Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!



бет23/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Тұлға еді.

Отырдық бір бөлмеде қапталдасып,


Мәз күндер,
мазасыз сәт жатты алмасып.
Қызынып «Қызталаққа!» басқан кезде
Ұшқындар қаламына от жалғасып.

Мұңымен жанын егеп,


сырлап алып,
Салмақтап әрбір сөзін бір қаралық.
Асыққан жас сәбидей жарық күнге,
Тулайтын көмейінде жыр қамалып.

«Еңбегі кетпесін, – деп – текке!» менің,


Мен үшін кей ағаға өкпеледің.
Білгемін
Сонда қанжар кек қана емес,
Адамнан тұлға жасар тек керегін.

Білінбей қашан, қалай танысқаны,


«Елім!» дер қос жүректің табысты әні.
«Жүрсек те елге еленбей, – дейтін ағам, –
Ертеңгі біз боламыз данышпаны!».

Теңіздей толқып жаның төңкерілген.


Дауылмен асқақ жырың көмкерілген.
Есіктен сығалатпай жүрсе кеше,
Алдың сен өз орныңды кең төріңнен.

Бәрібір ұсақсың ба,


Ірісің бе,
Еленбес ұлы талант тірісінде.
Баптауың екеумізге теліп айтқан
Жылытып үмітімді жүр ішімде.
* * *
«Жұлдыздың» екі санында жарық көрген «Елім-айым», «Елім-ай!» деп жан-тәнімен егілетін жандардың ыстық ықыласы мен ақ көңілдерінің пейіліне шомылдырды да қойды мені.
Сол 1972 жылдың қазан айында Жезқазған өңірінде іссапарда болғам-ды. Қарсақпай зауытында жұмыс істейтін бір орысы жоқ кілең қазақтар журнал бетіндегі суретімнің астына қолтаңбамды жазғызып, иығыма алғашқы шапанды жапса, «Қаракеңгір» совхозындағы оқырмандарым астыма ат мінгізген-ді.
Сөйтіп «Жұлдызым» жұлдызымды бір-ақ сәтте аспанда жарқыратып туғызған еді.
Сол жылдың қараша айы. Түскі үзілісте бөлмемде жалғыз отырғам. Ұзынбойлы толық денелі бір адам үстіме кіріп келді. Кіріп келді де, аман-есенді алмастырмастан, дес бермей:

  • Әй, бала, маған Сматаев ағаңды тауып берші! – деп дүрсе қоя берді.

Сасқалақтап орнымнан көтерілдім. Даусым булыға шықты.

  • О-ол мен едім, - дедім.

  • Әй, бала! Сен өйтіп алдама! Алдайтын кісің мен емеспін, – деп әлгі адам төніп келді. Жалма-жан төс қалтамнан жазушылық билетімді алып аштым да, көз алдына тоса қойдым.

  • Ой, пәле! Сматаев сен екенсің ғой. Ал мен Сматаев кемінде елуге жақындаған, бойы екі метрдей дәу ғой деп жүрсем... – деп біраз кідіріп, иығымнан шап беріп ұстап, сілкіп-сілкіп қалып, бауырына басты. – Мен ағаңмын. Рымбек Байсейітов дейтін қаржы министрімін. Үй арасы жақын болған соң, үзілісті пайдаланып, өзіме қатты ұнаған Сматаевтың қолын қысып қайтайын дегем. Ал сен, Софыжан, мынау кішірек денеңмен, жап-жас қалпыңмен қазағыңның өткенін тірілтіп, өшкенін жандырып жүрсің. Құдайым осы бетіңнен тайғызбасын. Жаза бер, ұлым. Қаза бер тарихты.

Рымбек аға кетсе де, маған деген шын пейілден шыққан сөздерінің жаңғырығы бөлмемде көпке дейін қалықтап тұрған-ды.
Желтоқсанның отызында Тахауидың орнына Шерхан Мұртазаев бас редактор боп сайланып, жаңа жылды қарсы алуға дайындалған көтеріңкі көңіл күйімізді су сепкендей басып, қоңылтақсытып кеткен-ді.
Айтқандай-ақ қаңтардың үші күні жұмысқа келгенімізде Шерхан алдындағы бір табақ қағазға шүйіліп отырып, Мұқағали Мақатаевты, Төлеген Тоқбергеновты, Бекен Әбдіразақовты фамилияларын сұңқылдап атап «Сіздер боссыздар!» деп орындарынан ытқытып-ытқытып жіберген еді. Бір жұма өтер-өтпесте Оразбек Сәрсенбаев пен Дулат Исабеков пен де қош айтыстық. Ендігі кезек Асқар Сүлейменов пен маған тиесілі болатын.
Жаз өтіп, күз түсе Асқар да кетті. Жай кеткен жоқ, Шерханға айтарын жеріне жеткізе айтып, шиқанының аузын шымшып кетті.
Ал мен жоқ дегенін бар қылып, кемсін дегенін артығымен еселеп толтырып, «Өнер және ғылым» бөлімін екі аяғынан тік тұрғыздым десем, мақтанғаным емес. Оның үстіне баспахана мен журнал арасындағы ресми қатынасты теп-тез үйлестіре қоятыным да Шерханның қолына тұсау боп түсе берген еді.
Сонымен жетпіс бесінші жылдың қаңтарына да ілік-тартыс күйде жеткен едік. Мәскеуден маған ақпан айында Ялтада өтетін бір айлық драматургтердің семинарына қатысуға шақыру қағазы келді.
Қағазды редакторыма көрсетіп, қатысуыма рұхсат етуін сұрадым.

  • Барғын. Бірақ мына жерге, – деп столын жұдырығымен қойып қалды. – мына жерге жұмыстан кетем деген арызыңды тастап кет!

Кешке Шахминама келіп, бей жай болып, май ішкендей кілкіген көңілімнің көңірсіген исін бұрқыратып жайып салдым.

  • Ештеңеге алаңдама. Мұндай сәттілікті босқа жіберуге болмайды. Мәскеудегілер сенің пьесаңның олқы емесін біліп шақырып отыр. Бар. Барлық шығынды Мәскеу өзі көтерсе, несіне тартынасың. Редакторыңның қоқанлоққысына бола жалп ете берсең, таңың атып, күнің шықпайды.

Шәкемнің осы лебізі көңліме майдай жағып, Ялтаға ұштым да кеттім.
Бір ай бойы пьесамды мәскеулік білгіштердің көрсетуімен олай да қырнадым, бұлай да өңдедім. Сол бір айы бойы жатарда, «А, Құдай, бар болсаң, Шерханды журналдан алып кет!» деп жалбарынумен де болдым.
Семинарды аяқтап Алматыға оралдым. Қорқасоқтап жұмысыма да келдім. Редакторға кірдім. Шерхан көңілді.

  • О, Софы Аллаяр! Кел, отыр мұнда. Қанша дегенмен Қырымның аты Қырым ғой. Көзің жайнап, жүзің ойнап тәп-тәуір дем алғаның көрініп тұр, - деп еркелеткендей арқамнан қағып та қойды.

Құдайыма қой айтып, Шерхан ағамның маған пейілінің не себепті құлап тұрғанын түсінбей, кабинеттен әрі-сәрі күйде шығып кеттім.
Ертеңінде бәрі белгілі болды. Зейнеткерлікке шыңқан Ілияс Есенберлиннің орнына Шерхан екінші хатшы боп Жазушылар Одағының креслосын жамбастады.
Сол-ақ екен Шерханның маған деген көзқарасы күрт өзгерді. Әртүрлі жағдайға байланысты Одақта құрылатын комиссиялардың төрағасына, кейде орынбасарына сайлап, уақытымды сондай таусылмайтын шаралармен жей берген еді. Соны байқаған журналдың бас редакторының орынбасары Ғафу Қайырбеков:

  • Әу, Шерхан! Сен кеше журналда жүргенде Сматаевқа үрке, үркіте қараушы ең, мына орынға отырғалы саған Сматаевтан жақын адам жоқ тәрізді ғой. Бізге де лыпылдап жұмыс істейтін кісі керек. Сматаевты өзімізге қалдыр, – деп басымды босатып алып еді.

Ялтада жазған «Тағдырлар» атты пьесам сол жылдың 21 желтоқсанында кездейсоқтық па, тағдырдың жазуы солай болды ма, бір күнде Гурьев, Шымкент және Семей театрларының сахнасында қойылды.
Мен Семейдегі премьерасына қатысып қайттым.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет