміз.
Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ ойшылдарының көзқарастары терең
демократиялық жəне гуманистік сипатта болды. Олардың шығармаларында жалпы адамзаттық
маңызға ие философиялық мəселелер – адамның болмысы мен еркіндігі, өмірдің мəні, дін мен
еркіндіктің арақатынасы т.б. мəселелер көтерілді. Қазақ зиялылары адам бойындағы даралық
қасиетке ерекше мəн берді, адам мен ұлттың тарихтағы рөлін дұрыс бағалай білді.
165
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
УДК: 437.2
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНФЛЯЦИЯНЫҢ ДАМУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖƏНЕ ОҒАН ҚАРСЫ
САЯСАТ
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Н.Н.Тулекова
Инфляция – негізінен қағаз ақша айналымына ғана тəн құбылыс.Мəні жөнінен ол
айналымдағы ақшаның шамадан тыс көбейіп кетуі салдарының құнсыздану процесі.
Осы айқындаманың сырттай қарапайымдылығына қарамастан инфляцияның іс жүзінде
дамуы көптеген факторларға тəуелді өте күрделі процесс екендігін де ескеру керек. Ол мемлекет
өзінің өсе түсіп отырған шығындарын қағаз ақшалары қосымда эмиссиялау (шығару) жолымен
жабуға ұмтылуы сияқты теріс экономикалық саясаттың да салдары болуы мүмкін. Инфляция
қоғамдық ұдайы өндірісті дамытудағы тұрақты сəйкессіздіктері (пропорцияның жоқтығы)
салдарынан да орын алуы мүмкін, кəсіподақтардың еңбекақыны арттыру жолындағы күресі жəне
басқа да көптеген жайлар да əсерін тигізеді.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі жəне шетел валюталарының қымбаттауы
ретінде көрінеді.
Инфляция номиналды ақша бірліктерімен байланысты болғандықтан ертеден-ақ көрініне
бастады. Капиталистік формацияға дейінгі кезеңде инфляция ақша құнсыздануының басты үлгісі
еді. Құлиеленуші жəне феодалдық мемлекеттер ақшадағы металл құнын азайтты, яғни алтын мен
күміс орнына мыс өндірді де, бұрынғы ақша номиналының орнына жіберді, анығырақ айтсақ,
жалған ақша жасалды. Осыдан келіп, ақша-тиын инфляциясы белең алды.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз, ақша ол
кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған, қажетті ақша көлемі алтын –
күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз
ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор
сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі
көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі
қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде,
бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Инфляцияның жалпы, деттегі анықтамасы-айналымдағы ақша массасының қажеттіліктен
тыс артып кетуі. Бұл ақша өлшемінің құнсыздануына жəне тауар бағаларының соғұрлым өсуіне
əкеледі. Алайда инфляцияны айналым процесін құнсызданған қағаз ақшамен толтыра беру деп
түсіндіру жеткіліксіз.Инфляция тауар бағаларының өсуінен көрінгенімен ол тек ақшаға тəн
ғажайып құбылыс емес. Ол-күрделі əлеуметтік-экономикалық құбылыс, оны тудырушы рынок
шаруашылығының түрлі саласындағы ұдайы өндіріс сəйкестілігінің бұзылуы. Инфляция дүние
жүзіндегі көптеген елдердің экономикалық өміріндегі ең өткір проблемалардың бірі.
Бұрын инфляция төтенше жағдайда ғана қалыптасатын, мысалы, соғыс кезінде мемлекет
өзінің əскери шығындарын қаржыландыру үшін өте көп мөлшерде қағаз ақша шығаратын. Соңғы
екі-үш онжылдықта көптеген елдерде инфляция ұдайы өндіріс процесінен тұрақты факторына
айналады. Экономика тоерияда, жеке алғанда осы күнгі Кэйнсті жақтаушы экономистер
инфляцияның болу түрін өндірістің дамуына қосымша оңды əсер ететін фактор ретінде
қарастырады. Баяу инфляцияны олар мемлекеттің бірден-бір тиімді саясат жүргізу құралы ретінде
түсіндіреді. Баяу инфляция саясаты өндіріс пен нарық (сұраным) жағдайларының өзгеруіне сəйкес
бағаларды реттеп отыруға мүмкіндік береді.
Шетел ғалымдарының ойынша «баяу инфляция» экономиканы «көңілдендіруге» əсерін
тигізеді жəне күрделі қаржының өсуіне ықпал етіп, жұмыссыздар армиясын жоя бастайды.
Американ экономисі А.Манның айтуынша бағаның қалыпты əрі ұзақ көтерілуі шаруашылық
жағдайын жақсартады жəне тұтыну қабілеттілігін арттырады.
Қазақстан Республикасында 1992-ші жылға дейін жасырын инфляция басым болып,
артынан ұшқыр инфляцияға айналды. Республикада 1993-ші жылы инфляция 2260% құраса, 1994-
те-1258%, ал 1995-тің аяғында «теңге» тұрақтана бастап, инфляция төмендеді жəне 60,3%-ға
қысқарды. Инфляция 1996-шы жылы 28,7%-дың маңында болса, 1997-жылы-11,2%, 1998-ші
166
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
жылы-1,9%, 1999-шы жылы-17,8%, 2000-ші жылы - 9,8% құраса, ал 2003 жылдың аяғында 5,9%-ға
тұрақтады.
Қаржылық тоқыраудың маңызды себептеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Сəйкессіздік- мемлкеттік кіріс пен шығыстың тепе-теңсіздігі, яғни мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы. Бұл дефицит ақша массасының ұлғаюына алып келеді де, оның арты –
инфляция болады.
2. Инфляциялық қауіпті инвестициялар – экономикалық милитаризация басымдығы.
Əскерге қаржы бөлу қосымша ақы төлей алатын сұраным құруға, ал ол ақша массасының
көбеюіне алып келеді. Шамадан тыс əскери мемлекеттік бюджеттің ұзақ тапшылығының басты
себебіғ сонымен қатар мемлекеттік қарызды жабу үшін қосымша қағаз ақша шығарымының
көбеюі.
3. Таза еркін рыноктың жоқтығы жəне бəсекелестіктің əлсіздігі.
4. Инфляциялық күту – инфляциядағы өзін-өзі ұстаушылықтың шығуы.
5. Ашық экономикалық өсіммен байланысты өсетін инфляция. Мұндай инфляциямен
күресуге мемлекет қауқары аз болып табылады.
Өндірушілер əсіресе өздерінің өтемшілерінің жағынан келетін баға өсімінен сақтанып, бір
уақытта өз тауарларының бағасын болжамдалған өсімге дейін көтереді. Мұндай жағдайды
күнделікті өмірде де байқауымызға болады.
Дүниежүзілік қоғамдастықтық барлық елдерінде де инфляция өршуінің сан түрлі себептері
бар. Алайда бұл құбылысты қоздыратын факторлардың жағдайына байланысты. Айталық Батыс
Еуропада ІІ дүниежүзілік соғыс біткенен соң инфляция көптеген тауарлардың тапшылығынан
пайда болады. Одан кейінгі жылдарда инфляциялық құбылыстың күшеюіне мемлекеттік
шығыстар, баға мен жалақының арақатысы, инфляцияның басқа елдерден келуі жəне басқада
факторлар себепші болды. Бұрынғы КСРО-ны алсақ жалпы заңдылықтармен қатар, соңғы
жылдардағы инфляцияның себептеріне экономикадағы ерекше тепе-теңсіздік (диспропорция)
жатады, ол əміршілдік-əкімшілдік жүйе салдары еді. Кеңес экономикасына тəн жағдай ЖҰӨ-дегі
əскери шығындар үлесінің көптігі, өндіру бөлу жəне қаржы – несие жүйесін
монополияландырудың жоғары деңгейі ұлттық табыстағы жалақы үлесінің аздығы жəне т.б
ерекшеліктер.
Қазіргі таңда инфляция деңгейінің өсуі астық бағасының көтерілуіне байланысты нанның,
сұйық май, қант, тұз, сіріңке сияқты күнбе-күн тұтынатын өнімдердің қымбаттауымен тұспа-тұс
келді.
Бағаның қымбаттауын туғызбас үшін республикамыздың көптеген өңірлерінде бірнеше
жылдан бері ауыл шаруашылығы жəрмеңкесі өткізіліп келеді. Ол ауылдықтар үшін де,
қалалықтар үшін де тиімді. Осы кезеңде 194 жəрмеңке ұйымдастырылып, 400 миллион теңгенің
түрлі өнімдері сатылған. Мұнда баға 15-20 пайыз арзан.
Жалпы алғанда инфляция экономиканың ырғақты жұмыс істеуін бұзады, ұдайы өндірісті
қиындатады, экономикада, тіпті қоғамда шиеленістік жағдайда туындатады. Бағалардың біркелкі
өспеуі экономика салаларының арасындағы диспропорцияны күшейтеді, тауарларды сату
мəселесін қиындатып жібереді.
Инфляция жағдайында Үкімет «қымбат ақша» саясатын ұстануға мəжбүр болды, Ұлттық
банк несие беру процентін жəне міндетті резерв нормасын өте жоғары деңгейде ұстап отырды.
Осылай жүргізілген монетарлық (ақша-қаржы) саясаттың нəтижесінде инфляция ауыздықталды,
сонымен бірге ішкі өндіріс пен нарық екі-үш есе қысқарды, ұлттық өндіріс орындары тоқтап
қалды, жұмыссыздық күрт өсті. Негізінен сыртқы өнім шығаратын шикізат өндіру салалары
жұмысын тоқтатқан жоқ, керісінше экспорт көлемін айтарлықтай өсірді. Нарыққа көшу жылдары
Қазақстан бұрынан қалыптасқан өндірісаралық диспропоциялар қысқарғанның орнына арта түсті.
Жалпы алғанда, инфляцияға қарсы саясаттың ұзақ мерзімдік стратегиялық жəне күнделікті
жүргізіліп отыратын ағымдық, тоқтаусыз тактикалық түрі болды. Монетарлық саясат негізінен
күнделікті жүргізіліп отыратын, айналымдағы ақша көлемін қадағалап реттейтін тактикалық
саясат түріне жатады. Əрине, белгілі бір жағдайларда, мысалы, гиперинфляция кезінде, бұл əдіс
негізгі реттеу əдісіне айналуы заңды да. Бірақ, жалпы алғанда дамыған Батыс елдерінің тəжірибесі
көрсеткендей, күнделікті тактикалық ақша-несие арқылы экономиканың дамуын реттеу саясаты
ұзақ мерзімдік стратегиялық даму саясатының шеңберінде жүргізіліп отырады екен. Қазақстанда
2001-2003жж, арналған Ұлттық өндірісті дамыту бағдарламасы жасалған. Осы жылы
Қазақстандағы Аграрлық саясаттың бағдарламасы жасалуда. 2001-2005жж, арналған қысқа
мерзімдік Ұлттық өндіріс салаларын қолдау бағдарламасы жүргізілді. Сонымен қатар,
167
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
Қазақстанның барлық əкімшілік-экономикалық аймақтарының (обылыстарының) экономикалық-
əлеуметтік бағдарламалары жасалып, іске асырылуда. Осы бағдарламалардың барлығы
стратегиялық саясаттың құралы ретінде қарастыруға болады. Енді Қазақстанда да монетарлық-
қаржы саясаты Ұзақ жəне орта мерзімдік реалды экономиканы қолдау жəне дамыту
бағдарламаларының шеңберінде жүргізілетін болады.
Инфляция жұмыссыздыққа да айтарлықтай ықпал жасайды. 1958 жылы ағылшын
экономисі О.Филлипс осы ықпалды ашып көрсететін сұраным үлгісін (моделін)жасап ұсынған
сұраным үлгісін (моделін)жасап ұсынған екен. 1861-1956 жылы аралығында Ұлыбритания
статистика мəліметтерін қолданып Филлипс еңбекақы кесімдері мен жұмыссыздық деңгейлерінің
арасындағы кері қатынасты білдіретін қисық сызықты (функция) анықтаған.
Филлипстің анықтауынша, Англияда жұмыссыздықтың 2,5-3% тен артық өсуі бағалар мен
жалақыны күрт тежейді екен. Осыдан жұмыссыздықтың қысқаруы баға мен еңбекақының өсуін
қалыптастырады деген қорытынды шығады. Басқаша айтқанда,ұлттық экономикада
жұмыссыздықты инфляцияның өсу қарқынын арттыру арқылы қысқартуға болады.
Инфляция тежеу мақсатында бюджет шығындарын қысқартады «қымбат» ақша – несие
саясатын іске қосады.Осы шаралардың нəтижесінде бағалардың өсу қарқыны түседі делік, ал
жұмыссыздық сəл өседі.
Осы жағдайлардың арасында сұранымды ынталандыру саясатының орны ерекше. Мəселе
мынада, үкіметтің жұмыссыздықты қысқарту мақсатында жүргізген іс-əрекеттерді қысқа
мерзімдік уақытша ғана нəтиже береді екен.
Баға деңгейі жəне ЖІӨ арасында белгілі бір қарым-қатынас бар. Нақты көлем жəне
өндірістік бағалардың деңгейі бір қалыпта көтеріледі немесе қысқартылады. Бірақ соңғы жиырма
жыл ішінде көптеген оқиғалар болды. Мысалы, нақты өндірістік көлем қысқартылып, ал бағалар
өсіп жатады. Нақты өндірістік көлем белгілі бір деңгейде тұр, барлығы жұмыс істеп жатыр. Нақты
өндірістік көлемнің жəне табыстың өскенін елестетелік. Бұл жерде инфляцияның əсер етуін жəне
табыс жіктелуін көре аламыз.
Ресми статдеректер бойынша, жылдық орташа инфляция 8,3 пайыз деңгейінде қалыптас-
ты. Яғни, инфляция Ұлттық Банк 2007 жылға белгілеген болжамды шеңберде (7,3%-8,3%) болды.
Жекелеген тауарлар бағасының нақты бір дүкенде немесе нақты бір нарықта жоғарылауын
жалпы инфляциядан айыра білу керек. Мысалы, егер қандай да бір қалада жекелеген тауар бағасы
20 пайыз өссе, онда бұл жағдай инфляцияның шамасы да дəл сондай екенін білдірмейді. Бұл ретте
тауарлардың немесе қызмет көрсетулердің бірдей түрлерінің бағалары жекелеген аймақтарда
айтарлықтай өсуі, ал енді біреулерінде өзгермеуі немесе тіпті төмендеуі мүмкін. Жарияланатын
статдеректерге, атап айтқанда инфляция жөніндегі деректерге сенімсіздік тудыру проблемасы
Қазақстанға ғана тəн емес. Мысалы, Ұлыбританияда Ұлттық статистика қызметі халықтың
инфляция бойынша деректерге деген сенімін арттыру мақсатында өзінің ресми сайтында дербес
калькулятор орналастырды, оның көмегімен əрбір адам өзінің шығыстарына сай инфляцияны
есептей алады.
Инфляцияға қарсы саясатта сипаттағанда, екі əдістемені бөліп айтуға болады. 1- əдістеме
шеңберінде (оны осы күнгі Кейнс теориясының өкілдері зерттеді) белсенді бюджет саясаты
жүргізіледі - сұранымға ықпал жасау мақсатында мемлекеттік шығындар мен салықтар реттеледі.
Инфляция жағдайында мемлекет шығындарын қысқартып, салықтарды көтереді. Осының
нəтижесінде сұраным қысқарады, инфляция қарқыны төмендейді. Бірақ сонымен бірге өндіріс өсуі
де қысқарады. Бұл экономикадағы дағдарыс жағдайын қалыптастырып, жұмыссыздықты
арттырып жіберуі мүмкін. Ол қоғам үшін инфляцияны тежеудің құны болады. Құлдырау
жағдайында бюджет саясаты сұранымды кеңейтуге бағытталады. Егер сұраным жеткіліксіз болса,
онда мемлекеттің инвестиция бағдарламасы іске қосылады жəне шығындар артады, салықтар
төмендетіледі. Ең алдымен табысы төмен нарық субьектілеріне салынатын салық қысқартылады.
Бұл бірден нəтиже береді, сұраным тез өседі, ол өндіріске ықпал жасайды, жалпы экономикалық
өсу басталады. Бірақ 60-70 жылдары дамыған елдердің тəжірибесі көрсеткендей, сұранымды
бюджет арқылы ынталандыру инфляция күшейтуі мүмкін екен. Сонымен бірге бюджет
шығындарының артуы бюджет тапшылығын қалыптастырады жəне салық пен шығын арқылы
экономиканы реттеудің мүмкіншілігі қысқарады.
Екінші əдістемені жаңа классикалық бағыттағы экономистер ұсынды. Олар бірінші орынға
ақша-несие арқылы реттеу əдісін қояды. Бұл əдіс экономика жағдайына жанама түрде икемді
ықпал жасайды. Бұл саясатты үкіметке тікелей бағынбайтын Орталық банк жүргізеді. Орталық
банк айналымдағы ақша көлемін өзгертеді жəне қарыз пайызы
(процент) көлемін реттейді,
168
«Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане»
сонымен экономикаға ықпал жасайды. Қолма-қол ақша айналымы халық шаруашылығындағы
айналымның он пайызына ғана қызмет ететіндігін де ұмытуға болмайды. Инфляцияны өршіктіре
түсуде инвестициялық мəселелері бойынша қамтамасыз етілмеген есебі жоқ сансыз
қаулыларының қабылданған ірі бағдарламалардың салдарлары болып табылады.
Іс жүзінде тегін мемлекеттік күрделі қаржы мен қайтарылмайтын несиелерге деген
сұраным ұсынымнан тұрақты түрде асып түсіп отырады.Күрделі қаржы əр алуан ведомстволар
арасындағы күрестің басты алаңына айналды.Бұл күрес инвестициялық ресурстардың
тапшылығын үнемі қиынға түсетін ресурстарға деген бағалардың негізсіз өсуіне жеткізеді. Несие
үстемдігін несиелер бойынша төлемдерін арттыру,қаржылар төлемін шектеу, несие ақша
саясатының басқа да дəстүрлі тетіктері көмегімен əлсірету мүмкін бола бермейді.Нарықта
монополия жасауға жеткен өнім өндіруші кез келген шығынды,оның ішінде банктің жоғары
пайызын да баға арқылы тұтынушының иығына арта салады.
Ақша айналымының тұрақсыздандыру бағытында біздің кемтар экономикамыздың бартер
сияқты құбылысты сияқты да əрекет етеді.Ол жалпыға ортақ эквиваленттің өңделмеген
мұнай,бензин,ағаш,жеңіл автомобильдер сияқты бірнеше түрлерін туғызады.Дəл осы өнімдер
арқылы тауарлар айналымына қызмет көрсететін,ал,ақшалар əдеттегі міндетін атқармай,шартты
есеп айырысу төлеміне айналатын нарық аймақтары да қалыптасты.
Достарыңызбен бөлісу: |