Софы Сматаев шахминам – МӘҢгілік махаббатым менің Аса қымбатты Шамшия келінім!


Жетінші тарау. «Елім-айым» жарық көрді



бет24/35
Дата14.07.2022
өлшемі302,94 Kb.
#37662
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
Шахминам

Жетінші тарау. «Елім-айым» жарық көрді.

«Өткенге салауат» дегізер де, дегізбес те бір мазасыздық кеудемде түнегенін білсем де, құтыла алмай ақ қойдым. Ол мазасыздық баспада жатқан «Елім-айымды» шығармауға барын салған мықтылардың кедергілерінің көбейген кезінде басталып еді.


1971 ден 1978 жылға дейін сол кездегі жалғыз «Жазушы» баспасының директоры Әбілмәжін Жұмабаевқа талай рет дәмеленіп кіріп «Сенің романыңды Орталық Комитет жоспардан сызып тастап келеді» деген жаңылмайтын тақылдауынан талай мәрте мөлиіп шыққам.
Баспасөз министрі болған Шериаздан Елеукенов ағамды ұмыта алмаспын. Қос тілділікті білімділіктің асқар шыңына балап, қазақша батпақтап, орысша шатпақтап жазатын.
Сұранып жүріп, әреңдеп құдыретті кабинетіндегі құзыретті бетін көруге алдына кібіртіктеп енгем. Созған қолымды көрмегенсіп, берген сәлемімді естімегенсіп, жүзіме қисая қарап, сығырая төнген. Ұзақ үнсіздіктен кейін ерін көбесі әрең сөгілген.

  • Әй, мынауың балдыр батпақ, шалдыр шатпақ шала-шарпы бірдеңе ғой. Бес жылда бес бетін шыдамым жетіп әрең оқыдым. Қарағым-ау, темір-терсек қалпыңмен халықтың қанын ұрттаған хандар мен барымташылардың бас жаратын, батырсымақ қанішерлердің қаскөйлігін дәріптеп қалың кірпіш роман жазған не теңің. Онан да «Баймұқаншылап» қып-қысқа әңгіме жазып, тәй-тәй басып үйренсеңші!

Айтты – бітті. Уәжімді тыңдамай, дыбысымды шығартпай, кең кабинетінен керексіз хламдай етіп ытқыта салған...
(Кейінде осы ағам «Елім-айымды» жер-көкке смғызбай бес-алты мақаласын жариялатты. Әр мақаласы шыққан күні маған телефон шалып... бір жасап қалатын.)
Содан жығылсаң нардан жығыл дегенге сайып, қоймай сұранып Орталық Комитеттің хатшысы Саттар Имашевтің қабылдауына кірдім. Бұғағы салбыраған әукесін дірілдетіп, кішірек тесік көздерімен маған тесіле қарады.

  • Әй, шырақ! Тер сасыған тымақ киген жабайы қазақты әспеттегенше, төбесіне шляпа төңкерген бүгінгі зиялыны дәріптесеңші, - деп арызымды ол да аяқсыз қалдырды.

* * *
Ол күрсінді,


Мен жаңылдым күлкімнен.
Бір дүрсілді
Өз кеудемде іркілген
Сездім-дағы
Күрсінгенін жарымның
Қанат қаға,
Қыран құстай сілкінгем.

Саңқ етпестен


Басты сұқсам құмына
Кездесем бе
Сұсты көздің сұғына.
Ала алмаймын
Онда мүлде сескеніп,
Өзге түгіл
Өз жарымды ығыма.

Қасарысам,


Арланымын бөрінің.
Кегім қайрар
Ар-намысым – серігім.
Шер мен мұңды
Күреп тастап кеудемнен
Ал қыздырдым
Долы ашудың көрігін.

Тауым шағылып, жүнім жығылып жүргенімде маған көрсетпей күрсініп алатын жұбайым:



  • Сен босқа жүнжи берме. Анау өзіңді жыл сайын жоспардан сызып тастай беретін кім еді?

  • Плотников қой.

  • Сол Плотниковқа бар. Оның сөз ұғар адам болса, романыңның не себеппен шықпай жатқанын сұра. Басыңды кесіп алмайды ешкім. Ашындың ба,ашығынан кет. Сескенбей, сертке бас! – деген Шахминамның қайрау-пысықтауымен қоймай жүріп Орталық Комитеттің Үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі Плотниковқа кірдім. Кірдім де қалтамнан партбилетімді суырып алып алдындағы столына сарт еткізіп тастай салдым.

  • Что за безобразие! – деп меңгерушінің көзі шақырая қалды.

  • Менің романым Орталық Комитетке жақпайтын болса, онда менің өзімнің де партия қатарында болуымның реті де, сенімі де жоқ. Шығарыңыздар! – деп «Елім-айымның» жарық көрген «Жұлдыздың» екі нөмірін, Ш.Айтматовтың романыма жазып берген орысша алғысөзін, оқырмандарымның өзіме жазылған екі жүздің үстіндегі хаттарды балеткамды төңкеріп, алдына үйе салдым. Плотников журналды ақтара қарап, алғысөзге көз жүгіртті де, маған бетін бұрды.

  • Фамилияңыз кім? Сматаев?! Алғаш естіп тұрмын. Біз... Мен сызыппын ба сізді? Сіздің романыңыз сегіз жылдан бері ешбір тематикалық жоспарға еніп, алдыма келген жоқ, – деді де дереу вертушканың трубкасын көтерді. – Жұмабаев! Сіз Сматаевтың «Елім-ай» романын білесіз бе?... Білсеңіз, неге оны сегіз жыл бойы темпланға кіргізбегенсіздер? Роман осы биылғы жоспарға енсін! Кімді алып тастасаңыз, оны алып тастаңыз! Соның орнына мына кітапты шығарыңыз. Бітті! – деп трубканы қоя салды да, маған – Естідіңіз ғой. Кітабыңыз шығады. Мә! Мына билетті лақтыра бермеңіз. Кеудеңіздің тұсында мықтап сақтаңыз! – деп ұстата қойды.

Құстай ұшып үйіме жеттім. Қуанып келгенімді көрген Шәкем құшақтай алып, бетін кеудеме басып өксіп-өксіп қоя бергені. Қаншама жылдар үндетпей өксіткен, маған қол ұшын созар дәрмені жоқ шарасыздығы өзегінен сонда жас болып төгілген еді-ау...
Сол 1978 жылдың желтоқсанының басында «Елім-айымның» «сүйінші» даналарын баспадан алып, басқаларға көрсетпей көз жасымды сығып алғанымды бүгін сіздерден жасырмайын.
Үйге, Шәкеме сүйінші сұрап телефон соғып, кешке қарай біраз әріптестеріммен барып қалатынымды айттым. Шахминам есі шыға қуанып: «Жарайды, жарайды. Тым кешікпеңдер. Дайындаймын. Ақ түйенің қарны жарылған күн ғой бүгін. Талабың бұдан да әрі тасқындай берсін, Софыяным!» деп трубкадан «шөп» еткізіп сүйген белгісімен төбемді көкке тіреді де қойды.
«Елім-айдың» жуық арада баспадан шығарып ескеріп Шахминам екеуміз арақ-шараптарды күні бұрын алып қойғанбыз. Бір жұма бұрын соғымға сойып алған тайымыздың қазысы да көз тойғызарлықтай.
Сол күні біраз достармен барда шампан атқылап романымды жууды бастап та кеткен біз, енді «Рафик» жеңіл машинаға Төлеген Тоқбергенов, Зейнолла Серікқалиев, Қоғабай Сәрсекеев, ОралханБөкеев, Қабдеш Жұмаділов, Ахат Жақсыбаев, Қажығали Мұхамедкалиев, Жарасхан Әбдірашевтермен сығылысып мініп он екінші мөлтек ауданға тартып кеттік.
Дабырласып, дуылдасып екінші қабатқа көтеріліп, ішке де кірдік. Шәкеме «Елім-айдың» даналарын ұстатып, көрімдікке бетімнен бір сүйгіздім.
Аяқ киімдерімізді шешіп, төрге бөлменің есігінен аттадық.
Мәссаған, төрде жалпиып Сәкен Жүнісов ағам отыр. Қасында Қалихан Ысқақов, Рамазан Тоқтаров және Шөмішбай Сариевтер жайғасыпты.
Төлегеннің оң қолы сарт етіп көтеріліп қалып, Сәкеннің кеудесіне карабиннің ұңғысындай көзделе қадалды.

  • Тұр орныңнан! Шық бері! Сенің орның мына жер! – деп әлгі карабин-қол босаға жақты нұсқады.

Сәкен үн-түнсіз орнынан тұрды да екі-үш орынға бері сырғыды. Төлеген босаған орынға барып, жалп етіп жайғасты.

  • Сен тасадан ұрып, талтайып үруге әбден машықтанған қарабеттігіңді қайталай алмайсың енді. Мықты болсаң қарама-қарсы кел. Жағыңды айырып, желкеңді жұлып берейін, – деді Төлеген.

Төлеген мен Сәкеннің арасында осыдан бір ай бұрын бір тәжікелесу болып, Сәкен байқаусыз тұрған Төлегенді шампан бөтелкесімен ұрып, басын жарып, қашып кеткен-ді. Енді міне Сәкен, Қалихан, Рамазан, Шөмішбай төртеуі таксилетіп келіп, ойда жоқта Төлегенмен кездесіп қалғаны. Төлегеннің әбден ызасы қайнап, мазасы қашып тұрғаны содан. Сәкен де енді сөз қайтарудың кезегі келді дегендей:

  • Төлеген, сен жөнді-жөнсіз айқайлай берме. Сендегі жұдырық бізде де бар. Кімнің кім екенін көрейік қане, – деп шапшып шыға келді.

Төлеген де, Сәкен де орындарынан атып-атып тұрды.
Сол сәт Шәкемнің даусы саңқ етіп шықпасын ба.

  • Ау, ағалар! Қос аға!

Айғайлаған екеу жалт-жалт қарады. Шахминам қыз-қыз боп дуылдаған бетін екеуіне кезек-кезек бұрды.

  • Алдарыңа ақ шаршы орамалымды тастайын десем, араздасқан жау емес, араласып жүрген ағайынды жұрт едіңдер ғой. Сегіз жыл бойы тосып, бүгін ғана жайылған мына той дастарқанын топалаңға айналдырмақсыңдар ма... Софы іштен тына қынжылып жүргенде, мен өксігімді өңешімнен көрсетпей төгуші едім. Сөйткен «Елім-ай» бүгін есігімізден еніп, төрімізге шыққанда, ырылдасып жатқандарың қалай? Дәмімізді таптап, жанымызды сыққандарың қалай? – деп көз шарасына үйіріле қалған кесек жастарды өңіріне домалатып жіберді.

Төлеген орындығына сылқ түсті. Сәкен де қиралаң етіп отыра кетті.
Төрдегі Төлегеннің даусы қынжыла шықты.

  • Апырай, Келінжан-ай! Айттың-ау. Жай айтпай, алдымыздан, асудан тосып айттың. Ал мен, келінжан, ашудан қайттым. Ақ шаршыңдай етіп ақ көңіліңді төседің-ау. Ақ ниетіңмен жайылған ақ дастарқаныңнан аттап кете жаздаған тасырлығыма кешірімім мынау! – деп түрегеліп басын иіп, кеудесіне қолын төседі.

Сәкен сері де орынан тұрып, Шәкеме бас иді.

  • Келінжан, әбестік бізден болыпты. Тойыңның шырқы бұзылмасын. Қызуы басылмасын. Тойбастарды өзім айтайын онда.

Кеудесін кере, басын шалқайта бірер жөткірініп алып Сәкен «Бурылтайды» аңырата жөнелді... «Ізі жатқан, өзі жоқ қалқатайды» бәріміз әншімен қосыла іздегендей бір мамыражай күйге түстік те кеттік. Сәкеннің кең даусымен терең сайдан кезіктіре алмай жатқан «алма мойын ақсұңқары» менің көзіме Шәкем боп көрінді де, әлі де көз жасы құрғамаған жанарынан, ешкімнен жасырып, жасқанбастан ұза-ақ сүйдім.

  • Сүйіс көбейсін-ақ! – деп мына жақтан Оралханның даусы лап еткенде тұс-тұсымнан алақанын алақанына аямай соққан шапалақ дүмпуі бөлмені жаңғырықтырып әкетті.

Төлеген мен Зейнолланың әжептәуір домбыра ұстап, күй қайырардай өерлері бар екен. Ән мен күй кезек алмасты. Ет пен ішімдіктің ішіліп, жегіден көп өзгеріп, әсерлі кештің әдемі бас қосуына айналды. Аянып қалған ешкім болмады.
Бір кез Оралхан «Шұғаның белгісінен» монолог оқып, «Шіркін Шұға! Шұға десе, Шұға ғой!» деп актерлігіне басып, құлындай даусы құраққа ұшқанда есіміз кете елеңдеп едік-ау.
Қызды-қыздымен ән салу кезегі Шәкем екеумізге де жеткен еді. Мен Шахминаға: «Мені қинама. Өзің жеке шауып, дүбіріңді алыстан аулат!» деген сыбырыма бас изеп, «Гүлдерайымды» сызылта бастап, сыңғырлата сызып ала жөнелді. Оймақтай ауыздан құйқылжи төгілген сұлу ән «ұшарға қанатым жоқ неғылайын» деп қиялай шарықтағанда, айтушының өзін де ерекше көріктендіре жайнатып, жұрттың бар ықылас іңкәрін, пейіл-ынтығын өелінжан-ай! Мынандай соншама сұлу дауыспен, мынадай керім ырғақпен, сзылта бастап, сұңқылдата сорғалатып созғаның қандай әсерлі әрі қандай әдемі еді! Мынау нағыз классикалық дауыс қой. Қандай ғажап!» - деп таңдай қаққан-ды.
«Елім-айдың» шілдеханасын түннің бір уағына дейін думандатқан достарыммен әрең-әрең қоштасып, шығарып салғанмын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет